Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі

 Халықаралық қатынастар | Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі

Мазмұны

КІРІСПЕ...............................................................................................................3

І. Қауіпсіздік және мүдде проблемаларын зерттеудің теоретико-методологиялық негіздері
1.1 Ұлттық мүдде ұғымы және ұлттық қауіпсіздіктің түсінігі мен деңгейлері..............................................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің концептуалдық негіздері ........................................................................11

ІІ. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің моделі
2.1 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі механизмдері.................................................................................20
2.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін ықтимал ішкі және сыртқы саяси қауіп-қатерлер ............................................32

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................51

Жұмыстың өзектілігі. Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибедегі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә.
Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет [1].
ХХ ғасырдың соңы әлемдік саяси жүйеде ғаламдық өзгерістерге толы мезгіл болды. КСРО мемлекеті ыдырап, оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Социализм мен капитализм жүйелерінің текетіресі аяқталып, ол тарих еншісінде қалды. Әлемдік саяси жүйенің осылайша өзгеруі дүние жүзінің геосаяси құрылымын айтарлықтай шиеленістіріп жіберді. Биполярлы әлем көп полюстіге айналып кетті.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларына тап болды. Жас мемлекет өзінің ұлттық мүдделеріне жауап бере алатын сыртқы саяси бағыт пен қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға міндетті болды. Қоғамда әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізуге, сонымен қатар елдің дербес өмір сүруін қалыптастыру үшін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болды. Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында ұлттық қауіпсіздікті бірінші ұзақ мерзімді басымдық деп атауы кездейсоқтық емес.
1997жылдың 10 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауында еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап берді. Жолдауда Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы жарияланып, онда мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігі бірінші орынға қойылды. Өйткені, ұлттық қауіпсіздік Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде оның территориялық тұтастығын, жалпы дамуын қамтамасыз ететін негіз болып табылды.
Осынау өтпелі кезеңде еліміз ұлттық мүдделерін жүзеге асырып және өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті, себебі әлемнің кез-келген мемлекетінің өмір сүруінің негізі оның ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі екені баршаға аян. Дана халқымыз «Сақтықта қорлық жоқ»,- деп бекер айтпаған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саясаттанулық сараптама жасап, жан-жақты талдау болып табылады. Қазақстан егеменді ел ретінде әлемде өз орнын айқындады. Мемлекетіміз өзінің ұлттық мүдделерін, территориялық тұтастығын, Қазақстан халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін ұлттық қауіпсіздік жүйесін құрды. Осыған байланысты дипломдық жұмыста еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің қалыптасу проблемаларын жан-жақты зерттеп, саясаттанулық сараптама жасау аталған жұмыстың мақсаты болып табылады.
Мұндай мақсаттың қойылуы сәйкесінше зерттеудің міндеттерін анықтап береді:
1. Қауіпсіздік және мүдде проблемаларын зерттеудің теоретико- методологиялық негіздерін қарастыру;
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің концептуалдық негіздеріне сараптама жасау;
3. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің моделін зерттеу;
4. Нақты материал негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі механизмдерін сараптау;
5. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін ішкі және сыртқы саяси қауіп - қатерлерге саясаттанулық сараптама жасау.
Зерттеу жұмысының объектісі. Саяси үрдіс негізінде қарастырылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі және халықаралық қауіпсіздік жүйесін құрудағы Қазақстанның ролі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері және қауіпсіздігі тақырыбы айтарлықтай деңгейде зерттелген. Отандық авторлардың бұл тақырыпта жазған еңбектері біршама. Сонымен қатар, шетелдік авторлардың да ұлттық қауіпсіздік тақырыбындағы зерттеулері саясаттану ғылымында өз орнын алып отыр.
Аталған тақырыпта еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, Қазақстан Республикасы Сенат төрағасы Қ. К. Тоқаевтың еңбектері жарық көрген. Сондай-ақ, Қазақстандық авторлар Е. М. Арын, Л. К. Бакаев, Е. Т. Қарин, Лаумулин М. Т, Л. М. Иватова, Е. Б. Жатқанбаев, А. А. Акишев, Р.К.Кадыржанов, Е. М. Абен және шетелдік авторлар З. Бжезинский, Р. Арон, Э. Кирк, П. А. Цыганков, Чжен Кон Фу сияқты ғалымдар бұл тақырыпта зерттеу жүргізіп, еңбектер жазған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ МҮДДЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРЕТИКО-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Ұлттық мүдде ұғымы және ұлттық қауіпсіздіктің түсінігі мен деңгейлері.
Кеңестер Одағы мемлекетінің тарауы, дамудың әлеуметтік-экономикалық және саяси моделінің ауысуы, басқарудың президенттік формасына және екіпалаталық парламентке өту –бұл біздің еліміздің бүгінгі күнгі тарихының маңызды оқиғалары. Аталған оқиғалардың осылайша өрбуі республикада саясаттану ғылымы үшін маңызды түсінік - «ұлттық мүдде» ұғымының өзектілігінің артуына әкеп соқты. «Мүдде» ұғымының мағынасы қазіргі кезде оның бағалы мазмұнымен анықталады. «Ұлттық мүдде» ұғымының тек қана идеологиялық жағы ғана емес, сонымен қатар прагматикалық жағы да бар. Бұл дегеніміз – мемлекеттің өз алдына белгілі бір мақсаттарды қоюы және оны өз уақытында орындауға қол жеткізу қабілеттілігі болып табылады.
Мемлекеттің нақты стратегиялық мақсаттары – бұл саяси элитаның ротациясы (сыбайлас жемқорлықтың өсуіне қарсы күрес мақсатында); әскери күшті иемдену, ішкі экономикалық қауіпсіздік және бәсекеге қабілеттілік. Мемлекетте өз қызметінің нысаны болып табылатын стратегиялық мақсаттарды шешу қабілеттілігінің бар болуы – «ұлттық мүдде» ұғымын анықтайды. Қазіргі жағдайда «ұлттық мүдде» әрбір мемлекетте өзіндік өркениеттік таңдауға ие. ТМД елдерінде «Батыстық» немесе «Еуразияшылдық» тенденциялар байқалады. Қазақстан үшін «Еуразияшылдық» сәйкес келеді, себебі бұл мемлекеттің геосаяси орны және қазақ мемлекеттілігінің даму тарихымен ұштасып жатыр.
Жалпы алғанда ұлттық мүдде проблемасы белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Бірінші – ол шынайы, әрі маңызды проблема ретінде қабылдануы керек, өйткені ол мемлекеттіліктің тағдырын қарастырады. Екінші – мемлекеттіліктің жаңа түрінің қалыптасуы дағдарыс ретінде емес, керісінше халықтың еркіндігін, тәуелсіздігін және гүлденуін қамтамасыз ете алатын жаңа типтегі мемлекеттің қайта өрлеуі деп қабылдануы тиіс. Үшінші – ұлттық мүдделер қоғамның әлеуметтік проблемаларының шешілуін қамтамасыз етуі керек. Осы арқылы мемлекеттің ішкі тұрақтылығына қол жетеді [2].
Ұлттық мүдде проблемасы 100 жыл көлемінде талқыланып келе жатқан мәселе. Бұл сұрақ қазіргі күнде де ең өзекті сұрақтардың бірі болып отыр. Көптеген теоретиктер ұлттық мүдделер ұғымын анықтағанда, оған ұлттық қауіпсіздік категориясын қосып, соңғысына шешуші мән-мағына береді. Кейіннен осы екі ұғым қосылып, бір мағына беретін болды. Алайда, мәселенің байыбына бару үшін осы екі түсінікті ажырата білу керек.
Әртүрлі ғалымдар мүдделер иерархиясын өзінше құрды. Мысалы, Р.Осгуд «ұлттық тірі қалу және өзін-өзі сақтау»ұғымдарын ең бірінші орынға қойды. Бұл ұғымдар онымен территориялық тұтастық, саяси тәуелсіздік және өмір сүріп отырған саяси режимді қолдау терминдерінде анықталды. Дж. Чейз АҚШ –ң ұлттық мүдделерін келесі тәртіп бойынша орналастырды:
1) АҚШ –қа шабуыл жасайтын ықтимал агрессорларды базаларға жібермеу;
2) Шет елдерде өзін-өзі басқару мен демократияны қолдап отыру;
3) Сауданы қорғау және дамыту;
4) Әлемде дұрыс күш балансын орнатуға әсер ету.
Осы екі мысалдан ұлттық мүдделердің ішкі және сыртқы саяси бағыттарда қолданылатынын анық көруге болады.
Ұлттық мүдде, саяси ғылымда ұлттың өзін-өзі сақтауда негізгі мүдделерін қорғау және жан-жақты даму деп түсіндіріледі. Осылардың жүзеге асырылуынан ұлттың болашақ тағдыры және әлемдік қауымдастықтағы орны айқындалады.
Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің стратегиясы мемлекеттің геосаяси, экономикалық, географиялық және басқа да шарттарын көрсетеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: республиканың мемлекеттік тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау; халықаралық құқық принципі негізінде басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту; өзге елдермен қарама-қайшылықтар пайда болған кезде, оларды шешу үшін әскери күшті қолдануға жол бермеу; ұжымдық қауіпсіздік және ұлттық күштер негізінде шабуылға тойтарыс беру икемділігін қолдау; азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтау; экономиканың дамуын қамтамасыз ету және республиканың ғылыми-техникалық потенциалын арттыру: [3].
Ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесі мен жағдайын сипаттайды. Ол мүдделердің үш деңгейі бар:
-мемлекеттік мүдделер;
-қоғамның мүдделері;
-тұлғаның мүдделері.
Қалай дегенмен, ұлттық мүдделер мемлекеттің ұлттық қауіп сіздігімен тығыз байланысты. Себебі, геосаяси тұрғыда ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдделерден келіп туындайды және «өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделерді» білдіреді.
Қауіпсіздік проблемасын зерттеу отандық саясаттану ғылымында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Саясаттану ғылымы саяси үрдіс контекстіндегі халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті зерттеуді өзінің объектісі ретінде қарастырады. Тарихи тұрғыдан алып қарасақ, «қауіпсіздік ең алғаш рет ХІІ ғасыр да қолданыла бастады және өзін кез-келген қауіп-қатерден қорғалғанмын» деп санайтын адам рухының бір қалыпты тыныш жағдайын білдіретін болған.
Уақыт өте болып жатқан қоғамдық өзгерістерге байланысты бұл термин біршама өзгеріске ұшырады. Ұлттық қауіпсіздік түсінігінің бүгінгі күнгі мән- мағынасы соғыстан кейінгі уақытта (60-50жж) жасалынды. Ұлттық қауіпсіздіктің түсінігі мен деңгейлерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайлары, оның бостандығы, тәуелсіздігі, тұтастығы, мүдделері және ішкі тұрақтылығы мен сырттан келеген шабуылдардың шынайы қауіп-қатерін жою деп қарастырсақ, онда мұны қоғамдық өмірдің барлық сфералары мен деңгейлерін қамтитын көпжоспарлы құбылыс деп айтуға болады. Жалпы айтсақ, ұлттық қауіпсіздік тек қана мемлекеттің қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар қоғамның және тұлғаның қауіпсіздігін де білдіреді.
Алғашында ұлттық қауіпсіздік, жеке адамның зорлығынан дене қауіпсіздігін қорғауды білдірсе (ХVІ –ХVІІІғғ), кейіннен өзге мемлекеттен келетін қауіп-қатерден қорғанумен байланыстырылады. Тек ХХ ғасырда ұлттық қауіпсіздік экономикалық теңсіздік тарапынан болатын қауіп-қатерден қорғануды, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды білдіретін болды.
Ерте уақыттағы теорияларда ұлттық қауіпсіздік күзетшілдік рухта түсіндірілетін, яғни ұлттық шекаралардың шынайы адамдармен қорғалуы. Ал, психологиялық жағынан қорқыныш сезімінен қорғануды білдірді. Ұлттық қауіпсіздікке деген бүгінгі күнгі көзқарастар оны жеке тұлғаның, қоғамның, қауіпсіздігімен, мемлекеттік және халықаралық қауіпсіздікпен байланыстырады. Ішкі саясатта ұлттық қауіпсіздік заңдарды қатал сақтаумен, адамдарды әлеуметтік қорғаумен, құқық және еркіндікке кепілдік берумен, меншікке қол сұғылмаумен, қарама-қайшылықтарды саяси және бейбіт жолдар арқылы шешілумен қамтамасыз етіледі.
Ресейлік саясаттану сөздігінің логикасына сүйенсек, ұлттық қауіпсіздіктің анықтамасы былайша айтылады: «Ұлттық қауіпсіздік - тұлға мен қоғамның өмір сүруі және дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік институттардың жағдайын қарастыратын, саяси ғылымның категориясы. «Ұлттық қауіпсіздік» деген түсініктің өзін ең бірінші рет 1904 жылы АҚШ президенті Т.Рузвельт АҚШ Конгресіне деген үндеуінде пайдаланған. Бұл үндеуде ол Панам каналы аймағының қосылуын «ұлттық қауіпсіздік» мүддесінен шығып отырғанын дәлелдеген. Одан кейінгі жылдары бұл проблема американдық саясаттанушылардың зерттеулерінде ең басты мәселеге айналды. Осыған орай 1947 жылы АҚШ-та ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылданса, 1994 жылы АҚШ 2000 – шы жылға дейінгі ұлттық қауіпсіздік стратегиясын белгіледі. Американдық авторлар «ұлттық қауіпсіздік» түсінігінің пайда болуын ұлттық мүдделер теориясынан көреді. Бұл ұйғарымды әлеуметтанушы У.Липпман ұсынды.
Зерттеулердің көбісі ұлттық қауіпсіздікті күш арқылы анықтайды, яғни бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттен күшінің басым болуы немесе мемлекеттердің қарым-қатынасы жағынан анықтайды, яғни халықаралық қатынастың бүкіл жүйесін дамытуға жақсы жағдай туғызу. Ұлттық қауіпсіздік проблемасы бойынша ең танымал авторлар мыналар: Б.Броуди, М.Гальпери, Г.Кан, Г.Киссенджер, Г.Ласвелл, Г.Моргентал, Дж.Шлессингер және т.б. Қазіргі кезде ұлттық қауіпсіздік проблемасы «стратегиялық сараптама» мектебінің зерттеу қызметінде орталық мәселе болып отыр.
Ұлттық қауіпсіздікте қауіпсіздіктің үш деңгейі бөлініп көрсетіледі: тұлға, қоғам және мемлекет қауіпсіздігі. Олардың орны мен ролі динамикалық және қоғамдық қатынастардың жағдайымен, саяси құрылысымен, ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің дәрежесімен анықталады.
Ұлт үшін қиын уақытта қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігі басым болады. Әсіресе, авторитарлық және тоталитарлық режимдер әрдайым осындай қиын жағдайды ойлап табады да, ең бірінші орынға тұлғаның қауіпсіздігі арқасында мемлекет қауіпсіздігін қояды. Демократиялық қоғамдар үшін ең алдымен, тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігі бағалы. Демократиялық қоғамдар үшін мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігі мақсат болып табылмайды, керісінше тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін функция ғана болып табылады.
Мемлекеттің қауіпсіздігі басқарудың тиімді механизмінің бар болуымен және саяси күштер мен қоғамдық топтардың іс-әрекетін реттеумен жүзеге асырылады. Қоғамның қауіпсіздігі қоғамдық институттардың, нормалардың, халықтың барлық топтарының құқығы мен еркіндігін жүзеге асырудың және қоғамды қақ жаруға апаратын іс-әрекеттерге қарсы тұра алатын қоғамдық сананың дамыған формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі. Тұлғаның қауіпсіздігі оның әлеуметтік маңызы бар қабілеті мен қажеттілігін дамытып және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін комплекстік құқықтық нормалардың, қоғамдық институттар мен ұйымдардың қалыптасуынан тұрады. Сонымен қатар тұлға қауіпсіздігі қоғам және мемлекет тарапынан қарсы іс-әрекеттерді көрмеуі тиіс.
Мазмұнды жоспар тұрғысынан ұлттық қауіпсіздіктің әртүрлі бағыттары, құрылымдық элементтері бөлініп шығады. Ең алдымен оған мыналар жатады: саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, ақпараттық, әлеуметтік қауіпсіздіктер. Әр мемлекетте ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті доктриалды жоспар негізінде түсінеді. Англияда - а) территорияға қол сұғылмаушылықты сақтау; б) қарсы тұру мақсатына жауап бере алатын қарулы күштердің жоғары деңгейін қолдау; в) колонияларды қорғау; Францияда - а) территориялық тұтастықты қамтамасыз ету; б) саяси және экономикалық тәуелсіздікті қолдап отыру; в) әлемдегі белгілі бір рольді сақтау; г) мемлекетте бар саяси күшті қорғау [4].
Ғылымды дамыту жөніндегі американдық ассоциацияның ғалымдары қауіпсіздіктің екі түрлі мән - мағынасын бөліп көрсетеді: тар мағынасында – территориялық шекараларды, халықты және саяси жүйені қорғау; кең мағынасында – мемлекеттің гүлденуін және оның азаматтарын қорғау. Әйтсе де, қауіпсіздік деңгейлерінің өсуі байқалып отыр: 1) локальды; 2) ұлттық немесе мемлекеттік; 3) аймақтық; 4) халықаралық; 5) жаһандық.
Қауіпсіздіктің жалпы анықтамасын Э.Кирк ұсынады. Оның ойынша «Әрбір мемлекеттің қауіпсіздігі оның халқының өмір сүруінің жақсы деңгейін қолдап отыру шегіне тәуелді. Және де мемлекет аталған шарттарды болашақ жас буынға қалдырып отыру керек». Бұл көзқарастың одан әрі дамуында басқа теоретик Б.Бузан қауіпсіздікті типтері бойынша анықтады: әскери - қарулы күреске деген мүмкіндіктер жиынтығы және мемлекеттердің бір-бірінің ой - мақсатын қабылдауы; саяси - мемлекеттің, басқару жүйесінің және идеологияның тұрақтылығы; экономикалық – ресурстарға, қаржы және рынокқа жолдың ашық болуы; қоғамдық - тілдің, мәдениеттің, салттың дәстүрлі моделін сақтау. Сонымен қатар діни және ұлттық шынайылықты, қоршаған ортаны қорғау [5].
КСРО мемлекеті тұсында ұлттық қауіпсіздік түсінігі өз қолданысын таппады. 1990 ж. басында ғана ең алғашқы кітаптар мен мақалалар шыға бастады. Ресейде және ТМД елдерінде ұлттық қауіпсіздік проблемасының теоретикалық жағдайы қалыптасу үстінде болды. Жан-жақты және масштабты кеңестік анықтама: «ұлттық қауіпсіздік – бұл ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғану, сырттан келетін кереғар әсерлерге төтеп беру, қоғамның және азаматтардың жан-жақты дамуына кепілдік бере алатын мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайларын қамтамасыз ету». Осы жерден қорғалатын екі негізгі факторды көруге болады. Сыртқы қауіп-қатерден әскери тарапты күшейту арқылы қорғану және ішкі тұрақтылық яғни, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің қауіпсіздігімен теңбе-тең. Бұл жайлы ғасырлар бұрын Макиавелли мен Гоббс жазып кеткен. Цыганковтардың ойынша ұлттық қауіпсіздік «жеке бір мемлекет азаматтарының аман қалуымен ғана емес», сонымен қатар «тұрақты көбеюді қамтамасыз етумен» байланысты.
Ұлттық қауіпсіздік, біріншіден - территориялық тұтастыққа байланысты проблема, екіншіден – көрші аймақта басым болып отырған саяси күштердің қарым-қатынасы, көшбасшылардың симпатиялары мен антипатиялары; үшіншіден – экономикалық байланыстардың, кедендік келісімдердің пайдалы, пайдасы аз, пайдасыз нұсқаларымен келісу және келіспеу. Ұлттық қауіпсіздік теориясы саяси ғылымның ерекше бөлімі ретінде саясаттанудың қалыптасуымен айқындалып келе жатыр. (ТМД елдерінде)
30 жыл бұрын А. Волферс өзінің «Разногласия и сотрудничество» атты кітабында ұлттық қауіпсіздікті «анық емес символ» деп қарастырды. Оның ойынша бұл ұғымның белгіленген, анық мән-мағынасы жоқ. А. Буханның ойынша, «қауіпсіздік – бұл көп мағынасы бар сөз».
Ұлттық қауіпсіздік – бұл тек қана адамдардың этно – тарихи жалпылық негізіндегі ұлттың қауіпсіздігі ғана емес. Әңгіме мемлекеттің қауіпсіздігі туралы болып отыр. Ол өз кезегінде тұлға, қоғам және мемлекетті біріктіреді.
Ұлттық қауіпсіздікті жиі ұлтқа, яғни елге, мемлекетке сырттан қауіп-қатердің төнуі ретінде анықтайды. Халықаралық қауіпсіздік бүгінгі күні тікелей мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне тәуелді. Қазіргі әлемнің дамуы мен жаһандық проблемаларға байланысты ұлттық қауіпсіздік көп нәрсені қамту керек. Қоғам ашық болуы керек, мемлекеттік егеменділік «жұмсақ», ал ұлттық қауіпсіздік компромисті болу керек. Жаһандану өзімен бірге тағы бір ұлттық қауіпсіздіктің халықаралық жан-жақты өлшемі – адам құқығын алып келді. Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс жағдайы ретінде – бұл сөзсіз синхрония, статика секілді. Әйткенмен, біздің алдымызда ол – динамика, үрдіс. Тек қана алыстан еске түсіретін статика – бұл стратегиялық тұрақтылық, олсыз ұлттық қауіпсіздік болмайды.
Қауіпсіздік әлеуметтік өмірдің қиын да көпжоспарлы құбылысы болып табылады. Қауіпсіздікті объектілік және пәндік сфералары бойынша бөліп көрсетуге болады. Қорғалатын объектісіне байланысты былайша бөлінеді:
- тұлғаның қауіпсіздігі, тұлғаның құқығы мен еркіндігін қамтиды;
- қоғамның қауіпсіздігі, яғни материалдық және рухани құндылықтар;
- мемлекеттің қауіпсіздігі – оның конституциялық құрылымы, егемендік және территориялық тұтастығы.
Пәндік сфера тұрғысынан қарасақ, қауіпсіздікті қоғамдық, мемлекеттік, техникалық, экологиялық және т.б. деп қарастыруға болады. Қауіпсіздікті бұзатын көптеген факторлар бар. Оларды төрт негізгі топтарға бөлуге болады:
1) әлеуметтік - саяси факторлар (адамдардың саналы іс-әрекеті) ауқымды, үлкен тәртіпсіздіктер, ұлтаралық қақтығыстар, шерулер, терроризм, ұйымдасқан қылмыс, конституциялық құрылыстың өзгеруі, диверсиялар, соғыстар;
2) техногендік факторлар - өндірістік апаттар, транспорттық апаттар, жарылыстар, өрттер, химиялық қауіпті заттардың тасталуы, радиоактивті заттардың тасталуы, судың, ауаның және жер бедерінің ластануы, ас-тағам өнімдерінің зиянды заттармен ластануы;
3) табиғи факторлар;
4) биологиялық факторлар.
Әлеуметтік - саяси, техногендік, табиғи, биологиялық факторлардың немесе олардың жиынтығының әсері нәтижесінде тұлға, қоғам және мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдде қауіпсіздігі үшін қауіп-қатер туындайды. Мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның негізгі өмірлік маңызы бар мүдделеріне мыналарды жатқызуға болады: мемлекеттік тұтастықпен және мемлекеттің тәуелсіздігін сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін, материалдық және рухани құндылықтарын қамтамасыз ету, жанжалдарды шешу үшін әскери күшті қолдануға жол бермеу, экономика дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету, қоғамның, мемлекеттің және азаматтың тіршілік етуіне дұрыс жағдай жасап, қолдау.
Ұлттық қауіпсіздіктің көптеген анықтамалары оның объектісі мен мақсаты сұрақтарын ашып берді. Мысалы, А.Уолферс ұлттық тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты мемлекеттің минимальды негізгі құндылықтары ретінде анықтады. Бірақ, ол сонымен қатар екі мүмкін жолдан таюды көрсетеді: 1) кейбір мемлекеттердің, әсіресе әлемдік державалардың маргиналдық құндылықтарды қорғауға ұмтылуы. Аталған қорғау негізгі құндылықтардың минимумын кеңеюіне әкеп соғады. 2) кейбір мемлекеттердің өзінің минимальді негізгі құндылықтарын қорғауы үшін аз ғана тырысыуы.
Ф.Грегер мен Ф.Симонидің айтуынша, ұлттық қауіпсіздіктің ең негізгі мақсаты белгілі ұлттық құндылықтарды қорғау және қарастыру болып табылады. Олар негізгі құндылық ретінде халықтың тірі қалуын, территориялық тұтастықты және мемлекеттің саяси тәуелсіздігін анықтады және осы құндылықтар қорғалуы тиіс.
Мемлекет ұлттық қауіпсіздіктің мақсаты болып табылады, ал қауіп-қатер халықаралық жағдайдан келіп туындайды. Себебі ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіп-қатер негізінде қалыптасуы керек. Негізінен мемлекеттің идеясына бағытталған ішкі қауіп-қатерден айырмашылығы, сыртқы қауіп-қатерлер мемлекеттің барлық компоненттеріне бағытталуы мүмкін – ұйымдастырылуына, идеологиясына, физикалық базасына және мемлекеттің егемендігіне.
ХХІ ғ. қауіпсіздік саясатының дамуы 4 шартты ұстануы керек:

-мемлекеттің қауіпсіздігі тек қана оның әскери күшімен ғана емес, ең алдымен оның саналы саясатымен, экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық дамуымен қамтамасыз етіледі;
- адам-азамат, оның құқығының, жетістіктерінің, әлеуметтік жақсы өмір сүруінің және қанағаттарын қамтамасыз ету- мемлекет қауіпсіздігінің негізі;
- шынайы қауіпсіздік әріптестік болған кезде ғана жүзеге асады. Халықтар мен мемлекеттердің достастығы, олардың халықаралық және әлемдік қауымдастыққа өз еркімен интеграциялануы қауіпсіздікті күшейтеді;
- қауіпсіздік үшін ең қорқыныштысы – биліктегі араға түсушілік. Ақылды адамдар ғана ақылды билік жүргізе алады [6].

Ұлттық қауіпсіздіктің объектісі – мемлекетті сақтау болып табылады. Саясаттың ең жоғары мақсаты – қоғамның, оның құрылымы мен институттарының тұрақты, жақсы дамуы үшін жағдай жасау.
Ұлттық қауіпсіздік түсінігі оның бүгінгі күнгі ғылыми және саяси мән-мағынасында геосаясатқа бағытталады. Бұл түсінік «ұлттық мүдде», «күш» және «күштер балансы» сияқты ұғымдармен қатар негізгі категория болып отыр. Сайып келгенде, мемлекеттің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне оның азаматтарының қызығушылық қызметі, сонымен қатар олардың шынайы патриотизмі кепіл бола алады. Қазіргі кезде мемлекет- өз алдына құндылық емес, қоғамның қолындағы құрал болып табылады. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін объектілер болып тұлға, қоғам, мемлекет табылады.
Ұлттық қауіпсіздік кез-келген мемлекет үшін былайша анықталады: біріншіден, қоғамның қауіп-қатерлермен олардың салдарын қайтаруға, болдырмауға дайын болуы; екіншіден, пайда болған қауіп-қатерлерге стратегия және құралдар арқылы комплекстік жауап беру; үшіншіден, ақпаратты жинау және бағалау арқылы қауіпсіздік стратегиясын жасап шығару; төртіншіден, қауіп-қатерді қайтару үшін ең дұрыс стратегияны анықтау және қауіптің деңгейін төмендету; бесіншіден, қоғамның өміршеңдігін қолдау және арттыру [7, 327-328 б].

1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің концептуалдық негіздері.

Қазақстан Республикасының ұлттық қаупсіздігін қамтамасыз етудің концептуалдық негіздерін айтпай тұрып, ең алдымен жалпы ұлттық қауіпсіздіктің концепциясын қарап өтейік. Осы жерде Х. Хафтендорнның қауіпсіздікке байланысты берген анықтамасын қоса кеткім келіп отыр. Оның айтуынша, қауіпсіздік- бұл жүйенің құндылықтары және оған деген қауіп-қатерлердің болмауын ұзақмерзімді қолдау. Американдық саясаттанудың соңғы жетістіктерінің бірі – «ұлттық қауіпсіздік» концепциясын қауіпсіздік парадигмасының бөлігі екені туралы қорытындыға келуі және «ұлттық қауіпсіздік» концепциясын бөлек емес, оның жалпы (немесе жаһанды) қауіпсіздік жағына қарай дамуын қарастыру керек [8].
Ұлттық қауіпсіздік концепциясы – бұл ұлттық мүдделердің пирамидалық балансының жалпыланған немесе теоретикалық көрінісі болып табылады. Ұлттық қауіпсіздіктің нормативті концепциясының негізгі мазмұны:
- мемлекеттің бірлігін және тұтастығын қорғау;
- алдын-ала ұзақ мерзімге бағытталған демографиялық және экологиялық саясатты жүргізу;
- әлемдік нарықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, ұлттық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету,
- әлеуметтік –саяси және мәдени өзін-өзі анықтау өзара тығыз байланысты. Бұл екеуі, сонымен қатар бір бүтінді құрайды.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қауіпсіздіктің барлық негізгі сфераларында өзінің басты проблемалары болады.
Әскери салада – ол ядролық соғыстан бас тарту, ғарыштың демилитаризациясы , ядролық және химиялық қару-жарақты жою, қарапайым қарулардың санын азайту, әскери шығындарды кеміту. Саяси салада - әрбір халықтың өзінің әлеуметтік және саяси таңдау еркіндігін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, әлемдік дағдарыстар мен аймақтық қақтығыстырды әділетті түрде саяси реттеу, мемлекеттер арасындағы сенімдестікті күшейту. Экономикалық салада – дискриминацияның кез-келген формаларынан бас тарту, жаңа экономикалық тәртіпті орнату. Экологиялық салада – қоршаған ортаның ластануының артуымен күресте барлық мемлекеттердің күш –жігерін біріктіру, экологиялық таза, қалдықсыз технологиялар мен өндірісті дамыту, жер шарының озондық қабатын сақтау. Гуманитарлық бағытта – мәдениет, ғылым, өнер, білім және медицина салаларында халықаралық әріптестікті кеңейту, адамның саяси және басқа да құқықтарын сақтау [9].
Ұлттық қауіпсіздік концепциясы сыртқы саяси және геосаяси концепциялар сияқты ұлттық мүдделер концепциясынан келіп туындайды. Ұлттық қауіпсіздік концепциясы сырттан келетін қауіп-қатерлер мен мемлекетті әлсіздендіруге немесе бағындыруға байланысты талпыныстарды ескере отырып құрылады. Сонымен қатар, бұл концепция қоғамның қал- ахуалымен байланысты ішкі қауіп-қатерлерді де ескере отырып құрылады.
Ұлттық қауіпсіздік концепциясы ең алдымен сыртқы бағытты қамтыды және бұл мағынада оның басты конструкциялары – сыртқы саяси стратегия , дипломатиялық практика, әскери-саяси платформа мен оның әскери-күштік қамтамасыз етілуі болды. Ұлттық қауіпсіздік концепциясын дайындаудағы ең бірінші шарт – бұл бүкіл әлемдегі ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздіктің универсалды, жалпымойындалған компоненттері және стандарттарын ескеру. Оларға мыналар жатады: қазіргі әлемде мемлекеттің орны мен ролін жан-жақты күшейту; ұлттық мүдделерді, мемлекеттің мақсаттары мен басымдықтарын қорғау; экономикалық, саяси және әскери-саяси егемендікті, мемлекеттің территориялық тұтастығы мен шекараларының қолсұғылмауын сақтау және қамтамасыз ету; мемлекеттің барлық азаматтарының құқықтарын, еркіндігін, ар-ожданын және материалдық жағынан жақсы қамтамасыз етілуін қорғау; мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделері тарайтын аймақтар мен елдерді, ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздіктің шынайы және ықтимал қауіп-қатерлерін белгілеу.
Ұлттық қауіпсіздік концепцияларының негізгі параметрлері мемлекет стратегиясының базалық ережелеріне байланысты [10].
Енді тікелей Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің концептуалдық негіздеріне тоқталсақ. Бұл нәрсені біз, «Қазақстан Республикасының Конституциясына», «Қазақстан- 2030» стратегиясына, « Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңына», «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауына», «2007-2012 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына» сүйене отырып қарастырамыз. Ұлттық қауіпсіздік концепциясына жоғарыда аталған заңда мынандай анықтама берілген. Ұлттық қауіпсіздік концепциясы – тұлға мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын, негізгі мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ететін көзқарастар мен іс- шаралардың ресми қабылданған жүйесі [11]. Сонымен қатар, аталған заң ұлттық қауіпсіздік түсінігіне оның негізгі бағыттарын қосады. Олар: экономикалық, экологиялық, қоғамдық, ақпараттық, әскери, саяси қауіпсіздік және т.б. Қауіпсіздіктің бұл барлық түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Бұлардың әрқайсысының қамтамасыз етілуі мемлекет үшін де, қоғам және тұлға үшін де маңызы зор.
Ұлттық қауіпсіздік жүйесінде ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы арта түсуде. Бұл ақпараттың саяси, экономикалық, әскери және мәдени үрдістерге ықпалымен байланысты болып отыр.
Есептеу техникасының, байланыс құралдарының және коммуникациялардың жедел дамуы трансшекаралық ақпараттық виртуалды кеңістіктің қалыптасып, дамуына ғажайып мүмкіндіктер тудырды. Жалпы компьютеризация, ақпараттық технологиялардың жедел дамуы – бизнестің, өнеркәсіптің, білім саласындағы ғылыми зерттеулердің және қоғамның әлеуметтік өмірінң революциялық түрде қайта жаңаруына әкеп соқты.
Ақпарат бағасы жағынан шикізат және өнеркәсіптік тауарлар бағасынан, кейбір кезде 100 есе қымбат тұратын негізгі тауарға айналды. ХХІ ғасырдың ұраны – интеллектуалдық бәсекелестік.
Бүгінгі күні мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның, коммерциялық және басқа да құрылымдардың қауіпсіздігіне ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы шынайы қауіп-қатер төніп отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақпараттық қару қазіргі кезде кең қолданысқа ие. Бұл бірнеше факторлармен түсіндіріледі: ақпараттық- техникалық төңкеріспен, ақпараттық соғыстардың барынша тиімділігімен, ақпараттық қарудың белгілі арзандығымен және т. б.
Ақпараттық қауіп-қатерлер ХХІ ғасырда кез-келген қоғам мен мемлекетке зиян тигізетін «көрінбейтін қару» болып отыр. Заңда ақпараттық қауіпсіздік деп тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ақпараттық мүдделерін қорғау ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?