Қазақ әдебиеті | Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер

 Қазақ әдебиеті | Қ. Қ. Жұбанов еңбегіндегі синтаксистік объектілер

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. ПРОФ. Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
1.1.Қ.Жұбановтың өмірі
1.2 «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің екі басылымы (айырма шылығы)
1.3 Қ.Қ.Жұбанов шығармашылығының тақырыптары
2 Қ. Қ. ЖҰБАНОВ ЕҢБЕГІНДЕГІ СИНТАКСИСТІК КӨЗҚАРАСТАР
2.1 Қ.Қ.Жеңбегіндегі синтаксистің берілуінің көздері
2.2 Сөз тіркесі туралы ойлары
2.3 Сөйлем мүшелері туралы
2.4 Сөйлем туралы ойлары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазіргі қазақ тілі ішінде тарам – тарам салаларға бөлінетін өзіндік сыры мен қыры көп күрделі және бай тіл.
Қазақ тіл біліміндегі мәселелердің барлығы дерлік тарлай – талай тарихи даму сатыларынан өтті. Қандай құбылыстың болмасын өткен тарихи даму жолдарын жете меңгермей оның қазіргі жай – күйін зерттеп білу мүмкін емес.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінің ғылыми грамматикасының зерттелуі орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты болды. Сол кезеде қазақ тілінің зерттелуі мынандай төрт бағытта болды.
Біріншіден, қазақ тілінің кейбір мәселелерін ғана сөз еткен Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың төл ғалымдарының еңбектері: Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихонов, Б.Бақтыгереев, М.Бекимов. Б.Рахимжанов, Қ.Серғали, И.Малдыбаев есімдерімен байланысты
Екіншіден, орыс ғалымдарынан қазақ – қырғыз тілінің грамматикасын зерттеген авторлар:Н.Н.Ильминский, Н.Ф.Катанов, Н.Лаптаев, В.В.Радлов, П.И.Мелиоранский, Н.Сазонтов, Н.Терентьев т.б.
Үшіншіден, Қазан төңкерісі және одан кейінгі қазақ зерттеушілері : А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Т.Шонанұлы, Е.Омаров, Ж.Бархиев, Н.Досмағамбетов т.б.
Төртіншіден, XXғасырдың 50–жылдарынан бері қарай Н.Сауранбаев, Н.Кеңесбаев, М.Балақаев,С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақав, Т:Қордабаев, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев,Ә.Ермекбаев т.б.
Осылардың ішінен мен профессор Қ.Қ.Жұбанов туралы әңгіме қозғаймын. Зерттемпаз ғалым проф. Қ.Қ.Жұбановтың лингвистика тарихынан алатын орны ерекше. Қ.Қ.Жұбанов – әмбебап ғалым. Оның зерттеулері тіл білімінің әр түрлі салаларын қамтиды.
Ғалым Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасына назар аудару оны зерттеу, XX ғасырдың 90–шы жылдарының басы мен ортасында белең алды. Оның есімі мен еңбектеріне деген сілтемелер ғылыми баспасөз беттерінде осы тұста жарияланып, белгілі бір аспектілері қазақ тіл білімін зерттеуші қауымның назарына ілігіп жатты.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми еңбегі сөз болғанда, әдетте фонетика, сөзжасам, әдеби тіл, терминология, орфография, этимология жайындағы ойларына мән беріліп жүр де, ал ғалымның синтаксис саласына қатысты тұжырымдары зерттеу нысанына ілікпей жүргені хақ.
Тіл білімінің даму тұрғысынан Қ.Қ.Жұбановтың лингвистикалық, дәлірек айтсақ, синтаксистік көз қарастарын, ұстанымын айқындау қажет. Себебі ғалымның синтаксис ілімін қалыптастыруда өзіндік ерекшелігі болды. Жан–жақты біліммен қаруланған ғалым өзінің еңбектерінде синтаксистің бірқатар теориялық мәселелерін қозғап, соны тұжырымдар да айтады. Тілді зерттеу практикасында ғалымның кейбір идеялары , тұжырымдары қолданыс тапса, кейбірінің тасада қалып, қолданаыс таппай жүргендері де бар. Қазақстандағы 20-30–жылдардағы лингвистикалық дәстүрдің қалыптасуын бағдарлайтын болсақ, онда Қ.ҚЖұбановтың жалпы тіл білімінде, оның ішінде синтаксис бойынша қалдырған іліміне соқпай кетпейміз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Профессор Қ.Қ.Жұбановтың шығармаларынан синтаксистік объектілерді айқындап, оның осы сала бойынша қалдырған пікірлерін, ой–тұжырымдарын сұрыптап, жұйелеп, қорытынды жасау. Аталған мақсатқа жету үшін диплом жұмысмыздың алдына мынандай нақтылы міндеттер қойылады:
– Профессор Қ.Қ.Жұбановтың синтаксистік объектілерге байланысты ғылыми еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру;
– Ғалымның лингвистикалық(синтаксистік) концепциясының ерекшелігін айқындау, яғни оның сөз тіркесі, сөйлем мүшелері, сөйлем туралы ойларын сипаттап, өзгешеліктерін анықтау;
– Тіл білімінде, оның ішінде синтаксистің даму тарихындағы ерен еңбегі мен қосқан үлесін бағалау;
– Қ.Қ.Жұбанов ұсынған мәселелерді осы күнгі ғылым тұрғысынан қайта қарастыру;
Жұмыстың объектісі. Қ.Қ.Жұбановтың синтаксиске қатысты еңбектерін зерделеп, оның мәні мен маңызын жан–жақты қарастыру.
Жұмыстың дерек көздері. Жұмысқа өзек болған материалдар негізінен Қ.Жұбановтың өз қаламынан шыққан еңбектері. Олар «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты кітапқа шоғырланған.Сондай–ақ, Қ.Жұбанов еңбектерін зерттеудің маңызы жөнінде І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Н.Оралбаева сияқты ғалымдар айтып өткен осындай зерттеулер ғалымның ғылыми мұрасындағы синтаксистік көзқарастар туралы ой түюге қайнар көз болды. Зерттеу жұмысындағы ғылыми пікірлер үшін Қ.Жұбановқа арналған ғылыми–теориялық конференция материалдарынан, әрі мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалардан қажетті мәліметтер алынды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Тақырыптың ерекшелігіне және мақсатына байланысты салыстырмалы, сипаттама, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды.

1. ПРОФЕССОР Қ.Қ.ЖҰБАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1.1. Қ.Қ.Жұбановтың өмірі

Қазақ совет тіл білімінің негізін салушылардың бірі, қазақ филологиясындағы тұңғыш профессор, совет мектептеріне арналған алғашқы қазақ тілі программасының және тұңғыш оқулығының авторы, ғалым – ұстаз Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы қазіргі Мұғаджар ( бұрынғы Темір уезі ) 9–шы ауыл,Ақжар деген жерде дүниеге келген
Қуан шаңырағы көп балалы шаңырақ болатын: бір үйде 14 бала болыпты. Құдайбергеннің әкесі Қуан парасат иесі, ақылды адам болған көрінеді. Ауыл арасында ұсақ–түйек шаруамен айналысқаннан гөрі балаларының хат біліп қара тануын, оқу – біліммен айналысқанын қалады. Сол кездегі тарихи – әлеуметтік жағдайға орай, әкесі орыс переселендері мен аралас–құралас болып, орысша үйренуіне, егін шаруашылығымен айналысуына септігін тигізсе, кейін одан әрі Құдайбергенді орыс оқуына беру керек деген ойға жетеді. Алайда сол кездегі заман ахуалы балалардың орысша хат тануына кедергі жасады. Себебі ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын, мұсылманшылық жолын аттап өтіп, бірден орыс оқуына қарай мойынсыну былайғы жұртқа ерсі көрінетін. Тіптен орысша оқуды діннен безу деп түсінетін ыңғайдан да ел құр алақан болмайтын. Сол үшін де Құдайберген сауатын ашуды дін оқуынан, арабшадан бастады. Алты – жетілердің шамасындағы жас баланы әкесі Темір – орқаш болысындағы Жобал ауылы дейтін жердегі Оспан иманның мешітіне оқуға береді. Мешіт бере алатын барлық діни ілімді үш жыл ішінлде игерген Құдайберген ауылына оралады, баласын оқудан қол үздірмеуді көздеген әке ауылда жаңа тұрпатты мектеп ашқан Құдайбергенді жалпы білім беретін мектепке оқуға берер алдында, әкесі Қуан балаларды оқыту ісін ұйымдастыруға белсене араласқан шағын ауылдың беделді деген азаматтардың бірі есебінде, ол өз қалтасынан қаржы шығарып мектеп ашып, оған молда – мұғалімді де өзі тапқан. Бұл мектепте молданың балаға құран үйретудің орнына, арабша жаңғыртып, орыс жазуының принципіне бейімделген, жалпы білім алуға лайықталған әліпбиді оқытып жүргенін шәкірттердің ата – аналары біліп қойып, балаларын мектепке жібермей қояды, онда тек Құдайберген ғана қалады. Бірақ Қуан алған бетінен қайтқан жоқ.Ағайын –туған, ауылдастарының жазғырғанына қарамастан өзінің қыздарына дейін осы мектептепке оқуға беріп, мұғалімге еңбек ақыны төлеуді өз міндетіне алған. Сол сәттегі Құдайбергеннің ұстазы Абдолла Беркінов деген кісі болатын. Кейін бұл кісі Қазақ ССР – нің еңбек сіңірген мұғалімі атағына ие болып, бертінде ғана дүние салды.
Құдайбергеннің жас күніндегі жақын досы Жиенғали Тілепбергенов деген прогресшіл көзқарастағы азамат болды. Оның одан әрмен Құдайбергеннің өміріне де ықпалы болғаны сөзсіз. Ж.Тілепбергенов өзінің «Таңбалылар» дейтін повесінде төменгі қауым арасынан шыққан Қалман
деген бас кейіпкері арқылы феодалдық дәуірдің тап арасына тигізетін қайшылықтарын сынап, кедей қауымды жақтаушы дара күрескердің бейнесін жасады. «Сүйіскендер» деп аталатын пьесасының бас кейіпкерінің прототипі етіп Құдайберген Жұбановты алған –ды.
1914 жылы Орынбордағы Хұсания медресесіне оқуға түседі. Осында оқи жүріп ол жалпы білім беретін пәндерді терең үйреніп, орыс тілін терең меңгере бастады және Ш.Сарыбаев, Н.Манаев, Е.Жәрменов сынды абзал жолдастар тапты. Шамғали Сарыбаев кейін қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық курсын жазған ғалым атағына ие болды. Н.Манаев, Е.Жәрменов болса, халық ағарту саласында жемісті еңбек еткен белгілі қайраткерлер дәрежесіне көтерілді.
1917 жылы Жұрындағы екі класты орыс мектебін бітіргеннен кейін Құдайберген Орқаштағы бір кластық орыс мектебінің мұғалімі Құсайын Әшіғалиевтің кеңесімен Күйік қалаға(Елек) барып, ондағы екі кластық училищеге түсіп, білімін одан әрі жалғастырады. 1918 жылы Құдайберген осы училещенің 5-6 кластарын бір жыл ішінде үздік бітіріп шығады.
Өз қаламының құдіретін ерте байқатқан алғашқы өлеңдері мен фельетон, мақалаларын Қазан төңкерісінен бұрынғы басылымдарда Құдайберген «Шекті», «Қараша бала» деген лақап атпен жариялаған болатын. Сонымен қатар Қ.Жұбанов жас қазақ зиялылары машық еткен бірнеше қолжазба журналдардың шығуына ұйытқы болған көрінеді. Мәселен, Күйік қасында жүріп, ол «Тез», ал Темірде «Ай» деген қолжазба журналдар шығарған. Бұл журналдарда ол орыс әдебиетінің өкілдері М.Горькийдің, В.Г.Короленконың шығармаларын да жариялаған.
1925 жылы Құдайберген Ақтөбе қаласының губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы – методист болып істейді. Ол–ол ма, Құдайберген орыс мектептерінің методисі қызметін тамаша жауаптылықпен орындап шықты. Ол сол кездің өзінде – ақ неміс, ағылшын, француз тілдерін үйренуге бар ынта – жігерін сала кіріскен екен. Алдымен ол бұл тілдерді қала мұғалімдерінен үйреніпті де, кейін өз бетімен оқып жаттыға бастапты. Осы жылдарда ол И.П.Павловтың, И.М.Бехтеровтың т,б. ғалымдардың еңбектерімен танысып, психология, педагогика, логика, рефлексология пәндерін тереңірек білуге ерекше ден қояды. Мәскеудің, Қазанның, Бакудің, Тәшкеннің. Петербордың Е.Д.Поливанов, В.А.Богородицкий, И.И.Мещанинов, Ағамалы – оғлы сияқты лингвистермен хат алысып, пікірлесіп тұрады.
1928 жылдің көктемінде республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға Халық ағырту комиссариятына нұсқаушылық қызметіне шақыртылады да, 1929 жылыдың қаңтарында Петорбордағы шығыс тілдері институтының түркологиялық семинарына жіберіледі. Сол жерде бір жарым жыл оқығаннан икейін ол СССР Ғылым академиясының Яфет институтына аспирантураға ауысады.
Оқумен қатар Қ.Жұбанов өз бетімен ғылыммен шұғылданады: жалпы тіл білімі, түркология салаларымен айналысады. Латын әліпбиіне көшу жөніндегі барлық жұмыстарға белсене араласады.
1929 жылы ғылыми емле мәселесіне арналған мәслихатта қазақ емлесінің негізгі принциптері қандай болмақ деген жайдан әңгіме қозғайды.
Қ.Жұбанов 1930 жылдың күзінде Ленинградқа қайта оралып, СССР Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтына, ондағы «Яфетидологиядық семинарға» аспирант болып ауысады [2.15].
1930 жылы Алматыда өткен Қазақстанның бірінші Өлкетану съезінде «Мағынасыз сөздердің мағынасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Жұның өзі оның түркі текті тілдерді зерттеудегі ізденістерінің жан – жақты екенін аңғартқан еңбек болды.
Қ.Жұбанов тек түрік және басқа тілдердің білгірі ғана емес, сонымен бірге ерекше публицист болатын. Оның «Күй» деген еңбегі мәселенің қойылысы тұрғысынан да , нақтылы деректердің молдығы тұрғысынан да өте бір тың дүниелік болатын. Мұнда автор күй, домбыра, қобыз, жыр толғау, бақсы, сыбызғы, ән, би тағы басқа музыкалық терминдерге тарихи – лингвистикалық талдау жасайды. Сондай – ақ, күй мен әннің қыры мен сырын ашып, байыбына барады.
Қ.Жұбанов-шын мәніндегі ірі зерттемпаз түрколог. Петербордың Шығыс институтында оқып жүрген кезінде-ақ байқағыштығы нәзік , шығысты жақсы білетін қарымды зерттеуші лингвист ретінде танылған – ды.Ғалымның осындай дарыны мен қабілеті әсіресе азақтың Абай тындағы педагогтік институтына (1932)бірнеше жыл қатарынан сабақ беріп, қазақ тілі және түркология саласынан ол оқыған лекциялар тек студенттер ғана емес, қазақ зиялыларының қалың қауымының назарын өзіне кеңінен аударған еді. Қ.Жұбанаов өз пәнін жетік білетін. Лекция оқудың да асқан шебері еді. Лекциялары түркі тілдердің қазіргі жайы мен өткенін баян ететін деректерге аса бай келетін. Ежелгі түркі жазбаларының тілін де жетік білетін, құлпы тастардағы Орхон – енисей жазуларының сырына да жетік болатын, оның лексикалық, грамматикалық, фонетикалық белгілерінің бәрін бүге – шігесіне дейін игерген адам еді.
Осы уақытта ол бірнеше басқа да міндеттерді қоса атқарды. Қ.Жұбанаов Алматыға келген соң, СССР Ғылым академиясының Қазақ филиалының лингвистика секторының меңгерушісі болып тағайындалады. 1933 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ол Қазақ ССР Ағарту халық комиссариаты жанындағы методика, программа, оқулықтар секторының ( оқу – методика секторы) бастығы болып істейді. Бұл сектор сол кезде мектепке арналған оқу прграммаларын жасап, қазақ тілі оқулықтарын жазуды тікелей өзі жүргізетін. Мысалы, Ағарту халық комиссариятының программа – методика секторының 1935 жылғы тамыз,қыркүек айларына арналған жұмыс жоспарында орта мектеп үшін қазақ тілі программасын жасауды 13-пункт етіп сектор қызметкерлері Қ.Жұбанов пен Ғ.Бегалиевке міндеттейді.Осы іске өзі муқият араласып қана қоймайды, басқаларды да жұмылдырады .
Қ.Жұбановтың қызмет еткен жылдарында қоса атқарған жұмыстарының тағы біреуі – мемлекеттік терминологиялық комиссияның председателі болып істеуі . Осы салада ол термен жасау принциптері, термин сөздердің спецификасы, бұл жөніндегі кемшіліктер мен қателіктер жайында бірнеше мақала жазады. Қазақ АССР Ағарту халық комиссариатының жанындағы Терминологиялық комиссияның бюлетенін шығарады [1.16 – 17].
1935 жылғы Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғаның бірі – мәдени құрылыс қызметкерлерінің бүкіл қазақстандық съезі болды. Съезді 1935 жылдың май айында шақыру туралы қаулыда съездің күн тәртібіне үш түрлі мәселенің қойылатыны қөрсетіледі . Олар :
1) Қазақстандық мәдени ревалюция
2) Қазақ тілі туралы (орфография , термин ,әдеби тіл)
3) Мектеп туралы
Съездің екінші мәселесін дайындауды және негізгі баяндаманы Қ.Жұбановқа тапсырды. Ғалым мұнда «Қазақ әдеби тілінің жай–күйі» туралы баяндама жасап, сол кезге дейін болып келген қателіктер, оларды түзету амалдарын көрсетеді. Съезд осы баяндама бойынша қаулы қабылдады. Осы қаулыны жүзеге асырудың бір шарасы –қазақ тілі оқытушыларының мамандығын арттыру мақсатымен курс – семинарлар ұйымдастыру болады, өйткені баяндамада көрсетілгендей,бұл кезде мектепте және әр түрлі курстарда қазақ тілін оқытатын адамдардың өзінің теориялық білімі аз болатын, оны өз бетімен толықтыратын қазақ тілінде жазылған ғылыми әдебиет жоқ болатын.Жалғыз мұғалімдер емес ,баспа ісімен айналысып жүргендердің де қазақ тілі грамматикасынан ,жазу принциптеінен хабары тіпті шағын болатын. Осының барлығын бірте – бірте жою үшін істелген алғашқы қадамның бірі курс – семинарлар ашып, оған тиісті адамдарды міндетті түрде қатыстырып, білімдерін көтеру болды. Бұл курстар мен семинарлардың оқу жоспары мен программаларын жасау Қ.Жұбановқа жүктелді. Алматы қаласындағы семинарды басқарып жүргізуде Құдайбергеннің міндеті болды.
Профессор Құдайберген Жұбанов осы көрсетілген жұмыстардың барлығымен қатар республиканың мәдени өмірінде жылма – жыл болып жатқан өзге де түрліше юбилей, конференция, мәжілістерге қатысып, кейбіреулерін өткізуге басшылық етті. 1934 жылы Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толғанын еске алу юбилейін өткізуге белсене қатысады [2.19].
1936 жылы Құдайберген Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі болды. Бұл жылы оның «Қазақ тілінің грамматикасы I бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Бұл мектепке арналып ғылыми негізге сүйеніп жазылған қазақ тілінің тұңғыш советтік оқулығы болатын. Орта мектептің 5-7 кластарына арналған қазақ тілі праграммасы да Қ.Жұбановтың қаламынан осы жылы жарық көрді. Сондай – ақ ізденіп, лекция түрінде оқып жүрген материалдарын «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген сериямен он кітапша етіп баспаға тапсырды [2.20].
1937 жылда Қ.Жұбанов үшін қыруар жоспарларға толы еді. Мәселен , ғалым осы кезде қазақ тілінің ғылыми грамматикасының жүйелі толық курсын жазуға кіріседі. Оның «Фонетика» деп аталатын I бөлімін осы жылдары аяқтап, 1937-1938 жылдары баспадан шығармақшы болады, мектеп грамматикасының бiр бөлімін жазып бітіреді де, әр түрлі жинақтарға ғылыми мақалалар жазып береді. Қазақ тілінің «Түсіндірме сөздігінің» 1–кітабын жазып дайындайды. Оның редакторы А.Н.Самайлович болмақшы еді. Бірақ бұл жұмыстардың көбі жүзеге аспай, жарық көрмей, трагедиямен үзіледі. Қ.Жұбанов 1937 жылы 19 желтоқсанында жеке адамға табынушылық кезінде жазықсыз жала жабылып, тұтқынға алынады. 1938 жылы ақпанның жиырма бесінде үлкен ғалым Қ.Жұбанов қаза табады Кейін, жиырма жылдан соң, яғни 1957 жылы 3 қазанда азаматтық тұрғыдан ақталды[1.577].

«Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінің екі басылымы

«Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді » демекші, профессор
Қ ұдайберген Жұбанов өзінің аз жылғы ғұмырында болашақ ұрпаққа зор
мұра қалдыра алды. Өкініштісі сол, оның бізге тек біразы ғана жетті. Қал–
дырғаны көп те, жеткені аз. Оның ғылыми ізденістері фонетика, морфоло –
гия, синтаксис мәселелерімен шектеліп қалмайды.
Ғалым өмірі тұтанып, асы қарай лапылдап жанған кезі сол бір зұлмат
кезеңге тап болып, ғұламаның еңбектерінің көбі жарияланып та үлгермеді,
ал жарияланғандары қолданыстан алынып тасталды. (20-30 жыл бойы ).
Сондықтан да олар қолға түспейтін сирек дүниеге айналды.
Сөйтіп, Қ.Жұбановтың таңдамалы еңбектері іріктеліп 1966 жылы «Ғылым» баспасынан азғантай таралыммен (2400 дана) жарияланды. Алайда бұл кітапқа Қ.Жұбановтың қаламынан шыққан дүние түгел енген жоқ, мұнда сол кезде қолға түскен еңбектерінің ішінен іріктеп алынып жарияланды.
Бұдан кейін бұл еңбек 1998-1999 жылдарын Елбасымыздың Нұрсұлтан
Назарбаев «Саяси қуғын –сүргінге ұшырығандарды еске алу жылы», кейін-
гісін «Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы» сияқты қос жарлыгы мен Қазақстан Республикасы Ғылым министірлігі Ғылым академиясының Тіл
білімі ғылыми институты ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес 1999 жылы
қазақтың біртұма ұлдарының бірі, заңғар ғалым, қазақ тіл білімінің негізін
салушы профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдығын атап
өту күн тәртібіне қойылды. Осыған орай оның белгілі себептермен баспа
бетін көрмеген еңбектерін қайтадан зерделеп, жаңғырту, толықтырып басып шығару ісі жанданды.
Сонымен, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегі 1999 жылы екінші рет елеулі өзгерістерімен қайта басылып жарыққа шықты. Енді екі басылым -
дағы ерекшелікткрге тоқталып өтейік.
Алғашқы басылымдағы алғы сөзі академик Ісмет Кеңесбаев Құдайберген Жұбановтың қысқаша өмірі мен шығармашылығын орыс тілі нұсқасында берсе, кейінгі кітапта ол қазақ тілінде берілген. 1966 жылғы еңбек бес тараудан, 1999 жылғысы алты тараудан тұрады екен.Сол тарауларға мақалалар тақырып бойынша топтастырылған.Алдыңғы басылымында орыс тілінде жазалған мақалалары аралас–құралас болып топтастырылса, кейінгісінде ондай мақалаларсоңғы екі тарауға жинақталған....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 131



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?