Халықаралық қатынастар | Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат

 Халықаралық қатынастар | Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат

Мазмұны

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ 3

КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1.1 Ақпараттық технологиялардың дамуы 15
1.2 Әлемдік саясат шеңберіндегі Интернет кеңістігі 23 1.3 Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық 33

2 ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
2.1 Бүгінгі таңдағы әлемдік саясаттағы ақпараттық текетірес 41
2.2 ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы экономикалық ақпараттық қарама-қайшылықтар 45 2.3 Мемлекетаралық деңгейдегі жоғары технологиялық қылмыспен күрес қағидасы 48
2.4 Қазақстандағы саяси үрдістер және ақпараттық қоғам 56

ҚОРЫТЫНДЫ 65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 67

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісінің елеулі ерекшеліктерінің бірі қоғам өмірінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қарқынының өсуі болып отыр. Ғаламдық экономика мен саясаттың дамуында бүгінде көбінесе материалдық өндіріс емес, жаңа ақпараттық дәуірдің басталуы шешуші рөл атқарады. Компьютерлер мен бағдарламалық жабдықтау, коммуникация құралдары, ұялы байланыс, ғаламдық компьютерлік жүйе -Интернет және т.б. қолданумен байланысты жаңа технологияларды жаппай енгізу ХХғ. 80-90-шы жылдары басталды. Дәл осы уақытта әлемдік саясат пен экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа саяси әлемдік тәртіптің негізі қаланады және жаһанданудың жаңа кезеңі басталады .
Адамзат қоғамының өркендеуі үшін материалдық, энергетикалық, ақпараттық ресурстар мен құралдар қажет. Қазіргі кезең – ақпараттық ағынның бұрын соңды болмаған күшеюімен сипатталатын уақыт. Бұл экономикаға да, әлеуметтік салаға да қатысты. Соңғы онжылдықта көпшілік тіпті «индустриалды қоғамнан» «ақпараттық қоғамға» өту туралы айта бастады. Өндірістің әдістері, адамдардың көзқарасы, мемлекетаралық қатынастар ауысып жатыр. «Ақпарат», «ақпараттандыру», «ақпараттық технология», «ақпараттық төңкеріс» секілді ұғымдар жиі қолданылуда. Ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы халықаралық қатынастарға ықпалы жөніндегі мәселе теориялық та, практикалық тұрғыдан да маңызды бола түсті. Кеңінен қолданыла бастаған ақпараттық технологиялар миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде. Олар әлемдегі даму деңгейі әр түрлі елдердің ішкі саясатына ғана емес, осы елдердің өзара қарым-қатынасына, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен қаржылық топтардың, қылмыскерлік ұйымдар мен жекелеген адамдардың әлемдік жүйедегі рөліне де елеулі өзгерістер алып келуде.
Қазір ақпараттық технологиялар проблемасы бүкіл әлем үшін өте өзекті болып отыр. Ғылыми-техникалық прогресстің барлық бағытында онан әрі өркендеу ресурстары нақ осында шоғырланған. Дамыған мемлекеттердің қаржылық, басқару жүйелері ақпараттық технологияларды жетілдіру мен пайдалану проблемасына көбірек көңіл бөле отырып, қайта құрылуда. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар адамзат іс-әрекетінің барлық салаларына еніп, қазіргі заманғы ғаламдық шаруашылық жүйенің қалыптасуына зор үлес қосып, еңбектің бөлінуінің шын мәнінде жаһандық масштабқа өтуіне мүмкіндік берді. Жоғарғы технологиялардың арқасында бүкіл әлемде әр түрлі тауарлар мен қызметтерді шығару, комплектациялау мен іске асыру жұмыстары үйлестіріледі. Яғни ақпараттық технологиялар қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.
Бүгінде «ақпарат» сөзі шынымен-ақ сиқырлы мәнге айналғанына, ал заманауи ақпараттық технологиялардың әлемдік экономикалық және технологиялық дамуының нағыз қозғаушы күші болғанына ешкім күмән келтіре алмас. Коммуникация мен ақпаратты өңдеу саласындағы жаңалықтар мен өнертапқыштықтың мультипликативтік тиімділігі тоқтаусыз көрініс тауып жатыр. Тарихтан ақпараттық төңкеріс деп толық сеніммен айта алатын осындай құбылыстардың бірнеше мысалын алуға болады.
Әлемдік ашық желілердің, мәселен Интернеттің даму тәжірибесі ақпаратты өңдеу құралдары мен жүйелерінің өркендеуінде жаңа дәуірдің басталғанын көрсетіп отыр. Мұндай желіні пайдаланушы өзін-өзі бірыңғай ақпараттық қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, өзгелерге де солай көрінеді. Нақ осы жағдай адамзатқа физикалық, психологиялық және әлеуметтік аман-саулығына желілік ақпараттық төңкерістен туындаған жаңа қатерлерді мұқият талдауды талап етеді.
Ақпараттық дамудың жаһандық сипаты, трансұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымның қалыптасуы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты көптеген әрі күрделі проблемаларды туындатып отыр. Олардың көпшілігін тек жан-жақты халықаралық ынтымақтастық, келіссөздерге келуге табанды түрде итермелеу, ұсыныстарды дәйекті түрде қою жолымен қауіп-қатер көздерін халықаралық бақылауға алу арқылы шешуге болады. Халықаралық келіссөздердің соңы қоғам өміріндегі ақпараттық салада қылмыскерлік мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, ақпараттық-психологиялық ықпал ету құралдарын қолданудан туындайтын барлық қауіп-қатерлер бойынша кең көлемді халықаралық-құқықтық келісімдермен аяқталуы керек.
Ақпараттық ресурстарды қорғау проблемасы жаңалық емес – ертеде-ақ мемлекеттер, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар, жеке адамдар ақпаратты жинады, сақтады және ұрлаудан, жоюдан қорғады, ал өзгелер осы ақпаратты ұрлап кетуге немесе жойып жіберуге тырысты. Ал бүгінде магниттік және оптикалық тасығышта сақталатын ақпарат көлемінің ұлғаюы, компьютерлік жүйелер мен пайдаланушылар санының күрт өсуі, желіде айналып жатқан ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдету осы ақпаратты ұрлау немесе жойып жіберу ықтималдығын арттыра түседі.
Қазіргі таңда ақпараттық ресурстарды, оның ішінде жеке адамдардың да, қорғау проблемасының маңызы мынадай факторлар жиынтығымен анықталады:
- ақпараттық жекелей қол жеткізуді қамтамасыз ете алатын әлемдік және ұлттық ашық компьютерлік желілер мен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технрологиялардың дамуы;
- ақпараттық ресурстардың басым көпшілік бөлігін қағаздан электрондық тасығыштарға аудару және оны түрлі ақпараттық жүйелерге (мәліметтер базалары мен банкілер, оптикалық дискілер, т.б.) шоғырландыру;
- әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық дамуға қызмет ететін жинақталған немесе жасалып жатқан ақпараттар «бағасының» жоғарылауы;
- ашық, тіпті қорғалған жүйелерге қосылған компьютерлерге кіру үшін қылмыскерлікпен пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды жасау мен үнемі жетілдіру.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы әлемнің саяси үрдісіне әрқалай әсер етеді. Олар жеке адамдар, кәсіби топтар арасындағы өзара әрекеттестікке кең көлемді мүмкіндіктер ашады, мемлекетаралық шекараларды одан әрі айқындап, бүкіл әлемге ақпарат таратуды қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде әлемнің демократизациялануына, авторитаризм мен изоляционизмді шектеп, экономикалық даму қарқынын тездетеді.
Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы іс жүзінде көптеген өнеркәсіптік мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторының біріне айналып отыр. Жоғарғы технологиялар өнеркәсіптің негізгі салаларының, қызмет және т.б. салаларының өнімділігін жылдам артуын қамтамасыз етеді. Бірқатар мәліметтер бойынша электоронды маркетинг пен менеджменттің арқасында өнімнің өзіндік құны дамыған мемлекеттерде 10-12 пайызға төмендесе, кейбір әлемдік алпауыт компаниялардың бағалауынша өнімділік 30-40 пайызға артқан. Ал, сонымен қатар «артта қалған» мемлекеттер (дамушы мемлекеттермен қатар, ақпараттық технологияларды дамыту мәселесімен шындап айналыспайтын мемлекеттер) біртіндеп жаңа технологиялар саласындағы «көшбасшыларға» тәуелді болып келе жатыр.
Ақпараттық технологияларды дамыту мен қолдану Қазақстан үшін де басым бағыттардаң бірі болып отыр. Елімізде ақпараттық технологияларды жетілдіру экономикалық даму үрдістерімізге, экономикалық жағдайымызға тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елу елдерінің қатарына кіру мақсатын орындау ақпараттық жүйелерді жаңғыртуды, жаңа қоғамдық-саяси шындыққа бейімдеуді қажет етеді. Ақпараттандырудың стратегиялық маңыздылығын айта келе, Президент Н.Назарбаев аймақтық IT-орталық сияқты ақпараттық технологиялар паркін, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың, «электрондық үкімет» жүйесін енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Тақырыптың өзектілігі осы саладағы кешенді зерттеу жұмыстарының жеткіліксіздігінен туындап, оның мақсаттары мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Жұмыстың мақсаты – ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы әлемдік саясатқа ықпалын ашып көрсету.
Бұл мақсатқа жеті үшін зерттеу барысында мынадай міндеттеріді жүзеге асыру қажет:
- ақпараттар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық төңкеріс және ақпараттық қоғам түсініктерін қарастыру;
- ақпараттық технологиялардың даму ерекшеліктерін, олардың экономикаға, мәдениет пен қоғамдық қатынастарға ықпалына талдау жасау;
- ақпараттық технологиялардың мемлекетаралық, халықаралық қатынастардағы рөлін, сондай-ақ жетекші мемлекеттердің ақпараттық төңкеріске үн қатуға деген талпынысын қарастыру;
- Интернеттің әлемдік саясаттағы рөлін зерттеу;
- ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қарастыру;
- Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың даму ерекшеліктерін жан-жақты талдау.
Жұмыстың жазылу барысында әр түрлі деректер көзі пайдаланылды.
Қазіргі кезеңдегі ақпараттық технологиялардың рөлі мен орнын анықтауда 2000ж. «Үлкен сегіздік» саммитінде қабылданған Жаһандық ақпараттық қоғамның Окинава хартиясы негіз болды . Окинава хартиясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар XXI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады деп көрсетілді. Сандық технологиялардың мүмкіндіктерін толыққанды пайдалану үшін Хартия іс-әрекеттің негізгі бағыттарын анықтайды және ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді жасауда жекеменшік сектордың маңызда рөлін мойындайды. Сонымен қатар сандық теңсіздік мәселелері көтеріліп, мемлекет ішінде және мемлекеттер арасында бұл теңсіздікті жоюда көпжақты ынтымақтастық қажет екендігі ерекше айтылады.
Ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен байланысты проблемаларды қарастырғанда БҰҰ шеңберінде қабылданған құжаттар негізгі дерек көздері болып табылады. БҰҰ Бас Ассамблеясының ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қарарларының маңызы зор. Атап айтсақ: «Халықаралық ақпараттық қауіпсіздікке қатысты принциптері» атты №53/70 қарары , «Ақпараттық технологияларды қылмыскерлікпен пайдалануға қарсы күрес» атты №55/63 және №56/121 қарарлары , «Киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетін қалыптастыру туралы» №57/239 қарары .
Жұмыстың жазылу барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының №56/183 қарары негізінде шақырылған Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғарғы деңгейдегі бүкіләлемдік кездесудің қорытынды құжаттары пайдаланылды . 2003ж. Женевада өткен АҚЖДК нәтижесінде екі негізгі құжат – Принциптер декларациясы мен Іс-әрекеттер жоспары қабылданды. «Ақпараттық қоғам қалыптастыру – жаһанның жаңа мыңжылдықтағы мақсаты» атты Принциптер декларациясында ақпараттық қоғам құрудың ортақ принциптері анықталды, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіншіліктерін Мыңжылдық декларациясында көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін пайдалануды мақсат етіп қояды. Декларацияның ортақ концепциясы мен негізгі принциптері Іс-әрекеттер жоспарында нақты іс-қимылдарға айналады. Құжатта 2015ж. дейін әлемнің барлық елдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қосылу мен еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен қатар Женевада «Азаматтық қоғам декларациясы» қабылданды . Бұл декларацияда адам, оның білім алуы мен әл-ауқаты, ақпарат пен ақпараттық техникаға еркін қол жеткізу, жалпы мәдени ілгерілеуге жету құқығы ақпараттық қоғам қалыптастырудың өзегі болуы қажет деп көрсетілген.
АҚЖДК екінші кездесуінде Ақпараттық қоғамға арналған Тунис бағдарламасы қабылданды . Бағдарламада «сандық теңсіздікті» жою мақсатында қаржылық механизмдерді, Интернетті пайдалануды басқару және онымен байланысты мәселелерді шешу, сонымен қатар Женевада, Тунисте қабылданған шешімдерді орындау және осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселесі көтерілген. Тунисте қабылданған келесі құжат – Тунис міндеттемесінде барлық мемлекеттер АҚЖДК міндеттемелеріне берік екендіктерін қайта мәлімдеді .
АҚЖДК дайындық барысында өткізілген аймақтық және ішкіаймақтық конференциялардың құжаттары да тақырыпты зерттеуге елеулі үлес қосты.
Бүкілевропалық аймақтық конференцияда қабылданған Бухарест декларациясы ақпараттық қоғам құрудағы негізгі принциптер мен стратегияларды және басымдылықтарды белгіледі , яғни мынадай негізгі басымдылықтарды анықтады: электрондық мемлекеттік басқару, электрондық коммерция, электрондық қоғам және электрондық білім алу.
Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтық конференциясының Токио декларациясында дамушы мемлекеттерге, «сандық теңсіздікті» жою мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді .
Бішкек-Мәскеу конференцияларының қорытынды құжаттары: Бірінші Бішкек-Мәскеу конференциясының Мәскеу декларациясы ТМД елдерінің АҚЖДК-ғы ортақ ұстанымын бейнелейтін негізгі құжат болып табылды . Декларацияда мемлекеттер ақпараттық қоғам құру адамзат дамуының өзекті бағыттарының біріне айналғандығын мойындай отырып, ақпараттық қоғамның мәдени және лингвистикалық әртүрлілігінің сақталғандығы жөн деп көрсетті. Екінші Бішкек-Мәскеу конференциясында қабылданған Бішкек резолюциясында сандық технологиялар саласындағы білімді қоғам құру мақсаты қойылды .
Европалық Кеңес 2001ж. Киберқылмыскерлік жөніндегі конвенция қабылдады . Конвенция компьютерлік технологиялар саласындағы қылмыскерлікпен күрес саласындағы алғашқы халықаралық-құқықтық құжат болып табылады. 2002ж. Интернет арқылы расизм мен ксенофобияға үндейтін ақпарат таратумен күрес жөніндегі Конвенцияға қосымша Хаттама қабылданды .
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) шеңберінде 1996ж. қабылданған Ақпараттық технологиялар секторының өнімдерін сату жөніндегі министрлер Декларациясында ақпараттық технология өнімдерін шектеусіз сатудың принциптері бекітілді .
БҰҰ басшылығымен 1998ж. Финляндияда өткен Телекоммуникация мәселелері бойынша үкіметаралық конференцияда Апат салдарын жеңілдету және көмек көрсету үшін телекоммуникациялық ресурстарды ұсыну жөніндегі Тампере конвенциясы қабылданды . Конвенция табиғи және техногендік апаттардың салдарын жою барысында қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдалануды жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты мен ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты нормативтік-құқықтық құжатттар мен актілер, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың даму мәселелері бойынша мақсаттық бағдарламалары, материалдары мен мәліметтері диплом жұмысының деректемелік негізі болды. Атап айтсақ, ҚР Ақпараттандыру туралы заңы , ҚР Президентінің «Қазақстанда біріңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы» , «Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі концепциясы туралы» , «2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-әрекетті дамыту туралы» , «Арнайы экономикалық өңір «Ақпараттық технологиялар паркін» құру туралы» жарғылары, ҚР Үкіметінің «Біріңғай ақпараттық кеңістік тұжырымдамасы және оны жүзеге асыру туралы» Қаулысы , 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» құрудың мемлекеттік бағдарламасы , Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы , Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы , Қазақстан Республикасының 2003 - 2005 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы , Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру концепциясы және т.б.
Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың 1997-2006 жылдар аралығындағы дамуын толық сипаттайтын БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстандағы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың статусы» атты екі бөлімнен тұратын есебі де жұмысты жазуда құнды мәліметтер берді .
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ақпараттық технологиялардың түрлі аспектлерін зерттеу қазіргі заманғы шетелдік және отандық саяси ғылымның ерекше көңіл аударатын нысаны болып табылады.
Адамзаттың таусылмас ресурсына айналған ақпараттың рөлі туралы академик Р.Ф.Абдеев өз еңбектерінде қазіргі қоғамда ақпарат ең елеулі және маңызды тауарға, ал ақпараттық қызмет экономиканың көсбасшысына айналуда және ақпараттық өркениетке өткен дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, құқықтық демократиялық мемлекет «бес сақина» принципі бойынша құрылуы қажет деп санайды. Яғни, «мемлекеттің экономикалық гүлденуі мен әлеуметтік-мәдени тұрғыдан ілгерілеуі тек бес тәуелсіз биліктің өзара әрекеттестігі нәтижесінде ғана мүмкін: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі, ақпарат билігі және ақыл-ой билігі, ал соңғы екеуі басқалардан басым тұруы қажет
Соңғы жылдарғы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын «ақпараттық төңкеріс» деп атаған Д.Г.Балуев өз еңбектерінде ақпаратқа анықтама беріп, ақпараттық төңкеріс нәтижесінде мемлекеттің рөлінің өзгеретіндігін ескертеді. Оның пікірінше ақпараттық революцияның салдарының бірі – иерархиялық құрылымдардың рөлінің төмендеуі, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың халықаралық қақтығыстардың жаңа түрлерін тудыруы.
Халықаралық қатынастар жүйесін зерттей келе, профессор М.М.Лебедева әлемнің жаңа құрылымының қалыптасу үрдісінің негізгі факторларының бірі жаңа технологиялар деп түсіндіреді, бұл үрдіс мемлекеттік шекаралардың ашықтығынан, әлімдік саясат акторларының арасындағы өзара әрекеттестіктің артуынан және бір мезгілде ақпаратты жинау мен өңдеу мүмкіндігі күш пен биліктің жаңа қайнар көзіне айналуына байланысты әлемнің «сандық теңсіздік» түріндегі қайта жіктелуінен, ішкі және сыртқы саясаттың арасындағы шекараның жойылуынан көрінеді.
Ғалымдар Д.Н.Песковтың , О.В.Мозолинаның , Е.А.Роговскийдің еңбектері ғаламдық компьютерлік жүйе Интернеттің қоғамдағы саси үрдістерге ықпалын зерттеуге арналған. А.В.Чугунов осы тақырыпта жазылған диссертациясында қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы аясындағы саяси коммуникацияны талдай келе, 90-шы жылдардан бастап билік пен басқару құрылымдарының қызметінің негізгі бағыттары туралы мәліметтер беру жүйесінде ең елеулі орынды Интернет алатындығын көрсетеді.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сонымен қатар жаңа қауіп-қатерлерді туғызады, яғни ақпараттық текетірес, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, компьютер саласындағы қылмыстар және т.б. Ақпараттық текетірестер қазіргі халықаралық қатынастардың аксиомасына айналып, мемлекеттердің өз мақсаттарына жетудің өте тиімді әрі көп қаржы мен адам ресурстарын қажет етпейтін құралына айналды. Профессор Д.Ю.Щвец өз еңбектерінде бүгінгі күні ақпараттық текетірес – бұл мемлекеттер арасындағы қақтығыстың негізгі түрі екендігін айта келе, ХХI ғасырда өзінің тиімділігіне байланысты ақпараттық текетірестер халықаралық қатынастарға ықпал етудің негізгі құралы ретінде пайдаланылады деген қорытынды жасайды.
Саясаттану ғылымдарының докторы И.Н.Панарин дипломатия тарихының кейбір аспектлеріне тоқталып отырып, ақпараттық текетірес пен дипломатия арасындағы өзара байланысты көрсетуге тырысады. Халықаралық қатынастардағы ақпараттың рөліне Ю.Кашлевтың де еңбектері арналған .
Ақпараттық қару мен ақпараттық ықпал ету мәселелеріне Г.Почепцовтың еңбектерінде терең талдау жасалады. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікке байланысты А.Зуевтың , Е.А.Роговскийдың , Г.Л.Смолянның , В.Голубевтың , И.Тимофееваның , М.Мухановтың мақалаларын атап өткен жөн.
Шетелдік ғалымдардың ішінен А.Малликтің еңбектерінде ақпараттық технологиялардың халықаралық қатынастарға ықпалы, онымен байланысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасалады. Х.Рейнхолд виртуалды қауымдастыққа, оның ерекшеліктеріне және саясаттағы рөліне баға береді.
Ақпараттандыру мен ақпараттық қоғам мәселелерін зерттеуге қазақстандық ғалымдар да зор үлес қосты. Саясаттану ғылымдарының докторы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?