Қазақ тілі | Парцелляция құбылысы
Мазмұны
КІРІСПЕ.
І ТАРАУ. Парцелляция құбылысының зерттелуі.
1.1 Парцелляция құбылысының табиғаты.
1.2 Жалпы тіл білімінде зерттелуі.
1.3 Қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ ТАРАУ. Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі лексика-грамматикалық және стилистикалық қолданысы.
2.1 Парцелляциялық құбылыстың лексика-семантикалық түрлері.
2.2 Парцелляциялық құбылыстың грамматикалық болмысы.
2.3 Парцелляциялық құбылыстың көркем мәтін тіліндегі
стилистикалық қолданысы.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ЖАҢА ТЕРМИНДЕР.
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сол себепті қазақ тіл білімі саласында жаңа терминдер еніп, қалыптасуда. Соңғы он жыл көлемінде ғана парцелляция құбылысы зерттеле бастады. Жас зерттеуші филологтардың ғылыми жұмыстарының тың тақырыптарына айналып сөз болып жүр.
Алайда, бөлшектеуге көнетін грамматикалық құрылымдар бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық, стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған.
Р.Сыздықтың «Бұл құбылыс туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол материал жинап ғылыми тұрғыдан зертеу керек»- деуі де бұл мәселенің өзектілігін, маңыздылығын дәлелдейді.
Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысы көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысының өзіндік ерекшелігін, стильдік және тілдік сипатын, парцелляцияның түрлері және оларды топтастыру проблемасын қарастыруға арналған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысын әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қарай отырып, оның өзіндік тілдік, стильдік, типтік үлгілік табиғатын ашу.
Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді.
- парцелляция, оның сильдік қызметі жөнінде түсінік бере отырып өзіндік сипаттамасын, ерекшелігін айқындау.
- тіліміздегі парцелляция құбылысын сөз ете отырып, оған қойылатын талаптар мен шарттарды айқындау.
- қазіргі парцелляция құбылысында орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен кемшілік мәселелерге тоқталып өз көзқарасымызды таныту.
Жұмыстың дерек көздері. Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде А.Байтұрсынов, М.Балақаев, С.Сауранбаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың әдеби тіл, оның стильдік тармақтары жөніндегі теориялық еңбектерін; орыс тілінің синтаксисін зерттеушілер Ф.И.Буслаевтан бастап Пешковский, Белашапкова еңбектерін және оқытушы ұстаздардың теориялық және практикалық еңбектері мен ой-тұжырымдарын, ұсыныстарын қолданып, басты назарға алынды.
Осылармен қоса мектеп оқулықтарындағы, баспасөз беттеріндегі үлгілер талдау материалы ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай әртүрлі әдістер қолданылды. Олар: сипаттау, талдау, жинақтау, топтау, салыстырудың құрылымдық-типологиялық әдістері. Тілдік фактілерді талдау, мәтіндік бақылау және салыстыру әдістері арқылы жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тіл – тарихи құбылыс. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз терминдері қалыптасады.
Міне, бұрын А.Байтұрсынов «іргелес сөйлем» деп атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп «парцелляция» күрделі синтаксистік тұтастық деген ұғымдар туып, тілдік термин ретінде орнықты.
Жалпы тіл біліміне «парцелляция» термині француз тіліндегі «parceller» сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді. Сондықтан да бөлшектелген сөйлем деп алғанды жөн көрдік.
- бөлшектелген сөйлем әдеби тілге ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен енген құбылыс.
- бөлшектеу барысында негізгі сөйлем мен қосалқы арасындағы байланыс үзілмейді; толымды және толымсыз құрылым бірігіп, қосалқылардың санына қарай екі немес бірнеше фазаларда жеткізілетін біртұтас-айтылыс түзеді.
- сөйлемнің бөлшектелуінің алғы шарты – жай сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем бөліктері арасындағы синтаксистік жағынан ғана емес, ішкі –семантикалық жағынан да тым күрделілігі, шұбаланқылығы.
- парцеллят сөз тіркестері, жай сөйлемдер (сөйлем мүшелері) құрмалас сөйлем компоненттері түрінде келеді.
Жұмыстың практикалық маңызы. Диплом жұмысында талдауға түскен мәселелер, ол бойынша сараланған нәтижелер орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында кеңірек мәлімет беру, меңгертуде мұғалімдерге пайдалы болмақ.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1. Парцелляция – қазақ әдеби тілінің бір бөлшегі. Оның өзіндік тарихы, даму жолы, қалыптасу кезеңдері бар.
2. Парцелляция өзіндік қалыптасқан сөз, термин, синтаксистік құрылымы бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру – тіліміздің кемелденіп дамуының кепілі.
3. Парцелляция – жазу, дағдылану арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
І ТАРАУ. ПАРЦЕЛЛЯЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.
1.1 Парцелляция құбылысының табиғаты.
Тіл нормасы – тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретін ұғымдар да өзгеше болады. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз терминдері қалыптасады. Міне, бұрын А.Байтұрсынов «іргелес сөйлем» деп атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп «парцелляция», «күрделі синтаксистік тұтастық» деген ұғымдар туып тілдік орнығып, соңғы кезде өте қарқынды зерттеліп жүрген объектіге айналды. Бұл ауызекі сөйлеу мен жазба әдеби тілдің бүгінгі кемелденген шағында біріне-бірінің әсерін тиге отырып, дамуының нәтижесі.
Әдеби тіл ауызекі сөйлеу тілінің лексикалық, грамматикалық жүйесіне сүйеніп қалыптасады. Ауызекі сөйлеу тілі синтаксисінің жазба тілге жалпы әсері әртүрлі жанрлар мен стильдерге айтылыс тізбегінің үзіктілігінен, синтаксистік құрылым компоненттері байланысының әлсіздігінен, құрылымдардың актуалдануы әрі бөлшектелуінен байқалады.
Міне, сондықтан да қазіргі көркем әдеби шығармалардың тілін зерттеп, сөйлемдерді синтаксистік тұрғыдан талдағанда баяғыдан қалыптасқан сарын мен тек жай сөйлем салалас құрмалас деп қана қарау сөйлемдердің байланысын, олардың коммуникативтік қызметін, логикалық мақсатын, несинтаксистік, нестилистикалық деңгейде аша алмайды. Өзара нүктемен ажыратылған кейбір тілдік единицаларды жеке тұрған қалпында ешқандай синтаксис-единица ретінде қарастыруға келмейді және жекелеп қарастырғанда да қандай коммуникативтік ойды жеткізбек болғаны да түсініксіз болады. Өйткені, контекстен үзіліп алынған жеке сөйлем өзінің грамматикалық дербестігін сақтағынымен, контекстегі өзімен байланыстағы басқа сөйлемдердің қатысуымен ғана ашылатын толық мағынасынан айырылып қалады. Мынандай мысал алып көрейік.
Лагерьдегі сынық шеге мұның назарынан тыс қалар ма екен. Қазымыр. Шалдыртпайтын жылпос. Сергек. Комендант Ганс Шуллерге осы қасиетімен жаққан ол.
( І.Жақанов )
Осы мысалдағы бірінші жайылма сөйлемнің өзінен әңгіменің кім туралы екендігін анқытау мүмкін емес. Ал одан кейін тұрған екі жеке сын есім мен сөз тіркесін бөлектеп алып қарастырсақ, олар неге оқшау тұр? Қандай қызмет атқарып тұр? Кімге, неге қатысты сөздер? Синтаксистік тұрғыдан қалай атаймыз? Деген сұрақтар туады. Міне, осы сауалдарға жауап беру үшін бір ортақ ойды білдіретін, бірақ өзара нүктемен ажыратылып, бөлшектелген сөйлемдер тізбегін, яғни парцелляцияланған сөйлемдерді зерттеп, мәнін ашу қажеттігі қазіргі қазақ тіл біліміндегі көкейтесті мәселелердің бірі боп табылады.
Жалпы тіл біліміне «парцелляция» термині француз тіліндегі «parceller» сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді. Сондықтан да бұл терминді бөлшектелген термин деп алғанды жөн көрдік. Әлемдік тіл білімінде бұл бөлшектелген сөйлемдер жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, көптеген еңбектерге арқау болып, қызу тартыс тудырып жатқан тұста қазіргі қазақ тілінде осы жылдары ғана назарға ілініп, сөз болып жүр. Алайда, бөлшектелуге көнетін грамматикалық құрылымдар, бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық, стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған.
Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, С.Е.Крючков т.б. лингвистер тіркесуді өз алдына дербес синтаксистік категория деп санайды. Соңғы кездері бұл тіркес конструкция проблемасына қызығушылықтың соншалықты артуының нәтижесінде «бұл кең аумақты түсініктен тарлау мағыналы «парцелляция» ұғымы бөлініп шығарылды». Ол В.В.Виноградов, А.П.Величук салаласа, сабақтаса байланысу түрі ретінде тұжырымдап, ал М.О.Платонова, А.А.Андриевская, А.П.Сковородников, Р.Сыздық тілдің көркемдегіш құралы ретінде қарастырып жүрген құбылыс.
Бұл парцелляция құбылысы роман, герман, славян тілдерінде, оның ішінде орыс тілінде фонетикалық, синтаксистік, стисилтикалық деңгейде жан-жақты, өте толық зерттелген болса, қазақ тілінде бұл құбылысқа енді ғана көңіл бөліне бастады. Тек М.Балақаев пен Т.М.Сайрамбаев осы мәселеге арнаған мақаласында бұл құбылыс қазақ тіліне аударма нәтижесінде енген деген пікірде.
Алайда, көркем әдеби шығармаларды синтаксистік, стилистикалық тұрғыда зерттеп оқысақ, біз парцелляцияланған сөйлемдерді қазақ жазушылары да бұрыннан қолданып келе жатқанын байқаймыз. Тек бұл құбылыс арнайы зерттеу обьектісі болмаған. Сондықтан біз әлі күнге сөйлемдер синтаксисін оқытқанда да, оларға талдау жасаған кезде де ертеден қалыптасып қалған бір жүйе: жәй сөйлем, құрмалас сөйлем, оны салалас құрмалас, сабақтас құрмалас дегеннен шыға алмай жүрміз. Мынандай бір мысал алып көрейік:
«Бурнашев қолын тез жұлып ап, бар денесімен Бокинге қарады. Шегір көзі оқ атады. Тістенген». (З.Шашкин) немесе мынандай мысал карастырайық: Ол портретті менің алдыма қоя салды. Қараймын. Өзім. Аң-таң болып Асқарға қараймын. Ол үндемейді. Қайта қараймын. Тап өзім. (І.Жақанов).
Міне, бұл екі мысал да бір ой желісімен байланысқан бірнеше сөйлемдер мен сөз тіркестерінен, жеке сөзден тұрады. Біз оларды бұрынғысынша, қалыптасқан дәстүрмен тек қана жай сөйлем, сөз тіркесі, дара етістік деп қарай алмаймыз.
А.Байтұрсыновтың сөйлемдерді құрылуынша түрлерге айыруына ден қойып қарағанда «іргелес сөйлем» деген терминнің бар екендігін анықтадық. «Ішкі жақындық-мағына жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес делінеді», - деген А.Байтұрсыновтың анықтамасының байыбына барар болсақ, біз қазіргі кезде барлық ленгвистер бірдей «парцелляция» деп атап жүрген құбылысқа балама табамыз. Бұдан парцелляция құбылысын қазақ тілінде ала бөтен осылай атау керек деуден аулақпыз, тек мұндай синтаксистік құрылымның қазақ тілінде де бұрыннан бар екендігіне көңіл аударылады. Іргелес сөйлемдерге А.Байтұрсыновтың келтірген мысалдарын қарағанда, парцелляцияланған сөйлем деп қарастырылып жүрген осы сөйлемдер екендігіне көзімізді жеткіземіз. А.Байтұрсынов: «Күн кеш болды. Ат болдырды ел көрінбеді. Батыр сасайын деді», - деген мысал келтіреді де, «мысалға алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиғаның жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар деп келіп, бұлар тек ой іргесімен жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан бұлардың аралары да бір-біріне қосылмай, ашық-ашық, үзіліп айтылады. Жазғанда араларына үлкен тыныс белгісі – нүкте қойылады» (2.300), - деп тұжырымдайды.
Біздің зерттейін деп отырғанымыз да осы бір ойдың өзара нүктемен бөлінген жеке-жеке, дербес бірнеше сөйлемдерде берілуі. Т.Қордабаев бұл іргелес сөйлемдерді көнерек заманда сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі дәнекерлер, тәсілдердің, бірі-екіншісін меңгеріп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлерінің болмағандығынан, сөздер, сөйлемдер арасында тек мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен байланысы, ара қатынасы тығыз берік болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған деген пікір айтады.
Парцелляция құбылысы мейлінше жан-жақты, толық зерттелді деген орыс, француз, ағылшын, испан тілдерінің өзінде әлі де ара жігі анық ашылмаған мәселелер көптеп кездеседі. Мысалы, орыс және француз тілінде парцелляцияланған сөйлемдер тіркескен конструкциялармен пара-пар деп есептелсе, испан тілінде парцелляцияны оқшаулаудың ең биік, жоғарғы дәрежесі деп атаған.
Мұның бәрі әлі күнге дейін жалпы парцелляцияланған құрылымның және бөлшектелу нәтижесінде пайда болған негізгі (базалық) сөйлем мен парцелляцияттың (қосалқының) грамматикалық статусының анықталмағандығынан. Сондықтан да парцелляцияланған құрылымның грамматикалық болмысы туралы сұрақ та әлі ашық қалып тұр.
Парцелляция мәселесінің тағы бір басы ашылып, анықталмаған қыры- оның грамматикалық категорияға жатқызылуы ма, әлде стилистикалық әдіс қатарына қосылуы ма. Себебі барлық зерттеулерде парцелляция құбылысы деп қана атап қойып, әр ғалымдар әр тілдегі оның ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, шығу, таралу тарихын, қолданылу жиілігін, негізгі сөйлем мен қосалқының байланысу жолдарын зерттеп жүргендерімен, оның лингвистиканың қай саласында қаралуы да әлі шешілмеген мәселе. Өйткені әдеби жазба тілде парцелляция тек синтаксистік мақсатта - күрделі, шұбалаңқы конструкцияларды жеңілдету мақсатында ғана емес, стилистикалық мақсатта да негізінен жеткізілетін ойдың семантикалық мағынасына эмотционалдық түрлендіруші ренк қосу үшін де қолданылады.
«Эмоционалдық синтаксис» деген терминді енгізген француз ғалымы Ш.Балли: «Сөйлем айтушының негізгі ойын жеткізумен қатар оның сол ойға көзқарасын да білдіреді. Ендеше айтылар ойға эмоционалдық көзқарас сөйлемнің жалпы мағынасының тағы бір негізгі құрамды бөлігі болып табылады. Біз «күн суық», «күн ыстық», «жаңбыр жауып тұр» дегенде фактіні жалаң жеткізумен шектелмей, іс-әрекетті анықтауға қабілетті эмоционалдық әсерімізді немесе практикалық пікірімізді; әр жағдайда «суық», «ыстық», «жаңбыр» деген оймен байланыстыра өзіміздің ризалығымызды немесе ренішімізді, қызығушылығымызды немесе немқұрайдылығымызды білдіреміз», - дейді. «Бейнелеушіліктің өзі көңіл-күймен байланысты. Ол көңіл-күйді, тілекті білдіреді; жай интеллектуалдық пікірді жеткізгенде де ол көңіл-күйге байланысты түрленеді, боялады.» (12.43)
Мына мысалдарға көңіл аударып көрейік:
Әлияның жанары, сол арқылы тұтанған от суретшінің талай шығармасына сәуле түсіргені анық, өйткені сәтсіз махаббат - адамның бүкіл өмір жолына созылған күй. Ұмытылмас күй. Сырлы, назды. Ерке, мұңды. Қайғы әуенінен қуаныш сазы басым. Сондықтан да көңіл түрінде. Сондықтан да мәңгілік. (М.Мағауин).
Күй ана боп аңырады. Дала боп уілдеп, жүректен қан тамшылатты. Қансыратты, талдырды. (І.Жақанов).
Бұл мысалдарды оқығанда әрбір оқырман оның грамматикалық формасы мен семантикалық мағынасына емес, оның бейнелелігіне, көңілді толқытып, жүректі тебірентер әсерлілігіне бірінші назар аударады. Ал бұл бейнелілік араларына нүкте қою арқылы бөлшектелген, яғни парцелляцияланған конструкциялар арқылы жеткізіліп тұр. Міне, осы жағынан қарастырғанда парцелляцияны да көркемдегіш құрал қатарына жатқызуға әбден болады.
- Сөйлемнің көлемі мен формасы;
- сөйлемдегі сөздердін орын тәртібі;
- шақтардың қолданылуы; эмоционалдық синтаксистін немесе синтаксистік стилистиканың қамтитын мәселелері болып табылады.
Енді осы эмоционалдық синтаксистің бір мәселесі – нүктемен ажыратылатын сөйлемдердің өзара байланысын қарастырып көрейік.
Сөйлем ішіндегі нүкте мен үтір арасындағы айырмашылық – паузаның ұзақтығында. Нүктеге сәйкес келетін пауза кезінде сөйлемдер арасындағы байланыс әлсірейдіде, керісінше тәуелсіздігі артып, бір-бірінен оқшаулана түседі. Нүктемен ажыратылған сөйлемдерден гөрі үтір мен ажыратылған жай сөйлемдердегі факторлардың өзара алмасуы жеңілірек болады. Бұл жағдайда бір-біріне тек жанасып тұрып логикалық байланыста болатын жай сөйлемдерді күрделі контекстік бірлестік деп атауға болады. Нүктемен ажыратылған сөйлемдерде де үтір мен ажыратылған сөйлемдердегі сияқты логикалық байланыс грамматикалық конструкциялар сызақ не қиысу, не меңгеру түріндегі семантикалық байланыс болуы мүмкін. Үтір мен ажыратылған ыңғайлас салаластар өте тығыз байланыста болатыны айқындалды. Сөйлемдер нүктемен ажыратылғанда логикалық және шақтық байланыс синтаксистік түрде емес, тек семантикадан туындайды. Әр фраза жеке ойды бейнелейді, жеткізеді. Оларды бөліп тұрған нүктелер ұзағырақ пауза мен аяқталған сөйлем интонациясын нұсқайды. Бұл орайда сабақтас құрмалас сөйлемдердің орны бөлек. Оларда бағыныңқылық қатынас сөйлемдердің бір ізділік тәртібімен беріледі. Енді негізінен тығыз логикалық байланыста бола тұрып, нүктемен ажыратылатын күрделі синтаксистік бірлестіктің басқа бір структурасы қосымша констукцияларға яғни парцелляцияттарға тоқталайық. Қосымша конструкциялар нүктеден кейін сөйлемнің оқшауланған мүшесі түрінде немесе жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан салалас құрмалас, яки сабақтас құрмалас сөйлемдер түрінде келеді. Қосымша конструкциялар алдыңғы аяқталған сөйлемге қосымша ой-пікір үстейді. Қосымша конструкцияларда берілетін фактілер алдыңғы сөйлеммен логикалық байланыста, бағынышта, тәуелділікте болады. Бұл байланысқа нүкте кедергі болмайды. Нүктеге қарамай қосылатын бұл конструкцияларды француз стилистері «аяқталған фактіден (істен) кейінгі» қосымша дейді.
Академиктер Л.В.Щерба мен В.В.Виноградов, А.М.Пешковский жалғаулық шылаулардың байланыстырушылық функциясы жайлы айтқан. Қосымша мен салалас сөйлем арасындағы айырмашылықты анықтай келіп С.Е.Крючков: «Қосымша айтушының санасында тура сөйлеу барысында туатын әңгіме үстүндегі толықтырушы үстеме элемент» - деп атайды. «Дәл әңгімелеу үстінде толықтыру үшін туатын келесі элемент» –деп те атайды.
Алдыңғы сөйлеммен логикалық, психологиялық немесе эмоциялық тұрғыда байланысқан қосалқы сөйлем мағына жағынан емес, тек қалыптан тыс форма жағынан ерекшеленеді, оқшауланады. Әдеттен тыс нәрселердің бәрі, әдеби тіл нормасына жатпайтын әр конструкция қалыпты грамматикалық құрылымның шегін бұзып тұрған жағдай ерекше көңіл аударады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?