Журналистика | Электронды БАҚындағы мәдениет мәселелерінің насихатталуы

  Журналистика | Электронды БАҚындағы мәдениет мәселелерінің насихатталуы

Мазмұны

КІРІСПЕ....................................................................................


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I тарау. Журналистика және мәдениет
II тарау. Электронды БАҚ және мәдени хабарлар
III тарау. Мәдениет мәселесінің телерадиода насихатталуы және көтерілу деңгейі

Қорытынды....................................................................................

Сілтемелер тізбесі..........................................................................
Қолданылған әдебиеттер..............................................................

I – тарау. ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Журналистика мен мәдениет туралы жазбас бұрын, алдымен жалпы журналистикаға және мәдениет түсінігіне жеке-жеке тоқталып кетсек. Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді меңзейді. Сол уақыттан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи ролін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамассыз етіп көрген емес. Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласып отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады. Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Оған-телевидение, радио, газет-журналдар, интернет, ақпарат агенттіктері жатады. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді:
1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ;
2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын қанағаттандыру үшін берілмек;
3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға ат салысу болмақ;
4. Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтындай болу керек;
5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу;
6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашу, т.б.
Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист-ақпарат-аудитория». Журналист шығармашылық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды.
Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы да бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы бар екенін пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек. Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт - идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді.
Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси роль атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады.
Жалпы журналистика-халықтық болып саналады. Өйткені журналистика-халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бұл дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша бүкіл жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету-биік моральдық этикалық қасиет екені ақиқат.
Журналистиканың халыққа қызмет етуі - сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса, онан асқан арман мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр? Осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ, халықтың пікірі, ойы, мақсаты жрналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы қажетін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерлеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идеяға халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластырған жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескеріп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек.
Ақпаратты тарату, жинау, сараптау айналамыздағы барлық болып жатқан оқиғалардан, құбылыстардан баршаны хабардар ету, сонымен қатар қоғамдық пікірді қалыптастыру қазіргі таңдағы журналистиканың басты міндеті деп айтамыз. Дегенімен, журналистика ақпарат таратумен айналысып қана қоймайды, әрбір адамзатқа қажетті рухани күш - қуат береді, ой мен сананы демалдырып, этика мен эстетикаға баулиды. Бұрынғы кездері, яғни ғылым мен техниканың жетістіктері мұндай дәрежеде дамымай тұрғанда, электронды бұқаралық ақпарат құралдары деген түсініктің қалыптаспай тұрған шағында, қазақ халқы ақпаратты бір ауылдан бір ауылға ат басын тіреген жолаушылардан естіп, көшіп-қонып жүрген жұрт, басы қосылған шағында рухани күш-қуат пен серпіліс алу үшін ойын-сауық құрып, әнші сал-серілердің өнерін тамашалап, айтыс ұйымдастырып, бір жасап қалатын. Қазір заман өзгерді, көшпеліден отырықшы халыққа айналдық, Электронды БАҚ пайда болды. Жаһандану процесі жүріп жатыр. Барлық дерлік бұқаралық ақпарат құралдарынан қалағаныңды таба аласың. Шығыстың да, батыстың да мәдениеті араласып жатыр. Міне осындай қоспа мәдениет арасында біздің ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қандай дәрежеде насихатталуда? Жалпы мәдениет дегеніміз не? Мәдени хабарлар қандай болуы керек? Осы сұрақтарға жауап бермес бұрын мәдениет түсінігіне тоқталып өтейік.
Мәселен, Қазақ кеңес энциклопедиясында: «Мәдениет дегеніміз - адамдардың сан ғасырлар бойы жасап келе жатқан рухани және материялдық игіліктері болып табылады»,-делінген. Бұл жалпылама, жалаң ғана пікір, сірә, тоқырау жылдары кезінде ұлттық мәдениетке мән бермеуден туса керек. Ал шын мәнінде мәдениет ауқымы кең, алар орны ерекше. Бұл турасында қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Ә. Марғұлан: «Мәдениет дегеніміз - адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлық еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипат», - деген екен. Сонымен мәдениет, халық мәдениеті - ұлттық тарих сахнасында қалыптасқан, мәдениет мұрасы, әдет - ғұрып, салт - дәстүрі, яғни мәдениет өз топырағында дамып, өркендеуі тиіс. Мәдениетті сонымен қатар қоғамдық болмысымыздың барлық саласымен тамырлас, астас жатқан қасиетті ұғым ретінде де қарағанымыз жөн.
«Адам мәдениетті дамытады, мәдениет адамды тәрбиелейді» деген ұлағатты ұғымға сүйене отырып, мәдениет тарихының рухани және материялдық болып екі салаға бөлінетінін білеміз.
Рухани мәдениетке-күллі басылымдар, радио, теледидар қойылымдары, кино, оқу-ағарту істері жатады. Ал тарихи ескерткіштер, театр үйлері, клубтар, мұражайлар мен толып жатқан мәдени мекемелер, сонымен қатар қол өнер мұралары, зергерлік және тағы да басқалар материялдық мәдениетке жатады. Жалпылай айтқанда мәдениеттің қатыспайтын саласы жоқ. Мысалы, олар - экономикалық, экологиялық, халықаралық дипломатиялық, саяси мәдениет болып жалғаса береді. Рухани мәдениеттің өзі эстетикалық, этикалық болып түрлене түседі.
Мәдениет танушы ғалым Т. Ғабитов: «Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейін - есі философиялық жүйелер мен рәміз - таңбалық өсиеттері, орын толмайтын шығындар мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты-осының бәрі мәдениет пен бірге қайнасқан» десе, белгілі академик М. Қозыбаев «Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап, қартайып дүниеден өткенге дейін өмірі үнемі сан ғасырлық наным - сенімі, танымы -түсінігі, қоғамдық даму барысындағы ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болады десек, ендеше, салт - дәстүр дегеніміз - халықтың рухани өзегі, мәдениетінің діңгегі, тілінің тірегі. Ал қазақ халқының мәдениеті –ұлттық тарих сахнасында өзі қалыптасқан мәдени мұрасы, халық білімі, сенімі, әдет - ғұрып, салт - дәстүрі» десе, ал әдебиетші - ғалым А. Сейдімбеков: «Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел - жұрттың білім өрісі мен сауатын да, халықтың тұрмыс - тіршілігі мен өндіріс ауқымын да, ойдың орамдығы мен тілдің құнарын да, материялдық және рухани қажеттіліктердің деңгей дәрежесін де, ең арғысы толғамның татымына дейін мәдениеттің аясына сыйғызады. Демек, мәдениет дегеніміз адамзат баласының ақыл - ойы мен маңдай тері тудырған жетістіктердің бәрін қамтиды екен», - дейді.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында: «Мәдениет дегеніміз - адамның ойлау, өзіне де, айналасындағыларға да талдау жасай білу қабілеті. Адамдарды ізгілікті, ақылды, моральдық міндеттемелерді мойнына алатын сыншыл жанға айналдыратын да мәдениет»
Сөйтіп, кез - келген ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт - дәстүрлер жүйесіне бірден көзіміз түседі. Ал, бұл туралы белгілі философ Гердер: «Салт - дәстүр тіл мен мәдениет бастауларының анасы», - деген салмақты пікір айтса, зерттеуші Ғ. Ақпанбет: «Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу - сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Олар - терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі», - деп нақты тұжырым жасайды.
Сондай-ақ М.Қани өзінің «Қазақтың көне тарихы» атты монографиясында: «Қазақ халқының мәдениеті ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және заманға сай дамып, қалыптасқан түрі» - деп анықтама берген.
1996 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңы қабылданады. Онда: «Осы заң мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгілейді, қазақтың ұлттық мәдениетінің Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін жасау, жаңғырту, сақтау, дамыту, пайдалану және тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді», - делінген.
Осыған орай тәуелсіздік алған Республикамыз үшін қазіргі экономикалық мәселелермен бірге халықтың рухани жаңғыруы, яғни, төл мәдениетін өркендету, дамыту аса маңызды міндет болып отыр. Сондықтан, қандай да экономикалық тұтқаларды пайдалансақ та, қандай да қаржы ресурстарын иеленсек те, болашақ ұрпақты жоғары мәдениетті ортасыз көру мүмкін еместігін қатал ескеруіміз керек. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Бұған ел басы Н. Ә. Назарбаевтың: «Өзгелердің ұлттық мәдениетіне тиісті құрметтеу жоқ жерде шынайы азаматтық тағылым да болмайды. Қазақтар орыс мәдениетін жете меңгерген. Ендеше, қазақ әдебиеті де Қазақстанда тұратын басқа ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы нәрседей алып құбылыс болмаса керек. Қазақ әдебиеті, тілі, ауыз әдебиеті, музыкасы әрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады. Еврвзияның ең бір бай да бірегей мәдениеті - қазақ мәдениетінен нәр алуы қиамет кезеңдерде өз ортасынан ойып баспана беріп, омырауын ашқан меймандос халыққа көрсетілген бірден - бір құрмет саналмақшы. Осылай бір - бірін айтпай түсінген ақпейілділік пен бауырмалдық қана ұлтаралық жарастыққа жол ашады», - деп жазуы куә.
Бөрікті қалай айналдырсақ та, өмірде мәдениет араласпайтын ешқандай сала жоқ. Экономикалық мәдениет, экологиялық мәдениет, саяси мәдениет, халықаралық - дипломатиялық мәдениет болып жіктеле береді. Ал, рухани мәдениет болса: этикалық, эстетикалық деп аталады да, іштей сөйлеу мәдениеті, жазу - сызу мәдениеті, тамақтану мәдениеті, жүріс - тұрыс, киім кию мәдениеті, діни мәдениет деп бөліне береді.
Бағамдасақ мәдениетсіз адам өмірін елестету мүмкін емес. Сөйлеу, жүріп-тұру, тамақтану, киіну мәдениеті тән рахаты үшін десек, ән-күй, қара өлең, поэзия тыңдау, театралды қойылымдар көру, айтыс тамашалау, ұлттық құндылықтарымызды еске түсіретін хабарлар көру жан рахаты үшін екені ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?