Қазақ әдебиеті | Олжас Сүлейменовтың маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Мазмұны
КІРІСПЕ.
1.МАРГИНАЛДЫҚ ӘДЕБИЕТІҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Маргинал аудармашының табиғаты
1.2.Маргиналдық типология
1.3.Маргиналдағы тілдік шетболмыс мәселесі
2. МАРГИНАЛДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖАЗУШЫЛАР
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
2.1.О.Сүлейменовтың маргиналдық қыры
2.2.О.Сүлейменовтың «Мәмбет батырдың даралдындағы дұғасы»
өлеңінің аударылу хақында
2.3.«Түнгі теңеулер» өлеңінің аударма нұсқасы
2.4.«Суретшілер» өлеңінің қазақшаға аударылу сапасы
2.5.Билингв жазушы Р. Сейсенбаевтың шығармашылығына шолу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе.
Көршілес жатқан қабырғалы ел орыс халқының маңдай алды данышпан ұлы Пушкин айтқандай, “аудармашы – мәдениеттің арбакеші” болса, менің ұғымымда, көркем аударма қазіргі таңда халықтар арасындағы достықтың діңгегі, алтын көпірі. Әрине, бұл ретте күн тәртібінен түспей көлденең тартылар мынадай үш мәселенің басы ашық.
Біріншіден, нені аудару керек? Дүние жүзі әдебиетінің алдыңғы қатарлы асыл жауһарларын ғасырлап аударсақ та түбі көрінбес ғаламат туындылар жетерлік. Ал соның барлығының бірдей халқымыздың рухани қажетін өтеуі, ұлттық сана-сезімге сайма-сай келіп, естен кетпестей эстетикалық ләззатқа бөлеуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Олай болса, таңдап-талғау, іздеп-іріктеу – аудармашының өріс-өресін танытар өлшем.
Екіншіден, қалай аудару керек? Бұл талай тартыс пен талқыға түсіп, түбегейлі шешімін тапса, қиын түйіні көп келелі мәселе. Көркем аударма – атына лайық та көркем болғаны жөн.
Үшіншіден, кім аудару керек? Күні кешеге дейін аударманы сауын сиырдай көріп, күн көрістің кәсібіне айналдырғандар аз емес. Бір романды немесе жинақты балық үлестіргендей бөліскен кездеріміз әлі де кейін қала қойған жоқ.
Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамымыз әжептеуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, маңыналы жаңалықтарымен өрістеп келе келе жатқандығын айта отырып, алайда адарма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін біліскеніміз мақұл. Солай болғандықтан да адарма теориясы өзі қамтырлық ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ.
Аударма теориясы еліміздегі сан алуан тілдерден орыс тіліне және орыс тілінен көптеген өзге тілдерге аударылудағы ерекше үздік үлгілерді, таңдаулы аудармаларды жобалы, жүйелі түрде зерттеп, парықтап отыру жолына да түсе қойған жоқ. Бұл айтылған күрделі, шешуші және әртүрлі пікірлерге зек боларлық жәйіттер аударма жайындағы ғылымның түбегейлі негізі болмақ.
Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерінің жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетендеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңды аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аудармның таңдаулы үлгілерін, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы - әдебиеттік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп білу керек. Мұндай күрделі, ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан, аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді-қиынды күйде, кейде кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.
Аударма жөніндегі сын-пікірлердің екінші бір ақауы – тәуір аудармалардың, тіпті жалпы аудармалардың тек бірбеткей көлеңке жақтарын, сұрқай пішіндерін ғана байқастырудан туады.
Аударма теориясындағы тағы бір ақау аударманың ұлттық түрлері жайындағы мәселелерден байқалады. Әлбетте, бұл тақырыпқа арналып теориялық мақалалар жазылып, пікірлер айтылмады демейміз, қайта проза аудармасына байланысты бұл мәселені айрықша көтеру талаптары бар. Алайда, әзірге бұл байқаулар бұл жайындағы кейбір сындар, соны пікірлер сол зор мәселенің тек шет-пұшпағын ғана қамтыған сияқты. Ал асылында, біріңғай кеңесшындықтарының мол көріністері, бай деректеріне сүйене бұл мәселедегі теориялық тапқырлықтың, баршаға пайдалы түйіндердің құлашың кең сермеуге әбден мүмкін еді. Бұл үшін ұлттық форманы, аударма жайындағы қазіргі зерттеулердегідей тұйық, санама күйде қарастырмай, оны өрістеп, қалыптасып отыратын тарихи категория деп ұғыну керек.
Көркем аударма жөнінде біздің ертеде қалыптасып, белгілі бір арнаға түскен арнаға дәуіріміз жоқ. Ол біздің мәдениетіміздің саласы. Көркем әдебиет шығармаларының қазақ тілінде алған аударыла бастағанына аз уақыт бола қойған жоқ. Соның өзінде осы кезеңге дейін аударылған аудармалардың көпшілігі аударма деуге жарамайтын, шалағай бірдемелер. 1950-ж. шыққан аудармалар мағнасы мен көркемдігі жағынан түпнұсқаларына мүлдем ұқсамайтын, көркем аударманың принциптеріне, қай жағынан да қайшы келетін құнсыз аудармалар болатын. Авторлардың өздеріне ғана тән жазушылық ерекшеліктерінің, ұлттық өзгешеліктерімен санаспай, олардың шығармаларын бір оқып шығып, ұзынырғасын түсінгендей болған соң, шала-шарпы түсінігі бойынша, абзац-абзацымен, өздерінше «қазақшалай» беру, ол кездегі аудармалардың жалпы стилі еді. Ағылшын лорды мен Амекиканың банкиріне, орыстың дворяндары мен «мұжықтарына» қазақтың саптама етігі мен шапанын, тоны мен тұмағын кигізу көркем аударманың сол тұстағы «салты» болатын. Тіпті, Гогольдың Собакевичтері мен Ноздревтары да Итбаев пен Танауовтар болып аударылған. Аттарын өзгерткендерімен қанағаттанбай, өздеріне қазақтың саптама етігі мен шұжығын жегізіп, көжесін ішкізіп қойған соң, Собакевич пен Ноздревтар Тамбов пен Рязанның помещиктері болып шықпай, кешегі «Тайсойғанның» Итбаевтар мен Танауовтары болып шықан. Әрине, бұлар оқушылардың эстетикалық сезімін аударатын төмен қолды, құнсыз аудармалар екенінде сөз жоқ. Бүгінгі оқырмандар оларды әдеби брак деп санайды. Дегенмен, сол зиянды «салттың» қалдықтарынан аударма әдебиетіміз әлі де арыла алмай келеді. Қазіргі баспадан шығып жатқан аудармалардың ішінде халқымыздың әдеби қорына қосылып, мұра болып қалғандай жақсыларының да нашарлары, құнсыздары анағұрлым басым болып отыр.
Көркем аударманың мұндай жағдайда болуы, соның басты мәселелерінің дұрыс шешілмей келе жатқандығында. Бұл ретте, алдымен көркем аударманың бізде профессиялық дәрежеге көтерілмей отырғанын айту керек. Қазіргі тәжірибеге қарағанда көркем аударманың профессия болуға хақы жоқ, ол әрбір сауатты адамның қолынан келетін, әлдеқалай бір «жеңіл кәсіп» сияқты болып жүр. Мұндай көзқарас көркем аударманың өнерлік қасиетін бағаламағандықтан туып отыр. Көркем аударма соны шығармалар сияқты, шығармашылық еңбекті, шеберлікті талап ететін үлкен өнер. Көркем әдебиеттен хабары аз «сауатты» деген бір ғана дәлелмен аудармаға араласып жүрген адамдар бұл өнерді дамыта алмайды, қайта өздерінің қарадүрсін немесе, тіпті, құнсыз аудармаларымен оның сапасын төмендетеді. Көркем аударманы, тек соның шығармашылық, реалистік қағидаларын меңгерген тәжірибелі мамандар ғана дамыта алады.
Көкем аударманың принциптері жөнінде бізде әртүрлі ұғым бар. Біреулер дәл аударма дейді, екіншілері еркін аударма дейді, үшіншілері шығармашылық аударма дейді. Менің пікірімше осының бәрі де әрі дұрыс, әрі дұрыс емес сияқты. Дұрыс емес дейтінім, дәл аударманы жақтаушылар түпнұсқаны сөзбе-сөз, сол қалпында аударады да, автордың идеясын бұрмалай береді. Мұндай аудармалардың тілі балтамен шапса жарылмайтын, тасқа ұрса шорт сынатын сексеуіл тәрізді сіресіп жатады, оқысаңыз тіліңіз күрмеліп, әлек боласыз. Әдетте, мұндай аудармада түпнұсқаның көркемдік қасиеті ғана емес, мағанасы да сақтала қоймайды.
Аударма өнері, аударма үлгілері ең алдымен, әр дәуірдің жемсі болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық дәуірде, баролық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі бүгінгіні алдына үлні ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп аударма өнерін алға дамытады.
«Жақсы аударма», «жаман аударма» ұғымдары бізде жиі қолданылады. Мұның біріншісі: «аудармашы шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін жақсы бере білген» деген сөздермен сипаттала салынады. Екіншілерге айтылатыны және едәуір өкінішпен айтылатыны «аударма төңірегінен кәсіп іздеушілер», пайда тапқыштар» туралы болып кете береді. Сөйтіп, біріншілер аударма өнерінің барлық табысы, жетістігі соларға таңылады. Ал аудармадағы мешеулік, кемшілік пен жетіспеушілік, сорақылық дегендер жаңағы «кәсіп іздеушілердің» еншісіне күні бұрын бөліне салынады. Ал, мәселенің байыбына бара қарасақ, жаңағы еншілердің екеуінде де үстірт қорытынды, біржақтылық бар.
Біздің аударма өнерінде етек алған тәсілдердің ең бастылары деп «еркін аударма», «жолма-жол аударма» ұғымдарын айта аламыз. Шынында да аудармаға «еркін аударма» немесе «жолма-жол аударма» деп айдар тағудың өзі аударма өнеріндегі көркемдік, дәлдік, адекваттық талаптарға орайлас туғаны анық. Бұл талаптардың үдесінен шығу біреулерді «еркіндік» жолына, енді біреулерді түпнұсқаға байланған «жолма-жолдың» тәсіліне әкеп маңдай тіретті.
Ұлтық мәдениет – халықтың өзін-өзі тұрақтандыратан және оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін, оның асқақ мұраттарын қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы. Ұлтымыздың мәдениетін, дүниетанымын зерделеудегі басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен терезесі тең тең боларлық рухани қор жинадық па деген сұраққа барып тіреледі.
Адамзат қол жеткізген ғылыми – техникалық жаңалықтардың нәтижесінде ел мен ел қарым қатынасы тез өрбіп, күн өткен сайын кеңейіп келе жатыр. Бұрындары ұшы-қиыры жоқтай болып көрінетін үлкен әлем бүгінгі коммуникация құралдарының күрделенуінің арқасынада бір ауылдай кішігірім болып қалған сияқты. Осы заман талабы мәдени мұраны да кең тұрғыдан қарастыруды қажететеді, өйткені бүгінгі халықаралық байланыстар, бүгінгі мәдени сұхбан деңгейі томаға тұйықтыққа жол бермесі хақ. Сондықтан да мәдени қор жасау өз халқымыздың қолда бар мәдени мұрасы мен рухани игіліктерін сақтап, оны жаңғыртумен шектелмесе керек. Рухани қазанамызда байытуда бүкіл әлемдік алдыңғы қатарлы, озық ой үлгілерінің тәржімаланып, жалпы жұрттың қолына жеткізу ісі аса маңызды да жауапкершілікті бастама екендігі сөзсіз. Онсыз біз ұлттық мәдениетіміздің өрелі өркениеттілікке бас бұрғанын іс жүзінде емес, тек сөз жүзінде ғана көрсетіп қойған болар едік.
Осы тұста мәдениет пен өркениет ара қатынасын ашып алу керек. Өркениетті аяқтанған, оң-солын таныған ересек мәдениет деп бейнелі теңеу айтуға болады. Біз де О. Шпенглер рухында академиялық философия тіліне “жан бітірер”, “әр кіргізер” өмірден алынған сөз тіркестерін пайдалансақ, тым артық кетпеспіз деп ойлаймын. Сонымен, мәдениетті өзімен-өзі болатын, өзіне-өзі жеткілікті, өзін “асырап, тамақ тауып беретін ландшафты – Отан анасын” (Л.Гумилов) ғана шын сүйетін, одан басқаны білмейтін тәй-тәйлеген жас нәрестедей деп теңеу айтсақ, онда өркениетті аяғын нық басып, жер кезуге даяр әрі соны қажетсінген, өзінен Басқаны табуға құштар, Басқамен көрісуге құштар кезбе, ересек адам дер едік.
Ұлттық “қасық қаны тамған жерінен” – атамекен ортаның қайталанбас бірегей ландшафты – жер қыртысының бет-бедерінен туындап, ұлт рухымен қанаттанып, ұлттық ділден нәрленген мәдениет пен космополиттік ұран ұстанған, “аралас қанды” қазіргі өркениеттің арасындағы қашықтық біреулер үшін бір күндік жер болса, келесілеріне - ұзақ ғұмыр... Мұрат қылған өркениеттілік бет-бейнесіз, жансыз “қуыс-кеуделік” пе әлде өзара сыйласу арқасында қол жеткізер шынайы мәдени-әлеуметтік сұхбаттылық па? Жалпы, “цивилизация” ұғымының бастапқы мағынасы кейінірек пайда болған техника-технологиялық басым даму жағын, белсенді өмір салтын, бұқаралық ақпарат құралдарының жемісін шегеріп тастағанда, о баста бірлесе өмір сүру ықтиярын, басқалармен араласу тілек-талпынысын білдірген.
Сірә, аударма ісінің жолға қойылуы да - өркениеттілік еншісі. Себебі, тек өркендеген, қанат жайып, қиыр шарлар кезі келген, өресін кеңейткен, “оңы мен солын”, яғни “өзінікі” мен “өзгенікін” танып қалған мәдениетте ғана аудару ісі қолға алынады.
Адарма мәдениетаралық коммуникация құралы. Мәдениеттің басқа мәдениеттермен қаншалықты тығыз қарым-қатынас қалыптастырғандығын ондағы аударма деңгейінен тануға болады. Аударма мәдениетте қос қызмет атқарады: біріншіден, басқа мәдениет әлемінің “түндігін түреді”; екіншіден, өз есігін басқа мәдениетке айқара ашады. Бейнелі сипаттар болсақ , аударма ісі – мәдениеттің тілдік меймандостығы.
Аударманың арқасында адамзат рухының шарықтаған биіктерін барлық халықтар өз тілінде оқи алады. Грек философтары, трагиктері, ортағасырлық араб ойшылдары, Ренессанс алыптары: Петрарка, Данте, Бокаччо, Рабле, Шекспир, Сервантес, Гете, Шиллер, Кант, Гегель, Ницше, Толстой, Достоевский және т.т.
Аударуға деген ықыластың арқасында қанаттанып Гете, Гумбольдт, Новалис, ағайынды Шлегельдер, Шлейермахер, Гельдерлин, Лютер, Абай, Ә.Бөкейхановтар және т.с.с. қаншама терең аудармалар жасады десеңізші!
Жалпы адамзат мәдениетінің шоқтығы биік дәуірі – Ренессанс та антикалық мәдени жәдігерлерді ақсүйектердің, сол кезде жаңадан қалыптасып келе жатқан тап өкілдерінің жеке басының ынта-ықыласы, меценаттық әрекеттері арқасында аударудан басталады емес пе?!
Әр ұрпақ тарихты өзіне қайта ашатындығы кімге де болса мәлім. Сондықтан да адами болмыстың құндылықтарды қайта қарап, бары мен жоғын таразылайтын шамасында үнемі өткенге, соның ішінде тарихтың жарқын да шығармашылық рухқа толы дәуірлеріне көз жүгіртері заңды. Осындай шақта антикалық әлем, Ренессанс, Ағартушылық дәуірі сынды адамзаттың табысты жолдары мен мұндалап тұрады. Оның үстіне, адамзаттың өткенін білуің бүгінгі жолыңдағы тануға ғана емес, болашағыңды анықтауға да көп әсер тигізері сөзсіз. Ағартушылық дәуірінің тарихтағы озық жетістігі оның адам құқықтарын адамзаттың алға қойған биік гуманистік мақсаты ретінде теориялық тұрғыдан негіздеп қоюында ғана емес, сонымен қатар, оны өмірде жүзеге асыру жолдарын көрсетуінде жатыр. Аталған жолдарға халықтық суверенитет пен билік бөлінісі принциптерін жатқызуға болады. Жеке адамның дербестігінің, бас бостандығының кепілдемесі болып табылатындай билік бөлінісі принципін алғашқылардың бірі болып (1748 ж.) көрсетіп берген Шарль Монтескье болатын. Бұл принцип әлі күнге дейін тұлғаны озбырлықтардан, асыра сілтеушіліктен қорғап қалудың маңызды тәсілі болып табылады.
1.МАРГИНАЛ ӘДЕБИЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Маргинал аудармашының табиғаты.
Аударма деп ең көп мағынасында белгілі бір мәдени мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл ұғымы тар лингвистикалық мағынасында ғана қолданып тұрған жоқ) басқа бір тілге мәнісін бұзбай жеткізуді айтады. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп–жарып қарастыра алмайсыз, себебі, мәдениет - адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс. Аудармашы – нағыз шығармашылық өнер. Аударма ісінің озық үлгісі ұлт әдебиетінің, ұлт мәдениетінің өсуіне үлкен септігін тигізеді. Қабылдаушы (рецепиент) мәдениет үшін аудармалар маңызды рөл атқарады. Бейнелі айтар болсақ, аударма әрқашан басқа әлемге, жарық дүниеге ашылған терезе сияқты. Онсыз самал соғып, “тіл үйінің” ауасы тазармайды, күн сәулесі түсіп, кеңістігі шұғылана құлпырамайды.
Аудaрма - мәдениеттің зор тынысы. Аударма әрқашан өзіндік ерекшелікті сақтай отырып, халықтар мәдениетін жақындастыруға, еларалық байланыстардың өсуін тереңдетуге қызмет етеді. Ол терең тамырланған ұлт мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз зор үлес қосады. Енді аудармашы кім дегенге келсек, ол ғылыми тәжірибесі мол, лингвистика жөнінде хабары бар, аударылатын және аударатын тілді жетік меңгерген адам әрі басқа ұлт мәдениетінің концептосферасын (ұғымдар “кеңістігін”) бір кісідей білетін мәдени дәнекер деп айтар едік. Аудармашы өз ұлты мен өзге ұлттың еркешелігін қоса қарастыра алатын мүмкіншілігі бар, әрі соны жазып жеткізе білетін шығармашылық таланты бар адам. Екі мәдени әлемді байланыстырушы ретіндегі аудармашы тұлғасынан маргиналдық нышандарын бірден байқауға болады. Демек, келесі сұрақ “маргиналдық дегеніміз не?” деуге бастап апарады.
Біз “маргиналдық” терминін ғылымда қолданылу тәжірибесінде бірнеше пәндік: саясаттанулық, әлеуметтанулық, психологиялық, мәдениеттанулық ыңғайлар қалыптасқандығын айта кетуіміз керек. Бұның өзі ұғымның жеткілікті деңгейде пәнаралық сипатта екенін танытады. “Маргиналдық” ұғымы қазіргі заманға сәйкес процестерді талғаудағы негізгі кілт. “Маргинал” (кейінгі латын тілінде – “шетте тұрған”, “шекарада орналасқан” дегенді, ал француз тілінде – “қосымша”, “жанама”, бір нәрсенің шетінде жазылған дегенді білдірген) деген түбірден туындап жатқан “маргиналдық” ұғымын американдық социолог Р. Парк енгізді және бұл ұғым мәдени-әлеуметтік кеңістіктің ерекше белгіленген таңбаланған орындарын білдіретін болды. Өзінің 1928 жылы шыққан “Адамдар миграциясы және маргинал адам” (“Человеческая миграция и маргинальный человек”) деген эссесінде ол алған рет “маргиналдылық “ ұғымын қолданды. Бұл еңбек иммигранттардың әлеуметтік бейімделуінің процестерін зерттеуге арналған болатын.
Маргинал - халықтар миграциясынан туындайтын түрлі процестердің өнімі болып табылады. Миграцияны жай, қарапайым қозғалыспен теңестіруге болмайды. Мысалы, сығандардың көшпелі өмір салтына сай, тұрақсыз қозғалысын әлеуметтік құбылыс дей алмаймыз. Өйткені олардың көші-қоны олардың мәдени өміріне ешқандай мәнді өзгеріс әкелмейтінін ескере отырып, оның тек географиялық қозғалыс ретінде қарастырған дұрыс. Ал миграцияның нәтижесінде белгілі бір мәдениет адамы басқа өзіне жат мәдени, әлеуметтік рөлдерді, жаңа өмір салтын игеруге мәжбүр болады. Ендеше, маргиналдық - мәдени түсінік, ол мәдени санада өмір сүреді......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?