Халықаралық қатынастар | Қазақстанның сыртқы эканомикалық саясатындағы Қытай
Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................
I ТАРАУ ҚХР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1.1 Қазақстан дамуының негіздері және Қытай..........................................
1.2 Қытай Қазақстан қатынастарының құқықтық негізі ………….........
ІІ ТАРАУ. ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУДА БАЙЛАНЫСТАРЫ
2.1 Шекара маңындағы екі ел арасындағы сауда саттық…………………
2.2 Энергетика саласындағы қатынастар……………………………….......
2.3 Инфрақұрылымдық байланыстардың дамуы…………………………..
ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ СЕРІКТЕСТІГІ ЖӘНЕ РЕСЕЙ
3.1.Шанхай ынтымақтастығы және аумақтағы қауіпсідік мәселесі……..
Қорытынды………………………………………………………………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………
Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастықка енуіне, республика ішіндегі реформаларды жузеге асыруға, оның тиімді және өсімді экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси-әлеуметтік, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда. Елімізді қазір дүние жүзінің 117 мемлекеті таниды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 26 елшілік ашылып, біздің елімізде 40 елшілік пен миссия, халықаральқ және ұлттық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен, Қазақстандағы мол қазба байлықтар қоры. Жылына елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастар достық, тату көршілік негізінде құрылғанымен де, екі тарапқа тиімді өзара пайда мүдделері де маңызды болып табылады деп айтсақ қателеспейміз.
Бітіру жұмысының тақырыбы қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының ҚХР-мен қарым-қатынастарының даму барысын қамтиды. Территориялардың шекаралас болуы, сондай-ақ, күшті шығыс көршінің үлкен экономикалық потенциалы мен оның халықаралық аренадағы, соның ішінде Орталық Азия кеңістігіндегі салмағы, бұл аймақтағы егеменді республикалардың Қытаймен тұрақты достық қатынастарда болу мүдделілігін анықтайды. Және де бұл қарым-қатынастар теңдік, өзара мүдделілік пен мемлекеттердің ішкі істері мен жағдайларына қол сұқпаушылық принциптеріне негізделіп орнатылуы керек.
Орталық Азияның жас мемлекеттері ҚХР-мен көп векторлы байланыстардың бар болуын ең алдымен территориялық тұтастық пен қауіпсіздік, экономикалық даму мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды құру сияқты мәселелерді шешу тұрғысынан қарастырады.
Өз кезегінде, Орталық Азия Қытайдың экономикалық және қауіпсіздік мүдделер шеңберіне кіреді. Бұл аймақтағы республикалармен байланыстарды нығайту – ҚХР сыртқы саясатының басты міндеттерінің бірі. Қазіргі кезеңде, ҚХР шекараларына жақын жерде АҚШ әскери базаларының орналасуы жағдайларында, Пекин сыртқы саяси мүдделері мен басымдақтары арасында Орталық Азия аймағының маңыздылығы күрт өсуде.
Бітіру жұмысының жазылу барысында қолданылған әдебиеттерге тоқталып өтер болсақ, Қ.Тоқаевтың «Внешняя политика Казахтана в условиях глобализации», «Казахстан- реалии и перспективы независимого развития» атты еңбектерінде көрсетілген Қытайдың Қазақстанға қатысты саясаты жайлы толық мағлұматтарды негізге алдым. Белгілі дипломат әрі саясаткер К. К. Токаревтың монграфиясы ХХІ ғасыр алдындағы Қазақстанның сыртқы сааясатындағы өзекті мәселелерге арналған. Отандық саясаттануда алғаш рет үшінші мыңжылдық шебіндегі әлемнің геосаясаттық картасы, саясат пен экокномиканың жаһандану проблемалары, сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы саясатындағы экокномикалық факторлар зерттеледі. Саясаттын, экокномикасын, идеологиясын, географиялық жағдайын және тағы басқаларын қоса алғандағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының ағымдағы проблемалары мен болашақтағы мүмкіндіктеріне баса назар аударылған. Автор кітапты жазу барысында әртүрлі жергілікті материалдарға сүйеніп қана қоймай, аталған тақырып бойфынша қытайлық және батыстық ағылшын тіліндегі дерек көздерін пайдалануға тырысқан.
Ал Хлюпин В. жазған «Геополитический треугольник: Казахстан-Китай-Россия». атты әдебиетінен де көп мағлұматтар алдым. Осы кітапта аймақтық интеграцияның теоретикалық және нақты тарихи проблемаларына арналған. Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының ерекшеліктері мен транскаспилік аймақтың геосаясаты, ортазиялық аймақтағы күштердің жаңа арақатынасы, осы заманғы интеграциялық үдерістердің теоретикалық және әдістемелік проблемалары іс жүзінде ашылады. Аймақтағы интеграциядағы болжамалық сценарилерге, жаһандану жағдайында кеңестік кеңістіктегі қоғамдардың жетілдірілуі мен трансформациялануының келісімдік сценарилерін іздеуге баса назар аударылады.
Абдуллаева К.Ш. жазған «Развитие интеграционных связей Казахстана и СУАР» атты әдебиетінен мен Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жайлы көп керекті деректер жинадым. Осы әдебиет ҚХР ШҰАР-дағы 1996 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дербес аудандағы округтік деңгейге дейінгі партиялық, әкімшілік, әскери және саяси элита туралы деректерден тұрады. Осы заманғы Шыңжан және оның Қазақстан – Қытай қатынастарындағы орны мен рөлі ҚХР-дағы Шыңжан-Ұйғыр дербес ауданының мәдени ұлттық , экокномикалық, саяси дамуына байланысты мәселелер кешенін қарастыратын тараулардан тұрады. Негізгі мәтінінде оның Қазақстан – Қытай қатынастарындағы орны мен рөлін қарастырады.
Бітіру жұмысының мақсаты Қытайдың жүргізіліп отырған сыртқы саясатындағы Орталық Азияға қатысты позициялары арқылы бұл мемлекеттің бүкіл аймақ қауіпсіздігіне әсер етуін анықтау және осының арқасында қарым-қатынастардың болашақ даму перспективасын ашып көрсету болып табылады. Осы мақсаттардан төмендегідей міндеттер түындап отыр:
– Қытайдың қазіргі сыртқы саясатындағы Орталық Азия республикаларының орны мен ролін анықтау;
– Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы елдердің Қытайменен сыртқы саяси байланыстары және ынтымақтастықтың даму барысын айқындау және оның жағымсыз жақтарын көрсету;
– Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі төңірегіндегі сұрақтарды, соның ішінде қауіпсіздік жағдайлары мен шараларын зерттеу, Қытаймен ынтымақтастықтың дамуына шолу жасау, сол сияқты Қытайдың аймақ қауіпсіздігіне ықпалын қарастыру;
– Сауда, мұнай-газ секторындағы қатынастарның және заңсыз қытайлық миграциясының қауіпсіздік жағдайына әсерін ашу.
Бітіру жұмысының бірінші тарауында Қазақстанның дамуы негізіндегі Қытаймен қатынастары туралы жазылған. Бұл тарауда Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бергі ұстанған саясатына талдау жасалып, Қазақстанның сол жылдары бері даму жолына да шолу жасалған. Қазақстанның өзге елдермен ұстанып отырған саясаты жайлы, экономикаалық тұрғыдағы даму кезеңдері мен Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясаты жайлы да талдау жасауға тырыстық. Тарау соңында осы барлық аталып өткен елдер ішінен Қазақстан саясатындағы Қытайдың рөліне де Қытай-Қазақстан қатынастарының құқықтың негізіне де тоқталып өттім.
Бітіру жұмысының екінші тарауы Қытай мен Қазақстанның сауда байланыстарына арналған. Бұл тарауда қазіргі таңда, Қазақстан үшін Қытай ең басты сауда серіктестерінің бірі екеніне екпін жасай келе, маңызды шекарааралық сауда мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, энергетика саласындағы екі мемлекет арасындағы қатынастарға, инфрақұрылымдық байланыстардың дамуы жағдайына да шолулар беріледі. Осы саладағы дамуда қандай компаниялар шаралар атқарып, осы байланыста маңызды рөл атқаратыны жайлы деректерге тоқталамыз.
Бітіру жұмысының соңғы үшінші тарауы, «Қазақстан мен Қытай серіктестігі және Ресей» деп аталады. Қазіргі таңда, Ресей елімен байланыс орнату Қазақстан үшін де, Қытай үшін де ең тиімді болып отыр. Сондықтан бұл ел екі елдің саясатында маңызды орын алады деп айтсақ қателеспейміз. Бұл тарауда Шанхай ынтымақтастығы Ұйымы қызметі және аумақтағы қауіпсіздік мәселесі жайлы айтылады. Сонымен қатар, осы Шанхай ынтымақтастығы Ұйымына кіретін елдер арасындағы белді ойыншылардың бірі- Ресей мемлекетінің аймақтағы саясаты жайлы талдау жасалынады.
ТАРАУ.ҚХР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ НЕГІЗІ
1.1 Қазақстан дамуының негіздері және Қытай
1991 жылы тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды-әлеуметтік экономикадан кейiнгi қайта құру, дағдарысқа қарсы бағдарлама, макроэкономикалық тұрақтандыру, дүниежүзүлік экономикалық дағдарысты еңсеру, экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету. Бiрiншi кезең (1991-1992 ж.ж.) Қазақстанда әлеуметтік экономикадан кейiнгi экономикалық жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен сипатталады. Бұл 1970-жылдардың аяғында КСРО экономикасы нақты секторының жаппай үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және iшкi әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағытта жүргiзiлген экономикалық саясат өрiстеп кете алмады [1].
1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты әлеуметтік-экономикалық жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру: сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеуметтік-экономикалық аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын азайту, сыртқы экономикалық қызмет нысандарын кеңейту, сырттан инвестициялар тарту, валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды экономиканың негiздерiн қалыптастыру: экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге нарықтық нысандар үлгiлерiн енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi өрiстету үшiн жағдай жасау.
1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң өсуi тек ауыл-шаруашылығында ғана тiркелдi. Сатып алу қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991 ж. 5756 АҚШ доллар, 1992 ж. 5561 АҚШ доллар. Болды [1, 5-6]. 1992 ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының алғашқы бағдарламасы- “Қазақстанның егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды, мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары айқындалды және экономика аясында стратегиялық мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген, экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн орындайтын негiзгi меншiк нысандары ұштасатын және өзара байланыста болатын әлеуметтік нарықтық экономика құру; адамның экономикалық өзiн-өзi билеуi қағидасын iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай жасау.
Екiншi кезең (1993-1994 ж.ж.) экономикалық дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды, бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi және осының салдары ретiндегi төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың өзара борыштары 1993-1994 жылдары және 1995 жылдың басында 634913 млн. теңге болды; инфляция (гиперинфляция) өрши түстi: 1993 жылы тұтыну бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы); өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген ұлттық табыс 1991-1993 жылдары 1976 жылғы деңгейге дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды. 90 жылдардың басындағы жалпы экономикалық дағдарыс халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн тигiздi [1]: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол 1994 ж. терiс сальдоға жеттi (410387 адам). Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына ойысты; “рубль аймағынан” шығу және ұлттық валюта-теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша); валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк секторының қарыздарына жалпы сұранымды қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық нұсқамасымен “директивалық” несиелер беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды [2]. Бұл кезеңде жалпы iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуметтi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден 1673,5 млн. теңгеге дейiн ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi [3]. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
Үшiншi кезеңде (1995-1997 ж.ж.) Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға қойды: нарықтық экономикалық институттары мен инфрақұрылымды дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық және сақтандыру компанияларын, биржалар мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу; ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн несиелердi шектеу және ақша массасының қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын) белгiлеу [3]. Бұл кезеңде шет ел капиталы кеңiнен тартылды, рыноктер мен нарықтық құрылымдарды дамыту үшiн жағдай жасалды. Қолданылған шаралардың нәтижесiнде 1996 жылдың қарсаңында теңгенiң валюталық бағамы тұрақтанды (1994 ж.-1 долл. үшiн 35,76 теңге, 1995 ж. -60,93 теңге, 1996 ж.-67,29 теңге), бюджет тапшылығы азайды, өнеркәсiптiң сыртқа шығаруға бағдарланған бiрқатар салаларында өндiрiс жанданды. Әлеуметтік аядағы қаржы-экономикалық қайта құрулар қаржы жүгiн республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджетке беру, көрсетiлетiн әлеуметтік қызметтердiң сапасын арттыру [3], әлеуметтік сала мекемелерiнiң қызметiне жаңа экономикалық бәсекелестiк қатынастарды енгiзiп, дамыту, қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерi мен көлемдерiн ұлғайту бағытында жүзеге асырылды. Қаржы қорларын шектеу жағдайында негiзгi қаржы-экономикалық өзгертулер аралас қаржыландырудың жаңа үлгiсiне көшу негiзiнде қаржыландыру жүйесiн өзгертумен ұштастырыла жүргiзiлдi, мұнда бюджеттен қаржыландыру, сақтандыру жарналары мен жекеше инвестициялар негiзгi көздерге айналды. Жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi [4]. 1997 жылдың бас кезiндегi экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы рыногi құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?