Ветеринария | ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1
1.1
1.2 КІРІСПЕ..............................................................................
Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңызы.............
Жұмыс объектісі,тәжірибелік базасы және мақсат,міндеттері... 9
9
10
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ..................................... 11
2.1 Ауруға қысқаша сипаттама................................................... 11
2.2 Қоздырушысы....................................................................... 11
2.3 Клиникалық белгілері........................................................... 12
2.4 Аурудың патогенезі.............................................................. 13
2.5 Ауруды алдын-алу шаралары, емі және балау....................... 16
2.6 Патологиялық анатомиялық өзгерістері................................ 19
2.7 Індеттік ерекшеліктері.......................................................... 20
3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ.................................................................... 22
3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері...................................... 22
3.2 Зерттеу нәтижелері................................................................. 22
3.2.1 Өкпе туберкулезінің салыстырмалы патогистологиялық зерттеу нәтижелері............................................................... 22
3.2.2 Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау................................................ 35
3.3 Экономикалық тиімділікті есептеу……………………………… 36
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР..... 37
5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР................................................................ 40
6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР.............................................. 41
7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................... 42
Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико - биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды]. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium – үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек шалдығады. Ірі қара туберкулезі ауруы Батыс Қазақстан облысы бойынша мониторингі тері ішілік туберкулинизациямен жүргізіледі, 2007 жылы 12 454,7 мың бас тексеріліп, 593 бас оң көрсеткіш анықталды, 2008 жылы 12 474 мың бас тексеріліп, 399 бас белгіленді. Ірі қарада туберкулез кезінде көбінесе өкпесі зақымдалады, туберкулез ауруы созылмалы түрде өтеді, ал жас төлдерде – өткір болады. Туберкулез қоздырғышының факторлары ауру жануарлардың азығы, суы, мал жайылымдары, көң төсеніші және т.б. арқылы таралады. Жас төлдер туберкулезді көбінесе ауру жануарлардың сүтінен және көк сүт арқылы жұқтырады. Құрсақ ішінде де бұзаулар зақымдалуы мүмкін. Егер, жануарлар туберкулезге шалдыққан адамдармен, соның ішінде сауыншылармен байланысса, қоздырғыштың адамдық түрімен де зақымдануы мүмкін. Ірі қара малы мал қорада көбінесе аэрогенді жолмен, ал жайылымда – алиментарлы жолмен зақымдалады Ірі қара мал туберкулезі бойынша 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі эпизоотиялық ахуалды талдау жұмыстары көрсетуінше республикада 94 сау емес елді-мекендерде аталған ауру тіркелінген.
Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша жалпы елді мекендерге шаққанда 1,2% құрайды, оның ішінде, Ақмола облысында – 2 (0,23%), Қарағанды – 13 (2,3%), Қостанай - 48 (6,5%), Жамбыл – 11 (4,7%), Ақтөбе – 7 (1,5%), Батыс-Қазақстан – 3 (0,6%), Павлодар – 7 (1,4%), Солтүстік-Қазақстан – 3 (0,6%) елді мекен тіркелген.
1.2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Ірі қара мал туберкулезінің патологиялық морфологиялық зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:
1. Өкпе туберкулезін салыстырмалы патогистологиялық зерттеу;
2. Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 2016-2017 жылдар арасында орындалды. Негізгі зерттеу материалдары туберкулезден өлген ірі қара мал өлекселері.
Зерттеудің тәжірибелік базасы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасындағы сойып зерттеу бөлмесі және Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы кейбір шаруашылықтар.
2.ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Ауруға қысқаша сипаттама
Туберкулез (Tuberculosis) - адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы. Туберкулез (грек. Phthisis) - әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ(б.э.д 4 ғ ), Гален тағы басқа қалдырды .Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн Сина (11 ғ ) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.
Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтежиесі 1882 ж. Неміс ғалымы Р.Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылады.
Сонымен бірге, Р.Кох 1890 ж туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік,кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі - 1921 ж . Франция Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцина алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрлі ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады.
2.2 Қоздырушысы
Туберкулез қоздырушысының төрт түрі бар: Mycobacterium tuberculosis-адамды, Mycobacterium bovis –ірі қара малды, Mycobacterium avium – құсты, Mycobacterium piscium – балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың отыз бір түрі бар деп есептеледі. Олардың он сегізі қоректік ортада баяу өседі, оны жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.
Микробактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз ), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микробактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньонның жіктемесі бойынша Mycobacterium avium атиптік микробактерияларға жатады.
Микробактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде олардың бұтақтанған, жіпше созылған немесе домалақ бөлшектері болады. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болу нәтежиесі. Қышқылға төзімді микроб. Қабынған мүше тіліндісін Циль-Нильсен әдісімен бояғанда микробактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.
Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасы бағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельберттің, Сатонның қоректік орталары қолданылады. Микробактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі жиырма отыз күн өткен соң,сиырға тән түрлі жиырма-алпыс,құсқа тән түрлі 11-15 күннен соң өсін береді.
Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі .Қақырықта 5-6 ай, ірі-қараның тезегінде жазғы жайылымда екі ай,қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады.Ең төзімді түрі– М.avium. Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.
Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.
2.3 Клиникалық белгілері
Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін) 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінесе көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге әсіресе аурудың бастапқы кезінде ауырған малдың сау жануардан еш айырмашылығы болмайды. Ауырған малдың тек аллергиялық немесе серологиялық зерттеу арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын зерттеген сәтте байқалады. Ретті түрде малды туберкулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.
Дерт процесінің денеге орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады. Сонымен қатар желіннің, сірлі қабықтарынң зақымдануы генетикалық және денені жайлаған түрі кездеседі.
Шартты түрде туберкулездің ашық және жабық немесе жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырушысы нәжіспен, несеппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін зақымданған кезде туберкулез процессі әрқашанда ашық болып есептеледі.
Ірі қараның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымдалады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі. Оқтын оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қақырық түсуі байқалмайды деседе болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген соран мал жұтып қояды немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозғылт тартады.Өкпені тыңдағанда сырыл естіледі. Перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошақтары табылады. Ішек зақымдалған кезде іш өтіп қоңдылығы күрт төмендеп,жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі. Желін зақымданған кезде желін үсті сөл түйіні ұлғайып қатайады,беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Желіннің зақымданған бөлігін басып көргенде қатайған, аурсынбайтын бөлшектер сезіледі. Зақымдану аса қатты болса желіннің сыртқы тұрпаты өзгеріп бір жағына қисайады. Сауып көргенде сүттің сұйылып, қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Жыныс мүшелері зақымданған сиырлар уақытсыз күйлеп, қысыр қалады,ал бұқаларда орхит кездеседі.
Бойды жайлаған туберкулез кезінде тысқары орналасқан сөл бездері (жақ астындағы, жауырын алдындағы, шаптағы, желін үстіндегі) ұлғайып, қозғалысы шектеледі...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?