География | Шығыс қазақстан облысына жалпы географиялық сипаттама
Мазмұны
КІРІСПЕ .......................................................................................................
І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЖАЛПЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Физикалық-географиялық орны, зерттелу тарихы ...........................
1.2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы ............................................
1.3. Климаты ..............................................................................................
1.4. Өзендері мен көлдері .........................................................................
ІІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫНЫҢ
ТҮЗІЛУ КЕЗЕҢДЕРІ
2.1. Пайдалы қазбалардың түзілу кезеңдері ...........................................
2.2. Шығыс Қазақстанның жанатын пайдалы қазбалары ......................
2.3. Қара және түсті металл кен орындарының экологиялық
жағдайы ................................................................................................
IIІ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМА
2.1. Халық санының серпіні және тығыздығы .......................................
2.2. Жыныстық-жастық және ұлттық құрамы ........................................
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қатар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-демографиялық дамуына сипаттама беру үшін, халықтың сан жағынан өсуінің себептерін, жанұяның әлеуметтік жағдайы, жанұядағы балалар санының көбеюінің әлеуметтік-экономикалық жағдайға тәуелділігін, ал өлім санының өсуі денсаулыққа, қоршаған ортаның тазалығына, еңбек пен тұрмысқа байланыстылығын, сонымен қатар өнеркәсіптің дамуына байланысты халықты жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етеді, оның жынысы мен жасы, ұлттық құрамы туралы мәселелерді талдау қажет. Соңғы халық санағының қорытындылары осы мәселелерді талдап, көптеген сұрақтардың жауабын алуға көмектеседі.
Шығыс Қазақстанның жер бедерін зерттеуге З.А.Сваричевский (1940, 1958, 1916, 1965) Е.Е.Милановский (1961, 1967) К.В.Никифорова (1960), В.И.Бабак (1964, 1968), зор үлес қосты.
Қазақстанда В.М.Чупахин, Қ.Карпеков, А.С. Бейсенова, Ұ.Есназарова. А.А. Абдуллин, К.М. Джаналиева және т.б. ғалымдар Қазақтың ұсақ шоқысы туралы мәліметтер жинап, мақалалар жариялап және оқулықтар жазған.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысы халқының 1989 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықтағы әлеуметтік-демографиялық даму ерекшеліктерін тың деректік материалдар негізінде, жаңа көзқарастар тұрғысында талдай отырып, оны ашып көрсету зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының өсу динамикасын және Шығыс Қазақстан облыс халқының аймақтағы өзгерісін көрсету;
- ұлттық құрамындағы өзгерістерді талдау;
- халықтардың табиғи өсімін (туу, өлім және халықтың санын көбейтуге әсер ететін басқа да факторлар) сипаттау;
Практикалық маңызы: Диплом жұмыстың нәтижелерін Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері өз облысының географиясын өткенде пайдалана алады. Қазақстанның басқа аумақтарын жазғанда үлгі ретінде жұмыстық құрылымын алуға болады. Сондай-ақ, өлкетану жұмысын ұйымдастырғанда пайдалану мүмкіндігі бар.
Зерттеу әдістемесі: Негізгі статистикалық материалдарды өңдеу барысында, оларды сұрыптау, жүйелеу және талдау әдістері, тарихи, салыстырмалы, картографиялық әдістер пайдаланылды. Дерек көздерін жинау кезінде, оларды салыстыру, өңдеу, толықтыру мәселесі.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒАТЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Физикалық-географиялық орны, зерттелу тарихы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның Солтүстік-шығысында орналасқан, әкімшілік аумақтық бөлігі 1932 жылы құрылған. Жер аумағы 283,3 мың км2. Бұл Республика территориясының 10%-ы. Облыстың қиыр солтүстік нүктесінің координаты 51004/, оңтүстігі 45050/ с.е., батысы 76050/, шығысы 87020/ ш.б. Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей федерациясының Алтай өлкесімен, Солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі. 16 аудан, 10 қаласы, 25 поселкесі, 855 ауылы бар [1,2]. Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен) шығысқа қарай (Республиканың шығыс шекарасына дейін) 800 шақырымға, солтүстіктен (Ертіс маңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балқаш-Алакөл ойысына ұласады) 600 шақырымға созыла, Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Аймақ өңірін-таулы, таулы- орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті ландшафт алып жатыр. Облыс жері негізінен таулы келеді. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды ; Бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай Үлбі (1895 метр), Уба (1967 метр), Иванов (2776 метр), Қоржын (2565 метр), Көксу (2028 метр), Тигрецк (2007 метр) жоталары және Оңтүстік Алтай жотасы Нарын (1386 метр), Сарымсақты (3373 метр), Күршім (2645 метр), Атасу (2385 метр), Катунь ( Мұзтау 4506 метр), Листвяга (2578 метр), Азутау (2385 метр) жоталары массивтеріне ажырайды. Бұлардың абсолюттік ең биік жері Мұзтау 4506 метр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай (2992 метр), Сауыр (2930 метр), Қалба жотасы (1669 метр) және Зайсан қазаншұңқыры, Маңырақ (2053 метр) жоталары орналасқан. Облыстың батыс бөлігін Сарыарқаның шығысындағы ұсақ шоқылар Ханшыңғыс (1152 метр), Шыңғыстау (1077 метр), Ақшатау (1305 метр), Семейтау (Қарақуыс тауы 606 метр) алып жатыр [3]. Жазық өңірлер негізінен облыс жерінің солтүстік-батыс жағында кездеседі. Таулы аймақтардың солтүстігінде (теңіз деңгейінен) 400-ден 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600-ден 1300-ге дейін бозды-бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде (тобылғы, итмұрын, ырғай, қараған, долана; өзен жағалауларында тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат) өседі. Солтүстікте 800- ден 1700 метрге дейінгі және оңтүстікте 2300 метрге дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр. Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000 метрден 3000 метр аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр [4]. Облыс Республикамыздағы дәрі дәрмек жасап шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және жабдықтаудың бірден-бір орны болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігі дала зонасына, оңтүстік бөлігі шөлейт зонасына кіреді. Шығыс Қазақстан географиялық орны ауыл шаруашылықты дамытуға айтарлықтай қолайлы [5]. Алтайдың бөктеріндегі және Ертіс бойындағы далалар тау және жазық жайылымдарымен бірге республикадағы таңдаулы ауыл шаруашылық алқаптарының бірі болып табылады. 2 сызбада Шығыс Қазақстан облысының ландшафты берілген.
1.2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
Шығыс Қазақстан облысының рельефі өте күрделі. Мұнда биік Алтай таулары, Зайсан, Марқакөл қазаншұңқырлары, Семей өңірінің жазық даласы кіреді.
Қазақстандық Алтай, Алтай таулы өлкесінің оңтүстік және оңтүстік – батыс бөлігін алып жатыр. Бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты, оның Қазақстандық бөлігі де герцин тау жасалу кезінде пайда болған. Кайнозой эрасында жарылыс жүйелеріне, жоталарға және тау аралық ойыстарға тілімделген. Қазір Альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Ең биік шыңы-Мұзтау (4506 метр). Алтай тауы өзеніне тән орографиялық ерекшеліктері бар үш ауданнан тұрады. Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай және Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай мен кенді Алтайдың Тигрецк, Холзун және Листвяга жоталарының биіктігі 2300-2600 метрге жетеді, бұлардан оңтүстік батысқа Уба, Иванов, Үлбі тағы басқа жоталар бөлінеді. Листвяга сілемі солтүстік-шығыс жағында Катунь жотасына (Мұзтау осында) ұласады. Бұларды қалың мұздықтар жапқан. Жүйенің оңтүстігінде жатқан Укок таулы үстіртінен Алтай жоталары жан – жаққа тарайды. Оңтүстік Алтай солтүстікте Бұқтырма өзені мен оңтүстікте Зайсан көлі және Қара Ертіс аралығында жатыр. Батыста Ертіс өзенінің аңғары оны Қалба жотасынан бөліп тұрады. Ал шығыста шекарадағы Табын-Богдо-Ола тау сілемдері және оңтүстік-батысқа қарай екі тау жоталары тарайды. Оларды Күршім өзені мен Қарақоға өзені айырып жатады. Оңтүстік Алтайдың солтүстік тобына жататын жоталар: Тарбағатай, Сарымсақты және Нарын. Ал оңтүстік тобына жататындары: Оңтүстік Алтай жотасы, Сарытау және Күршім. Оңтүстік Алтайдың оңтүстігінде біраз оқшаулау келген Асу жотасы бар. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1450 метр биіктікте Марқакөл қазаншұңқыры жатыр. Оңтүстік Алтай жоталары шығыста Табын-Богдо-Ола тау сілемдері мен Укок тау қыраты тұсында бір-біріне жақындап келеді, ал батысында аралығы қашықтап кетеді. Олар шығысында кәдімгі биік тау болып келсе, батысында біртіндеп аласарып, тау қыратына айналады. Оңтүстік Алтай жоталарының тілімденуіне Күршім және Қарақоға өзен жүйесі үлкен роль атқарады. Оңтүстік Алтай жоталар жүйесінің беткейлері тастақты тік құлама, бірақ тау бастары жатық келеді. Орталық Алтайдың Қазақстан жеріне батыс жоталары кіреді. Укок тау қыратынан солтүстікке таман мәңгі қар жамылған Ақтау (Белуха 4506 метр) массиві бар Катунь жотасы орналасқан. Оның оңтүстік беткейінен бірнеше мұздықтар жылжып түседі, оның ең ірісі Берел мұздығы. Катунь жотасы мен Укок тау қыратынан Листвяга (2578 метр), Холзун (2600 метр), Көксу (2028 метр), Тигрецк (2007 метр) жоталары тарайды. Алтайдың ең биік шыңы Белуха тауына жақын жерден басталады.
Кенді Алтайдың рельефі алуан түрлі. Жеке бөліктері өте тілімделген биік таулы рельеф болып келеді. Көп жерлерін қылқан жапырақты қалың орман жапқан, беткейлері көлбеу келген, төбесі доғалданған таулар алып жатады. Кей жерлерде тегістелген үстірттер кездеседі. Кенді Алтайда ағысы қатты Бұқтырма, Үлбі, Уба жүйесіне жататын көптеген үлкенді – кішілі өзендер бар [6].
Рельефінің сипатына қарай Қазақстандағы Алтайды төрт бөлікке бөлуге болады:
1. Шығыс бөлік. Мұнда таулы үстірттер мен қатар беткейлері тік әрі тілімделген рельефтің альпілік түрі кең тараған. Кейбір таулы үстірттер жан – жағынан тілімделген биік жоталармен қоршалған. Бұған республиканың шекарасында жатқан биіктігі 2200 метр Укок тау қыраты мысал бола алады.
2. Батыс бөлік. Мұнда рельефі жатық таулар көп кездеседі. Олардың төбелері доғалданған болады да беткейлері көлбеу келеді.
3. Оңтүстік бөлік. Оған едәуір көлемді алып жатқан тілімделген тік беткейлі аймақтар жатады. Оңтүстік Алтай жоталарының оңтүстік беткейлері тік және күшті тілімделген. Тік тау етектері мен оның солтүстік беткейлерінде ғана рельеф біршама жазықтау келеді.
4. Қалба жотасы. Бұл өз алдына бөлек тектоникалық геоморфологиялық аудан. Ол орташа биіктіктегі тау болып есептеледі. Жота жемірілген, кей жерлерінде шыңдары жайпақталып, беткейлері күшті тілімделген.
Шығыс Қазақстан облысында енсіз аңғарлар, терең шатқалдар көп. Осында 1450 метр биіктікте Марқакөлдің қазаншұңқыры қалыптасқан. Оңтүстік Алтайдың жалғасы Қалба жотасы (1669 метр). Ертістің сол жағалауында жатыр. Оңтүстік Алтай таулары аралығында Зайсан қазаншұңқыры жатыр, оның ені 140 километрге жетеді.
Зайсан қазаншұңқыры Алтайды Сауыр-Тарбағатай жүйесінен бөліп тұратын тау аралық тектоникалық ойыс. Ұзындығы 225 километр, ені 100-125 километр. Зайсан қазаншұңқыры аллювиалды шөгінділермен жабылған, үштік дәуірдегі көл қалдықтарынан құралған. Қазаншұңқырлардың орта бөлігінде көлемі 1800 километр Зайсан көлі орналасқан, ол 384 метр абсолюттік биіктікте жатыр. Қазаншұңқырдың биіктігі осы көл айдынынан шетіне қарай бірте – бірте көтеріліп 500-600 метрге дейін жетеді. Жалпы алғанда Зайсан қазаншұңқырының рельефі тегіс, оны тек өзен аңғарлары мен жыралар ғана біраз бөлшектейді. Зайсанға Ертіс және жапсарлас жатқан таулардан ағып шыққан көптеген кішігірім өзендер келіп құяды. Олардың кішілері жазда кеуіп, тартылып қалады да, Зайсанға жетпейді. Бұл өзендер тау етектеріне ысырынды жыныстарын әкеледі.
Сауыр-Тарбағатай таулары. Сауыр-Тарбағатай жапсарлас жатқан Маңырақ, Сайқан, Салмас-Желтаумен бір тұтас тау жүйесі болып табылады. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?