Биология | Бидайдың жалпы сипаттамасы

 Биология  |  Бидайдың жалпы сипаттамасы

Мазмұны

Кіріспе

Әдебиеттерге шолу
II.Бидайдың жалпы сипаттамасы
II.1. Бидайдың түрлері
II.2. Бидай егілетін аймақтарды өңдеу
III. Бидайдың геномдық құрылымы
III.1.Бидайдың геномының генологиясы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қай дәуірді алсақ та адам өмірі бидаймен тығыз байланыста болған. Осы кезге дейін сақталған кейбір қолжазбаларға көз жүгіртсек, дақыл тарихы тіпті де әріден басталатынын байқаймыз. Мәселен біздің дәуірімізге дейінгі 883 – 856 жылдарда жазылған Ассирия патшасы II – ші Ашурнасиралдың шежіресінде оның Наири еліне жорыққа шығу тарихы баяндалумен қатар, осы елдегі бидай өнімін жинап, бастыру туралы да деректер бар. Бидайдың әртүрлі ерекшеліктері біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылдары – ақ адамға белгілі болғандығы және сол кездің өзінде – ақ бұл дақыл кең көлемде егіліп, пайдаланылғаны мәлім.
Бидайдың бізге белгілі алғашқы түрлері бір дәнділер мен қос дәнділер болатын. Қос дәнділер біздің дәуірімізге дейінгі 7000 – шы жылдары Ефрат пен Тигр өзендерінің аралығында, онан кейін шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 4000-шы жылдары Батыс Азияда, Мысырда өсірілген.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша екі жүз миллион гектардан астам жерді бидай алқабы алып жатыр.
Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар егіншілікпен өте ерте заманнан – ақ айналысқан.
Қазіргі көзқкарас бойынша бидай полифилеттік жолмен шыққан екі туыстасқа жататын үш түрдің немесе Е.Р.Моррис пен Э.Р.Сирстің жаңа классификациясы бойынша бір ғана Triticum туысына жататын әртүрлі плоидты үш түрдің будандасуы арқасында пайда болған. Бидайдың амфидиплоидтарының пайда болу схемасы кестеде көрсетілген.
Н.И.Вавиловтың болжамы бойынша бидайдың шыққан, егіншілікке еніп, таралған ортасы мына аймақтар болып саналады: Алдыңғыазиялық (мәдени жалғыз дәнді, тургидум, қатты, жұмсақ, шығыс және персид, тимофеев, мех және тағы басқа бидайлар), жерортатеңіздік (қос дәнді – эммер, поляк, кәдімгі қос дәнділер және қатты бидайлар), абссиндік (қатты, поляк, тургидум және қос дәнді – эммер бидайлары). Орта азия аймағы аласа және домалақ дәнді бидайлардың алғашқы шыққан жері ғана емес, сонымен қатар жұмсақ бидайлар үшін де қайта қалыптасу ортасы болды. Бидайдың пайда болу және егіншілікке таралған орталары туралы осы айтылған тұжырымдамаларды қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі мақұлдап отыр.
Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия, орталығы – қазіргі Иран, т.б. елдер. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты. И.С.Сүлейменовтың (1973) топшылауынша, біздің елімізде Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 жылдан өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола, т.б. облыстар аумағында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн/га, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай өндірудегі ірі мемелекеттер қатарына Қытай, АҚШ,ресей, т.б. жатады. Қазақстан республикасында өсірілетін бидай астығының 80% - дан астамы Солтүстік қазақстан аймағының үлесіне тиеді.
Дәннің жылтырлығына, көлемдік массасына, түсіне, сары пигменттердің мөлшеріне, т.б. қарай қатты бидайға жоғары талаптар қойылады. Талапқа сәйкес қатты бидай екінші типке жатады және қоңыр янтарлы және ашық янтарлы болып екі подтипке бөлінеді. Әрбір подтип үш класты және классыз бидайды біріктіреді. Класты астықта кем дегенде 22 – 28% дән уызы болуға тиіс және екінші топтан төмен болмау керек, көлемдік масса 770г/л және одан да жоғары болады, бидай дәнінің басқа типтері 10 – 15% - дан аспайды және астық қоспасы 15% - дан аспауға тиіс: класты бидайдың барлығында дәннің түсі тиісті тип пен подтиптің түсіне сәйкес келуі керек: астық аурудан, қызып кетуден аман болуға, нақты сортқа тән түсі мен қалыпты иісі сақталуға тиіс.

Әдебиеттерге шолу

Өсімдіктердің дүние жүзілік ресурстарын зерттей отырып Н.И. Вавилов басты-басты екпе өсімдіктердің шығу орталықтарын 8 ошаққа бөлді, индиялық ошақ – күріштің, қант қамысының, цитрустардың отаны, ортаазиялық ошақ – бидайдың, бұршақтың және басқа дақылдардың отаны, Қытай – дәнді дақылдар (тары, қарамақ, сояның), алдыңғы азиядан бидайдың және қарабидайдың көптеген формалары және жеміс-жидектердің біраз түрлері шыққан. Одан басқа жерорта теңізі, абиссина, оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка ошақтары бар. [1].
Тұқым, сорт және штамм дегеніміз белгілі бір тұқым қуалайтын ерекшеліктері бар, адам қолдан жасап шығарған организмдердің популяциясы. Бір тұқымның, сорттың немесе штаммның ішіндегі дарақтардың тұқымқуалаушылық жағынан бекіген, ұқсас, ортақ қасиеттері болады. Олар беретін өнім, физиологиялық және морфологиялық қасиеттердің белгілі бір жиынтығы және сыртқы орта факторларына бір типті жауап беруі Селекция үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі мен эволюциясын зерттемей тұрып, өсімдіктердің қазіргі бар формаларын жаңарту, жақсарту мүмкін емес [2].
Қандай болмасын тұқым, сорт, штамм одан белгілі бір өнім алу мақсатында шығарылады. Жекелеген қасиеттер мен белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын ескере отырып, селекционер өзінің қалауы бойынша будандастыру арқылы оларды келесі ұрпақтарда бір-біріне сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы, бидай дәнінің сапасы оның сабанына, жүгері сабағының ұзындығын собығының мөлшеріне т.б. белгілеріне сәйкестендіру болады. Мұндай белгілердің тұқым қуалауы Мендель заңдарына сай жүреді. Осы заңдылықтарды терең білгенде ғана селекционер әртүрлі будандастыру әдісітерін қолдана отырып, организмнің бойындағы қажетті қасиеттерді дамытып, қажетсіздерін алып тастай алады.
Селекцияда өсімдіктердің әртүрлі сорттарына тән генетикалық ерекшеліктерді бір-біріне ұластыру үшін комбинативтік өзгергіштік қолданылады. Мысалы, селекционер П.П. Лукьяненко өзінің атақты безостая-1 сортты бидайын шығаррарда бастапқы материал ретінде аргентиналық клейн – 33 жаздық бидайын және лютесценс күздік бидайын алған. Сонда безостая 1 клейн 33-тен сабағының қысқалығын, тез пісіп-жетілетіндігін және дақ ауруына төзімділігін, ал лютесценстен күздік белгісін тұқым қуалап алған [1].
Өсімдіктер селекциясында мутациялық өзгергіштік те кеңінен қолданылады. Мутация – тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бастапқы қайнар көзі. Кез-келген өсімдікте өздігінен әртүрлі мутация пайда болып жатады. Табиғи жағдайда мутацияға табиғи сұрыптау әсер етеді. Ал қолдан сұрыптауда мутацияны селекционер өзі жасайды.
Сорттар өздерінің тұқым қуалайтын ерекшеліктері жағынан жабайы ата тектеріне өзгеше болады. Жабйы формаларға қаншама қолайлы жағдай туғызып, қолда өсірсе де, өздерінің қолға үйретілген туыстарындай өнім бере алмайды.
Өсімдіктердің екпе, формаларын адам тек секірмелі түрде өздігінен болатын мутацияны қолдан сұрыптаудың негізінде бірнеше буын бойы қалыптастыру арқылы алған. Сонымен бірге қазіргі кезде селекцияда экспериментальды немесе индукциялық мутагенезді қолдану кең етек алып отыр. Бұл мақсатқа радиация, химиялық қосылыстар сияқты түрлі мутагендік факторлар қолданылады. Селекцияда радиоактивті сәулелер қолданудың пионерлері Ресей ғалымдары Надсон, Филиппов, Делоне және Сапегиндер болып есептеледі [3].
Өсімдіктер селекциясы үшін үлкен маңызы бар тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі – полиплоидия. Соңғы жылдары жүогізілген зерттеулердің негізінде көптеген полиплоидты формалар алынды. Хромосом сандарын екі есе көбейту, яғни диплоидты жағдайдан тетраплоидты жағдайға келтіру өсімдік көлемінің ұлғаюына, кейбір органдары салмағының артуына ықпал етеді. Мысалы, тетраплоидты қара бидайдың (Федоров шығарған) 1000 дәнінің салмағы 55-56 гр, ал сол сортқа жататын диплоидты формасының салмағы 29 г.
Селекцияда будандастырудың әртүрлі жүйесі қолданылады. Ол туыстық будандастыру – инбридинг. Туыстық будандастыру генотиптері жағынан бір-біріне жақын организмдердің арасында болатындықтан олардан көбінесе гомозиготалы ұрпақ алынады. Ал мұндай будандастыруды ұзақ уақыт пайдаланып, өсімдіктердің бойында пайдалы қасиеттері бар гомозиготалы таза линияларын алуға болады. Туыстық будандастыру өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті таза линиялар алу мақсатында кеңінен қолданылады.
Популяция құрамындағы рецессивті гендердің көпшілігі организм үшін тиімді бола бермейді, сол себепті егер туыстық будандастыру жиі қайталанса, сорт азғындайды. Сондықтан туыстық емес будандастыру әдәсә қолданылады. Мұндай жағдайда әртүрлі линияларға жататын дарақтар будандастырылады, соның нәтижесінде олардың ұрпағының тұқым қуалайтын қасиетері жақсарады [2].
Қ. Әренов қабықсыз бидайлар астық бастыру кезінде масақша қабықшасынан оңай ажырайды, әрі олардың масақ өзекшелері сынғыш емес. Қос дәнділер (қабықты) керісінше масақша және гүл қабықшаларынан оңайлықпен ажырай қоймайды, әрі олардың масақ өзекшелері сынғыш келетінін анықтаған. [1]
М. Жанзақов Қазақстанның оңтүстігінде жаңа оңтүстік – шығысында Орта Азияның тәлімі жерлерінде өсірілетін бидай сорттары (Кресная звезда, Эритросперум – 841 және т.б.) кең тараған. Жаздық бидайдың Оңтүстік пен Шығыс Қазақстанда егілетін сорттары қазіргі классификация бойынша басқа топтарға жатқанымен, өздерінің қасиеттерінің ерекшелігіне байланысты жеке экологиялық топ құрайды. Бірқатар шөлді және таулы жерлдерде ортаазиялық суармалы жерлер тобына жататын сорттар кездеседі. Басқа аймақтық топтардың ішінде біздің жерлеріміз үшін ең маңыздылары – солтүстік – орыс, орталық – орыс, гибридті солтүстік – американ, батыс – европалық орманды және орманды – дала топтарына жататын бидайларды топтастырған. [2]
Сорттарды шығаруда және аудандастыруда экологиялық классификацияны К.И.Вавиловтың басшылығымен К.Л.Флякобергер, М.М.Якубцинер және басқалар жасаған. Соңғы кездері Ф.М.Куперманның жұмыстарының негізінде бидайдың басқа классификациясы жасалды. Бұл классификация бидай түрлерінің морфофизииологиялық сипаттамаларын әрі өсіп – даму ерекшеліктерін терең зерттеу арқылы жасалды. [3]
Халық шаруашылығындағы маңызы: Жаздық бидай - маңыздылығы жағынан дәнді дақылдар арасында бірінші орын алады және еліміздің барлық аймақтарында егіледі. Ол өте құнды тағамдық дақыл. Дәнінде 18-24% - ға дейін ақуыз болады. [4]
Жаздық бидайдың массасы мен масақшалары түптену кезінде қаланады. Масақтағы масақшалар мөлшері осы кездегі өсімдіктің ылғал және қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты. Тозаң мен тұқымбүршік құралар кезде ылғалдың өте жетіспеуі,тозаңдануы зиянын тигізеді де алақат дәнділікке,тіпті бос масақтылыққа әкеліп соғады.Ауаның өте құрғақтығы мен аңызақтылығынан өсімдіктің зақымдануын ыстық ұру деп аталады. [5]
Жұмсақ және қатты бидайлардың бірқатар биологиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар екенін есте сақтау керек. Жұмсақтың қаттыға қарағанда топырақ пен температураға талаптары төмен. Қатты бидайдың пісуі жұмсақтан кеш, бірақ ол жатып қалу мен үгітіліп – шашылып қалуға төзімдірек, гессен шыбынынан аз зақымданады, тат және тозаңды күйе ауруларына шалдығуы сиректеу. Қатты бидайдың топырақ құрғақшылығына төзімділігі нашарлау, бірақ жұмсаққа қарағанда ауа құрғақшылығына төзімділігі артық. [6]
Күздік бидайдың жаздықпен азық-түліктік маңызы бірдей бола тұра, ұйымдасытыру – шаруашылық құндылығы одан жоғары. Күздегі егіс және жаздық бидаймен салыстырғанда өте ерте жину (7-10 күндей), өндіріс құралдары мен адам еңбегін толық және бер келкі пайдалануға мүмкіндік береді. [7]
Күздік бидай үшін құнарлы, ылғал жеткілікті, арам шөптерден таза, рекацмясы бейтарап (рН 6-7,5) қара және қара-қоңыр топырақтар өте қолайлы. Құмдауыт топырақтарда ол өнімді өте аз береді. Азот пен фосфорды түптену – гүлдеу, калийды масқтану және гүлдеу кезеңдерінде өте көп қажет етеді. Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық кезеңін қосып есептегенде) 180 -300 күн аралығында. [8]
Солтүстік Қазақстанның төрт облысының үлесіне жаздық бидайдың 80%-дан астамы тиеді, ал оның ішінде қатты бидай 3-5%. Қазақстанның солтүстігінде қатты бидайдың егіс көлемінің оның өндірісінің азаюының негізгі себебі – оның биологиялық ерекшеліктерін ескеру мен өсіру технологиясының кемеліне жетпегендігі. [9]
Қарабидай – бидайдан кейінгі маңызды астық дақылы болып есептелінеді. Ұндық – нандық сапасы бойынша, ол тек бидайға ғана орын....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?