Құқық | Білім жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі

 Құқық  | Білім  жүйесін дамытудағы мемлекеттік бюджет қаражаттарының алатын рөлі

Мазмұны

1 Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің алатын рөлі
1.1 Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Білім беру жүйесін қаржыландыруда мемлекеттік бюджет шығындары және олардың экономикалық қажеттіліктері
1.3 Білім беру жүйесінің типтері мен түрлері
1.4 Білім беруге арналған шығыстарды қалыптастыру және оларды қаржыландыру көздері
1.5 Білім беру мекемелерін ұстауға байланысты бюджет ақшасының есептік көрсеткіштері мен жоспарлау тәртібі
2 Мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесін дамытудаға бөлінген қаржылардың жұмсалуын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік бюджеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржыландыру үлесі
2.2 Мемлекеттік бюдеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржыларды талдау

2.3
Мемлекеттік бюдежеттен білім беру жүйесіне бөлінген қаржылардың құрамы мен құрылымын талдау

3 Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін қаржыландыру және оны дамыту мәселелері
3.1 Қазақстандағы білім беру жағдайы және болашағы
3.2 Қазақстан Республикасында білім беру саласын қаржыландыру және оны дамыту жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жасаған 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын егжей-тегжейлі қарады.
Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі. «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», – деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекеттік бағдарлама жобасын ұсына отырып, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсімі мен азаматтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін адамдық капиталды дамыту үшін түбегейлі жаңарту екендігін атап өтті. Білім беру саласын реформалау және жаңартудың негізгі бағыттары ретінде мыналар ұсынылады: қаржыландыруды жетілдіру (қаржыландырудың жан басына шаққандағы ұстанымын енгізумен), білім менеджментін жақсарту, педагогтің мәртебесін арттыру (мемлекеттік қолдауды күшейту және педагог қызметкерлердің еңбегін ынталандыру), электрондық оқыту жүйесін енгізу
(«e-learning»), мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту («Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы желісін дамыту), орта (12-жылдық оқытуға көшу, «Назарбаевтың Зияткерлік мектептері» және «Бейіндік мектеп» аға мектептерінің желілерін дамыту), техникалық және кәсіптік (жұмыс беру-шілер жасаған Ұлттық біліктілік жүйесі және кәсіби стандарттарды жүзеге асырумен), жоғар-ғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді (Ұлттық аккредитациялық ұйымдарды халықаралық аккредитациялық желіге ықпалдастыру, Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық/кәсіптік білім мен оқу бағдарламалары стандарттарын жаңғыртумен, бірнеше мамандықтар алу үшін жағдай туғызумен, оқытудың қосарлы жүйесін жүзеге асыру арқылы кәсіптік тәжірибе үлесін ұлғайтумен, Индустрияландыру картасы жобасын жүзеге асыратын базалық кәсіпорындарға жоғары оқу орындары студенттерін бекітумен, елдің жеделдете ин-дустриялық-инновациялық даму қажеттілігіне сәйкес мемлекеттік білімге тапсырыс құрылымын өзгертумен, индустриялық-инновациялық дамудың барлық бағыттары бойынша мамандарға заманауи біліктілік талаптарын белгілеумен) одан әрі дамыту. Бұл орайда білім беру мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту көзделеді. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2015 жылға дейінгі кезеңге ғана мемлекеттік бюджеттен 1 трлн. 180 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу көзделеді.
Қазақстанда оқитындар сапалы біліммен қамтамасыз етіліп, таңдаулы білім ресурстары мен технологияларына қол жеткізе алады. Халықаралық рейтингілердің көрсеткішінің жақсаруынан, қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттырудан басқа ел экономикасының орнықты өсу міндеттерін кадрлық қамтамасыз ету үдерісі жүзеге асырылады, Қазақстанның адам капиталының бәсекеге қабілеттілігі арттырылады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы педагог кадрлардың еңбекақысы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік бағдарлама жобасын талқылау барысында білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды және мемлекеттік бағдарламаны пысықтай түсу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда, сөз алғандар білім беру жүйесін дамыту міндеттерін жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейту, халықаралық білім кеңістігіне ықпалдастыру, шағын комплектілі мектептердің даму мүмкіндіктерін кеңейту, электрондық оқытуды енгізу, инклюзивтік білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау, жастарды саяси тәрбиелеу, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында орынмен қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлді, сондай-ақ бұл бағдарламаны білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін дамыту жоспарларымен ұштастыру қажеттігін атап өтті.
Республикадағы бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы-бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы-ол жаңа бюджеттік заңнама құру және жасау.
Нарықтық экономика қатынастардың құрылымында мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы негізінен нарықтық қатынастардың басты құрамдас құралы болып табылады. Еліміздің экономикасын дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды лайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор. Мемлекеттік бюджет кез-келген басқа экономикалық категория сияқты өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдалынылатын ақша қаржаттар ағымында өзінің көрінісін табады.
Бюджетті мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде қарастыруға болады. Қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады.Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық процестер бейнеленеді. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми, әлеуметтік және басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресуртарынның шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларның жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ, қоғамдық ұдайы өндірістің айрықша рөлін анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Әр аймақтың экономикалық-әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Өйткені, облыс, аудандардың және аймақтардың өзіне тән ерекшелігі, еғбек ету дәстүрі болады. Сонымен қатар, әр деңгейдегі бюджеттердің міндеттері де әртүрлі болады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Оны мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылықпен, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджет тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарды қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қарым-қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджеттік құқықтар жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Тақырыптың өзектілігі- бюджетт саласынан білім беру саласына бөлінетін қаражаттарды қарастыру.

1 Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің алатын рөлі

1.1 Білім беру саласын қаржыландыруда мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандырушы есебінде арнайы бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде пайдаланудың мүмкіншілігі болады. Бюджеттік механизм — ол бюджеттік қатынастарды ұйымдастыруға мемлекетің құрастырған және пайдаланатын арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет салалары, эконо¬мика салалары және елдің аумақтар арасында қайта бөлуді камтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмің объективтік негізі- мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын кұрайтын бөлу қатынастар процестері болып табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі тізбектер бар екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер, шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі құрылымдык тізбектерді белуге болады, олар: ақша қаражаттарын мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет салаларына бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және олармен маневр жасайтын әдістер.
Бюджетгік механизмнің жоғары айтылған тізбектері өз алдына сәйкес элементтерден қалыптасады. Мысалы, акша қаражаттарды жұмылдыратын бюджеттік механизм салықтык және салыктық емес қаржы ресурстар түсетін әдістермен сипатталады және өздерінің әлпеттерін нақты кіріс түрлерімен (қосымша құнға салық, акдиздер, мүлік салығы және т.б.) іске асырылады. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарга бюджеттік қаражаттар жіберу механизмі әр түрлі принциптер негізі мен бюджеттік ақша берудің әр түрлі формарлары арқылы іске асырылады. Қаржы ресурстарының ішкі бюджеттік бөлу мен кайта бөлу механизмі бюджет жүйесінің сәйкестік буындары та¬рапына бюджет қаражаттарының белгілі бөлігін бекіту мен бюджеттік реттеудің әр түрлі әдістерімен сипатталады.
Мемлекеттік бюджет кез келген мемлекеттердің қызмет етуінің міндетті шарты ретінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын құруды, бөлуді және пайдалануды қамтамасыз ететін еліміздің негізгі қаржы жоспары болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің басқару органдары үшін өз функцияларын орындау, товарлар мен қызмет нарықтарының, қаржы нарығының қызмет етуіне әсер ету, экономика секторында табыстарды үйлестіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатты жүргізу үшін экономиканың барлық секторына қаражаттарды жинақтау қоры болып табылады. Бюджет көмегімен жалпы ішкі өнімнің сектораралық санаралық және аймақаралық бөлістірілуі, экономиканы мемлекеттік реттеу мен ынталандыру, еліміздің ұзақ мерзімді мүддесін есепке ала отырып, әлеуметтік саясатты қаржыландаруды жүзеге асырады. Осылай бюджетке мемлекеттердің салықтық және салықтық емес қаражаттарды төлеушілермен және бюджеттік қаражаттарды қалыптастыру және жұмсау бойынша шаруашылық субъектілермен түсетін қаржылық қарым-қатынастарды бейнелейді.
Мемлекеттік бюджет-қаржы жүйесінің негізгі буыны және негізгі қаржы категориясы. Онда негізгі мемлекеттердің кірістері мен шығыстары жинақталады. Бюджет арқылы ресурстардың үздіксіз жиналуы мен оның жұмсалуы жүзеге асады. «Бюджет» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «ақшалы (ақшасы бар) қоржын, қап» дегенді білдіреді. Мемлекеттік бюджет өзімен бірге заң күші бар ағымды жылға арналған мемлекеттердің негізгі қаржы жоспарын білдіреді. Материалдық мазмұны бойынша мемлекеттік бюджет мемлекеттердің орталықтандырылған ақша қорын, ал әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ұлттық табысты бөлудің негізгі құралы болып табылады.
Бюджет-мемлекеттердің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекеттердің өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Экономиканың дамуының қазіргі сатысында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқынын қамтамасыз етуге, оның салалық және аймақтық құрылымдарына жетілдіруге, экономика саласын дамыту бағдарламаларын жұргізу үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға , ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржылық орталықтандыру арқасында ақша қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын сәтті жүргізуге жағдай жасап отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың қажетті аймақтарында шоғырланады. Осылай құндылық бөлудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық мақсатты орындайды – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке жалпы қаржы категориясынан ерекшелейтін мына сипаттар тән: бюджеттік қатынастар бөлістірушілік сипат алады, әрқашан ақша нысанында жүзеге асады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және оларды пайдаланумен бірге жүреді. Сонымен бірге бюджеттік қатынастарға белгілі бір өзіндік сипат тән. Мемлекеттік бюджет құндық бөлуінің өзіндік сферасы ретінде келесі келесі белгілермен сипатталады.
- жалпы қоғамдық өнімнің құндарының бір бөлігін мемлекетке жинаумен және қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға оны пайдаланумен байланысты бөлістіруші қатынастардың ерекше экономикалық нысанын білдіреді,
- ұлттық шаруашылық саласы арасында, экономикалық секторлар, қоғамдық қызмет сферасы арасында құнды қайта бөлу үшін арналған;
- қоғамдық өнімнің қозғалысымен байланысты емес құндылық бөлуінің сатысын білдіреді.
Мемлекеттік бюджет кез келген экономикалық категория ретінде өндірістік қатынастарды білдіреді және оған сәйкес материалдық заттай сипат алады: бюджеттік қатынастар мемлекеттердің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорына – бюджет қорына метериализацияланады. Осының нәтижесінде қоғамда болып жатқан бөлістіру процессі мемлекетпен жинақталатын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағынында өз көрінісін табады. Бюджеттік қор бұл құндық бөлуінің сатысынан өткен және мемлекетке ұлғаймалы ұдайы өндіріс бойынша қажеттіліктерді, тұрғындауға әлеуметтік мәдени қызмет ету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін түскен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстардың бір бөлігінің қозғалысының нысаны.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттердің орталықтандырылған ақша қаражаттарының қорын құру және ұдайы өндіріс мақсатына оларды пайдалану жолымен қоғамдық өнімдерді бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушыларының арасында пайда болатын ақша қатынастарын көрсетеді. Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.
Мемлекеттік бюджет түсінігінің экономикалық мәні еліміздің бюджеттік қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша бюджеттік қатынастардың жиынтығы ретінде ашылады. Бюджетті анықтауда 3 тәсіл бар:
Біріншіден, өзінің экономикалық мәні бойынша мемлекеттік бюджет өзімен бірге мемлекетке жеке және заңды тұлғаларымен пайда болатын ақшалай қатынастарды білдіреді;
Екіншіден, бұл қатынастар экономиканы қаржыландыруға, қорғаныс, мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізуге арналған бюджеттік қорды құру және пайдалануға байланысты ұлттық табысты бөлістіруде пайда болады;
Үшіншіден, бюджет өзіндік тәуелсіз экономикалық категория ретінде қарастыруға болады, себебі ол объективті бөлістіру қатынастарының экономикалық нысаны болып табылады.
Бюджет басты экономикалық категориялардың бірі бола отырып, өз кезегінде басқа экономикалық категорияларды (салықтар мемлекеттік шығындар және т.б.) біріктіреді, себебі бюджет арқылы ресурстардың үздіксіз жиналуы мен жұмсалуы жүреді.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірісін, шығысын, орталықтандырылған қаржы ресурсатарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін анықтайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттік қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады. Ол заң бюджеттерді қалыптастыру процесінде қалыптасатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық бюджеттің, жергілікті бюджеттердің әзірлену, қаралу, бекітілу, атқарылу және бақылану тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттердің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысаны мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мәні мен маңызы ол орындайтын функцияларда неғұрлым көрінеді. Бюджеттің негігі функциялары:
- ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу;
- экономиканы мемлекеттік реттеу және көтермелеу;
- әлеуметтік саясатты қаржыменқаржымен қамтамасыз ету;
- ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау.
Осы түрде бюджетті пайдалана отырып, мемлекет біріншіден өндіріс сатысында да, ұлттық табысты бастапқы бөлістіру сатысында да қалыптасып пропорцияларды терең өзгерістерді енгізеді. Мемлекеттік бюджет арқылы қазіргі кезде өнеркәсібі дамыған елдерде ұлттық табыстың 40%-на дейін қайта бөлістіріледі;
Екіншіден, қазіргі таңда мемлекет экономикада дағдарыстық жағдайларды бюджеттен қаражаттарды жұмсау жолымен болдырмау үшін экономикаға араласуды жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу Ι-ші дүниежүзілік соғыстардағы экономикалық дағдарыстан туындаған өнеркәсібі даму нәтижесінде пайда болды.
Үшіншіден, аса маңызды мәнді мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік функциясын алады. Шетелдік өнеркәсәбі дамыған елдердің бюджетінде жұмысшы күшті ұдайы өндірумен байланысты шығындардың өсуі байқалады: білім беру денсаулық сақтауға, әлеуметтік сақатндыру мен қамсыздандыруға кеткен шығындар.
Төртіншіден, бюджеттердің бақылау функциясы мемлекеттің бюджеттік құрылғысы мемлекеттегі барлық қаржы ағымдарын құру мен оның қозғалысына Парламент пен Қаржы Министрлігі жағынан бюджеттік бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруінде туындайды.
Айта кеткен жөн бюджеттің функциясын жүзеге асыруға инфляция, бюджет тапшылығы, бюджетті уақытылы бекітпеу, қаражаттарды әртүрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаражаттарды бөлістірудегі қайшылықтар сияқты экономика мен қаржы жүйесіндегі кері жағдайлар кедергі жасайды.
Осы түрде «мемлекеттік бюджет» түсінігін келесідей топтауға болады:
- өзіндік тәуелсіз экономикалық категория ретінде;
- мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде;
- экономикаға әсер ету құралы ретінде;
- мемлекеттердің негізгі қаржы жоспары ретінде;
- мемлекеттердің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде;
- құқықтың заң ретінде, оның ережесі қоғамның мүшесі мен қатынастарға қатысушылардың орындау міндетті болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Бюджет арқылы жалпы ішкі өнімнің үштен біріне жуығы бөлінеді. Бюджет қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып, слааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуметті арттыруға, мемлекеттік дамуды тездетуге бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік бюджет бірлік, толықтылығы, дербестігі, нақтылығы және жариялылығы қағидаларына негізделеді.
Бюджеттердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы Министрлігі бекітетін бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы нысананың бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттылығымен, ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасынан кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттің толықтылығы ҚР-ның салық және бюджет заңнамасында белгіленетін барлық түсімдерді соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерінде міндетті және толық көрсетілуін қамтамасыз етіледі. Бюджет нақтылығына ҚР Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауына сәйкес олардыҚР-ның әлеуметтік экономикалық даму индикативтілік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшеміне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Бюджеттердің жариялылығы бектілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шартты капитал мен товарлардың еркін қозғалысын, ұдайы өндірістік процесстердің натуралды және құндылық пропорцияларға қатысушылардың арасындағы қатынастардың қалыптасуын білдіреді. Сонымен бірге жекеменшіктегі капитал әлеуметтік-экономикалық ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?