Психология | Танымдық процестердің этнопсихологиялық мәні және бала тұлғасын дамыту

 Психология | Танымдық процестердің этнопсихологиялық мәні және бала тұлғасын дамыту

Мазмұны

КІРІСПЕ
1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық негіздері
1.2 Танымдық процестердің психологиялық мәні
1.3 Этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеу мәселесі
2 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ БАЛА ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУДА ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
2.1 Ұлттық психология тұлғысыдан танымдық процестерді талдау
2.2.Танымдық процестердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін оқушы тұлғасын дамытуда пайдалану
2.3.Танымдық процестердің этнопсихологиялықерекшеліктерін есепке алу,негізіндегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша тәжрібелі эксперементтік жұмыс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Қазақ елі егеменді мен тәуелсіздігін жариялаганнан кейін этнос,халық,ұлт психологиясының сан салалы мәселелері жайлы зерттеулер көзге түсе бастады.Тек соңгы кездері ғана өз алдына дербес отау тіккен ТМД елдерінде де психология ғылымы кеңінен өріс алуда.Ұлттық мәселелердің қырлары мен сырларын зерттеуге кезінде әміршіл –тоталитарлық жүйе қарсы болды. Өйткені,жалған интернационлизмнің жалауын көтеріп, коммунизм орнатуды мақсат еткен қоғамға ғылымның осы саласы қажетсіз еді. Сондықтан этнопсихологиялық мәселелер тек оқтын-оқтын лениндік ұлт саясаты жайлы желеу сөз болғанда ғана жекелеген ғылымдардың жол-жөнекей, ат үсті жазған еңбектерінде сөз болып келді.Осының салдарынан күні бүгінге дейін осынау ғылым саласының зерттеу объектісі де, термин, ұғым атаулары да бір ізге түскен жоқ.Мәселен, ,,Психологиялық энциклопедияның ,, жоба сөз тізбегінде оның 30-ға жуық терминдері ғана(дәстүр ,салт,ритуал,табу,этностық стереотип,этноцентризм,психикалық тұрпат,этностық тұлға ,т.б )тіркелген екен.Еліміздегі тыныс-тіршілік кез келген саласында (мектеп, сауда, спорт, әкімшілік, әскери кызмет,т.б.) ұлттық ерекшеліктерді ескермей,бұларды ғылыми тұрғыдан сараптамай тиянақты жұмыс жүргізу қиын.Әсіресе, Қазақстан секілді көптеген ұлт өкілдерімекендеген елде этностық психологиямен үнемі санасып отыру аса маңызды. Мәселен, әр түрлі этностар мен халықтардың ұлттық мүдделерін қорғау, олардың әр қайсысының дәстүр-салты мен әдет-ғұрпына ұқыптылықпен қарау, ұлттық қатынастарда шиеленістерді болдырмау, осы айтылғандарды ғылыми негізде зерттеу, яғни экстремизм мен шовинизмнің, ұлтшылдық пен нәсілшілдіктің, этностық кемсітушіліктің, кез-келген көріністеріне жол бермеу үшін, этнопсихикалық зерттеулерді ерекше жандандыру қажет. Бізде 4-5жыл ішінде іспеттес мәселелерді арнайы зерттеу үшін этнопсихология ғылыми орталығын қуру мәселесі көтеріліп жүр. Жұртшылдықтың бұл тілегі әзірше үкімет тарапынан қолдау таппай отыр

1 БӨЛІМ. ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақ этнопсихологияда танымдық процестерді зерттеудің әдіснамалық негіздері

Ұлттық рухы құрып кетуге аз-ақ қалған қазақ ұлты үшін этнопсихологиялық зерттеулер ерекше маңызды мәселе.Тоталитарлық жүйеден қатты әлсіреп шыққан қазақтың «халықтық рухы»қайтадан көтеріліп өзіне тән бейнесін табуы аса маңызды екенін жұрттың бәрі түсінеді.Біз полиэтникалық мемлекетте мәдениеттің көп түрлілігін және олардың бір-біріне ыкпалын,мұндай жағдайда таза жеке этнос мәдениеті болмайтынын мойындай отыра,тұрғылықты қазақ ұлтының төл мәдениетінің орнын ерекше боліп көрсетуіміз керек.Өзінің төл мәдениетін саралау-бұл ұлттың өзін-өзі сақтау инмтинкті. Біз кімбіз? Өзгелерден қандай айырмашылығымыз бар? осыны әркез көрсетіп отыру-этнопсихологиялық зерттеулердің алтын дінгегі.Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тарихи санамыз қандай? Психологиялық тұтастықтың, бірліктің негізі неде? Этнос психологиясы мәселесіне жеке –дара психологиялық әдістерді пайдалану жеткіліксіз. Осы іспеттес мәселелерді зерттейтін ғылымның біздегі жайы қандай? Еш боясасыз айтсақ: ол әлі эмбриондық күйде. Практикалық сүраныс теориялық білімдер жүйесі дасуынан озып кетіп отыр. Нарыққа өту кезеңінде жаңадан пайда болған құбылыстар мен процестерді талдап ғылыми –психологиялық түрғыдан түсіндіруден кешігудеміз. Этнопсихологиялық проблемалардың ғылыми тұжрымдарының дәрежесі төмен. Этнопсихологияның өмір талабынан артта қалуының басты бір себебі –бізде кәсіби психолог мамандардың жоқтығы.оларды даярлау өте кеш басталды. Мәселен, ҚазМҰУ –де қазақ тілді психологтрдың шағын тобы үстіміздегі жылы ғана өсірге жолдаса алды [7; 13 - 14].
Қазіргі жағдаятта этнопсихологияның методалогиялық мәселесінің толықшешілуын күтіп отыруымыз керек пе, әлде этнопсихологияның практикалық, қолданбалы ғылым ретінде дербес дами бергені жөн бе деген мәселеге келіп тіреледі. Бізге қазір зерттеудің ортақ стратегиясы, қабылданған әдістердің біркелкі жүйесі керек. Қандай методологиялық принциптерге сүйенеміз? Этнопсихология мәселесінде батыс елдерінде.
Қалыптасқан тұрғыдан, бағыт –бағдарымызды жасау қажет пе? Қазақстан психологтары ішінде С.Л.Рубинштейн[8], А.Н.Лонтьев[9], Б.Т.Ананьев[10], сияқты өз лидерлері көріңбей келеді. Содан да болар біз әлі методалогиялық «саз батпақта» отырамыз. Одан шығу үшін терең зерде, мықты интеллект керек. Сол себепті, психологтардыуниверситетте даярлау ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Жеке психология факультетін құру, оны материалдық –техникалық жағынан қамтамасыз ету, білікті кадрлармен (әсіресе, үлттық кадрлармен) қамтамасыз ету ұзақ арқан, кең тұсауға салатын жәйттер емес.
Әсіресе, этнопсихологиялық зеттеулер барысы жалпы бүрынғы кеңестік психологиядан келе жатқан, дертті мәселені жалаңаш түрде жарыққа шығарып отыр. Ол –психодиагностикалық әдістер мен әдістемелер мәселесі. Этнопсихологиялық зерттеулерге қажет сенімді әрі жарамды (валидность) әдістемелер жоққа тән. Көбінесе, пайдаланатынымыз –бастық әдістемеге тәсілдері. Қазақ тілінде ғылыми тұрғыдан ұлт ерекшелігіне бейімделген сынақтар жүйесі жайлы айтудың өзі аянышты. Зерттеушілер қазақ этносының өкілдеріне батыстық стандарт бойынша эксперемент жүргізіп, сол бойынша қорытынды жасайды. Оның қаншалықты шындыққа жанасымды екені өз алдына бөлек әңгіме[11; 9].
Қәзір Қазақстан психологтары үшін тұлғаның энтикалық сәйкестілігі (идентичность) проблемасына ерекше назар аудару маңызды. Халқымыздың өзіндік санасын зерттеу барысында «маргиналдық түлға» проблемасына, яғни «өз ішіміздегі бөгделер» немесе «Масанов синдромы» іспеттес құбылыстарға үрынып отырмыз.Ұлттық құндылықтарды,оның әдет –ғұрпын ,тілі мен дінін,әдеп жүйесін, салт-дәстүрінигермеген,өз этномәдениетінен алшақтанған ұлт өкілдерінің-метрополияныңбізге қалдырған «сыйы». Этникалық идентификацияның,сәйкестіліктің болмауы-тұлғаны ішкі психологиялық қайшылықтарға,қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық сезімін туғызатынконфлмктерге,әр түрлі әлеуметтік фрустрацияға әкелді. Ғылыми әдебиетте мұндай адамдар типін «евнух» (әтек)деп атайды екен.Бұл проблема тек жеке адамның ғана традегиясы емес, ол ұлттық трагедия. Еліміз бен жеріміздің түкпілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айтуға қиын.Өйткені, қазақ этносының бүкілтыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдеп-ғұрпымен салт санасында кең-байтақ өлкемізді мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрініс беріп жүр.Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінездіболып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз.
Жеріміздің ұлан-ғайыр кендігі мен табиғат сұлулығының эсерінін ғасырлар бойы қалыптасқан дарқандылық, дамға деген мейрімділік пен өнерпаздық,қазақ биосферасының ерекшелігінен туындағанасқан қонақжайлылық, жойқын соғыспен қырғынға ұшыраудың салдарынан тірнектеп жинаған рухани мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ниетінен қалыптасқан-балажандық, үнемі мал шаруашылығымен айналысудан қалыптасқан малжандылық (мәселен,аман-саулық сұрағанда ең алдымен малдың жәйі сөз болатындығы), өзінен басқа жұрттарға деген баурмалдылық, еш уақытта біреудің жеріне көз алартпаған бейбітшілік, озі тиген дұшпанның кабырғасын қаусатқан батырлық, «мың өліп, мың тірілген» кездердегі шыдамдылық-біздің ұлттық мінезіміздің жоталы бітістері, халқымыздың ұлттық мақтанышы емес пе?
Сондай-ақ бізде патшалық отарлану, большевиктік империялық саяст тудырған келеңсіз қасиеттер де баршылық.Осы кездері қанымызға әбден «сіңіп» кеткен даңғазалық пен ұраншылдық,күдікшіл мен күншілдік арызқойлық пен жалақорлық бойкүйезділік пен салғырттық,жалқаулық пен шалағайлық,т.б.алдымызға оралып,жаңа заман талабына бейімделуге бөгет болуда.Әсіресе,Кеңес өкіметі жылдарында ұлттық мінезімізге дінсіздік,спирттік ішімдікке құмарлық т.б.(бұлар бұрынғы қазақтың түсіне де кірмеген мерез қасиеттер)осы іспеттес пәлелер келіп қосылды.Бізде басқа еліктеп,солықтауда аз емес.Бұл жәйт еңсемізді көтертпей,құлдық психологияның шырмаунан шығуға кесірін тигізіп-ақ жатыр[12;21-23].
Бізге қазіргі заманға лайықты ұлттық өндірістік психологияны қалыптастыру,қазіргі «Азия жолбарыстары»-Корея,Жапония,Малайзия елдерін қуып жету мәселесін басты мақсат ету қажет.Өйткені,бізге еуропалықтардың харекетімен психологиясы үйлеспейді.Сондықтан ұлттық ерекшеліктерімізге үйлестіре жетілдірілген ғылыми-техникалық прогресті дамыту жағын ойластырғанымыз,мұны психологиялық тұрғыдан зерттегеніміз абзал.
Ұлттық ерекшеліктеріміздің психологиялық астарларын зерттеуде ештеңе бітірмедік деп,ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды.Мәселен,50-жылдардың өзінде-ақ ұлттық психология проблемаларын зерттеудің аса қажеттілігін белгілі психолог-ғалым,академик Аймауытұлы.Ж.[13] айтқан еді.1970-1990 жылдарда профессор Қоңыратбаева Т.Ә.[14] «Ұлттық психологияның табиғаты», проф. М.Мұқанофтың «Ақыл ой өрісі»,проф. Н.Елікбаевтің[15] «Ұлттық психологияның сипаты», монографиялық еңбектері жарық көрді. Бұлардан басқа «Қазақ мектебінде оқу тәрбие процесінің этнопсихологиялық аспектілірі»,орта мектептерге арналған «Әдеп және жантану»оқу құралы,жоғары оқу орындарына лайықталған «Қазақ тәлім –тәрбиесі», «Этнопедагогика пен этнопсихология» ғылыми жинақтары басылып баспадан шықты. Этнопсихологияның әртүроі мәселелері бірнеше ғылыми-теориялық конференцияларда біршама сөз болды,осы ғылым саласынан бірнеше диссертация қорғалды.Әрине,бұларды кемшіліктерде баршылық.Жоғарыда айтқанымыздай, нақтылы эксперименттік психологиялық зерттеулердің саны әлі де мардымсыз,этнопсихологиялық ұғым-түсініктердің мазмұны көп жағдайда шетелдік ғалымдардың тұжырымдарынан алысқа ұзап кете алмайды.Интернационалистік саясаттың жасанды ұрандарының әсері осы саладағы зе,рттеулерге теріс ықпал еткені сөзсіз.Сондықтан да күні бүгінге дейін, жақын шетелдерге қатысты этнопсихологиялық мәселелер(қырғыз, өзбек,түрікмен,әзірбайжан,т.б.)олардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы ғылыми астарлары зерттелген емес,жұртшылық назарына ұсынылған жекелеген тұжырымдар мен қорытындылардың дүдәмал жақтары бар.Бізге халқымыздың этнопсихологиялық ой-пікірдің қалыптасу тарихында арналған зерттеулер, әрісін былай қойғанда,типті 18-ғасырлардағы ұлттық ақыл-ой алыптары-Төле-би,Қазыбек би,Әйтеке би, т.б. рухани мұралары жөнінде ғылыми толғамдар жоқ.[16;39-41].
Біздің ұлттық психологияға байланысты жүргізген зерттеулерімізге, жарыққа шыққан азды-көпті еңбектерімізгекөңілі толмайтын,типті бұл үшін жұртты жазғырып,шабаландап,үріп жүргендердің қылығы қатты қынжылтады.Мәселен,осындайлардың бірі-психология өрісі биік,терең ғылым,сондықтан төл тілімізде сойлей алмайды,бұған қазақ тілінің мүмкіндігі жетіспейді десе, («Қазақ тілі-психология тілі емес».Ана тілі, 1994ж. 10наурыз) енді біреулер беті былш етпей қазақ этнопсихологтары ұлтшылдық ұран таратып жүр деп ойбай салды.Мұндайларға күлермісің,жылармысың,тіпті олардың ескі кіресілі-шығысылыма деп қаласың. Ұлттық өзіндік сана мәселесі жайлы қозғай бастасақ бірден «ұлтшылдық» құбылыстарын көретін кеңестік заманнан қалған әсіре «интернационализмнің»әлі де болса бой корсету қынжылтады. «Ұлтшылдық»деп айдар тағылып,талай зерттеулер кезінде жарық кормей қалғанды да есімізде.Бұл мырзалар ондай «әндердің» заманы өткенін,енді біздің егемендіел екенімізді естен шығарып алған сияқты.Оның үстіне осы автордың адамның психикалық ерекшелігінен бас сүйек формасымен түсіндіретін Ф.Гальддің ғылымға қарсы ілімін(френология)не үшін таңып отырғаны біздерге түсініксіз.Жоқ жерден «қара мысық»іздегені қай сасқаны?Ұлттық ерекшеліктердің психологиялық астарларын зерттеумен тікелей айналысатын этнопсихология ғылымы еліміздегі бір шама қоғамдық,гуманитарлық ғылымдардың байланыс қарым-қатынасына аса зәру.Өйткені,бұлардың бәрінің илейтіні-бір терінің пұшпағы іспеттес мәселелер Республикада соңғы кездері өріс ала бастаған этнолингвистика, этносоциология, этнодемография,этноантропология,этнология,т.б. осы секілді этностық ерекшеліктерді әр қырыннан зерттейтін туысғылымдардың қазақ психолгиясына берері аз емес. Мәселен, академик Ә.Қайдаровтың этнолингвистикалық зерттеулері, А.Әбдірахмановтың «Қазақ этнотопоно - микасы», С.Нұрханов пен Қ.Өмірәліевтің этнолингвистикалық очерктері, А.Ысмағуловтың ұлттық онтрополдогиясы, М.Тәтімовтың ұлттық демографиялық саласында жазған еңбектері біздің этнопсихология ғылымын өрістете түсүге мұрындық болып отырғаны хақ. «Көп болып көтерген-жүк жеңіл» дегендей,алдағы жерде де қоян-қолтық араласып,этнос психологиясын зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізетін болсақ құба-құп[17;73-74].
Бүкіл халық ұстанатын тәліми түсініктерді адамның жан дүниесіне орайластыра қарастыратын білімнің саласын психология дейміз.Осы тұрғыдан фольклор,соның ішінде,мақал-мәтелдер халықтық психологияның керемет бір көрінісі.Бұларда ғасырлар бойы сұрыпталажинақтаған ұлттық дәстүр,салт-сана,әдет-ғұрып,ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғаса беретін халықтың ішкі жан-жүйесі,өзіндік мінез-құлқы,іс-әрекеті әр қырынан сөз болады.Халықтық психология адамдардың қоғамдық тәжрибесінің қанға сінген өмірлік пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдер жүйесі.Бірақ,ол арнайы ғылыми жүйегенегізделмегендіктен адам психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне сүйенуіміз қажет. Халықтық психологияның теориялық астарларымен этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы айналысады.Этнопсихология әр этностың,халық пен ұлттың бүкіл рухани тіршілігінің (фольклор, тіл, мәденіет, миф, әдет ғұрып, дін, діл, т.б.)көріністерін,сол халықтың психологиясын білдіретін негізгі критерийлер деп есептеледі.Этнопсихология ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде,кейінірек,Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.Оның негізін салушылар неміс ғылымдары Лацарус,Штейталь,Виндт еді.Қазақ топырағында осы мәселемен айналысқан біртуар ғалымымыз Шоқан Уалиханов болатын.Ол өз еңбектерінде халық рухы дейтін ұғымы жиі қолданған.Бұл халықтық психология мен этнопсихологияның негізгі ұғымдарының бірі.Қазір еліміз егемендігін алып,тәуелсіздігін жариялаған кезде өріс ала бастаған қазақ этнопсихологиясы кезінде ұлы Шоқан көтерген мәселенің жалғасы деуге болады.Еліміз тәуелсіздігін жария еткен алғашқы айлардың өзіндеақ зиялы қауым ұлттық психологиялық ерекшеліктеріміздің өркен жаюына ерекше мән бере бастады.Енді бәіздегі осы ғылым саласының қазіргі жағдайына,жай-жапсарына тоқталайық[18;4-5].
Мәселен,белгілі жазушы С.Елубаев «Енді немен күресміз?»атты мақаласында төмендегіше ой бөліседі:Комунистік саясат жеке ұлттың әлуметтік-саяси,генетикалық тауқыметін зерттетпеді.Ендігі жерде Қазақстанда қазақ ұлтын этникалық жанды құбылыс ретінде ғылыми тұрғыдан зерттейтін мезгіл жетті.Ол институт ұлттың бүкіл болмысын,қазағы,шала қазағы қанша,демографиясы,психологиялық болмысы,дәулет қорының жай-күйі,басқада тауқіметіне талдау жасап,жария етіп,ұлт болашағы үшін ғылыми негізделген тұрғыда күресуге жол ашуы керек.Осы институттың ұсынысы ,болжамыҚазақстанның ұлт жөніндегі мемлекеттік саясатына ықпал жасап отыруы қажет. Невада-Семей қозғалысы Брлин филиалының төрағасы, экономика ғылымының докторы,профессор Б.Дамитов былай дейді: - Мен көп жылдан бері Берліндегі жоғары техникалық мектепте жұмыс істеймін.Бұл елде психология ғылымына аса үлкен көңіл бөлінеді.Неміс халқының өзіне ғана тән психологиясы бар.Соның арқасында отбасы мен қоғамда тәртіптілік, ұқыптылық,еңбекқорлық, тазалық сияқты ұлттық мәдениеттің негізі тәрбие арқылы жастардың санасына құйылып жатады.Қазақстанның осы уақытқа дейін осындай ғылым негізіне қадам баспай отыруы мені қатты қынжылтады.Ал,жас ғалым Дүйсенбиев былайша ой тербейді: -Біз батыр халықпыз,ақын халықпыз,философ халықпыз дейміз.Ал,енді,осыны психологиялық тұрғыдан зерттеген жан бар ма?Бүгінгі өмір талабына атадан қалған асыл мұраның бәрі сай келеме,үйлесе ме,осыны неге зерттемеске?Соңғы кезде баспа беттерінде осы мазмұндас түрлі мамандық иелері жазған мақалалар жарық көріпті.Кеңес үкіметі тұсындағы қоғамдық прогрестің өрескел іркілістері этностар санасына жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты да,ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық асылдарын еске алмады.Осындай саясаттың нәтіжесінде жас ұрпақтың ұлт мәдениетін жасаушы,этнос тілінің иегері екенінде ұмыта бастадық ұлттық мақтаныш сезімінен де ат-тонымызды ала қашатындай жағдайға ұшырадық,ұлттық пен интернационалдықтың диалектикасы тек сөз жүзінде ғана үйлесімін тауып,бұл жайт нигилистер мен мәңгүрттердің,маргинал тұлғалардың көбеюіне әкеліп соқты.Ана тіліндегі газет-жұрнал,кітап тираждары құлдырап,азайып кетті.Қазіргі кезде 500 мыңдай қазақ баласы орыс мектептерінде тәрбиеленіп келеді.Бірнеше мыңдай орыс-қазақмектептері,мыңдаған аралас балабақша топтары бар,(бұлардың ұлттық тілмен сананы қалыптастыруда пайдасынан зияны басым.-Қ.Ж.)-тоқырау кезеңінен қалған сарқыншақтар[19;17-20].
Халқымыз ежелден өз ұрпағын жақсы адам,абзал азамат етіп тәрбиелеуді ерекше қастерлеп,мақтан тұтқан.Қазақ даласындағы жау десе қару-жарағын сайлап,ел десе еңіреген ерлер,әділдік пен шындық,адамдықты ту еткен ақын-жыраулар,бармағынан бал тамған ісмерлер,от ауызды,орақ тілді небір шешендер мен ақылман ақсақалдар,еміренген абзал аналар сан ғасырлар бойы қазақи тәрбиенің жемісі екендігі даусыз.Ұлттық психология мен этика,мінез-құлық,әдеп мәселелері-қазақ елінің тәуелсіздік жариялауына байланысты біздегі біртіндеп жүзеге асып келе жатқан ана тілін өркендету саясатына орайласатын стратегиялық мәні бар шаралардың бірі.Кеңес мемлекетінің ұзақ жылдар бойына қазақ тілінің мәртебесін төмендетуге бағытталған саясатының салдарынан елімізде қостілдік процесі етек жайды.Олжергілікті халықтың ұлттық мүдделеріне қиянат жасау есебінен жүзеге асырылды.Мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілі әзірге орыс тілінің алдына шыққан жоқ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 679



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?