Биология | Сұр қойларының қанындағы ферменттер белсендігі

  Биология | Сұр қойларының қанындағы ферменттер белсендігі

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. Әдебиеттерге шолу
1.1. Ферменттер – тіршілік негізі
1.2. Ферменттердің химиялық құрамы
1.3. Ферменттердің активтік катализдік орталығы
1.4. Ферменттер атаулары және классификациясы
1.5. Қан биохимиясы
2. Зерттеу зерзаты мен әдістемелері
3. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
3.1. Тәжірибеде қолданылған қойлардың сипаттамасы
Саулықтар мен төлдердің фермент белсенділігіне қарай өсіп-өну қабылеті
3.3. Фермент белсенділігінің алынған төлдердің жасына қарай тұқым дәрежесі, орта көрсеткіші мен өзгергіштігі
3.4. Фермент белсенділігінің қозы елтірісіне әсер
3.5.Төлдердің дене түзілісі мен өсіп-жетілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымдылығы мен өнімділігін мейлінше жас кезінде анықтаудың маңызы зор, себебі жоғары препотентті жануарларды селекциялық жұмыста ұзақ мерзімде қолдана отырып, жалпы популяцияның генетикалық біркелкілігін тезірек ұлғайтуға болады. Бұл жұмыс қаракөл қойын өсіргенде көп қажет, өйткені олардың шаруашылыққа тиімділігі 5-6 жасында-ақ аяқталады, ал қошқарлардың тұқымдық сапасы қалыпты жағдайда 2 жасында анықталатынын ескерсек, қажетті типтегі малдардың генетикалық потенциясы көп жағдайда жүзеге толық аспай кетінін аңғарамыз.
Кейінгі кезде малдардың тұқымдық сапасын анықтау үшін олардың интерьерлік белгілері зерттеле басталды. Әсіресе қанның белок пен фермент типтерінің ерекшеліктері, тұқым қуалауы мен белсенділіктері анықталып, көп белгілердің ұрпаққа берілетіні, организм мен шаруашылыққа, өнімдерге тікелей әсер ететіні дәлелденді.
Осы жағдайға байланысты біздің жұмысымызда оңтүстік сұры қаракөл қойларының аминотрансфераза ферменттерінің белсенділік параметрлері ата-анасы мен төлдерінде зерттелді. Бұл сияқты жұмыстар мүйізді ірі – қара малда, шошқада көбірек жүргізілген болса, биязы жүнді қой тұқымында аз кездеседі, ал қаракөл қойында фермент белсенділіктері өте сирек зерттелген. Сондықтан біздің дипломдық жүмыстың тақырыбы осы мәселелерді қамтиды да ғылыми, әрі шаруашылыққа маңызы бар деп есептейміз.
Зерттеу мақсаты: – қаракөл қойының қанының сарысуындағы аминотрансферазаның тұқым қуалауы мен кейбір селекцияландырылатын белгілермен корреляциясын анықтау болып табылады. Алынған тәжірибе нәтижелері биохимиялық тесттереді ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды селекциялық жұмыстағы іріктеу мен жұптастыру кезінде қосымша белгілер ретінде қолдана отырып, малдардың өнімділік қасиетін алдын ала, ерте жасында болжауға жағдай жасайды.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселерді шешу жолға қойылды: асырааминдеу ферменттерінің қаракөл қойындағы тұқым қуалау қасиеті мен өзгергіштігі;
1 аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігі бойынша мал басының өсіп өну қасиеттері;
2 аминотрансфераза белсенділігінің қаракөл сапасына әсері;
3 ферменттер мен қойлардың өсуінің, салмағының, дене құрылысының, жүн өнімділігінің арасындағы байланысы;
4 аминотрансфераза белсенділігінің тұқым қуалағыштығы мен селекцияландырылатын белгілермен корреляциясы;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс материалда бетке компьютерлік текстпен теріліп берілген, 6 кестеден тұрады . Жұмыс құрылымы бойынша, кіріспеден, әдебиетке шолу, әдістемеден, зерттеу нәтижелерінен және қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: қан сарысуының аминотрансфераза АСТ және ААТ ферменттерінің активтілігін және олардың төлдердің жасына қарай өзгергіштігін зерттедік.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Мал өнімдері ферменттерін активтік деңгейімен өте тығыз байланысты. Кейбір ферменттер зат алмасудағы көптеген процестерді бақылайды. Соның ішінде аминотрансферазалар организмдегі амин қышқылдарының алмасу күйін көрсетеді. Аса маңызды трансаминазаларға, аспартат - аминотрансфераза және аланин аминотрансфераза ферменттері жатады. Бұл ферменттердің катализдейтін реакциялардың нәтижесінде аспарагин, глутамин және аланин аминқышқылдары синтезделеді.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Қаракөл шаруашылығында жүргізілетін асылдандыру жұмыстарының тиімділігі қаракөл қой топтарында жүретін селекциялық-генетикалық процестерге тікелей байланысты.
Әртүрлі ауылшаруашылық малдарынын түрлерімен, тұқымдарымен асылдандыру жұмыстарын жүргізген кезде олардың шыққан тегіне, экотерьеріне, конституциясына, өнімділігі мен ұрпағынын сапасына көңіл бөлінетіні белгілі. Солай болса да бұл жұмыста кейбір кемшіліктерге жол беріледі. Мысалы, малдарды шыққан тегіне ата тегіне қарай бағалаған кезде оның тұқымының тумай тұрып жақсы болатынын күтеміз. Бірақ іс жүзінде «жақсыдан жақсы туар» деген қағида көбінше сақталғанмен осы алдын ала болжау кейбір кезде растала бермейді.
Селекциялық жұмыста малдарды іріктеп алуды өнім мен ұрпақ сапасына қарай жүргізілетіні белгілі. Бұл жұмыс көп қолданылады, біріақ өзіндік ауыртпалығы мен кемшіліктері бар. Соның бірі қаракөл қойларының, әсіресе қошқарлардың 2,5 жасқа шейін өз тұқымын бергенше сапасын анықтауға мүмкіндік бере алмайтыны. Бұл жаста оның өмірінің жартысы өтіп кетеді де, жоғары асыл тұқымды болғанымен шаруашылықта қолданылуы 3-4 жыл шамалы болып қалады.
Осы жағдайларға байланысты кейінгі жылдары ғалымдар малдарды бағалаудың өте тиімді әдістерін анықтауын үшін жан-жақты ізденістер жүргідуде, әсіресе олардың жеке басынын потенциясын жасырық кезінде анықтау мәселесі өте мыңызды. Бұл ретте малдардың сыртқы белгілері көбірек зерттелсе, өңду ішкі тұқым қуалайтын заттары, соның ішінде қан құрамындағы белоктар мен ферменттердің типтері және белсенділігі сияқты сұрақтар бойынша іңденістер жүргізіле бастады.
Қанның құрамында белоктар мен ферменттердің қасиеттерін және басқа да сұрақтарды иммуногенетика пәні зерттейді. Бұл пән генетиканың жанадан ашылған бір бөлімі болып саналады да былайша 1947 жылы қалыптасты деп есептеледі, ал негізгі қанды зерттей бастау ғасыр басында басталған болатын. Алғашқы кезде адамдар мен дануарлар қанының группаларын анықтауға бағытталған. Бертін келе электрленген қағазда, немесе крахмал, агар және полиакриламид гельдерінде белоктар анықтала бастады. Соңғы кездерде өмірдегі белсенді құрылым – ферменттер зерттеліп жатыр. Олар биологиялық катализаторлар бола отырып, тканьдер мен клеткалардың құрамында өмірдегі барлық процестергеқатынасатыны дәлелденді.
И.М.Лернер мен Х.П.Дональптың /1/ хабарлау бойынша белоктар мен ферменттер бірнеше фракциядан тұрады, ал әр фракция әртүрлі қасиетімен полиморфты деп танылды.
Белоктардың мен ферменттердің типтері мен генотиптері кодоминантты түрде нәсіл қуып, әрбір адам мен жануардың өміріне өзгеріссіз қалады екен. Осы қасиет кейбір жағдайда малдардың өсіп-есуіне, өнімділігіне әсер ететін болып шықты. Сондықтан өмір бойы жүргізіліп келе жатқан селекция тек шаруашылыққа тиімді белгілерді өзгертіп қоймай, белок пен ферменттердің құрылыс тепе-тендігін өзгертіп жібереді.
Соңғы кезде ферменттердің белсенділігі ғалымдардың көңілін аударды, себебі бұл фактордың да өзгеріп тұратыны және өнімділік көрсеткіштерге әсер ететіні белгілі болды. Солардың ішінде асыра-аминдеу ферменттерінің белсенділігін айтуға болады. Аминотранс-феразалар, негізгі өмірдегі он қажетті түрліктерді катализдейтін ферменттерде аминдеуде асырып жүргізеді деп саналады. Олар аминоқышқылдар аминоөлігін кетокислотаға тасымалдап, аминоқышқылдардың өзінде синтездеуге қатысады, яғни белок алмастыруда олар өте жоғары қызмет атқарады.
Аминотрансфераза белсенділігі /АсТ - аспартатамино- трансфераза, АлТ- аланинаминотрансфераза /аминокислота алмастырудың тездігін мінездейді, ал тездік синтезбен аминоқышқылдың тканьдер мен организмдегі ыдырауымен жалпы байданысты.
Қазіргі кезде аминотрансфераза ферменттінін тұқым қуалауы мен малдардың шаруышылыққа қажетті әсері туралы шетел мен кешегі кеңес үкіметі ғалымдарында көп мәлімет жиналған. Мысалы, көп жылғы жүргізілген зерттеулеріне сүене отырып О.К.Смирнов және басқалар /2,3/ қанның сарысусындағы аминотрансфераза белсенділігі /АсТ,АлТ/ тұрақты нәсіл қуатын белгі деп есептейді.
Аспартатаминотрансферазада тұқым қуалағыштық коэффициент +0,423, аламинаминотрансферазада + 0,694.
Осы жағдайды Л.Якимчук, А.Терпелюк /4/ В.Дегтярев /5/ В.Волгина, А.Бибикова /6/ және басқалар өз зерттеулерінде дәлелдеген.
Ю.Белогурова және басқалар /7/ мүйізді ірі қара малдың сүтті және етті тұқымдары мен олардың қоспа ұрпақтарын /шортгорн, дала қызылы, герефорд шортгорн қоспасы/ зерттегенде олардың қансарысуындағы аминотрансфераза тұқым қуалауын анықтады. Осы малдарды әртүрлі жұптастырғанда ферменттер белсенділігінің нәсіл қуу коэффициенттері анық және орта аралықта болды деп хабарлайды.
Ірі қара малдың бестужев тұқымымен жұмыс істеген кезде А.В.Игнатьев/8/ аминотрансферазалардың тұқым қуалау коэффициенті кейбір жасында жоғары болғанын, ал кейбір лактация кезінде сүтте қайталану коэффициенті шыдамды бір қалыпта тұрғанын дәлелдеді.
К.С.Сейткалиев, Т.С.Садыкулов, Е.М.Абаканов /9/ жұмысында дегересс, еділбай қойларында жүн салмағы бойынша аминотрансфераза ферменті жоғары деңгейдегі тұқым қуалағыштық мәліметтерін көрсеткен, У.Х.Арипов, Р.Г.Валиев пен И.Р.Расулов /10/ мәлімдемесінде қара қаракөл қойының карнаб популяциясы мен аскания көптөлді типінің, самарқанның ақ түсті зауыттық типінің, бұхар сұрының күміс реңінде ГПЗ Қызылшадағы қара мен көк қойлардың қанының сары суындағы асырааминдеу ферменттерінің тұқым қуу коэффициенттері плюс 0,510-ға шейін көтерілді.
Ал аминотрасферазаның селекциялық белгілерге әсері туралы мәліметтерге қарасақ, О.К.Смирнов, Д.В.Карликов /11/ жазғандай шошқаның ірі ақ тұқымында жоғары белсенділіктегі ферменттері бар малдар семіруге қойғанда жоғары энергиялық өсімділігімен сипатталды.
Б.Г.Бедманикашвилидің /12/ жұмысында аминотрасфераза белсенділігі ромни-марш қойының энергиялық өсуімен 2 айлық кезінде тұрақты корреляцияда болды, бұл көрсеткіш 6 және 7айлық жасына жеткенше де сақталды. Осы нәтижелердің негізінде автор аминотрансферазалық тестерді малдың өсуін болжайтын қосымша белгі ретінде қолдануға болады деп шешім қабылдады.
М.И.Санников, С.А.Казановский, Т.А.Анфиногенова /13/ қойлардың кавказ тұқымымен және оны прекос, солтүстік кавказ ет-жүнді малдарымен жұптастырған кезде алынған төлдермен зерттеу жүргізіп, олардың ішіндегі жоғары энергиялы өсуі бар жануарлар жай өсетіндерге қарағанда қан сарысуындағы АсТ белсенділігі бойынша 19,8°-ке жоғары, ал АлТ бойынша 16,1°-ке жоғары болды. Осы қарым – қатынастарды толық анықтау үшін ғалымдар корреляция коэффициенттерін анықтады. Мысалы, В.Кос пен М.Гавриленко /14/ мүйізді ірі қара малдың қара-ала тұқымындағы таза қанды және будан бұзауларының өсу жылдамдығы мен аминотрасфераза белсенділігінің арасындағы оң корреляцияны анықтады.
Д.Б.Переверзев /15/ қызыл дала тұқымының бұқашаларының 4-6 жасындағы ет өнімділігі көрсеткіштері мен АсТ арасындағы көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болғанын хабарлады.
Зерттеулерінде словак ала тұқымы сиырларындағы сүт өнімділігі мен қанның биохимиялық көрсеткіштері арасындағы қатынастар анықталып, оның ішінде ферменттер АсТ мен АлТ белсенділігі мен майлылығы, сүт бергіш жылдамдығы арасындағы корреляция оң болды /тиісінше r=+20-0,28/. Осыған ұқсас көрсеткіштер мүйізді ірі қара малда Л.Г.Моисейкина /16/, А.Б.Будникова және басқалар /17/, А.Е.Козлова /18/, В.И.Куземчак, И.П.Омельяненко, А.Д.Пасечник /19/ жұмыстарында алынды.
Шошқа шаруашылығында да осындай зерттеулер жүргізілді. Мысалы, В.И.Яременко /20,21/ хабарлағандай, шошқаның әртүрлі тұқымындағы қан сарысуының аминотрасфераза белсенділігі мен өнімділіктерінің арасында корреляция бар, бірақ әртүрлі. Автордың пікірінше көп жағдайда корреляция жоғары, сондықтан оны өнімділігін алдын ала болжау үшін қолдануға мүмкіндік бар.
Қой шаруашылығындағы зерттеулер әр түрлі нәтиже берді. Өзінің жан – жақты тәжірибесінде Е.Б.Ейдригевич /22/ қанның АсТ белсенділігі мен 2 айдан 7 айға шейінгі қозылардың жалпы өсім салмағы арасындағы оң корреляцияны / r=0,45/ анықтап, ал АлТ бойынша бұл байланыс / r=0,44/ болды деп хабарлады. АсТ мен тұтас ет арасындағы корреляция 0,95 болса, АлТ бұл белгіге 0,64 деңгейінде әсер етіпті. Бұл жағдайдың бәрі шаруашылық жағдайында тексерілгенде расталып шықты.
Ц.Яблонский және басқалар /23/ хабарына қарағанда, биязы жүнді фракция, жартылай биязы цигай тұқымының қозыларының өсу жылдамдығы аминотрансфераза белсенділігімен оң корреляция болды.
Ю.А.Перчихиннің /24,25,26/ жұмысында қан сарысуындағы аспартатаминотрансфераза белсенділігі мен линкольн тұқымының шаруашылыққа тиімді белгілері арасындағы корреляция анықталды. Соның ішінде жас малдардың сақталуы мен жүн өлшемі ферменттердің жоғары белсенділігімен оң қатынаста /0,50 мен 0,51/ болып шықты.
О.К.Смирнов пен А.В.Будникова және басқалар /27/ ғылыми жұмыстарында АсТ мен АлТ белсенділігі вятск / r=+0,56/, роман / r=+0,44/, цигай / r=+0,39/ қойларының тірі салмағымен анық корреляцияда болғанын растады.
Л.Н.Чижова /28/ таза тұқымды будан қойлардың шаруашылыққа тиімді белгілері мен қанындағы ферменттерді әр түрлі жасында анықтаған кезде аминотрансфераза белсенділігі мен тірі салмақ және ортасеткелік өсу деңгейімен белгілі бір қарым-қатынаста деп айтады. Осы корреляцияның жоғарғы көрсеткіштері / r=0,33-тен 0,55-ке шейін/ қозылардың 2 айлық кезінде, әсіресе будан малдардың ара - қатынастары жоғары болды.
К.Халматов /29/ хабарында қойдың жайдары тұқымы мен куйбышев, солтүстік кавказ тұқымдарын шағылыстырғанда АсТ белсенділігі жоғары малдар төменгі көрсеткішті жануарлардан ерекше жағдайын байқатты. Мысалы, бірінші бөлімдегі қойлардың сою алдындағы тірі салмағы және соған байланысты тұтас ет салмағы, екінші топтағыға қарағанда әжептеуір жоғары.
АсТ белсенділігі жоғары қойлар төмен көрсеткіші бар малдарға қарағанда тірі салмағы бойынша 11,9%-ға, жүн салмағы бойынша 19,3%-ға асып түсетіні туралы У.Х.Арипов пен С.Р.Рахимова /30/ статьясында айтылады, ал Б.М.Степанова, С.Р.Черкезова мен З.С.Исаева /1979/ хабарында АсТ мен АлТ белсенділігі егіздерге қарағанда жалқы қозыларда жоғары болды. Демек бірінші бөлімдегі малдардың өміршеңдік қабілеті мол деген сөз.
М.Б.Галкин, М.П.Хамицаева /31/, Н.И.Сергеев және басқалар /32/, У.Х.Арипов /33/, К.С.Сейткалиев және басқалар /34/ қойдың төлдегіштігі, қырқылған жүні, тірі салмағы мен АсТ белсенділігі арасындағы байланысты анықтап, ферменттің жоғары нәсңл қуалайтынын айтады, сондықтан оны биохимиялық маркер ретінде селекциялық жұмыста қолдануға болады деп есептейді.
Дегенмен қаракөл қойының қанындағы аминотрансфераза белсенділігі туралы ең бірінші деректі Г.В.Ни мен Д.А.Рахимова /35/ жасады. Бұл жұмыста....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?