Қазақ әдебиеті | Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысы
Мазмұны
Кіріспе
Бірінші тарау. Қазақ ауыз әдебиетінің көне дәуірлерде хатқа түскен
нұсқалары
1.1 Сақтар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер
1.2 Түркі қағанаты дәуіріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз
әдебиеті элементтері
1.3 «Оғыз-қаған» жырындағы ауыз әдебиетінің белгілері
Екінші тарау. Көне түркі жазба әдебиетінен ауыз әдебиетіне ауысқан
үлгілер.
2.1 «Диуани лұғат ат-түрік» ескерткішінде кездесетін жанрлардың
ауыз әдебиетіндегі көрінісі
2.2 «Қисса Жүсіп» дастанының ауыз әдебиетіндегі варианттары
2.3 «Қисас-ул әнбиядағы» қисса-хикаялардың ауыз әдебиетіндегі сюжеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге қадым замандардан жеткен ежелгі түркі әдеби жәдігерліктерін жан-жақты зерттеп, олардың ішінен інжу-маржандай ең асылдарын сұрыптап ала білу, әрі сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүкіл қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру-қазақ әдебиеттану ғылымының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі деп білеміз.Сондай-ақ көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын зерттеп, сол арқылы әдеби мұралардың қазақ халқының төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ғылыми негізде ашып көрсету болашақтың ісі деп санаймыз.
Қазақ елінің қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, жалпы рухани тарихы қайта жазылып жатқан бүгінгі таңда ежелгі әдеби жәдігерліктердің әр қайсысын жеке-жеке, дербес күйінде зерттеумен шектеліп қалудың өзі жеткіліксіз болып отыр. Ендігі міндет-ежелгі тарихтың түрлі кезеңдерінде өмірге келген әдеби шығармалардың бірінен-бірі туындап жататын ішкі логикалық байланыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің арасындағы өзара байланыстарын талдау, сұрыптау болып табылады. Ал, бұл аса жауапты міндетті жүзеге асырудың өзі ежелгі әдеби жәдігерліктерді өзара байланысты түрде алып қарастыруды талап етеді. Дәлірек айтсақ, қазақ әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде зерттеудің ғылыми принциптерінің бірі-ежелгі әдеби жәдігерліктерді ауыз әдебиеті үлгілерімен өзара байланысты түрде алып талдау болып табылады.
Әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп,оны жаңа қоғамдық-тарихи жағдаиға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс.Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады.Міне, сол себепті біз ежелгі түркі әдебиеті мен қазақтың халық ауыз әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан зерттеуді жөн көрдік.
Тақырыптың өзектілігі: Көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиеті арасындағы өзара байланыс-қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи және теориялық жағынан барлық қыры толық күйінде, жан-жақты зерттеле қоймаған аса күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Ал, бұл мәселені ғылыми тұрғыдан зерттеу-ұлттық сөз өнерінің эстетикалық қуатын, философиялық мән-мағынасын әрбір әдеби жәдігерліктердің өмірге келу себептерін айқындап алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі қоғамдық, әлеуметтік, рухани өмірімізде орын алып отырған қыруар өзгерістердің өзі ежелгі көне жазба әдебиет пен қазақ ауыз әдебиетінің өзара байланысын ғылыми негізде
айқындап алуды қажет етіп отыр.Рас, соңғы жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеуге арналған бірқатар қуынды еңбектер өмірге келді.Алайда, қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін, сан қилы мәселелерін, жанрларын тағы басқаларын зерттеуге арналған мұндай ғылыми еңбектер өзара жалғаспай, бірін-бірі толықтырмай, сол арқылы ежелгі дәуір әдебиеті тарихының тұтас ғылыми картинасын жасамай, әрқайсысы жеке-жеке күйінде қалып отыр.
Көне жазба әдебиеттің ауыз әдебиетіне, ауыз әдебиетінің көне жазба әдебиетіне өзара әсер ықпалын, байланысын қарастыру әдебиет тарихындағы елеулі мәселелердің бірі.Осы құбылыстың табиғатын тану, қыры мен сырын түсіну қажеттігі тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің қалыптасу, даму динамикасын қадағалау әдебиет тарихының үлесіне тиеді. Бұлардың өзара сабақтастығын, байланысын анықтау- осы ғылым саласының басты проблемаларының бірі. Осыған орай ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктер мен түркі-оғыз қағанаттары дәуірлеріндегі жазба ескерткіштерде кездесетін ауыз әдебиетінің элементерін, уыз әдебиеті үлгілерін тауып талдауды алдымызға басты мақсат етіп қойдық. Сондай-ақ Махмұт Қашқаридың «Диуани-лұғат-ат түрік » еңбегіндегі үлгілердің және Әлидің «Қисса Жүсіп »,Рабғузидің «Қисса-ул әнбия» сияқты туындыларының ауыз әдебиетіне әсер- ықпалын ашуды да мақсат деп алдық.
Осы аталған мақсаттардан төменгідей міндеттер келіп саяды:
-Сақтар мен ғұндар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерліктерді зерттеп, сол әдеби мұралардың қазақ халқының өздерінің төл әдебиетінің қалыптасуына қалай әсер еткенін ашып көрсету.
-Шығыс жазба әдебиетінің көптеген хикаялары,рауаяттары халық арасына ауызша тарап кеткен.Міне осы шығыстық қисса-дастандардың қазіргі ауыз әдебиетіндегі варианттарын танып білу.
Дерек көздері және тақырыптың бұған дейінгі зерттелу деңгейі:
Көне түркі әдеби жәдігерліктерін бір-бірінен дербес, жеке –жеке күйінде алып зерттеу ісі XIX ғасырдың алғашқы жартысында-ақ басталған еді. Алғашқы зерттеушілер көне мұралардың мәтінін оқып, түрлі қолжазба нұсқаларын өзара салыстырып, құнды нұсқаларын басып шығарумен шектелді.
Ал, біртіндеп келе, XX ғасырдың бас кезінде ежелгі түркі көркем сөз жәдігерліктері тарихи, әлеби және тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттеле бастағаны мәлім. Бұл орайда ,әсіресе, Е.С.Малов, В.В.Томсен ,Ж.Амадес, Г.Вомбери, В.В.Радлов, В.В.Бартольд,Е.Э .Бэртельс,А.К.Баровков, А.Н.Кононв, Г.Ф.Благова А.Н.Веселовский, Н.А.Баскаков, М.Мелетинский, Б.Н.Путилов, В.М.Жермунский, А.Ю.Якубовский, Л.Н.Гумиллев,Д.С.Ликашев, И.В.Стеблева, А.С.Бушилин тағы басқа Еуропа және орыс ғылымдарының ежелгі түркі поэзиясына қатысты ғылыми еңбектерін таяныш тұттық.Олар негізінен түрлі тарихи кезеңдерде жазылған көне түркі әлеби жәдігерліетерін тауып,олардың сан қилы нұсқаларын өзара салыстыру арқылы ғылыми жүйеге негізделген толық мәтінін аяқтап алуға мол үлес қосқаны мәлім. Міне, сол себепті қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, әзербайжан, түрік, татар, ұйғыр тағы басқа түркі тілдес халықтарының тарихшылары, әдебиетшілері, тіл мамандары ежелгі түркі көркем сөз жәдігерліетерін өз ұлттарының қазіргі рухани ерекшеліктері тұрғысынан жан-жақты зерттей бастады.Бұл салада атқарылған игілікті істер аз емес еді.Әсіресе, А.Хайтметов, С.Муталлибов, Қ.Каримов, Н.Маллаев, М.Халираев, Р.Қыдырбаева, Г.Араслы, И.Алиев, М.Гайнуллин, Х.Қороғлы, Ә.Нәкіп, Ф,Көпрулузаде, Б.Аталай, Н.Банарлы, Р.Арат, А.Инан тағы басқалардың зерттеулері ерекше назар аударылады.
Соңғы жылдары көне түркі поэзиясы мен қазақ әдебиетінің өзара дәстүрлі байланысына, сол байланыс арқылы көрінетін тұтас кешенді мәселелерге арналған зерттеулер жарық көре басталды.Ал, мұның өзі әлемдік әдебиеттану ғылымына түркі ғылымдарының соның ішінде, қазақ зерттеушілерінің де едәуір үлес қосып келе жатқандығын тағы да дәлелдей түсті.
Дипломдық жұмысты жазу барысында қазақ әдебиетінің түп-төркініне, қайнар-бастауларына қатысты болып келетін жекеленген проблемаларды түрлі аспектіде зерттеуге арналған Мұхтар Әуезов , Әлкей Марғұлан, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, М.Жолдасбеков, Р.Бердібай, Т.Кәкішев, Ә.Дербісәлин, Ш.Сәтбаева, С.Қасқабасов, М.Мағауин, М.Мырзахметов, М.Жармұхаметов, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, Ж.Тілепов, Ш.Ыбыраев, А.Егеубаев тағы басқа зиялылардың еңбектерінің септігі тиді.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1.1. Сақтар дәуірінде хатқа түскен әдеби жәдігерлер.
Әдебиеттану ғылымында қазақ көрем сөз өнерінің қайнар-бастаулары руналық жазбаларда жатыр деген пікір қалыптасқан.Әрине, мұның өзі ғылыми негізі бар тұжырым деуге болады.Алайда сол «ежелгі түркілердің тарихнамасы» саналатын руналық жазудағы ерлік дастандары бір күнде ғайыптан пайда бола қойған жоқ.Басқаша айтсақ, түрік қағанаттарының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр мен Білге қаған мен және олардың кеңесшісі Тоныкөкке арналған ғажайып жыр-дастандарды жазуға үлгі-өнеге болған қаһармандық дастандар болды ма?-деген орынды сауал туады.Әрине, болды. Ең бастысы- «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырларын жазуға үлгі-өнеге болған бұл қаһармандық дастандары Түрік қағанаты құрылуынан сан ғасырлар бұрын,тіпті біздің жыл санауымызға дейінгі сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген еді.Олар «Алып Ер Тоңға», «Шу» батыр, «Атилла», «Мөде» қаған және «Ергенекөн » дастандары сақтар мен ғұндар дәуірлері ауыз әдебиеті саналатын бұл дастандар бізге толық күйінде емес, жеке-жеке үзінділер күйінде ғана жеткен.Ал, кейбіреулерінің жалпы сюджеттік желісі ғана сақталған.Басқа да түркі тектес халықтар сияқты қазақ елі сонау қадым замандардан бізге жеткен осы асыл қазыналардың – байырғы батырлық дастандарының заңды мұагері болып табылады. Бұл туралы академик Ә.Марғұлан: «Қазақ халқының көп хасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны, ертегіге айналған скифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, фәлсафалық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүіл дүние мәлениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екені көрінеді.Бұл жойқын шығармалардың ту баста келіп шығуының өзі бір-жарқын дүние.Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін бастан кшірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстаған сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар олардың соңын ала қарыштаған ұрпақтары-оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар, наймандар, керейлер»-дейді.[22,19]
Алдымен осы жерде сақтар дәуірі жөнінде айта кеткен жөн сияқты.
Ежелгі түркілердің арғы ата-тегі саналатын сақтар-қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістан жерін біздің заманымыздан бұрынғы (қысқаша б.з.б) бірінші мыңжылдықта мекен еткен ежелгі тайпалар .Көне грек тарихшылары сақтарды «скифтер» немесе «азиялық скифтер» деп те атағаны мәлім.Ал парсылар сақтар кезінде «сақ», «сақа», «саға» деген.[21,19]
«Сақ» сөзі қазақ жерінде күні бүгінге дейін сақталған.Мысалы: Сақа (асық), сақшы, сақпан, қарсақ, сақсыну тағы басқа.Сақтар жауынгер болған.Жауынгер көшпенділердің батырлары туралы аңыз-әңгімелер б.з.б V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Гередоттың «Тарих» атты кітабында , қытайлықтар Сыма-цяньның «Жылнама», Бань-Гудің «Ханнама» атты кітаптарында жазылған.Олар біздің заманымыздан бұрын гректермен мәдени-сауда-саттық байланысын орнатқан. Византиялық Феофилакт Симокатта: «Күн шығыста тұрған скифтерді біз түркілер деп атаймыз»,-деген.[28,6]
«Сақтардың» біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде-ақ 26 әріптен тұратын өз жазуы болған .Оның дәлелі ретінде Алматы маңындағы Есіктен табылған Алтын адамның жанындағы күміс тостағандағы жазуларды айтуға болады.Жазуы бар жерде әдебиет, мәдениет дамитыны анық.Күміс тостағандағы: «Аға, саңа,очуқ! Без чөк! Бүкүн ічре азуқ».Аудармасы:Аға саған(бұл) ошақ! Ошағынан безгендер,тереңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай)! (А.Аманжолов оқып шыққан ),-деген жолдарды жазған ел-жұрттың бұдан да көлемдірек шығармалары болу керек.сөйлеу тілінің өзімізге мәлім түркі тілі екені көрінеді.[28,6]
Міне осы сақтардан бүгінгі күнге дейін жеткен дастандарының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген мұралардың өзінен-ақ сюжеттік желісін,басты идеясын,көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес.Сондай дастанның бірі-Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға – аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңға-Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ер жүрек батыры.Дастанда оны елдің көреген көскмі ретінде де бейнелейді.
Туран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «Алып»сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген.Алып-сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырдың,қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім.Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған.Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына «алып» сөзін қосып айтатын болған.Мәселен:Алып Тегін,Алып Арсылан, Алып Бамыс /Алпамыс/, Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған. «Алып Ер Тоңға» - түркі елінің аты аңызға айналған көсемі, билеушісі, батыры, даңқты қолбасшысы,оны парсылар Афрасиаб деп те атаған.
Бұл дастандағы батырдың есіміне қосылып отырған «ер» сөзі ежелден-ақ «батыр», «қаһарман», «жаужүрек» деген ұғымдарды білдіретінін аңғару қиын емес .Сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталған, бертін келе қазақтар да өз батырларына «ер» сөзін қосып айтқаны жақсы мәлім.Мәселен: «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Ер Сайын» тағы басқа батырлар есімі бұл сөзімізге дәлел.
Кезінде Туран мен Иран елдері арасында болған соғыс кездерінде Алып Ер Тоңға сан рет Туран әскерін басқарып, талай мәрте ғажайып жеңістерге жеткен.
Алып Ер Тоңға туралы кезінде Әбу Райхан әл-Бируни,М.Қашқари,Хамза Исфахани,Рашидад –дин, тағы басқалар пікір айтқан.Бұлардың бәрі де Алып Ер Тоңғаны сақтар дәуірінде өмір сүрген қайраткер ретінде көрсетеді.
Қалай болған күнде де Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлға екені ,ежелгі түрік жұртын билеген әмірші болғаны,Туран мен Иран арасындағы соғыста сақ әскерін басқарғаны анық.Кейінде оның Мауранахр , Жетісу, Сауран,
Шаш(Ташкент),Сайрам (Исфиджаб), Талас, Шу уәлаяттарына билік жүргізгені де, бізге аңызға айналған тарихи деректер арқылы жеткен.
Сондай-ақ «Алып Ер Тоңға» дастаны жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бұл салада жемісті еңбек еткен Туркияның әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдар- Б.Аталай,Р.Арат, Ш. Ертайлан, Ф.Көпрүлузаде, Н.Банарлы тағы басқалар еңбек сіңірді.
Бір қызығы – парсы елінің ұлы шайыры Әбілқасым Фердауси осы «Алып Ер Тоңға» дастанын толық күйінде оқыған сияқты.Ол өзінің әлемге машһур «Шахнамасында» Туран елінің патшасы,әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңға жайындағы эфсана-аңыздарды, тарихи деректерді , мақтау өлеңдері мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен пайдалана білген.. Алып Ер Тоңға- Туран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол нағыз жау, басқыншы патша екені мәлім.Сол себепті ұлы шайыр «Шахнамада» Алып Ер Тоңғаны, яғни Афрасиабты бір жағынан жанкешті батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөгеуге әзер тұрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фердауси өз шығармасында Алып Ер Тоңғаның түркі дастанындағы батырлық келбетін көп өзгертпей сол күйінде сомдап берген сияқты.
Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі-батыр шешуші шайқасқа шығарудың алдында қорқынышты түс көреді. Алып Ер Тоңғаның түс көруіне арналған дастанның жыр жолдарын Фердауси өз шығармасында зор шеберлікпен пайдалана білген.Мұнда «Афрасиабтың қорқынышты» түс көруі деп аталатын жырда төмендегідей жолдар бар.
Иран қолы қарақұрым қаптаған,
Жерімізді аямай-ақ таптаған.
Әр найзаға бір-бір басты іліпті,
Бір-бір басты қолтықтап та жүріпті.
Жарқ еткізіп алмас қылыш жасқады,
Қақ ортасынан екі бөліп тастады.
Жаудың келе жатқанын батырдың түс көруі арқылы жеткізу тәсілі қазақтың батырлық жырында да ұшырайды.Мәселен, «Алпамыс батыр» жырында қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы Тайшық батыр да түсінен шошып оянады.Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамыс батырды көреді.
Мен бір бүгін түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Құрсаулы қара бура кеп,
Қарсы қарап шабынды,
Айдарлымды құл қылды,
Тұлымдымды тул қылды[8,43]
Ежелгі түркі әдебиетіне тән бұл көркемдік дәстүрдің сол көне дәуірдің өзінде жазба әдебиеттен жалғасын тапқанын көреміз.Біз сөз етіп отырған «Алпамыс батыр» жыры - Қорқыт ата кітабындағы (VIII ғасыр) «Байбөрі баласы Бәмсі – Байрақ туралы жырдың » сан ғасырлар бойы талай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға жеткен нұсқасы.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?