Политология | Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу кезеңдерi

 Политология | Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу кезеңдерi

Мазмұны


КIРIСПЕ

I-ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТIК САЯСАТ МӘНI, ЖIКТЕЛIНУI ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУ МЕХАНИЗМДЕРI.
1.1. Кеңестiк Қазақстандағы әлеуметтiк саясаттың қайшылықтық сипаты.
1.2. Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу ерекшелiктерi мен кезеңдерi.

II-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТIК САЯСАТТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГIЗДЕРI.
2.1. Қазақстанның 2010-жылға дейінгі даму моделі
2.2. Әлеуметтік саясаттың қызметі,негізгі мақсаты.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71- шi орында.
Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “…құқықтары мен бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар ұйымының мүшесi, бүгiнде бiздi жүзден астам мемлекет танып, жүзге жуық мемлекет дипломатиялық қатынас орнатып отыр. Әлеуметтiк саясат тақырыбын зерттеу қазақстанның өз егемендiгiн алғалы берi айтарлықтай маңызға ие болды. өйткенi Кеңес үкiметi кезiндегi орталықты басқарудың жетегiнде болған әлеуметтiк саясаттың қазiргi тәуелсiз қазақстан жағдайындағы орны бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтiк саясат орталыққа тиiмдi және әлеуметтендiрiлген коммунистiк бағытта болды. Мұнда керiсiнше халықтың әлеуметтiк саясатқа деген қызығу-шылығын, бостандығын жеке көзқарасын жаныштап отырды.
Ал қазiргi демократиялық тәртiп - жоғарғы жақтан билеушi күштердiң тарапынан жасалынатын бақылаумен сиыспайды. Басқаша сөзбен айтқанда мемлекеттiң әлеуметтiк салаға араласу шекарасы шеткi нүктеден (бiрақ бұл жол бұл таңда сирек кездеседi, өйткенi әлеуметтiк мемлекет туралы ойлардың басым болуына байланысты) қисынды “алтын ортаға” дейiн. Бұл шекара аралығында “халықты әлеуметтiк қорғау” мен “мемлекеттiң экономикасын көтеру” қатар жүредi.
Мұндай әлеуметтiк саясат түрi мемлекеттегi саяси жүйенiң тұрақтануына, либералдық демократиялық саланың дамуына жағдай жасайды. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы әлеумет-тiк саясаттың жаңа бағытын таңдаған болатын. Бұл бағытты таңдауға бiрнеше себептер болатын. Оған себеп:
1. әлеуметтiк шиеленiстердi шешетiн институттар саны мен тәжiрибенiң жеткiлiксiз болуы ескi жүйеге деген сенiмсiздiк туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледi;
2. демократиялық қоғамның- әлеуметтiк жаңарулармен қатар дамуы;
3. әлеуметтiк саясат әр кезде билiктiң легитiмдiлiгiне жағдай жасайды, ал өтпелi кезең легитiмдiктiң жетiспеушiлiгiмен сипатталды.
Халықтың әлеуметтiк жағдайының төмендеуi саясатта алды-мен әлеуметтiк мәселелердi шешуге итермелейдi.
Тәуелсiздiк алғалы бергi ондаған жылдардың iшiнде қазақстанның саяси, экономикалық өмiрiнде өте күрделi өзгерiстер болып жатыр. Бұлардың ең бастысы Республиканың кешегi Кеңестiк қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтiк құрылымға көшуi. Екiншi сөзбен айтқанда ел нарықтық эканомикаға бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегенiмiз қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншiктiң пайда болуымен тығыз байланысты.
Қазақстандағы бүгiнгi таңдағы жүрiп жатқан экономикалық процестер Батыс елдерiнде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық процестерге бiрте-бiрте ұқсауда. Ал, экономика-лық процестердiң - әлеуметтiк құрылымының дамуында шешушi рөл атқаратындығы белгiлi. Егер қазақстанның нарықтық экономикасы осы жолдан таймаса онда ол дамыған Франция, Германия, Жапония секiлдi елдердiң әлеуметтiк құрылымына ұқсайтыны анық.
Әлеуметтiк саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың арасындағы таңдау болғандықтан оған мемлекеттiң араласуы сөзсiз. Дәл қазiргi уақытта әлеуметтiк саясат мәселесiмен негiзiнен экономистер ғана айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Елiмiздiң Президентi Н.Ә.Назарбаев өзiнiң кезектi қазақстан халқына Жолдауында айтып өткендей, бүгiнгi таңда бiрiншi кезекте - ғылыми стратегиялы реформаны таңдау, реттеу және орындау әлеуметтiк тәжiрибеде және мемлекеттiң өзiндiк дамуында ерекше орын алады. “Бiз өзiмiздiң таңдаған бағытымызды нақты бiлуiмiз және түсiнуiмiз керек, өйткенi осы бағыт арқылы көздеген мақсатымызға жетемiз. өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге төзiмдi де шыдамды болуымыз керек. Күштi және нақты бағыт таңдау арқылы бiз кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз”- деген болатын.
Кез-келген мемлекет өркениеттi елдер қатарына қосылу үшін алдымен өз халқының әлеуметтiк жағдайын көтеру керек. Осы көзқарастар тұрғысынан әлеуметтiк саясаттың дамуын оқыту өте маңызды орын алады. Қазiргi таңда әлеуметтiк саясат айтар-лықтай жоғары өзгерiске түсуде. Өткен тәжiрибенi, ондағы қателiктердi қайталамау үшін оларды оқып, реттеп отыру қажет.
Сондықтан да әлдеуметтiк саясатты зерттеп қарастыру маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжiрибелiк маңызы бар. Сондықтан да мен диплом жұмысымның тақырыбын "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу кезеңдерi" деп таңдадым.
Зерттеудiң мақсаты- нақты-тарихи зерттеулер арқылы саяси даму кезеңдерiмiздегi әлеуметтiк саясаттың қайшылықтық түстарын ашып көрсету және егемендi мемлекетiмiздiң жаңа әлеуметтiк саясаттын саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау. Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін мынадай зерттеу мiндеттерi диплом жұмысында алға қойылды:
• әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерiн саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау;
• кеңестiк қазақстан тұсындағы мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты тудырған қайшылықтардың негiзгi себептерiн ашып көрсету;
• тәуелсiз қазақстан жағдайындағы әлеуметтiк саясаттың қалыптасу ерекшелiктерi мен кезеңдерi айшықтау;
• өтпелi қоғамдағы әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және еңбек саларындағы реформалардың саяси келбетiне тұжырымдамалар жасау;
• қазақстанда әлеуметтiк саясаттың қалыптасуының саяси-құқықтық негiздерiн талдау;
• демократиялық қоғам құру кезiндегi мемлекетiмiздiң әлеуметтiк саясаттың келешегiне болжамдар жасау.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте қазақстанның тәуелсiздiгiн алған жағдайындағы мемлекетiмiздiң әлеуметтiк саясатының негiзгi бағыттары саяси талдау арқылы сарапталады. Бұл жұмыстың ерекшелiгi тәуелсiз мемлекетiмiздiң қазiргi әлеуметтiк саясатын кеңестiк әлеуметтiк саясатпен салыстыр-малы талдауында. Сонымен қатар жұмыста мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткiздi:
• мемлекеттiң әлеуметтiк саясаттының негiзгi бағыты жалпы саяси даму сипатына тәуелдiлiгi айтыла келе, елiмiздегi әлеуметтiк саясаттың негiзгi кезеңдерi анықталады;
• кеңестiк қазақстан тұсындағы әлеуметтiк саясат жан-жақты талданып, сол кезеңге тән қайшылықтар айшықталады. Олардың iшiнен қазiргi кезеңге лайықты маңыздылықтарға назар аударады;
• мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының бүгiнгi хал-ахуалын талдау арқылы оның болашағы анықталған, әлеуметтiк саясат тиiмдiлiгi әлеуметтiк етенелеу негiзi екендiгi тұжырымдалған.
• мемлекетiмiз өзiнiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу үшін қабылдаған заңдар жан-жақты, жүйелi сарапталынып, ондағы кейбiр қайшылықтық түстар ашылып көрсетiлген;
• елiмiздегi азаматтардың әлеуметтiк белсендiлiгi жоғары болып тұрған бұл кезең билiк құрылымдарының барлық деңгейiнде жауапкершiлiктi талап етiп отырғандығын айта келе, өркениетке бастауға байланысты тұжырымдар келтiрiледi.
Зерттеу обьектiсi Қазақстандағы әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау.
Зерттеу әдiстерi: Диплом жұмысы саясаттанудың жүйелiлiк, салыстырмалы, нақты-тарихи зерттеу әдiстерiне сүйенедi. Қазақстан Республикасының iшкi саясатының стратегиясы мен дамуының концепциясы- Қазақстан 2030 бағдарламасы жұмысқа саяси-әлеуметтiк бағдар болып табылады.

I-ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТIК САЯСАТ МӘНI, ЖIКТЕЛIНУI ЖӘНЕ ТАРАТЫЛУ МЕХАНИЗМДЕРI.

Қоғамдық қатынасты: экономикалық, әлеуметтiк, саяси және рухани деп бөлу етек алған. Бұның iшiнде:
• экономикалық қатынас– бұл адамдар арасындағы өндiрiске қатысты материалдық қорды пайдалану және бөлу қатынасы;
• саяси қатынас– бұл азаматтардың билiк жүйесi және мемлекеттi басқаруға қатысуы жайлы;
• Рухани қатынас – рухани қажеттiлiктi өтеу үшін және рухани байлықтың жеткiлiктi болуын қадағалау;
- экономикалық, саяси, рухани қатынастың негiзiнде әлеумет-тiк қатынас қалыптасады.
-әлеуметтiк қатынас - әр адамның әлеуметтiк статусы, жеке қатынастар мен топтық қатынас арқылы
қалыптасады. Әлеуметтiк қатынас: әр азаматтың, этникалық,, саяси, қызметтiк айырмашылығы негiзiнде қалыптасатын әлеуметтiк әдiлеттiлiктiң шекарасы және әлеуметтiк қатынастар-дың негiзi болып табылады.
Әлеуметтiк қатынас - әлеуметтiк саясат негiзiнде дамиды. ХХ ғасыр көрсеткендей, кез-келген мемлекеттiң iшкi саясаты-ның негiзi болып, әлеуметтiк саясат шешушi рөл атқарады. “Әлеуметтiк саясат” – мемлекеттiң iшкi саясатының бiр бөлiгi, оның әлеуметтiк программалары мен тәжiрибесiн, әлеуметтiк топтардың қызығушылығын реттейдi. Әлеуметтiк саясат экономикамен тығыз байланысты. “Әлеуметтiк саясат - қоғамның ең жоғарғы деңгейде дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтiк мақсат – мүдделер мен қажеттiктердi қанағаттандыруға, лайықты өмiр салтын орнықтыруға бағытталған саяси шешiмдер мен iс - әрекеттер жиынтығы” .
Оларға ең алдымен :
-халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, жалақының мөлшерiн көбейту, денсаулығын сақтау, бiлiмiн жетiлдiру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. жатады.
Әлеуметтiк саясаттың басты мақсаты: қоғамдық қатынастары үйлестiру, саяси тұрақтылықты және азаматтық келiсiмдi реттеу болып табылады. Бұған сонымен қатар, тұрғындардың ақшалай табысы мен товарлық ресурстардың арасындағы байланысты ұстап тұру, тұрғын үй проблемаларын шешу, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, халықтың денсаулығын сақтау, олардың мәдениеттiлiгiн, бiлiмдiлiгiн арттыру мәселелерi де жатады.
Үкiметтiк деңгейде әлеуметтiк саясат мақсаты: қазiргi таңда Қазақстан Республикасында тұрып жатқан азаматтардың өмiрiн тұрақтандыру, халықтардың кедейленуiне жол бермеу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау керек.Яғни қоғамның,халықтардың жоғарғы деңгейде өмiр сүруi үшін қоғамдағы жұмыс iстеуге қабiлеттi азаматтар мен жұмысқа қабiлетсiз азаматтар арасындағы байланысты ұстап тұру, жеке ,адрестiк әлеуметтiк көмектi жоғарылату,кедейлiктi жою, медициналық жағынан көмектесу ,бiлiм және мәдениеттi көтеру, тұрғын үй мәселесiн шешу, жұмыссыздықты қысқарту және ерiксiз көшiп келген мигранттарға көмектесу секiлдi мәселелерге көңiл бөлу.
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасының үкiметi басым бағытты-әлеуметтiк саясатқа бұруда. Олардың қатарына: халық-тың табыс деңгейiнiң төмендеуiне жол бермеу, жұмысшылардың экономикалық қызығушылығын арттыру, әлеуметтiк саланы реформалау жатады. Негiзгi әлеуметтiк саясат мәселелерiнiң маңызды сұрақтарының бiрi—кедейлiк мәселесi.Бұл негiзiнен жұмыссыздыққа байланысты туындайды.Бұл үшін халықты жұмыспен қамтамасыз ету, қазақстандықтардың өмiр деңгейiн тұрақтандыру және табыстың әдiлеттi бөлiнуiн қадағалау көзделiп отыр. Сонымен қатар халықтың табысы төмен бөлiгiне ,яғни: көп балалы жанұяларға, жарымжан адамдарға, зейнеткерлерге, жұмыссыздарға әлеуметтiк көмек көрсету.
Бұларға әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында: жәрдемақы, зейнетақы мөлшерiн жоғарылату, үйсiздерге тұрғын үй мәселе-сiмен көмектесу жатады.
Сонымен әлеуметтiк саясатқа: халықты әлеуметтiк қорғау, яғни халықтың денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет, еңбек саласын реттеу, миграциялық қызметтi, зейнетақыны және жәрдемақыны реттеу кiредi. Бұл мәселелермен мемлекеттiк органдар: Iшкi iстер министрлiгi, Бiлiм және Мәдениет Министрлiгi, қ0орғаныс Министрлiгi, ал мемлекеттiк емес ұйымдардан: қайырымдылық қорлары, мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары және тағы басқада қорлар айналысады. Қоғамның әлеуметтiк саласы мемлекеттiң реформалық бағытта дамуында шешушi рөл атқарады, ал әлеуметтiк ұйым тиiмдi әлеуметтiк құрмет көрсететiн және халықты әлеуметтiк жағынан қорғайтын мамандар дайындайды.
Кез-келген әлеуметтiк саясат тәжiрибе жүзiнде, әлеуметтiк қызмет арқылы iске асады. Сонда ғана ол нақтылы нәтиже бередi.
Әлеуметтiк саясатты шартты, ахуалды, динамикалық ұлгiдегi бағыт ретiнде қарастыруға болады. өйткенi ол қоғамда өз орнын табуға және қалыптастыруға тырысқан халықтың, азаматтардың өмiрiн қорғаумен айналысады. Заңға және құқықтық актiлерге, мемлекеттiк басқару органдарына сүйене отырып адамдардың жаңа қабылданған нормаларға, заңдарға бейiмделуiн, әлеуметтiк саясатын реттеп отырады. Салмақты саясат-нақты әлеуметтiк көмек пен жәрдемге негiзделген заң жинағы болып табылады. өйткенi заңдар, құқықтық нормалар сөз жүзiнде айтылып қана қойса, ал iс жүзiнде орындалмаса, онда ол қоғамның дамуына айтарлықтай кедергiсiн келтiредi.
қызығушылыққа байланысты, әлеуметтiк, кәсiби, жасына байланысты топтарға бөлу – бұл қиын, әрi күрделi процесс. Сол себептен әртүрлi топтардың, олардың мүмкiндiктерi мен шарттарын бiрдей деңгейде, нақты және толық қарастырғанда ғана әлеуметтiк саясаттың қызметi нәтиже бередi деуге болады.
Әлеуметтiк саясатта сабақтасқан, өзара әрекетескен екi элементтi қарастыруға болады: 1. ғылыми - танымдық; 2. Тәжiрибелiк - ұйымдастырушылық.
1) Ғылыми – танымдық элемент - қоғамдық қалыптасқан қажеттiлiктердi талдау және ұғыну, бiржақты әлеуметтiк процестiң дамуын қадағалау ретiнде қызмет атқарады. Ол қоғамның жәй – күйiн және көзқарасын және мемлекеттегi әр халықтың тұрақты, орнықты дамуын реттейдi. Осы әдiстiк құжаттар мемлекетте әлеуметтiк саясаттың концепцияларының қабылдануына негiз болады.
2)Тәжiрибелiк-ұйымдастырушылық элемент - әлеуметтiк саясаттың қабылдаған шешiмдерiн жүзеге асырушы. Мұнда негiзiнен әлеуметтiк қызметтер мен халықтың жағдайын жақсарту жөнiндегi iс -әрекеттер жатады.
Екi жақты өлшем: мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының ғылыми тұрғыдан зерттелiнуi және халықпен күшнделiктi санасуы - әлеуметтiк жұмыстардың негiзi болып табылады.
Әлеуметтiк саясаттың ұйымдастырушылық қызметiне: әлеуметтiк қызметтердi дайындау, алға қойған әлеуметтiк шешiмдердi шешу, олардың бағыттарын анықтау, еңбек бөлiнiсiн реттеу және сонымен қатар қабылданған заңдылықтарды орындау жатады.
Осылайша, әлеуметтiк саясат және әлеуметтiк қызмет тығыз байланыста дамиды. Бұл қатынас- диалектикалық мiнездi: әлеуметтiк қызмет - әлеуметтiк саясат ұлгiсiнде болады. Екiншi жағынан әлеуметтiк саясат әлеуметтiк қызметте iске асады. Алайда, әлеуметтiк саясат пен әлеуметтiк қызмет толық сәйкес келедi деп айтуға болмайды. Әлеуметтiк саясат өзiнiң мағынасы жағынан әлеуметтiк қызметке қарағанда кеңдеу, жылжымалы. Әлеуметтiк саясат әлеуметтiк қызметтi анықтаушы болып келедi.
Әлеуметтiк саясаттың маңызды қызметерiнiң бiрi: қоғамның тең деңгейде дамуына қол жеткiзу болып табылады. Оған:
- апаттың салдарынан, аштықтан, аурудан, табиғи және техногендiк апаттан (зiл заладан), демографиялық “жарылыстан” және тағы басқа апаттардан сақтауға мемлекеттiк кепiлдiк беру.
- өмiрдiң анықталған белгiлi бiр деңгейiне бағытталған және оның сапасын өзгертуге негiзделген материалдық қорды және ұйымдастырушылық көмектi қайта бөлу. Әлеуметтiк қиындықтарды төмендету.
- салықтың мөлшерiн қысқарту,қаржы мен қайырымдылықты көтеру, кәсiпкерлiк бастама секiлдi өмiрлiк нұсқауларды реттеу жатады.
Әлеуметтiк саясатты жетiлдiруде мемлекет алдында әлеуметтiк артықшылық немесе әлеуметтiк мәселе жайлы сұрақ туындайды. Бұл сұрақтарға нақты кезеңде, алғашқы кезекте қоғам жауап беруге мiндеттi. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?