География | Алтай тауындағы мұздықтардың түзілуіне әсер ететін факторлар

 География | Алтай тауындағы мұздықтардың түзілуіне әсер ететін  факторлар

Мазмұны


1 . Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері
1.1 Алтай тауының физикалық – географиялық орны, зерттелу тарихы....
1.2 Алтайдың геотектоникалық құрылысы...................................................
1.3 Алтай таулы аймағының жер бедерінің негізгі типтері.......................
2.4 Алтайдың климатының ерекшеліктері.....................................................

2. Алтайдың қазіргі мұзбасуларына әсер ететін табиғи факторлар
2.1 Алтайдың биік таулы бөліктерінің қазіргі мұздықтардың
түзілуіндегі алатын орыны......................................................................
2. 2 Алтай тауындағы мұздықтардың Фирин аймағының құрылысы.......
2.3 Алтай тауының қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан аудандары..............

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.
Табиғатта мұздың бірнеше түрі бар. Соның бірі қатты күйінде түскен жауын-шашынның, температураның тәуліктік және жылдық ауытқуының әсерінен тығыздалуынан түзілетін мұздықтар. Олар жердің тартылыс күшінің әсерінен деформацияланып жер бедерін түзуде, өзендерді көректендіруде маңызды орын алатын табиғи масса болып табылады.Мұздықтарды зерттеп, пайда болу зыңдылықтарын зерттеп, көректену режимдерін, динамикасын анықтау ғаламдық жылыну үрдісі жүріп жатқан азіргі кезеңде тұшы суды үнемдеп пайдалануға, оларды қорғаудың адам өмірі мен табиғаттағы маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде Қазақстан, Ресей мен Моңғолия аумағындағы мұздықтар кең таралған.Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын Об өзенінің жоғарғы ағысындағы салаларын көректендіруге жетекші орын алатын аймақтың бірі. Алтай тау жүйесі болып табылады.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Бітіру жұмысы Алтай тауындағы мұздықтардың түзілуіне әсер ететін факторларды анықтап, оның негізгі бөліктері мен қоректену режиміне талдау жасап, маңызды мұзбасу аудандарына сипаттама беруімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты: Алтай тауы аймағының мұздықтарының түзілу жолдарын, қоректену және абляция аймағын, негізгі морфологиялық типтерін және табиғат пен адам өміріндегі маңызын ашып көрсетіп, маңызды мұзбасу аудандарына шолу жасау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
• Алтай тауының мұздықтарының негізгі бөліктері мен мұз түзілу аймақтарын;
• Фирин аймағының құрылысы мен көректену режимінің ерекшеліктерін;
• Мұздықтардың морфологиялық типтерін;
• Орталық Алтайдың қазіргі мұздықтарының морфологиялық типтерін;
• Оңтүстік және Шығыс Алтайдағы тау мұздықтарының көректену режимімен таралуын;
• Мұздықтардың шегінуіне байланысты туындаған түйінді мәселелерді ашып көрсету.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері: бітіру жұмысын жазу барысында Л.Д. Долгунин мен Г.Б. Осипованың «Ледники», В.Л. Благовещинскийдің «Температурный режим высокогорных районов Средней Азии и Казахстана», С.В. Колесниктің «Очерки гляциологии», Н.Н. Пальговтың «Ледники Казахстана и основные черты режима» атты еңбектеріндегі ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық өңдеу әдістері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, кестелер, сызба нұсқа мен карталар берілген.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы.Бітіру жұмысындағы деректер мен ғалымдардың тұжырымдарын география, экология мамандықтары бойынша білім алатын студенттермен мектеп мұғалімдері, тау туризмі мен айналысатын туристер маңызды ақпарат көзі ретінде қолдана алады.
Бітіру жұмысының мерзімдік шегі. Бітіру жұмысын жазу 2005 жылдың мамыры мен 2007 жылдың сәуір айларының аралығын қамтиды.Бітіру жұмысын жазу барысында Алтай тауындағы мұздықтардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың соңына дейін жүргізілген гляциологиялық бақылаулардың қортындылары басшылыққа алынды.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде бітіру жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері анықталған. Бірінші тарауда Алтай тауының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы, жер бедерінің ерекшелігіне физикалық-географиялық талдау жасалған. Екінші тарауда Алтай тауның климатының мұздықтардың қалыптасуына тигізетін әсері, мұздықтардың көректену режимі мен морфологиялық типтері қазіргі мұзбасулардың таралған аудандары анықталған.

1 Алтайдың геологиялық құрылысы, жер бедері.

1.1 Алтайдың физикалық – географиялық орны, зерттелу тарихы.

Алтай таулы аймағы еліміздің шығыс бөлігінде орналасқан. Ол Алтай Саян таулы аймағының құрамына кіреді. Қазақстан аумағына Алтайдың батыс бөлігі кіреді. Таудың абсалют биіктігі оңтүстік шығысқа қарай артады. Ең биік нүктесі Батыс және Оңтүстік Алтайдың түйіліскен жеріндегі Қатын жотасындағы Мұзтау шыңы (4506м).
Батысында біртіндеп аласарып, Сарыарқаға ұласады. Геолдогиялық құрылысының ерекшеліктеріне сай шекарасы бірнеше рет қайталанған тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде түзілген жарықтар арқылы бөлініп жатқан екі бөліктен тұрады. Олар: Батыс және Кенді Алтай./1/
Алтайдың Қазақстандық бөлігінің солтүстік шекарасы Құлынды даласы, Кузнецк Алатауы; Оңтүстік шекарасы Зайсан қазаншұңқыры, Монғол Алтайы; батыс шекарасы Ертіс өзенінің аңғары; шығыс шекарасы Қатын тауының биіктік жоталары арқылы өтіп, Ресейдің аумағында ұласады. Алтайды жеке физикалық – географиялық аймақ ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері мүмкіндік береді:
1. Бір–бірінен тауаралық ойыстар мен аңғарлар бөлініп жатқан орташа биік және биік қатпарлы–жақпарлы тау жоталары. Жер бедерінің қазіргі келбеті палеозой эрасындағы каледон, герцин қатпарлы құрылымдарының неоген–төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен тауаралық ойыстарда 500–1000 метрге, тау жоталарында 3000 метрге дейін көтерілуінен қалыптасқан.
2. Еуразияның орталық бөлігіндегі физикалық–географиялық орнының ерекшелігімен таулы аңғарлары жер бедеріне сәйкес климаты шұғыл континентті болуымен ерекшеленеді. Батыс циркуляциясының Алтай тауының жел өтіндегі батыс беткейінде 2000 м биіктікте айқын байқалатындықтан Қазақстандағы жауын – шашын ең мол түсетін аймақ болып табылады. (1600 мм)
Жауын–шашынның мол түсуі аймақтың табиғат кешендері
мен биіктік
белдеулердің қылқан жапырақты ормандардың таралуына әсер етеді.
3. Биіктік белдеулерінің біртұтас құрылымын орманды- шалғынды, субальпілік және альпілік шалғындар мен биік таулы нивальды– гляциальды белдеулер құрайды. Орман белдеуін негізінен қылқан жапырақты (тайга) ағаштардың бірлестіктерінен тұрады. Ормансыз алқаптарда дала, альпілік, субальпілік шалғындар мен таулы тундра таралған.
Батыс Алтай немесе Кенді Алтай Ертістің оң жақ жағалауымен Оба – Нарын өзендерінің алаптарының аралығын алып жатыр. Оның орталық және шығыс бөлігін биік және орташа биіктіктегі Холзун және Листивияга (2578 м), Көксу (2600 м), Теректі (2300 м), Иванов (2776 м), Оба және Үлбі (1900 м), Қатын жотасы (4506 м). Жоталардың басым бөлігі солтүстік батыстан оңтүстік – шығыс бағытқа созылып жатыр. Кенді Алтайдың ең аласа бөлігі солтүстік-батыс бөлігімен Ертістің жағалауына тән, оның орташа биіктігі 500 – 1000 метрден аспайды. Оңтүстік Алтайды Кенді Алтайдан ендік бағытта 150–170 шақырымға созылып жатқан ені 5–15 шақырымнан аспайтын Нарым–Бұқтырма ойысы бөліп жатыр. Аумағы 28000 шаршы шақырымға жететін оңтүстік Алтай бір–бірінің аралығын тектоникалық жарықтар бөліп жатқан субендік бағытқа созылып жатқан солтүстік және оңтүстік жоталар тізбегінің жүйесінен тұрады. Солтүстік жоталар тізбегінің құрамына Нарым-Тарбағатай (2500 м), Сарымсақты (3373 м), оңтүстік жоталар тізбегіне Азутау (2385 м), Күршім (2644 м), Оңтүстік Алтай (3400 м)./2/
Ертіс өзенінің аңғары бөліп жатқан Қалба жотасы да (1449 м) Алтай тауының Сарыарқаға ұласатын сілемі болып табылады.
Алтайдың физикалық – географиялық тұрғыдан зерттелуі. XIII–ғасырдың бірінші жартысында патшалық Ресей Алтайды үш түрлі мақсатпен зерттеді. Олар: біріншіден әскери барлау жұмыстары; екіншіден бекіністерді салу арқылы қазақ жерін біртіндеп отарлау арқылы орыс үкіметінің билігін орнату; үшіншіден басып алған жерлерді шаруашылықтық мақсатта игеру.
Қолайлы географиялық жағдайы аталған бекіністердің Қытаймен, Қазақстан, Орта Азия елдерімен сауда–экономикалық байланыста ерекше орын алып тез өркендеді. Жоғарыда аталған үш мақсатты жүзеге асыру үшін I Петр 1714 жылы А.Бекович – Черкасский мен И.Д. Бухгольцтің әскери барлау экспедициясын ұйымдастырды. И.Д. Бухгольц экспедициясы Ертіс өзенін, Зайсан көлі мен оған жапсарлас жатқан Алтай Тарбағатай тауларын зерттеді. /3/
Жоңғарлардың тұтқынында болып қайтқан экспедиция мүшелерінің бірі Швед И.Ринато Алтай Тарбағатай таулы аймағының картасын жасады. 1919–20 жылдар аралығында И.Д. Бухгольц экспедициясын Лейб–гвардия майоры Иванохоров жалғастырды. 1722–24 жылдар аралығында И.Ушинский Жоңғарияға елшілікке барған сапарында Ертіс бойы мен Зайсан қазаншұңқырын, Алтай Тарбағатай тауларының табиғатының ерекшелігін сипаттап берді. Сапар қорытындысы бойынша жазбаша есебінде ететін жерлер картасында Шығыс Қазақстан мен Ыстық көлдің аралығы кескінделді.
Алтай Тарбағатай тау жүйелерін зерттеуде Орынбор экспедициясы үлкен қызмет атқарды. Сенаттың Обер–хатшысы И.К.Кириловтың жобасы бойынша 1734 жылы құрылған бұл экспедицияның негізгі міндеті башқұрт, қазақ, қарақалпақ халықтарының арасында орыс билігін нығайту орта Азиямен сауда байланыстарын нығайту шараларын жүзеге асыруға болады.
И.К.Кирилов Орынбор экспедициясына басшылық жасаған кезде оның қазақ жері туралы жинаған мәліметтері Ресей империясының шолу карталарына да енді. 1734 жылы И.К.Кирилов жасаған бас картада Қазақстан аумағы 42 - 55º с.е. пен 47 - 87º ш.б. аралығында деп көрсетілді. Оған Каспий мен Аралға іргелес аудандар мен Алтай, Ертіс аралығы толық қамтылды. 1760 – 62 жылғы патшалық Ресей сенатының жарлығымен Кенді Алтайды игеру мақсатында орыс шаруаларын қоныстандыру басталды.
Академик Паллас пен оның көмекшілері Н.Л.Соколов Ертіс пен Өскемен төңірегін, Х.Барданец Ертісті бойлай Семейге одан әрі Тарбағатайға дейін барып, географиялық зерттеулер жүргізілді. Академиялық экспедицияның қорытындысының нәтижесінде 1786 жылы Риддер, 1791 жылы Зырян, сонымен қатар Белоусов, Крюков, Талов, Глубокое басқа да полиметалды кен орындары игеріліп, Алтай папшалық Ресейдің күміс қндіретін басты ауданына айналып, түсті металлургия дами бастады. 1768–74 жылдар аралығында Қазақстанның табиғат жағдайлары мен байлықтарын жан–жақты зерттеп, болашақта шаруашылықтық мақсатта игеру үшін академиялық экспедиция ұйымдастырылды. Мазмұны жағынан жалпы ғылыми сипатқа ие болып, бүкіл табиғат элементтерін, сонымен қатар археология, тарих, этнографияны қамтыды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында елшілік пен әскери экспедициялар басым болғанымен жаңадан қосып алынған жерлерде орыс билігін нығайту болды. Нығайтуды шаруашылық мақсатта игеру үшін арнайы ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады. /4/
1800 жылы П.Бурнашев пен Поспелов Алтай мен Ертіс маңынан бастап Сарыарқа Бетпақдала арқылы Ташкентке саяхат жасады. Саяхат барысында олар бұрынғы зерттеулерде назардан тыс қалған пайдалы қазбалар туралы деректер жинады. XIX ғасырдың II жартысында белгілі орыс ғалымдары П.С.Паллас, П.А.Курапаткин, И.Д.Черский геологиялық, физикалық–географиялық зерттеулер жүргізіп, Алтай тауының табиғатының жалпы ерекшеліктеріне, геологиялық құрылысына сипаттама берді. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде полиметалл, алтын, күміс кен орындары ашылды. Олар тұрақты гидро – метеорологиялық зерттеулер жүргізді.
1840–1850 жылдар аралығында А.И.Щнерк Шығыс Қазақстандағы Алтай Тарбағатай таулары мен Сарыарқаны аралап, өзі болған аумақтардың жер бедерінің ерекшеліктерін геологиялық құрылысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттейді. 1886–93 жылдар аралығында Р.Закржевский мен Богданов Алтай мен Тарбағатайдың табиғатын зерттеп, барлық жотасында көз мөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Томск университетінің профессорлары Н.П.Крылов пен В.В.Сапожников өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жүйелі зерттеулер жүргізді. Олар Қатын тауының ең биік бөлігі Мұзтау шыңына көтеріліп, Алтай тауындағы биіктік белдеуліктің таралу заңдылықтарына толық сипаттама берді /5/
1914 жылы Томск университетінің студенттері ағайынды Борис пен Михайл Троновтар Қатын тауындағы Мұзтау (Белуха) шыңына көтерілді. Олар ұзақ жылдар бойы Алтай мен Қазақстанның оңтүстік шығыс бөлігіндегі таулы белдеулердегі мұздықтарда гляциалогиялық зерттеулер жүргізді. Бұрынғы КСРО–ның ірі гляциолог ғалымы М.В.Тронов 1949 жылы Алтайдағы мұзбасулардың очерктері атты монографиясын басып шығарды. 1920 жылдары ағайынды Н.В. және В.В.Ламаниктер Алтай мен Саян ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?