География | Алакөл ойысына физикалық географиялық сипаттама

 География | Алакөл ойысына физикалық географиялық сипаттама

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3
1. АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы ……….. 4
1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері …………………………….5
1.3.Алакөл ойысының климаты ……………………………………………….10
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлары …………………………………10
1.3.2.Ауаның темпеартурасы ………………………………………………….12
1.3.3.Жауын-шашыны …………………………………………………………12
1.3.4. Желдері …………………………………………………………………...14
1.4 Ішкі сулары ………………………………………………………………...15
1.4.1.Ойыс өзендері …………………………………………………………..15
1.4.2.Ойыс көлдері ……………………………………………………………..16
1.4.2.1.Алакөл ………………………………………………………………….16
1.4.2.2.Сасықкөл ……………………………………………………………….22
1.4.2.3. Ұялы…………………………………………………………………….25
1.4.2.4. Жалаңашкөл …………………………………………………………27
1.5.Топырақ-өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі ………………..28
2.АЛАКӨЛ ОЙЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТЫН ҚОРҒАУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1.Алакөл ойысына полигондардың әсері ........................................................32
2.2.Адам әрекетінің ойыс экологиясына әсері ..................................................35
2.3. Алакөл қорығы және табиғатын қорғаудың кейбір мәселелері ...............37

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................43 ҚОСЫМШАЛАР ................................................................................................45

1.1.Алакөл ойысының географиялық орны, аумағы және шекарасы

Алакөл ойысы Қазақстанның оңтүстік – шығысында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі және Алматы облысының солтүстік – шығыс бөлігі осы ойыс үстінде жатыр. Алакөл ойысының көлемі 30000 км 2 -қа тең.
Ойысты үш жағынан таға тәріздес жоталар қоршап жатыр. Солтүстігінде – Тарбағатай, оңтүстігінде – Жоңғар Алатауы, ал шығысында Барлық және Майлы жоталары орналасқан. Алакөл ойысы батысында Балқаш ойысымен, ал оңтүстік шығысында тау аралық өткел – Жоңғар қақпасы арқылы Қытай халық Республикасының территориясындағы Ебінұр көлінің ойысымен ұласады.
Ойыс өзінің пішіні жағынан көп бұрыштылығымен және тегіс еместігімен ерекшелінеді. Ол оңтүстік – шығыстан солтүстік –батысқа қарай 300 км-ге созылып жатыр. Оның жазық бөлінің ені оңтүстік – шығысында 10 км – ден, солтүстік – батысында 100 км – ге, ал орталық бөлігінде Жоңғар Алатауынан Тарбағатай жотасына дейін 150 км – ге дейін барады.
Алакөл ойысының жазық бөлігінде үстірттер мен ұсақ шоқы тәріздес жекелеген аласа таулар кездеседі. Ойыстың оңтүстік бөлігінде, яғни Жоңғар Алатауының батысындағы аласа таулар Сайқан, Арқарлы – Арғанаты, солтүстігінде яғни Тарбағатай тауының оңтүстігінде батыстан-шығысқа қарай Сиректас, Көрпебай, Жайтөбе, Бахты, Балтабай – Арқарлы және тағы да басқа аласа таулар орналасқан. Ойыстың аласа бөліктері – Алакөл және Сасықкөлдегі аралдарда палеозойлық ірге тастары жер бетіне шығып, жекелеген төбе болып кездесіп отырады. Ойыстың көп бөлігі құмды массивтермен көмкерілген. Сасықкөл көлінің оңтүстік- батысында Қарақұм, Сарықұмдар бірте-бірте Тасқара құмдарына ауысады. Алакөлдің солтүстік шығысында Биікқұм, Бармаққұм және тағы да басқа құмдар жатыр. Алакөл ойысының жазақ бөлігі тау алды беткейлерде 800 м – ден батып, Алакөл көлінің бассейндерінде 347 м – ге дейін төмендейді. Алакөл ойысы Солтүстік Кавказ тауларымен, Қырым түбегімен, Румыниямен, Солтүстік Италиямен, Франциямен бірдей бір ендік бойында жатыр.
Алакөл ойысы Еуразия материгінің өте ішкері бөлігінде жатыр. Алакөл ойысынан Солтүстік Мұзды мұхитының жағасына дейін және батысындағы Қара теңіздің жағасына дейінгі арақашықтық шамамен 3000 км, ал Тынық мұхитынан 4000 км., Үнді мұхитынан 2500 км – ден астам қашықтықта жатыр. Географиялық орнының бұл ерекшелігі ойысытың климатынаң шұғыл континетті болып қалыптасуына әсер етеді. Шұғыл континенттік климат өз кезегінде шөл және шөлейт зоналарын қалыптастырады. Көтеріңкі тау жоталары ауданның табиғат жағдайын түрлендіреді және де ауыл шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады.

1.2.Геологиялық даму тарихы және жер бедері
Алакөл ойысының қазіргі рельфінің қалыптасуы оның геологиялық даму тарихымен тығыз байланысты. Ойыс тау аралық иін болып табылады.
Палеозойдың соңында герцин қатпарлығында бұл территорияда таулар түзілген. Кейін мезозойда күшті эрозиялы–денудациялы процестерге байланысты бұзылып, пенепленденген. Бұны дәлелдейтін Тарбағатай, Барлық және Жоңғар Алатауы.
Палеогон дәуірінің аяғында және антропоген дәуірдің соңында Тарбағатай мен Жоңғар Алатауында өте күшті көтерілулер болған. Алакөл ойысын Балқаш маңы ойысынан Жоңғар жарлысы бөліп жатыр. Палеозойлық фундаменттің ең терең жатқан жері геофизиктердің зерттеуі бойынша Жоңғар жарлысының маңында – 1500 – 1600 м – ге дейінгі тереңдікте. Ауданның палезойлық фундаментінің үш негізгі құрамдық бөліктері: калеодондық – Кіндіктас- Шу – Іле, Бетпақдала және Ерейментау , Шығыс – Тарбағатай қатпарлы жүйелерін құрайды. Бұл батыстан – шығысқа қарай Жоңғар – Балқаш геосинклинальды облысын қоршап жатыр. Ерейментау – Шығыс–Тарбағатай қатпарлы жүйесіне Тарбағатай антиклинорийі сай келеді. Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесі Солтүстік Балқаш маңын және Жоңғар Алатауының жоталарын құрайды. Ол сильурдан карбонға дейінгі эффузивті шөгінді жыныстардың қабаттарынан тұратын бірнеше антиклинорийлер мен синиклинорийлерден тұрады.
Мезозойдағы күшті эрозиялы – денудациялы процестердің әсерінен таулардың бұзылып пенепленге айналуының нәтижесінде Тарбағатай, Барлық және Жоңғар Алатауының төбелері тегіс болып келеді. Мезозойдың жыныстары Балқаш ойысында өте сирек кездеседі. Тирас, юраның шөгінді жыныстары Батыс және Солтүстік Балқаш маңында кездеседі.
Неогенде полезой жыныстарынан құралған пенепленді территориялар көтерілуге ұшырады. Соның нәтижесінде қызыл түсті құм, саздар және үгілген тау жыныстары тау етегінде сырғып түсіп, қабат түзеді.Неоген дәуінің аяғы мен антропоген дәуірінің басында Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тектоникалық зонасында күшті блокты көтерілулер мен сынулар болды. Таулардың күрделі сатылы рельфін түзген блокты қозғалыстармен бірдей бір уақытта Алакөл ойысының түбі төмен түсті.
Күшті болған эрозиялық процестердің нәтижесінде таулардан тасымалданған материалдар тау етегінде аллювийлі- проллювийлі шельфті жазықтар түзді. Ол әсіресе Алакөл ойысының Жоңғар Алатауы мен Барлық тауының жоталарының етегінде айқын байқалады.
Қазіргі уақытта, Алакөл ойысы – ортасына қарай майысқан аккумулятивті жазық. Абсалюттік биіктігі 344 метр. Одан басқа төмендегідей рельеф типтері тән:
I.Эрозиялы – денудациялы таулар: Батыс Тарбағатай, Жоңғар Алатауы.
II.Төбелі жонды лесті және сазды,Тарбағатай және Барлық жоталарының бөктері.
III. Аллювийлі – проллювийлі тау алды көлбеу жазықтары: Жоңғар Алатауы, Барлық Майлы жоталары және Тарбағатай.
IV. Аллювийлі және көлдік – аллювийлі тегіс жазықтар.
V. Аласа және ұсақ шоқылы таулар.
VI. Құмдар.

I.Эрозиялы – денудациялы таулар:
Оған жататындар – Жоңғар Алатауы мен Батыс Тарбағатай. Олар негізінен палезойдың тығыз, өте күшті дислокацияланған жыныстарынан тұрады. Арасында метаморфты жыныстар, сазды тақтатастар мен құмдар, конгломераттар және эффузивті, интрузивті жыныстар кездеседі. Батыс Тарбағатай жотасы ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы – 150 км – ге жететін жақпарлы таулар. Орташа биіктігі – 2100 – ден 2200 метрге жетеді. Ең биік нүктесі – Ақтас – 2709 м, жота асиметриялы оңтүстік ендік бағытта ұзына бойы созылған тау жоталарынан тұрады.
Алакөл ойысына қарай жоталар тік жар жасап батыстан -шығысқа қарай Жоңғар жарлысы бойымен созылған. Абсолюттік биктігі 2923 м – Жабық тауында. Таулардың төбелері тегіс. Жоңғар Алатауының шығыс беткейі аз тілімденген. Бірақ, бұл бөлікте әр түрлі абсолюттік биіктегі грабен типтес тау аралық жонды – төбелі ойпаттар кездеседі. Ең ірісі – Колпаков ойпаты.
II.Төбелі – жонды лесті, сазды Тарбағатай және Барлық жоталарының бөктері.
1. Төбелі – жонды лесті Тарбағатай бөктері тау жотасының оңтүстік беткейімен батысында – Қызыл Белдеу тауынан, шығысында мемлекеттік шекараға дейін – 150 км – ге созылып жатыр. Алып жатқан ауданы – 2620 км². Абсолюттік биіктігі шеттерінде 1000 м – ден орталығына 400 м – ге дейін төмендейді.
Алакөл ойысының аллювийлі жазықтарында өзендердің ысырынды конустарынан қалыптасқан бірқатар массивтер кездеседі. Бөктерлерге толқынды төбелер мен суайрықты жондар тән. Төбе мен жондардың салыстырмалы биіктері 20 – 50 м. Бөктерлердің беткі қабатары саздар мен саздақтардан тұрады, кей жерлерінде палеозойлық аналық жыныстар шығып жатыр. Көптеген өзен аңғарларында лессті жыныстардың астыңғы қабатынан ежелгі өзен террассаларының беткі қабатында сақталған ысырынды конустардың малта және қиыршық тасты материалдарын кездестіруге болады.
Лесті жыныстардың қалыңдықтары әр түрлі. Тау алды жазықтарында ол жұқа. Өзен аңғарларында 4 м – ге дейін барады. Лессті жотаның батыс беткейінде Ұржар өзен аңғарының опырылмасынан лестің қалыңдығы 35 м екенін көруге болады, кейбір мәліметтер бойынша 70 м. Тарбағатайдың төбелі – жонды бөктері өзендермен өте күшті тілімденген, ысырынды конустардың қалдықтары да 10 – 20 м – ге дейін барады. Үлкен өзендердің атырау беткейлерінде 2 – 3 террасса жасайды. Ұржар өзенінің солтүстік саласы – Құсақ таудан шыға берісінде, яғни тау беткейінде 40 – 50 м биіктікте, биіктіктері 1,5; 1,5; 1,1 және 4 м биіктіктердегі 4 терраса жасайды.
2. Барлық жотасының төбелі – жонды, лессті бөктері - Алакөл ойысының шығысында орналасқан. Абсолюттік 500 – 1000 м –ге жетеді. Солтүстігінде Ескек аңғарынан, оңтүстігінде Шұршұт өзенінің құрғап қалған арнасына дейін мемлекеттік шекара бойымен 50 км – ге созылады, ені 20 км, ауданы 750 км² . Палеозойлық аналық жыныстардың қалыңдығы беткі қабатта 60 м.

III..Аллювийлі – пролювийлі тау алды көлбеу жазықтары
1.Жоңғар Алатауы тау алды көлбеу жазығы. Солтүстігінде Алакөл көлінің оңтүстік жағалау бойымен, оңтүстігінде Жоңғар тау етегімен, ал батысында Шынжылы өзенімен, шығысында мемлекеттік шекараға дейін 180 км – ге созылған жазық. Ауданы 2220 км², абсолюттік биіктігі 347 – 800 м.
2. Барлық және Майлы жоталары алды көлбеу жазығы – Барлық және Майлы жоталарының батыс және оңтүстік- батыс беткейлерімен және Жоңғар Алатауының қақпасының шығысымен шектеседі. Ұзындығы 120 км, ені 20 км. Ауданы 1370 км Ойыс жазық ысырынды конустан түзілген шлейф болып табылады. Оның абсолюттік биіктіктері 360 – тан (Алакөл маңында) 900 м-ге (тау беткейіне) дейін.
3. Тарбағатай көлбеу жазығы жотаның оңтүстік беткейлрі бойымен 180 км – ге созыла келе солтүстігінде төбелі – жонды тау алдымен бірігеді. Оңтүстігінде Арқарлы – Балтабай төбелерімен шектеседі. Ені 20 км – ден астам, ауданы 3200 км². Абсолюттік биіктіктері 400 – 800 м.
IV.Аллювийлі және көлдік – аллювийлі тегіс жазықтары
1. Аллювийлі жазықтар Алакөл ойысының түбін алып жатыр. Абсолюттік биіктіктері 360 – 450 м.
Бұдан негізінен Ай, Қаракөл Ұржар, Қатынсу және Еміл өзендері бассейндерінің төменгі бөліктері мен Сасықкөл көлімен Сарықұм құмы арасындағы территория жатады.
Көлдік – аллювийлі жазықтар Алакөл ойысының абсолюттік биіктіктері 347 – ден – 360 м-ге дейінгі ең төмен жатқан бөлігін алып жатыр. Солтүстік – батысында Алакөл көлінің жағалауларынан бастап, оңтүстік – шығысында Жоңғар қақпасына дейін созылып жатыр. Ені 1 км – ден 50 км – ге созылған. Ауданы 2570 км².
V. Аласа және ұсақ шоқылы таулар
Оларға аридті – денудациялық күштердің әсерлеріне ұшырап, өңделген Алакөл таулардың шеткі бөлігінде ұласып жатқан кайназойлық шөгінді жыныстардың сатынан көтерілген аласа тау тізбектері жатады.
1.Арғанаты және Арқалы аласа таулары диаметрі 40 – 45 км – ге жететін тұйық шеңбер құрайды. Араларына құмды массивтер мен тау аралық төбелі жазықтар алып жатыр. Биіктіктері 710 м.
2.Бала – Сайқан, Үлкен – Сайқан және Ерке – Сайқан аласа таулары.
3.Балтабай – Арқарлы аласа таулары Қатынасу мен Еміл өзендерінің аралығында, яғни Алакөл ойысының солтүстік-шығысында жатыр. Балтабайдың абсолюттік биіктігі – 723 м. Арқарлы – 848 м. Таудың оңтүстік – шығыс бөліктері күшті эрозиялы тілімденген. Бұл таулардың батыс беткейлеріне куэсталы рельеф формалары тән.
4.Бақты аласа тауы – Алакөл ойысының солтүстік шығыссында Қаработа және Ақшоқы кішігірім өзендердің аралығында жатыр. Батыстан шығысқа қарай 16 км – ге созылып өтетін беткейлері (200 – 250 м тереңдікке дейін) каньондармен тілімденген.
5.Сейректас аласа тауы. Алакөл ойысының солтүстік – батысында, Ай және Қаракөл өзендерінің аралығында, Сасықкөлден 40 км солтүстікте орналасқан. Солтүстік батыстан шығысқа қарай 25 км – ге созылып жатыр.
VI.Құмдар
Құмдар Алакөл ойысында Балқаш маңымен салыстырғанда аз таралған. Оның көлемі – 4350 км². Құмдар тегіс алювийлі жазықтардың араларында жеке массивтер түрінде кездеседі. Оларға: солтүстіктігінде – Қарақұм, оңтүстік – Тасқарақұм, орталығында Сарықұм. Алакөл көлінің солтүстік – шығысында Ұржар және Қатынсу өзендерінің аралығында Байқұм құмы жатыр. Еміл өзенінің төменгі ағысында Бармаққұм, ал сол жағында Үмбетқосса шағылы жатыр.
1.3. Алакөл ойысының климаты
Алакөл ойысы Еуразия материгінің өте ішкері бөлігінде орналасқандықтан, оның климаты құрғақ әрі шұғыл континентті болып келеді.
1.3.1.Климат қалыптастырушы факторлар
Климат қалыптастыушы факторлар күн радиациясы, ауа церкуляциясы және төсеніш беттің сипаты.
Алакөл ойысында күннің түсу ұзақтығы жылына 2600 – 2800 сағатқа созылады. Күннің түсу ұзақтығының ең көп мөлшері маусым айларында байқалады. Шамамен жаз айларында күннің түсу ұзақтығы мүмкіндіктің 70 – 85% – ын құрайды. Жазықтарға қарағанда тауларда және тауалды беткейлерде күннің әсері азаяды.
Ойпатта қыста ашық күндер басым болады. Сонымен қатар Сібір максимумының барикалық тармағының әсеріне байланысты антициклон қайталанып отырады. Сондықтан мұнда аязды ашық күндер басым.
Күн жиынтық радициясының жылдық мөлшері 125 – 130 ккал/см2. Қыс айларында жылу айларында жылу азаяды. Желтоқсан айында күннің жиынтық радиациясы не бәрі 3 ккал/ см2. Жиынтық радиацияның көп мөлшері маусым айына тура келеді. 15 – 17 ккал/ см2. Жыл бойында радиациялық баланс оң белгіге сай. Ал қыста радиациялық баланс теріс.
Жылдық радициялық баланс ойыс жерінде 28 – 29 ккал/см.
Ауа циркуляциясы қыста аймақ территориясының климатын қалыптастыруда. Шығыстан батысқа қарай бағытталған Орталық Қазақстан арқылы өтетін Сібір максимумының рөлі зор.Ол шығыстан батысқа қарай бағытталған Орталық Қазақстан арқылы өтеді. Ал жазда Орта Азияның термикалық депрессияларының әсерінен Алакөл ойысына батыстан келетін Азор максимумының шығыс тармағы басым болады. Сондықтан қыста да, жаздада да жоғарғы қысым орнайды.Бірақ таулы жоталар бұл режимді өзгертеді.
Жылдың суық маусымында Қазақстан территориясында Сібір максимумының батыс тармағының әсеріне байланысты антициклональды алаптар азонасын қалыптастырады. Орта Азия территориясынан жылы ауа массаларының енуіне байланысты қыста ауа райы уқытына жылынады. Сондықтан Қазақстанның оңтүстік – шығысында ауа райы бұлтсыз, ауаның температурасы жоғары болады және осы уақытта жел аз соғады.
Алакөл ойысының климатының қалыптасуында оның орографиясының да әсері байқалады. Алакөл ойысын қоршап жатқан Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және тағы басқа жоталар жүйесі жалпы ауа циркуляциясына әсер етеді, температуралық инверсия байқалады. Таулардың беткейлерінің биіктіктері экспозициялары, тау аңғарының тереңдігі енді, болып келуі климаттың ерекшелуіне себеп болады. Таулы жоталар мен массивтер ауа массаларының жергілікті өзіне тән ерекшеліктерін қалыптастырады. Атап айтсақ тау аңғарлық церкуляция, тау өткелдерінен соғатын желдер, фенді желдер.
1.3.2.Ауаның температурасы
Ойыстың жазық бөлігінде климат шұғыл континентті болып келеді. Қары жұқа, қыста аяз кейбір күндері – 48˚– 51˚ – қа дейін төмендейді. Аязды күндер болып тұрады. Жазы ыстық, құрғақ, ауаның температурасы +40˚ + 42˚ – қа көтеріледі.
Алакөл ойысындағы таулар мен тауалды беткейлерінде температуралық режим шұғыл өзгереді. Ойысытың солтүстігі мен оңтүстігі температурасы жағынан бір – бірінен айырмашылық жасайды. Ойыстың солтүстігіндегі орташа ауаның жылдық температурасы – 2,7˚ – 4,3˚(Аягөз-Таңсық) ,ал оңтүстігінде – 6,0˚ – 6,5˚(Жоңғар-Достық)
Қаңтардың орташа температурасы – 10˚ – 18,0˚С. Ал ақпан айы қаңтар айына қарағанда бір шама жылы болады. Ауа температурасының күрт көтерілуі наурыз айында байқалады +7˚ + 11˚С, ал сәуір айында + 10˚ + 13˚С.
Көктем және жаз айларында ауа температурасы жоғарлайды. Ең жоғарғы температура шілде айында байқалады. Қазан айында жылдың жылы уақыт аяқталады. Орташа температурасы 3,4˚ – 8,2˚С.
Вегетациялық кезең сәуір айының бірінші декадасынан басталып қазан айының соңғы декадасында аяқталады. Ол 167 – 205 күнге созылады.
Үсіктердің таралуы мен интенсивтілігі жергілікті жердің ораграфиялық ерекшелігіне байланысты. Үсіктер жеміс дақылдары мен бау – бақша шаруашылығына зиянын тигізеді. Алакөл ойысында күзгі үсіктер қыркүйектің аяғында болады. Көктемде мамырдың ортасында және соңында байқалады.
1.3.3. Жауын-шашыны
Ойыста құрғақшылық айқын байқалады. Бұл оның Евразия материгінің орталығында орналасқандығы және ылғалдың негізгі көзі болып табылатын атланттық ылғалдың аз, тікелей келмеуі. Ойыстағы жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 165 – 521 мм. Алакөл ойысында атмосфералық жауын – шашын біркелкі түспейді. Жылдың суық маусымында (қараша, наурыз айларында) 51 – 247 мм, түссе жылдың жылы маусымында (сәуір, қазан) түсетін жауын – шашын 106 – 447 мм. Қыста (желтоқсан, қаңтар) Сібір антициклонның әсері басым болуына байланысты қысы құрғақ болады.
Ойыстағы жауын – шашынның максимумы көктемде түседі. Жазықтарда сәуір және мамыр айларында, тауларда мамыр, маусым айларында түседі. Жаздағы минимумдары тамыз, қыркүйекте жауын – шашынның минимумы қыста оңтүстік шығыстан Ебі желінің соғуына байланысты байқалады.
Жауын – шашын мөлшері кей жылдары күрт өзгеріп отырады. 150 – ден 750 мм – ге дейін жетеді.
Ойыстың жеке аудандары бойынша нөсерлі жаңбырлар 12 – 25 күнде болады. Қарашаның екінші декадасының басынан бастап қар жамылғысының көп жылдық мөлшері байқалады. Биік таулы аудандарда жаздың өзінде – ақ қар жамылғысы жатады. Көпшілік жағдайда алғаш жауған қар еріп кетеді. Қар ойыста алғаш рет қарашаның ортасында жауады. Жоңғар қақпасында жүргізілген бақылау жұмыстары бойынша қар жамылғыс жұқа болғандығы байқалған. Оның себебі оңтүстік – шығыстан соғатын Ебі желінің әсері.
Қаңтар айының ортасында қар қалың болып жауады. Ал наурыз айында қар қалыңдығы тез өзгереді. Қар жамылғысы біркелкі ерімейді. Жекеленген аудандарда қар жамылғысы сәуірге дейін жатады. Қар жамылғысы әр жылда әр түрлі түседі. Минимум – 25 – 47 см болса, ал максимум 70 – 71 см – ге жетеді.
Ойыс бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын 52 – 67%. Жылдың суық маусымында қарашадан бастап наурызға дейін 73 – 82%, ал жылдың жылы маусымы маусымнан тамыз айларына дейін 33 – 56%. Бұл температураның жоғары, жауын – шашынның аз түсуіне байланысты. Ыстық, әрі құрғақ күндері ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 5 – 10% – ға дейін төмендейді.
1.3.4. Желдері
Алакөл ойысында қыста Сибирь максимумының барикалық тармағы әсерінен қалыптасатын солтүстік – шығыс желдері соғады. Сондай – ақ шығыстан- батысқа қарай күшті желдер соғады. Оңтүстік – шығыстан соғатын желдер 19 – 75 күн 15 м / сек жылдамдықпен соғады. Желдің жылдық максимумы көктем мен күзде байқалады.
Ебі желі –Эбі желі Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналасқан. Эбі-Нұр көліқазаншұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, қазақстан аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жоңғар қақпасы –ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 кмболатын, ең тар жері-10 км шамасында. Ауа тау жоталарының ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?