Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі

 Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі

Мазмұны

КІРІСПЕ...................................................................................................................

I.ТАРАУ. ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ.......................................................................................................
1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін
нәтижелері........................................................................................................
1.2. 12 жылдық мектептің психологиялық-педагогикалық астарлары........
1.3. Жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары ...............
1.4. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар ................................................................................................................................

II.ТАРАУ. 12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............................................................................
2.1. 12 жылдық білім беруге ауысу жағдайында оқушылардың тәрбие жүйесінің даму перспективасы ....................................................................
2.2. Информатика пәнінің оқу-әдістемелік кешендеріне сипаттама ...........
2.3. 12 жылдық эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқыту ерекшеліктері ......................................................................................................
2.4. 12 жылдыққа көшу жағдайында эксперимент барысында бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың үлгілері ........................................

ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .............................................................

КІРІСПЕ

Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Қазіргі таңда қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде, жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізін мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі-бүкіл әлем жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне суйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімнің теориялық және әдістемелік тұстарын жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді.
Осылардың негізінде ғана 12 жылдық орта білім бағдарламаларын, сапалы оқулықтарды, оқушылар белсенділігін тудыратын жаңа технологияларды, әдістемелерді, көмекші құралдарды яғни, оқу-әдістемелік кешендерді өз дәрежесінде дайындау мүмкіндігі тумақ.
Орта білім беру жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және бірегейі.
Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық деңгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажетті шарт екенін дәлелдеуде.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады, ол білім туралы құжаттардың айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағына экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мұндай өнімді және нәтижелі, сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етеді.
Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі. Осыған орай, менің дипломдық жұмысымның тақырыбы:
«12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі» - деп аталды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – әлемдік білім стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін іс жүзінде көрсетуге, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, өз мүддесін іскерлікпен ұштастыра білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негіздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспары», Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі» Тұжырымдамасы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I – тарау «Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің негіздемесі» деп аталып, онда әлемдік білім тәжірибелерін саралай отырып, өзіндік білім реформасын қалыптастыруды көздеген Қазақстандағы 12 жылдыққа көшу мәселесі қарастырылған.
II – тарау «12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері» деп аталып, 12 жылдық білімге көшу жағдайында бастауыш эксперимент сыныптарда информатика пәнін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, дұрыс сөйлеу білу мәнерін қалыптастыруды көздейді.

I.ТАРАУ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП, 12 ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттарын бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының; «Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»; «Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н..Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлері кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірден тұрақты өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызы зор.
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлеуметтік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.
Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және қол жеткен табыстарға сын көзбен қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу – 12 жылдық білім беру мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992) сәйкес дүниежүзілік практикада 12 жылдық жалпы орта білім берудің басым екені, оны әлемнің 216 елі мойындайтыны белгілі болды.
Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып, оны бекіткеннен кейін Еуропалық білім кеңістігіне ықпалдасудың құқықтық негізін қалады. Бұл жалпы орта білім беру деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшуді көздейді. [7]
12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайында оқыту болып отыр. Білім беру жүйесінденгі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар болып табылады:
- қоғам дамуының қиындылығы;
- постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр:
- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген модельдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру, жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б;
- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі, терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
- оқушы жастарға азаматтық - патриоттық, рухани - адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру ролінің күшейтілуі;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы
болып табылады.

1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері

Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болған да осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің 3 съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:
- мектепте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;
- оқушылардың өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;
- әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;
- оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді:
- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;
- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.
Адамның жан-жақты дамуы білім берудің ғаламдық мақсаты болып табылады. Педагогикада білім берудің мақсатын, оның мазмұны мен құрылымын анықтауға қазірігі заманғы адам тұжырымдамасының тұрғысынан келу көзқарасы берік қалыптасып отыр. Жүргізілген зерттеулер тұлғаның қалыптасу моделінің компоненттерінің мынадай үш тобын қамтитынын көрсетеді: психиканың функционалдық тетіктері, тұлғаның тәжірибесі, тұлғаның жинақталған типологиялық қасиеттері. Компоненттердің осы топтары адам қызметінің жалпы құрылымының және зерттеу объектілерінің құрылымымен бірге 12 жылдық мектептің жалпы білім беру стандарттары мен базалық оқу пәндерін жасаудың теориялық негізі болып отыр.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 089



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?