Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері

Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

 

 

 

 

 Асылбекова Асель

 

 

 Алматы облысы Қарсай ауданы жағдайында алдыңғы дақылдың күздік бидайдың өнімі мен сапасына әсері

 

 

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 мамандығы 5В080100 – Агрономия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2018

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 коммерциялық емес акционерлік қоғам

 

 ____________________________________________________ факультеті

 

 ____________________________________________________ кафедрасы

 

 

 

 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 Тақырыбы: ____________________________________________________

  ______________________________________________________

  ______________________________________________________

Беттер саны ___________

Сызбалар мен көрнекі

Материалдар саны ________

Қосымшалар _____________

Орындаған ________________________________________________________

(аты-жөні)

20____ ж. «______» _____________________ қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Жетекші ______________________ ___________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

__________________________ _______________________ __________________________

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

__________________________ _______________________ __________________________

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау _______________________ _________________________

(қолы) (аты-жөні)

Сарапшы _______________________ _________________________

(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2018ж.

 ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

_____________________________________________________ факультеті

мамандығы ____________________________________________________

_____________________________________________________ кафедрасы

 

 Дипломдық жұмысты орындау

 

 ТАПСЫРМАСЫ

Студент ______________________________________________________

Жұмыс тақырыбы ______________________________________________

Университет бойынша 20___ ж «___» ________№ _ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 20___ ж «_____»______________________

Жұмыстың бастапқы деректері

 

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда) ___________________

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі ______________________ ________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент ___________________ ___________________________

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жұмысты орындау

КЕСТЕСІ

Рет саны

Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі

Ескертулер

Кафедра меңгерушісі _____________________ __________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі ______________________ _________________________________

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент ___________________ ___________________________

(қолы) (аты-жөні)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.............................................................................................

7

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ......................................................................

8-23

1.1

Бидайдың маңызы, таралуы..............................................................

8-18

1.2

Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі..................................

15-16

1.3

Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі

16-23

2

Топырақ-климат жағдайлары.......................................................

24-28

2.1

Зерттеу жүргізілген жылдарының ауа-райы жағдайы....................

28

НЕГІЗГІ БӨЛІМ...............................................................................

29-43

3.1

Зерттеу жұмысы.................................................................................

29

3.2

Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемесі..................

29-30

3.3

Күздік бидайдың «Стекловидная 24» сортының алдыңғы дақылға байланысты ерекшелігі......................................................

30-35

3.4

Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дән өнімділігі және оның құрылымы.........................

36-38

3.5

Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дәндерінің технологиячлық сапа көрсеткіштері.......

38-41

3.6

Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты экономикалық тиімділігі.............................................

41-43

Еңбек қорғау.....................................................................................

44-51

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................

52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ..............................

53-54

КІРІСПЕ

 Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамытудың басымды бағыттарының бірі - өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан республикада әрбір тағам түрлерінен қауіпсіздік жасауда олардың өндіріс резервіне және өсіру технологияларына үлкен мән беріледі.

 Нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жетекші орын күздік бидайдың үлесіне тиеді. Бүгінгі таңда астық өндірісін қарқындатудағы басты резервтердің бірікүздік бидайды инновациялық технологиямен өсіру арқылы дән өнімділігін және оның сапасын жоғарылату.

 Сондықтан аталған мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы, күздік бидайдың жергілікті жағдайға бейімделген жаңа сорттарын аудандастыру және олардың сорттық технологияларын жасау.

 Соңғы жылдары республика танаптарында жиырмадан астам күздік бидай сорттары себіліп жүр, солардың 50% жергілікті селекция сорттары. Сондықтан, перспективалы күздік бидай сорттарын әртараптандыру аясында өндіріске кеңінен енгізу арқылы стратегиялық маңызды азық-түлік түрінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әсіресе, халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысында нан өнімдерінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі күн талабы.

 Осындай өзекті мәселені жүзеге асыру үшін Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында өндірістік тәжірибе қойылып, күздік бидайдың перспективалы жергілікті сорттары шаруашылықтық құнды белгілері бойынша өзара сыналды. Өндірістік тәжірибенің мақсаты күздік бидай сорттарын өсіру арқылы өңірде астық өнідірісін қарқындату. Тәжірибе жүргізілген Қордай ауданы облыстың егіншілікпен айналысатын ірі өңірі. Ауданның топырақ-климат жағдайлары және су ресурстары ауылшаруашылығы дақылдарын тәлімі және суармалы егіншілікте өсіруге қолайлы. Осыған байланысты, аудан шаруашылықтары жылма-жыл екпе дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, түсімін арттыруда.

 Егер ауданда бүгінгі таңда күздік бидайдың 2-3 сорты өсіріліп жүрсе, оларды перспективалы сорттармен толықтыру арқылы дән өнімділігін арттыруға және сапасын жоғарылатуға мүмкіндік бар. Жоғары өнімді қарқынды күздік бидай сорттары қатарына Жетісу, Стекловидная 24, Южная 12 және Алмалы сорттарын жатқызуға болады.

 Сорттардың потенциалды өнімділігі жоғары 70 ц/га дейін сапалы дән қалыптастыра алады. Сондықтан, перспективалы сорттарды өндіріске енгізу және олардың прогрессивтік технологияларын жасау арқылы астық өндірісін қарқындатуға үлес қосу болып табылады.

 

 

 

 1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 1.1 Бидайдың маңызы, таралуы

 

 Бидай – азық-түліктік дәнді дақыл. Бидай наны ақуызбен көмірсулардың көптігімен және жақсы сіңімділігімен ерекшеленеді. Бидай дәні сонымен қатар жарма, макарон және кондитер өнеркәсібінде де қолданылады. Бидай сапасының маңызды көрсеткіші – дәніндегі ақуыздың мөлшері мен оның сапасы. Халықаралық стандарт бойынша, бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері 13,5% [1].

 Дәндегі ақуыздың мөлшеріне климат пен топырақ жағдайлары және енгізілген тыңайтқыштар әсерін тигізеді.

 Бидай нанындағы ақуыздың сапасы өте жоғары және олар жақсы сіңіріледі. Бидай ұнының нандық қасиетін бағалағанда, оның маңызының (клейковинасы) мөлшері мен сапасының рөлі зор. Маңыз құрамында негізінен ақуыздық заттар – глиадин мен глютеин кіреді. Оның сапасы мен мөлшерімен нанның көлемдік шығымы мен жұмсағының қуыстылығы анықталады. Нанның жоғары көлемдік шығымы, маңыздың иленгіштілігі (созылмалы, иілген, майысқақ) пен қамырдың газ ұстағыш қабілетіне байланысты. Маңызды созылғыштығы 30 см-ден жоғары және 20 см-ден төмен болмауы керек. Нанның жайылу көлемі, оның биіктігінің диаметріне қатысымен анықталады, осындай қатынас жартысынан төмен болмағанда өте жақсы бағаланады. Жұмсағының жоғары бағалануы біркелкі, жұқа қабырғалы ұсақ дәнді қуыстылықта анықталады [2].

 Дәнді астықтар ішінде күздік бидай өте құнды тағамдық дақылдардың бірі. Дәнінің сапасы бойынша ол барлық күздіктерден асып түседі. Бидай наны ақуыз (14%) бен көмірсулардың (80%) көптігімен ерекшеленеді. Дәнінде ақуыздың көп болуына ауа райы мен топырақтың, сондай-ақ берілетін тыңайтқыштардың әсері мол. Күздік бидай күздік және көктемдік ылғалдарды жақсы пайдаланады. Ол топыраққа терең енетін мықты тамыр жүйесін түзу арқасында қоректік заттарды жақсы сіңіреді және құрғақшылықтан аз зардап шегеді. Құрғақшылық пен аңызақтан оның өте ерте пісуі де сақтап қалады. Күздік бидай өнімі жоғары агротехникада және аймақта дұрыс орналасса жаздық бидайдан жоғары, ал күздік қарабидайдан үнемі көп болады. Күздік бидайдың жаздықпен азық-түліктік маңызы бірдей бола тұра, ұйымдастыру - шаруашылық құндылығы одан жоғары. Күздегі егіс және жаздық бидаймен салыстырғанда ете ерте жинау (7-10 күндей), ендіріс құралдары мен адам еңбегін толық және біркелкі пайдалануға мүмкіндік береді.

 Биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Күздік бидай аязға және қысқа өте төзімді дақыл болғанымен, бұл қасиеті бойынша күздік қарабидайға орын береді. Тұқымы өну үшін қажетті ең төменгі температура 1-2°С, қолайлы температура 10-12°С. Күзде және көктемде де түптейді, бірақ күздегі түптенуі өте өнімді болады. Түптеуге қолайлы температура 8-10°С, ал 5°С-та өсімдікте түптену процесі тоқтап қалады. Қарсыз қыста күздік бидай 16-18°С үсіп кетеді, ал қалыңдығы қар жамылғысында 30°С дейінгі аяздарға шыдайды. Жаздағы жоғары температураларды жақсы кетереді, әсіресе ылғал жеткілікті болғанда. Күздік бидай ең жоғары өнімді топырақтың далалық ылғал сыйымдылығы 70-74% болғанда береді. Ауа райы жағдайы мен сорттық ерекшеліктерге байланысты, оның транспирациялық коэффициенті 250-350 [3].

 Күздік бидай үшін құнарлы, ылғал жеткілікті, арамшөптерден таза, реакциясы бейтарап (рН 6-7,5) қара және қара-қоңыр топырақтар өте қолайлы. Құмдауыт топырақтарда ол өнімді ете аз береді. Азот пен фосфорды түптену-гүлдеу, калийді масақтану және гүлдеу кезеңдерінде көп қажет етеді.

 Күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы (қысқы тыныштық кезеңін қосып есептегенде) 180-310 күн аралығында.

 Елімізде 2007 жылға дейін күздік жұмсақ бидайдың 27 сорты өсіріліп келеді. Көп таралғандары - Безостая 1, Мироновская 808, Карлығаш, Комсомольская 1, Богарная 56, Жетісу, Южная 12, Стекловидная 24, Красноводопадская 209 және т.б.

 Соңғы жылдары күздік бидайдың Алия, Егемен жене Саратовская 90 атты жаңа сорттары аудандастырылды [4].

 Қазақстан бойынша (Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) осы кезге дейін күздік қатты бидайдың бір ғана Айсберг Одесский сорты есіріліп келеді [5].

 Күздік бидайдың өсіп - дамуы екі кезеңде өтеді: біріншісі күзде себуден тұрақты бозқырауға дейін және екіншісі көктемгі тірілуінен басталып, дәннің пісумен және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарында қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жиналады.

 Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйінде болады. Күздік жұмсақ бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік ұлпаларындағы судың мөлшері көп әсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің өліп қалуына әкеліп соғады: себебі судың артық мөлшері мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ұлпалар үшін өте қауіпті, ал су жетімдіздігі-протоплазма биоколлоидтарының коагулациясына ұрындырады да, өсімдіктер құрып кетеді [6].

 Күздік жұмсақ бидайдың тұқымы, жаздық бидай сияқты +1-2°С жылылықта өне бастайды, бірақ жаппай өнуі +12-15°С температурада жүреді. Бүл жағдайда егін көгі 6-9 тәулікте пайда болады. Мысалы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің тәжірибелерінде күздік бидай көгі ауаның орташа тәуліктік температурасында 18,6°С жеті тәулікте, ал 15,9 және 12,8°С болғанда (себу мерзіміне байланысты) тиісінше он және он екі тәулікте пайда болады.

 Өсімдіктің көмегімен өсуі 3-4°С жылылықта басталады, алайда өсіп-дамуына қолайлы жылылық 12-15°С. Қысқы, көктемгі төменгі температура мен оның күрт өзгеруіне күздік бидай өте сезімтал. Қар қабаты болмағанда температура -І6-18°С өсімдік опат болады, қар қабаты болса 15-20°С аязға төтеп береді [7].

 Күздік жұмсақ бидай күзде және көктемде +2-4°С жылылықта түптене бастайды, бірақ қолайлы жылылық +12-14°С.

 Солтүстік Қазақстан аймағында қолайлы мерзімде себілгенде 9-20 күннен кейін негізгі сабаққа қоса 2-3 қосымша өркендер қалыптастырады және бүл кезек 30-35 күнге созылады. Жекелеген жағдайларда, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда, өсімдіктер түптеніп үлгермей, қысқы тыныштық күйге кетеді.

 Күздік жұмсақ бидайдың түптенуі мен оның ұзақтығы температураға ылғал мен қоректік заттар қорына, қыстап шықан өсімдік күйіне байланысты өзгереді. Оның ұзақтығы орта есеппен 30-35 күнге созылады [8].

 Түптену кезінде қолайлы температура +15-16°С, масақтану +18-20°С, ал гүлдену мен пісіп жетілу кезеңдерінде +20-25°С. Күздік жұмсақ бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор.

 Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша, себу алдындағы топырақтың 0- қабатындағы тиімді ылғал қоры артық болса, онда өсімдіктердің өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде қолайлы жағдайда өтеді, ал аз болса, өсімдіктің көктеуі жауын-шашынға байланысты.

 Егер ылғал 5мм төмен болса өсімдіктің көктеп шығуы төмендейді, өсімдіктер алғашқы кезеңінде-ақ опат болады.

 Күзгі ылғал жетімсіз болғанда тамыр жүйесі нашар дамиды, көмірсутектері (қанттар) аз жинақталады, егістік нашар қыстап, көктемде әлсіреп шығады, оның үстіне көктемгі ылғал қорын тиімді пайдалана алмағандықтан егін өнімі азаяды.

 Жақсы қыстап шыққан күздік жұмсақ бидай көктемгі тірілу кезеңінен масақтануға дейінгі аралықта барлық қажетті ылғал мөлшерінің 70%, гүлдену балауызданып пісу кезеңінде 20% дейінгі мөлшерін сіңіреді.

 Күздік дәнді-дақылдардың ішінде күздік жұмсақ бидайдың топыраққа талабы жоғары. Ол мол өнімді арамшөптерден таза, құнарлы әрі ылғалды топырақтарда қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік жүмсақ бидайға жарамайды.

 Бидайдың 22 түрі бар. Оның ішінде біздің республикада екі түрі, яғни жаздық және күздік бидайлар егіледі. Жаздық бидай негізінен Қазақстанның суарылмайтын солтүстік, орталық және батыс өңірлерінде өсіріледі.

 Күздік жұмсақ бидайдың өзінің потенциялдық мүмкіншілігі жағынан жаздық бидайға қарағанда түсімі жоғары.

 Сондықтан, ол жауын-шашынмен қамтамасыз етілген аймақтарда және суармалы жерлерде өсіріледі.

 Атап айтсақ, оның негізгі егіс көлемі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанның ылғалмен қамтамасыз етілген тәлімі егіншілігінде және суармалы жерлерінде орналасқан [9].

 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері астық өндірудің елеулі табыстарға қол жеткізеді, дәлірек айтатын болсақ, ол 2009 жылы 24 млн. тонна маңында астық жиналды.

 Еліміздің ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған негізгі міндет-тердің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім алып қана қоймай, топырақ құнарлығын жоғарылату болып табылады.

 Бұл міндеттерді шешуде ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізін жасай, оның ішінде тыңайтқыштардың тиімді мөлшерін, мерзімін, себу тәсілін қолдану басты рөл атқарады.

 Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы негізгі дақылдардың бірі күздік бидайдың егістік көлемі осы аймақта 600 мың га шамасында, осы дақылдарға құрылған ауыспалы егістік пен тыңайтқыштар жүйесі сақталмауы салдарынан оның өнімділік деңгейі 20 ц/га аспайды.

 Қазіргі кезде көптеген ғылыми зерттеу тәжірибелерінің нәтижелері ауыспалы егістік пен тыңайту жүйесін дұрыс құрғанда күздік бидайдан мол әрі сапалы өнім алуға болатындығын дәлелдеп отыр.

 Осы жұмыста күздік бидайдың «Стекловидная – 24» сортына қолданылған минералдық тыңайтқыштардың оның өнімділігі мен сапасына әсерлері және экономикалық жағынан тиімділіктері жөнінде толық деректер келтіріліп отыр.

 Күздік бидай күзде егіліп, ертерек ораққа ілігетін болғандықтан, ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастыруға үлкен жеңілдік туғызады [1, 2].

 Соңғы онжылдықта топырақ құнарлылығы күрт төмендеді, қазіргі таңда жыртылатын жерлердің 80 пайызы жылжымалы фосформен төмен қамтамасыз етілген. 1986 жылы мемлекетімізге айдалған жерге әсерлі затымен минералды тыңайтқыштар енгізілген, ал 2001 жылы , яғни тыңайт-қыш енгізу 40 есеге төмендеді. Бұл жағдайдың бірден бір себебі болып минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнының жоғары болуы болып табылады [3].

 Топырақта қоректік заттардың бір өзі жер құнарлылығын арттыруға қатысты проблемалардың барлығын бірдей шеше алмайды. Сондықтан топырақтың су режимі өсімдіктер тіршілігіне қажетті басты факторлардың бірі болып табылады және оның өзгеру заңдылығы да қоректік заттарға қарағанда басқаша. Топырақтағы су онда өтетін барлық процестерге әсер етуі арқасында өсімдіктерде органикалық заттардың түзілуіне, ыдырауына қатысады. Өсімдік-тердің қоректік заттарды пайдалануына, топырақтың түзілуіне, топырақтың ауа режиміне т.б. процестерге де үлкен әсер етеді.

 Кез келген химиялық реакциялар, яғни заттардың өзара әрекеттесуі ерітін-діде жүреді. Суда еріген заттар өзара оңай жақындасады, тірі организмдегі заттардың синтезіне және ыдырауына әсерін тигізеді. Мұның өзі суды реакциялар жүретін орта ретінде ғана емес, аса қажет құнарлы элементтердің бірі ретінде қарастыру қажет екенін көрсетеді.

 Жалпы алғанда, топырақтың пайдалы ылғалы әр жылғы күзгі, көктемгі жауын-шашын мөлшеріне байланысты болады. Сонымен, ылғалдылығы жеткілікті тәлімі жердегі егістіктерде топырақтағы ылғал қоры күздік бидай себуден бастап масақ салған кезеңге дейін 27- шамасынан кем түспейді.

 Астық піскен кезде ғана ылғал қоры 7,5- төмендейді. Мұның өзі ылғалдылығы жеткілікті тәлімі жерде дәнді дақылдардан тұрақты және жоғары өнім алуды қамтамасыз етеді. Топырақ және тыңайтқыш арасындағы өзара байланысты олардың бір-біріне қандай әсер ететіндігін жетік білу керек екендігін көрсеткен болатын.

 Өсімдіктер біздің планетамыздағы көміртегі айналымын жүзеге асыратын, оны белгілі дәрежеде сақтап тұратын «аппарат» деуге болады. Жасыл өсімдіктер жер жүзінде жыл сайын 400 млрд. т көміртекті қосылыстар түзеді. Осы процесс кезінде 170 млрд.т көмір қышқыл газы мен 130 млрд.т су қосылып, 115 млрд.т оттегі бөлініп шығады. Органикалық заттар түзу үшін өсімдік жыл сайын 2 млрд.т азот пен 6 млрд.т күл элементтерін пайдаланады [4].

 Тыңайтқышты қолдану кезінде өсімдіктегі құрғақ заттар салмағының артуы түптеуден дән салу кезеңіне дейін байқалады. Сол сияқты өсімдік құрғақ затының артуы топырақ ерекшелігіне, ауа райына (жауын-шашын мөлшеріне) байланысты болады. Қара-қоңыр топырақтағы парға егілген күздік бидайдың (бақылау нұсқасында) 100 өсімдігінің түптену кезеңінде үш жылдық орта салмағы болды. фосфор тыңайтқышын (әсерлі затымен) қатарлап енгізген кезде 100 өсімдік салмағы болды. Ал осы фосфор тыңайтқышы үстіне тағы да мөлшерінде фосфор тыңайтқыштарын жерді жыртар алдында енгізген кезде 100 өсімдіктің құрғақ салмағы шамасына жетті. Фосфор тыңайтқыштарын жоғарыдағы мөлшерде, сол тәсілмен ашық қара-қоңыр топырақта қолданғанда күздік бидайдың түптену кезіндегі құрғақ зат салмағы 18,4-, тыңайтылмаған нұсқаларда болды.

 Тыңайтқыштар енгізген кезде өсімдіктің құрғақ заттар салмағы бақылау нұсқасымен салыстырғанда, өсімдіктер өсуінің барлық кезеңдерінде жоғары болып, тыңайтқыштар қолдану нәтижесінде дәнді дақылдар арттыруға мүмкіндік туды.

 Топырақ ылғалы төмен және жауын-шашыны аз жердегі азотпен тыңайтылған өсімдіктер мен тыңайтылмаған өсімдіктер арасында айырмашы-лық шамалы болады.

 Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көбейту және оның сапасын жақсартудағы басты шаралардың бірі – ондағы сіңімді қоректік заттардың мөлшерін арттыру болып табылады.

 Ауыспалы егіс жағдайында дақылдар үшін тыңайтқыш қолдану техноло-гиясын сақтаудың маңызы зор. Өйткені бұл жағдайда тыңайтқыш берудің мөлшері мен мерзімі барлық дақылдар үшін бірдей болмайды.

 Тыңайтқыш енгізу мезгіліне қарай енгізудің 3 тәсілі бар: 1-негізгі тыңайту, 2-тұқымды себу кезінде тыңайту, 3-үстеп қоректендіру.

 Негізгі тыңайтудың басты міндеті дақылды бүкіл маусым бойы қоректік элементтермен қамтамасыз ету. Сондықтан дақылдарға берілуге тиісті тыңайтқыш мөлшерлерінің барлығын немесе 70-80% негізгі тыңайтуда қолданған дұрыс. Негізгі тыңайту көпшілік жағдайда сүдігер жыртар алдында атқарылады және оның мерзімін дақылдардың, аймақтық топырақ-климат ерекшеліктеріне, тыңайтқыш қасиетіне сәйкес белгілейді. Көбінесе фосфор және калий тыңайтқыштарының басым көпшілігі топырақтағы ылғалдың немесе суару әсерінен оның терең қабатына шайылмайды. Демек, оларды көп мөлшерде күзде негізгі тыңайтуда қолданады [5].

 Тұқымды себу кезінде тыңайтудың басты міндеті – өсімдікті алғашқы өсу кезеңінде қоректенуін үдету. Бұл дақыл тұқымды дұрыс және тез көктеп шығуы үшін оның сіңімді қоректік заттармен қамтамасыз етудің маңызды шарасы. Тұқымды себу кезінде қатарларға 10- фосфор қолдану осыған негізделген.

 Азот пен калий тыңайтқыштарын қолдануға да болады. Тұқым топырақтың беткі қабатында орналасқандықтан бастапқы өсу кезінде негізгі тыңайту үшін тереңге енгізілген тыңайтқыштың қоректік затын пайдалана алмайды. Ал тұқымды себу кезінде оның қасына енгізген тыңайтқышты өсімдік алғашқы өсу дәуірінен бастап-ақ пайдаланады.

 Фосфор тыңайтқыштарын тұқымды себу кезінде қатарға енгізгенде оның құрамындағы фосфорды пайдалану коэффициенті 2-3 есе жоғарылайтыны Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жүргізілген тәжірибелердің мәліметтері-мен анықталған.

 Үстеп қоректенудің негізгі міндеті – өсімдіктің белгілі бір кезеңінде қоректенуін күшейту. Үстеп қоректендіруге арналған тыңайтқыш мөлшері және оны енгізу мерзімі әрбір дақылдың қоректену ерекшелігіне сәйкес болады.

 Сонымен бірге дақылдың қоректену ерекшелігіне сәйкес үстеп қоректену-дің мерзімін және қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін нақты анықтаудың маңызы орасан зор.

 Өсімдіктердің қоректенуінің физиологиялық негізінің қызметі ерекше. Өсімдіктер организмінде зат алмасуын реттеп тұратын фактордың – өсімдік қоректерінің теориялық негіздері жасалды. Осы ғылымға сәйкес, өсімдікте үнемі зат алмасып тұрады, яғни алуан түрлі органикалық және минералдық қосылыстардың пайда болу, өзгеру және құрып кету процестері шапшаң қарқынмен жүзеге асады. Өсімдік дүниесінде болатын барлық даму процестері, оның есесіне тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттердің пайда болып дамуы өмір тірегіне – қорекке байланысты [4].

 Өсімдіктің қоректенуін реттеу арқылы ондағы зат алмасу процесіне белсене араласуға, өсімдік организмін көзделген мақсатқа қарай өзгертуге, оның өсуін тездетуге немесе баяулатуға болады екен. Жоғары сапалы өнім алу үшін өсімдіктің өсіп дамуының әрбір кезеңінде онда болатын ерекшеліктерді есепке ала отырып, өсімдікті қажетті қоректік заттармен тиісінше қамтамасыз етіп отырған дұрыс [6,7].

 Органогенездің алғашқы кезеңінде тұқымның ұрық бүршігі қалыптасады, ұрық жапырақшасы өзінің ең жоғарғы көлеміне жетеді. Өсу конусында 2-ші, 3-ші және 4-ші жапырақтар қалыптасады да, конустың бетін жауып тұрады. Себудің алдында және де органогенездің 2-ші кезеңінде енгізілген тыңайтқыш жапырақтардағы бүршіктерді қосымша сабаққа айналдырып өзінің даму циклін толығымен аяқтауына жағдай жасайды.

 Өскін конусының тежеу кезінде азот тыңайтқыштарын енгізген өте тиімді болады. Осы 3-кезеңде жүріп жатқан болашақ дән санының аз немесе көп болуына енгізілген азот тыңайтқыштарының әсері мол.

 Өсімдікті аса құнды қоректермен жабдықтау үшін мынандай жағдайларды жете білген жөн. Біріншіден, өсімдіктің өсіп-дамуының әрбір кезеңінде оның қандай қоректерді қажет ететінін білу керек, екіншіден, өсімдіктің кейпіне (сыртқы пішініне қарай) қарап, қолда бар қоректік заттар оның қажетін өтей алатынын, алмайтынын тез анықтап білу керек, үшіншіден, өсімдіктің өнім құрауына қолайлы жағдай жасау үшін оған қажетті заттар жеткізіп беруге дер кезінде шара қолдану қажет [8].

 Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда бидай және басқа астық дақылдарының өнімінің артуы тыңайтқышты дұрыс, мерзімінде енгізілуіне байланысты [9,10,11]. Азот тыңайтқыштарын қолдану тиянақты зерттелген, яғни көптеген зерттеулерде азот тыңайтқыштарының өнімділікке және дән сапасына оң әсері анықталған [12,13,14,15,16].

 Словакияда жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша күздік бидай өнімділігіне сорт және ауа-райы әсерінің топырақ өңдеуге қарағанда жоғары болатыны дәлелденді [17].

 Күздік бидай сорттардың өнімділігі негізінен түптенуі және аудан бірлігіндегі өсімдік санына тәуелді [18].

 Күздік бидай өсіруде Чехия жүйесі – топырақты өте сапалы өңдеу, себу мерзімі 25.09-5.10, себер алдындағы топырақ өңдеу кезінде фосфор, азот (40 кг/га) енгізу, сонымен қатар көктемде бидай өсе бастаған кезде тағы да N40, түптену кезінде N60 және бидайдың өсуін 71 ц/га көтерді.

 Азот тыңайтқыштарын 60, 90 және 120 кг-га мөлшерінде бір мезгілде немесе бөлшектей қолдану күздік бидайдың жалпы массасын ұлғайтып, оның дән өнімділігіне әсері аса байқалды. Өнім 50-60 ц/га деңгейіне жоғарылады [19, 20].

 Польшада әр сортқа байлансыты жүргізілген тәжірибеде бидай өнімділігін қалыптастыруда өсімдік жиілігі болу қажеттігі дәлелденді. Мысалы, бір сорттар үшін жоғары өнім 1 шаршы метрге 600 дана тұқым, ал басқа сорттар үшін 750 дана тұқым сепкенде қалыптасатыны көрсетілді [21].

 Күздік бидайды әртүрлі жиілікпен сепкенде (1 м2-ге 500, 400, 300 дана дән) өнімділік, масақ саны, дән саны себу мөлшерінің ұлғаюына байланысты өсетіні анықталды. Бірақ жекелеген өсімдіктердің көрсеткіштері сирек егістікте жоғары болды [22].

 Күздік бидайды өсірудің әртүрлі технологиясын салыстыру арқылы орта деңгейдегі интенсивтік технологияның (азот тыңайтқышын бөлшектей беру және фунгицидті бір мезгілде беру) тиімді екені көрсетілді [23].

 Күздік бидайдың жоғарғы өнімі оның мына төмендегідей өнім құрамы қалыптасқан жағдайда алынатыны дәлелденді: өнім беретін сабақ саны – 850-1000 дана/м2, масақтағы дән саны 24-25 дана, мың дәннің салмағы 45-47 гр (108 ц/га өнім алынды).

 Күздік бидай суармалы жағдайда тыңайтқыштардың жоғарғы мөлшерін беру құрғақ биомассаның түзілуі 180-190 ц/га жетті, 240 кг/га азот енгізу кезеңінде егістік жығылуы орын алды. Азот тыңайтқышын N180-240 кг/га, фосфор P90-120 кг/га артық беру кезінде өнімнің өсу қарқыны байқалмады. Оңтайлы тыңайтқыш беру әр гектарға N180 P90 кг/га [24, 25, 26]. Күздік бидай-дың Пико сортына жүргізілген танаптық тәжірибелердің нәтижелері бойынша P30K60 аясында тыңайтқыштарын енгізудің тиімді мөлшері (N140 мөлшеріне дейін), мерзімнің өнімділікке әсері анықталды.

 Азот тыңайтқыштарымен ерте көктемде қоректену бидайдың өсу процес-терін, түптенуін ұлғайтады, тамыр шірігінен ақ ұнтақ, қоңыр тат, швед шыбыны және тағы басқа зиянкестерге төзімділігін жоғарлатады, ол қорыта келе жоғары өнімділіктің құрылуына мүмкіндік береді. Ең жоғарғы өнімділік (4, 16 т/га) N140 P30 K60 (N90 түптену кезеңінде + N50 түтіктену кезеңінде) енгізілген нұсқада болды; аяда гектарына 2,04 тонна өнім алынды. Тыңайтқыштар әсерінің арқасында бидайдың арамшөптерге бәсекеге төзімділігі жоғарылады, яғни ол да өнім құрылымында оң әсер етеді [27, 28].

 Күздік бидайдың жоғары өнімі астық дақылынан кейін - N90 P60 K40 – 35,4 ц/га, сиыржоңышқа+сұлыдан кейін N60P90K90 41,4 ц/га алынды. Азот тыңайт-қышын N120 кг/га деңгейіне көтеру зерттелген барлық алғы дақылдар бойынша тиімсіз болды [29].

 Орманды сұр топырақ жағдайында азот және фосфор тыңайтқыштарын өзара байланысты әсері топырақтағы жылжымалы фосфор 3 пен 9 мг/100 г топырақта болғанда күшейеді. Солтүстік Кавказ және төменгі Поволжье өңірі бойынша суармалы және тәлімі жерлердегі жүргізілген 490 далалық тәжірибе-лерді талдай келе, тыңайтқыш қолдануда, біріншіден азоттың, одан соң фосфордың және калийдің өніп-өсудегі маңызын атап көрсетті [30, 31].

 Азот тыңайтқышының оң әсері сиректену сәбілген егістікте, әр өсімдіктің жеке даму көрсеткішіне байланысты жоғары болды. Ал жиі егісте азот тыңайтқышы тиімсіз пайдаланылады [32, 33, 34]. Егістік жерді жалдап өңдеу мәселесіне кейінгі жылдары ден қойылып келді. Оның топырақ қасиетіне және астық өнімділігіне оң әсері дәлелденді [35, 36, 37, 38].

 

 1.3 Күздік жұмсақ бидайдың суыққа төзімділігі

 

 Күздік жұмсақ бидайдың қыстап шығу кезінде ортаның қолайсыз факторларына, алдымен төменгі температураларға төзімділі күзгі вегетация кезеңіндегі өсіп-даму процесстерімен тығыз байланысты.

 Бұл процесстер оптималды гидротермиялық жағдайларда ғана ойдағыдай жүруі мүмкін.

 Көптеген ғылыми-зерттеулерде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс тау бөктеріндегі суарылмайтынын күздік жұмсақ бидайдың суыққа және қысқа төзімділігін арттыру үшін егу мезгілінде егістікте қалыптасатын гидротермияық жағдайларды толық пайдалану мәселелеріне көңіл бөлу керек.

  Осыны ескере отырып, біз бейімдеу технологиясының негізгі элементтерін өзгерту арқылы (себу мерзімі және себу мөлшері) күздік жұмсақ бидайдың интенсивті сорттарын қажетті селекциялық процесс жұмыстарын қолдана отырып және оларды сұрыптап, сөйтіп жоғары өнім алу мақсатын қарастырдық.

 Күздік жұмсақ бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты өсіп-көктеу, түптену, сабақтану гүлдеу және пісу даму сатыларынан өтеді.

 Күздік жұмсақ бидайдың жаздық бидаймен салыстырғанда айырмашылығы ол күздегі жауын-шашынды, сондай-ақ жаз, күз соңындағы және көктем басындағы жылуды тиімдірек пайдаланады.

 

 1.4 Қоршаған орта жағдайларына бейімделуіндегі сорттардың рөлі

 

 Сорт, ауыл шаруашылығының талаптарына толық жауап беруі үшін, оның бағалы шаруашылық және биологиялық қасиеттері, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделуі тиіс. Сонда аудандастырылған сорттардың өнімін гектарынан 1,5-4,0 центнерге арттыруға, ал бірқатар сорттар бойынша бұдан да жоғары түсім алуға мүмкіндік бар. Кезінде Қазақстанға Безостая 1 сортының орнына Опакс 1 күздік бидайының жаңа сорты келді. Ол 1993 жылы Алматы облысында 50 мың гектардан астам егістікке себілген болатын. Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институты ғалымдарының бақылаулары бойынша күздіктер үшін қыс жағдайлары өте қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл сорттың көктемге дейін сақталуы стандарттан 5,8%-ға жоғары болған, қысқа төзімділігі жоғары болуы есебінен өнімділігі де стандарттан орта есппен гектарынан 0,2-0,3 тоннаға жоғары болған. Шымкент облыстық ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясының суармалы ауыспалы егісінің қара сұр топырақтарында Безостая 1 және Днепровская 521 бидай сорттарымен жүргізген зерттеулері жоғары агротехникалық фонда Днепровская 521 сорты Безостая 1 сортына қарағанда жоғары өнімді, дәнінің сапасы жағынан да басым болатындығын көрсетті [10].

 Астық тұқымдастарының интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай физиологиялық көрсеткіштерге фотосинтездік, өнімділік, фотосинтезбен тыныс алу арасындағы қатынас және жалпы дәннің өнімділік мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Фотосинтездің тиімділігі көп жағдайда өсімдік органдарының, әсіресе, жапырақттың (сабақтың) көлеміне байланысты болады.

 Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды шараларының ішінде күздік бидайдың ауруларға төзімді жоғары сапалы сорттарын шығару, оларды өндіріске ендіру және олардан жоғары өнім алу ең маңыздысы болып есептеледі. Күздік жұмсақ бидайды суарылатын және тәлімі жерлерде өсіру кезінде алаңның бір бірлігінен әр түрлі деңгейде адам өміріне қажет зат алынатындығы белгілі.

 Соңғы жылдары, күздік бидай үшін жоғары сапа және өнімділіктің аналогтары болып саналатын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш сорттары аудандастырылды. Олардың өнімділігі конкурстық сорт сынау питомнигінде, суармалы жағдайда гектарынан 7,5- 9,5 тоннаға жетті. Бұл сорттардың қысқа төзімділігі, жоғары өнімділігі мен сапалығы Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысындағы мемлекеттік сорт сынау питомниктерінің мәліметтерімен дәлелденді.

 Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысы үшін өнімділік потенциалы 90-120 ц/га жететін, ауруларға төзімді, дәнінің сапа көрсеткіштері жоғары, суыққа, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділігі жоғары сорттар шығарылуда. Мәселен, соңғы жылдары Қазақстанның біраз аймақтарында, шет елдерде, жоғары сапалы агроэкотипке жататын Прогресс, Алматинская полукарликовая, Қарлығаш сорттары аудандастырылған, Богарная 56 жэне ОПАКС сорттары тәлімі жерлерде жоғары сапалы астық өндіру талаптарына сай келеді. Тұқымы жоғары сапалы күздік бидай сорттары алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда гектарынан 80-100 ц, ал қалғандарында 20-40 ц өнім береді. Өнімнің деңгейін және тұрақтылығын жоғарлату үшін күздік бидайдың тұрақсыз метеорологиялық факторларға бейім сорттарын шығару қажет.

 Астық өндірісін ұлғайту және оның сапасын жақсарту, сондай-ақ осылармен байланысты еңбек өнімділігін жоспарлы дамытуда және өнімнің өзіндік құнын төмендетуде сорттың маңызы өте зор

 Ғалымдардың және практиканттардың пікірінше сорт, ауыл шаруашылығының талаптарына толық жауап беруі үшін, оның бағалы шаруашылық және биологиялық қасиеттері, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделуі тиіс. Сонда аудандастырылған сорттардың өнімін гектарынан 1,5-4,0 центнерге арттыруға, ал бірқатар сорттар бойынша бұдан да жоғары түсім алуға мүмкіндік бар [11].

 Кезінде Кубаның күздік бидай егілетін негізгі аудандарында, Украинаның далалы және орманды далалық аймағында алдыңғы қатарлы агротехникалық тәсілдермен қатар Безостая 1 және Мироновская 808 күздік бидай сорттарын өндіріске енгізу өнімнің жылдам өсуін қамтамасыз еткендігін көрсетті. Бірақ олар шығарғалы жарты ғасырдан астам уакыт өтті және олар басқа топырақ-климат жағдайларына арналып шығарылған болатын. Сондықтан кейінгі кезде Қазақстан үшін Безостая 1 сортының орнына Опакс 1 күздік бидайының жаңа сорты келді. Ол 1993 жылы Алматы облысында 50 мың гектардан астам егістікке себілген болатын. Бұрынғы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының бақылаулары бойынша күздік бидай үшін қыс жағдайлары өте қолайсыз болған жылдары (1981, 1985) бұл сорттың көктемге дейін сақталуы стандарттан 5,8 пайыз жоғары болған, қысқа төзімділігі жоғары болуы есебінен -өнімділігі де стандартпен салыстырғанда орта есеппен гектарынан 0,2-0,3 тоннаға жоғары алынған.

 Сорт ауылшаруашылық өндірісін өзгертетін негізгі буын, сондықтан жаңа сорттарды өсіру үшін олардың тұқымын жақсартып, егудің агротехникалық мәселелерін шешу қажет. Себебі, туындап отырған мәселелерді дұрыс шешу көп жылдары бойы, жоғары, әрі тұрақты өнім алуға және елдің, бүкіл ауыл шаруашылығының жоғары тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді [12].

 Кезінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында егістік жердің 50 пайызынан көбін алып жататын күздік бидайдың Безостая 1 сорты болатын. Бірақ, соңғы жылдары Безостая 1 сортының орнына, қысқа төзімділіғі жоғары және өнімділігімен ерекшелінетін күздік бидайдың жаңа интенсивті сорттары өндіріске шығарылып, белсенді түрде енгізілуде.

 Өсімдік барлық даму немесе онтогенездің жеке этаптарының дамуының ерте немесе кеш болуы генеративті мүшелерінің қалыптасуы, гүлденуі және жеміс беруінің ерте немесе кеш болуына қатысты ерте пісетін және кеш пісетіндерді түсіндірді.

 Вегетациялық кезең термині өсімдіктің көктеуінен бастап, вегетацияның аяқталуын көрсетеді. Бұл толық пісушілік жаздық дақылдарда тұқымның өнуінен, түзілуіне дейінгі уақытпен аяқталады. Кейінгі жылдары, күздік бидай үшін жоғары сапа және өнімділіктің аналогтары болып саналатын Прогресс, Алматинская полукарликрвая, Қарлығаш сорттары аудандастырылды. Олардың өнімділігі конкурстық сортсынау питомнигінде, суармалы жағдайда гектарынан 7,5-9,5 тоннаға жетті, Бұл сорттардың қысқы төзімділігі, жоғары өнімділігі мен сапалығы Қазақстанның осы аймақта орналасқан мемлекеттік сорт сынау питомниктерінің мәліметтерімен дәлелденді [13].

 Прогресс сорты 1984 жылы Алматы облысында аудандастырылды. Гектарынан потенциалды өнімділігі 9.0-10,0 тоннаға дейін жетті. Осы сорт 1985-1986жж қыс мезгілі жағдайларының қолайсыздығына қарамастан, Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының "Қаскелең" тәжірибе шаруашылығының егістік жерлерінде оптималды себу мерзімінде егілген бұл сорттың көктемге дейін сақталуы 86 пайыз, ал гектарынан өнімділігі жеті тонна болды. Бұл сорт басқа сорттарға қарағанда суыққа төзімділігі және жоғары өнімділігімен ерекшеленді.

 Интенсивті типті Алматинская полукарликовая сорты жауын-шашынмен қамтамасыз етілген тәлімі жерлерде аудандастырылған. Қысқа төзімділігі орташа. Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі жерлеріндегі мемлекеттік сорт сынау участоктарында сыналған жылдары бұл сорттың көктемге сақталуы орта есеппен алғанда 71 пайыз болды, бұл стандарт ретінде алынған Безостая 1 сортынан 5,7 пайызға жоғары еді. Сонымен қатар орташа өнімділігі де стандарттан 0,84 т/га жоғары болды.

 Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының селекционерлері шығарған күздік бидайдың Жетісу, Алмалы және Таза сорттары суыққа және қысқа төзімділігі жоғарылығымен ерекшеленді.

 Конкурстық сорт сынау нәтижелері бойынша олардың орташа өнімділігі стандарт Прогресс сортымен (8,61 т/га) салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып шықты (9,56 т/га). Бұл сорттардың қыстап шығу деңгейі де 4,9 пайызға жоғары болды [14].

 Астық тұқымдастардың өнімділігін анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа санымен 1000 дәннің массасы негізге алынады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баға береді.

 Селекциялық материалды бағалағанда оның белгілерінің өсу ортасына байланысты өзгерістерін ескеру керек. Азғантай көлемдегі егістіктің өнімділігі - сорттың жағдайға байланысты өзгерістерін, өнімділігі мен масақтағы дән саны, 1000 дәннің салмағы секілді көрсеткіштері орта жағдайына байланысты қатты өзгеріске ұшырайды.

 Сондықтан селекциялық номерлер мен сорттарды өнімділігі бойынша бағалағанда тәжірибе арасында модификациялық өзгерістің әсерін азайтатын бірдей жасау қажет.

 Астық тұымдастардың интенсивті сорттарын шығарғанда мынадай физиологиялық көрсеткіштерге фотосинтездік, өнімділік, фотосинтезбен тыныс алу арасындағы қатынас және жалпы дәннің өнімділік мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Фотосинтездің тиімділігі көп жағдайда өсімдік органдарының, әсіресе, жапырактың (сабақтың), көлеміне байланысты болады.

 Мәдени дақылдардың өнімділігі 20 ғасырдың 2-ші жартысында, 2-3 есеге артты. Яғни жердің интенсификациялық факторының арту себебі, оның зиянкестеріне, дақылдың түрлі ауруларына төтеп беруі болып табылады. Егерде жаңа дамып келе жатқан мемлекеттерде өткен ғасырдың 60-70 жылдарында дәнді-дақылдың өнімділігі біріншіден жердің құнарлығына, ал екіншіден сортына байланысты дейді. Мысалы Германияда 1952-1975 жылдар аралығында күздік бидайдың жылдық өнімі гектарына 92 ц құрады, оның 62% жаңа технологияларға байланысты болды.

 Кененбаев С.Б. (2008) орталық жетістіктеріне тоқатала келіп, былай деді. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының селекционер ғалымдары қазіргі уақытта ауылшаруашылығы дақылдарының 391-ден аса сорттары мен будандарын шығарып, мемлекеттік сынақ комиссиясына тапсырған. Соның ішінде, бүгінгі күні олардың 146-сы аудандастырылып, шаруашылықтарда кеңінен қолдануда.

 Жеке дақылдарға келетін болсақ, күздік бидайдың республикада пайдалануға рұқсат етілген сорттардың барлық саны 24, оның ішінде орталықтың шағарғаны 12, яғни 50% құрайды.

 Күздік бидайдың 12 сорты Қазақстан Республикасында және басқа көршілес мемлекеттерде кеңінен қолданылады.

 Еліміздің егіс алқабының 80% немесе 500 мың гектары өз сорттарымыздың еншісінде. Осы сорттар ішінде өнім жағынан, сапасы мен ауа райының қолайсыз жағдайына төзімділігі бойынша ерекшеленетіні, суармалы жерлерде қолданылатын қарқынды Жетісу сорты мен тәлімі жерде егілетін Стеловидная 24 сорттары, олар барлық күздіктер себілетін жерлерде кеңінен қолданылады, сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжік Республикасында өсірілуде.

 Прогресс, Жетісу, Эритроспермум 350 және Пиротрикс 50 сорттары өнімділігімен қатар суыққа да төзімді. Богарная 56 сорты сапалы бидай ұнының негізі болып есептелінсе, Пиротрикс 50 сорты жемшөпке лайықтылығымен ерекшеленеді. Оның құрамындағы лизин мен белок 3,7%, ал кәдімгі жұмсақ бидайда 2%. Южная 12, Стекловидная 24, Эритроспермум 350, Наз, Алмалы, Жетісу, Дербес, Раусин сорттары біздің республикадан басқа іргелес Орта Азия елдерінде пайдалануға рұқсат етілген. Жаңадан шығарылған сорттар ішінде Алмалы сортына 2003 жылы пайдалануға рұсқат берілген, ал күздік себетін оңтүстік аймақтар мен Тәжікстанда қолданады. Алмалы сорты өзінің жоғары өнімділігіммен (75 ц/га дейін) және ауа райының қолайсыз жағдайына төзімділігімен ерекшеленеді. Ол сары тат ауруы мен секториозға төзімді, ұн және нан пісіру сапасы жөнінен бағалы бидай қатарына (клейковинасы-28%, ұнның күштілігі -288 Дж., нан көлемі – 850 мм3, нан пісу бағасы-4 балл жатады [15].

 Оңтүстік Қазақстан өңірінде күздік бидайдан аса сапалы өнім алуы үшін, өндірісте шығынды аз жұмсап, бәсекелестікке сай сапалы дән өндіру, агротехниканы үнемі жетілдіріп отыру және аудандастырылған сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты себу мөлшерін және тыңайтқыштарды топыраққа енгізу тәсілдемесін, үнемді агротехнология жүйесін зерттеу ғылымының басым бағытына ие [16].

 Күздік бидайды әртүрлі тәсілмен (жай қатармен , тар қатармен , тоғыспалы әдіспен) себу өзара салыстырылған. Тар қатармен және тоғыспалы әдіспен себудің жай қатарға қарағанда өнімділігі және дән сапасын төмендететіні анықталған. Сондықтан авторлар өз тәжірибелерінде күздік бидай сорттарын жай қатармен, , таспалы екі ізді (70х20х20 см) және таспалы 3 ізді (70х15х15х15 см) сеуіп, тәсілдерді өзара салыстырған. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отыра, олар төмендегідей қорытындыға келген. Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Оңтүстік Батыс ауылшаруашылығы ғылыми зерттеулер орталығының тәжірибе алқаптарында күздік бидай сорттарын 70см арақашықтықта 3 қатарлап жолға еккенде дәннің өнімділік деңгейі бақылау нұсқасынан (жаппай ) қарағанда 1,4-1,7 ц/га артық дән жинауға мүмкіндік жасайды, бірақта бұл нұсқа арақашықтықпен жалға 2 қатарлап сепкенде қарағанда дән 11,7 ц/га кем жиналған. Демек, жалға 2 қатарлап арақашықтықта 2,0 млн. дана өнгіш тұқым сепкенде өнімділік көрсеткішінің едәуір артатынын байқаймыз. Сонымен қатар, дәннің сапасы да жай қатармен себілген нұсқаға қарағанда, таспалы екі ізбен себілген нұсқада жоғары болғанын байқаймыз.

 Оспанбаев Ж.О., Жанаев Р.К. (2005) өз зертеулері нәтижелеріне сүйене отыра, күздік бидайдың Жетісу, Алмалы, Стекловидная 24, Эритроспермум 350 сорттарының себу тәсілі мен мөлшерінің жапырақ фотосинтетикалық қызметі мен дән өнімділігіне әсерін анықтаған. Тәжірибеде күздік бидай сорттары жай қатармен гектарына 5,0 млн. дана тұқыммен, кең жалды – 4,0 млн. дана, жалды таспалы екі қатармен (70х20х20 см)-1,5; 2,0; 3,5 млн. дана; жалды таспалы үш қатармен (70х15х15х15см) 1,5; 2,5; 3,5 млн. дана тұқыммен себілген [17].

 Астық түсімінің мөлшері тек жапырақ алаңшасының көлеміне ғана емес, сонымен қатар өсімдіктердің өсіп-жетілу кезеңіндегі өтімді қызметіне тәуелділігін көрсетеді.

 Сирек және орташа жиіліктегі егістіктердегі әрбір өсімдіктің жапырақ алаңы көлемінің үлкен болып, биомассасы артады, бірақ егістің жалпы ассимиляциялаушы жапырақ көлемі, әсіресе өнім беретін масақтар саны үйлесімді деңгейге жетпейді.

 Осының әсерінен сирек және орташа жиіліктегі егістер дән өнімін аз мөлшерде құрайды. Кейін пайда болған жанама сабақтар масағындағы дәндердің нашар толысып, толық піспеуі әсерінен өнім сапасы төмендейді.

 Қазақстанның оңтүстік шығысындағы ашық қара-қоңыр топырақты суармалы жерлерде жалдап себу тәсілімен өсірілген күздік бидайдың құрғақ биомасса өніміне азот тыңайтқыштардың мөлшері, мерзімі, тәсілдерінің әсері анықталған. Азот тыңайтқыштарының өсімдіктердің құрғақ биомасса өнімділігіне оң әсері дәлелденген [18].

 Жамбыл облысының құрғақ далалы тәлімі жерлерінде күздік бидайдың Богарная 56, Наз, Стекловидная 24, Адыр, Арап сорттарын өзара түсімділігі және дәннің негізгі сапа көрсеткіштері бойынша бағалаған [19].

 Ізденушінің деректері бойынша, аталған күздік бидай сорттары орташа есеппен тәлімі жерлерде 14,4-17,9 ц/га өнім беріп, оның дәніндегі белоктар мазмұны 14,1-15,9% жеткен, дәннің көлем салмағы 705-840 г/см3, 1000 дән массасы 39- аралығында ауытқыған. Ең жоғары өнімді Қырғыз селекциясының Арап сорты қалыптастырған 15,1-20,9 ц/га.

 Соңғы жылдары күздік бидайдың сары, қоңыр та және септориоз ауруларына шалдығуы жиілеп кеткен. Әсіресе, республикада 1980-1993 жылдары аудандастырылған Стекловидная 24, Богарная 56, Жетісу, қарлығаш, Прогресс сорттары жапырақ ауруларына төзімсіз. Егістікте ауруға төзімсіз сорттардың көптеп себілуі сары және қоңыр тат ауруларының жаппай талалуына себеп болып отыр.

 Сондықтан сары тат ауруларына төзімсіз сорттарды жақсарту үшін иммунді сорттармен «донор» будандастыру қажет. Ауруға төзімді сорттарға Наз, Алмалы және Дербес жатады. Сондықтан да оларды селекция жұмысында жергілікті төзімсіз сорттардың иммундік қасиеттерін арттыру үшін донор ретінде қолдануға болады. Алмалы сорты будан тәсілімен алынған күздік бидайдың жаңа сорты. Оны республиканың оңтсүтік облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Жаңа сорт 1999-2003 жылдары дән өнімділігі жағынан сорттық сынаққа түсіп, барлық 19 сорт сынақ пункітінде тексеріліп, олардың 17-інде бірінші орын алған. Әсіресе, Безостая 1, Стекловидная 24, Богарная 56, Южная 42, Жетісу сорттарымен салыстырғанда әр гектардан 3-20 ц артық өнім берген [20]. Алмалы сорты жоғары өнімді, ауруға және экологиялық жағдайларға төзімді, сондықтан оны барлық облыстарда әртүрлі топырақ типтерінде, суармалы, тәлімі жерлерде өсіруге болады.

 Айтымбетова Қ.Ш. және т.б. (2009) тәжірибелерінде, күздік бидайдың 45 сортары мен үлгілері экологиялық сынақтан өткізілген. Оларды өсімдіктер биіктігі, масақтағы дән массасы, 1000 дән салмағы, өнімділіг бойынша бағалаған. Алмалы, Ақ дән, Стекловидная 24 сорттары стандарт сорт Жетісудан өнімділігі бойынша басымдық байқатқан. Сол себепті, Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінде күздік бидайдың сортүлгілері экологиялық сынақтан өтіп, морфологиялық ерекшеліктері, өнімділігі, фитопатологиялық төзімділігі бойынша келешегі бар сортүлгілер мемлекеттік сорт сынау комиссиясына ұсынылған [21].

 Батыс Қазақстан облысы жағдайында күздік бидай сорттарының өнімінің сапасын белок мөлшері, дән өнімділігі, дән сапасы, нанның шығымдылығы, жалпы нан пісіру және т.б. көрсеткіштер бойынша бағаланған. Аталған бағалау деректері бойынша сорттар күшті, құнды, күштілігі шамалы бидайлар тізіміне енгізілген [22].

 Облыс жағдайында күздік жұмсақ бидай сорттарының сапа көрсеткіштерін бағалау нәтижелері бойынша бидайлардың сорттық құрамы мен сапасын жақсарту мақсатында перспективалы Саратовская 90, Ершовская 11, Левобережная 2 және 3, Жемчужина, Поволжья, Смуглянка сорттарын пайдалану керектілігі айтылған. Аталған сорттар өнімділігімен қатар қамырдың жақсы физикалық қасиеттері мен жақсы нан пісіру артықшылығына қарай бағаланған.

 Әдебиеттерге шолу бөлімін сараптай келе, төмендегідей тұжырымға келеміз. Күздік бидай өсіру технологиясымен айналысушы ғалымдар әрбір топырақ-климат жағдайында әрбір аудандастырылған сорттарға сорттық агротехника жасау керек деген пікірге келеді. Сондай көзқарасты біздер де мақұлдап, оларды жергілікті жағдайға бейімдеу қажеттілігін жұмыстың негізгі мақсаты деп білеміз. Себебі шаруашылықта өсірілетін күздік бидай сорттары негізінен республиканың оңтүстік-шығысында шығарылған сорттар, сондықтан олардың жергілікті топырақ-климат жағдайларына бейімделген сорттық агротехникасы жасалынбаған. Сондықтан, өңірде аудандастырылған күздік бидай сорттарын шаруашылықтық құнды белгілері бойынша салыстырмалы бағалаудың ғылыми-практикалық маңызы зор.

 Дәннің сапалық көрсеткіштері. ТМД елдерінде күздік дақылдар барлық дәнді және дәнді бұршақ өсімдіктер өнімдерінің 33% береді.

 Дәнді дақылдарды өсіргенде басты назарды өнімділікпен қатар дән сапасына аударады. Дәннің негізгі сапалық көрсеткіштеріне ақуыз бен клейковина мазмұны жатады.

 Себебі, аталған көрсеткіштермен негізінен дәннің технологиялық, ұнды-наубайханалық қасиеттері және тауарлық бағалылығы тығыз байланысты. Әлем нарығында дән бағасы оның құрамындағы белок мазмұнына тікелей тәуелді. Сондықтан, күшті бидайлардың сатылу бағасы, егер ол стандартқа сәйкесті болса, онда сапасы төмендеу бидай дәнінен бағасы 30-50% жоғары.

 Дән құрамының маңызды бөлігіне- ақуыз жатады. Ақуыз негізнен аминқышқылдарынан тұрады, олардың ішінде 8 ауыстырылмайтын аминқышқылдары. Олар тірі организмдердің қалыпты тіршілігіне өте қажетті. Бірақта аталған аминқышқылдары адам және жануар организмдерінде синтезделмейді, тек қана өсімдік тағамдары арқылы толықтырылады.

 Дәннің белоктылығы және клейкоина сапасы тұқым қуалайтын қасиет, сондықтан көбінесе дәнді дақылдар сорттары арқылы анықталады.

 Дәндердің ақуыздылығы аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне және нақтылы жылдың агрометеорологиялық жағдайларына байланысты өзгереді.

 Дәннің химиялық құрамы ғалымдарды ертерек қызықтырған. Дәннің биохимиялық дамуының бастапқы этапы француз ғалымы Ж.Б.Бусенго (1802-1887гг) байланыстырады.

 Ол тыңайтқыштардың және топырақ-климат жағдайының бидй дәнінің химиялық құрамына және клейковина мазмұнына әсерін зерттеген.

 Дәннің химиялық құрамын зерттеумен 19 ғасырдың ортасында белгілі неміс ғалымы Юстус Либих айналысқан. Ол өзінің көптеген еңбектерінде ұн мен дән мазмұнындағы минералдық заттарды талдаған.

 19 ғасырдың аяғында, француз ғалымы Э.Жирардың (1830-188жж.) және Т.Кожутани (1848-1915жж.) еңбектерінде дән биохимиясының дамуына үлкен мән берілген.

 Э.Жирар өзінің бидай дәнінің химиялық құрамы және бидай ұнын даярлау технологиясын жазған. Кожутани клейковинаның физикалық қасиеттерін сипаттайтын құрал жасаған.

 Белгілі орыс ғалымдары ішінде, дәннің химиялық құрамын зерттеген К.С.Кургоф болды, ол 1814 жылы ферменттердің іс әрекетін ашқан. Ол анықтаған ұн құрамында ферменттер бар, ол крахмалдан қант түзелу процессін жеделтеді.

 19 ғасырдың ортасында Москва университетінің профессоры Н.Е.Лясковский (1865) бидай дәнінің химиялық құрамы жұмысында төмендегідей маңызды қорытындыға келген, оның ұйғарымы бойынша батыстан-шығысқа қарай бидай егісін жылжыту, яғни құрғақ аудандарға, онда дән құрамындағы белок мазмұны көбееді екен. Сондықтан Н.Е.Лясковский алғаш рет дән сапасының клима жағдайларымен байланысын анықтаған.

 20 ғасырда академик Д.Н.Прянишников дән сапасына және оның құрамындағы белокқа суғару режимінің әсерін зерттеген.

 Қазақ революциясынан кейін, дән құрамындағы белокты зерттейтін ғылым дән химизмі өте тез екпінді дами бастаған.

 Барлық дүние жүзінде өсірілетін бидай сорттары негізінен екі түрден тарайды. Осы екі түр бір-бірінен дәннің химиялық құрамы және биологиялық қасиеттері, сонымен қатар технологиялық сапасы бойынша ажыратылады.

 Сондықтан бидай сорттары дәндерінің сапа көрсеткіштерін анықтаудың ғылыми-практикалық маңызы зор және оны әртүрлі топырақ-климат жағдайларында тексеруді қажет етеді.

 Сол себепті, біздер шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда перспективалы күздік бидай сорттарын нақтылы топырақ-климат жағдайында дән өнімділігі және сапасы бойынша зерттедік.

 2 Топырақ-климат жағдайлары

 

 Алматы облысы, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыстың аумағы 223,1 мың шаршы километрді алып жатыр немесе барлық республика жерінің 8% құрайды. Облыстың солтүстік-батыс бөлігінде Балқаш шөлді аймағы созылып жатыр, шығысында Балқаш-Алакөл шұңқыры орналасқан, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Іле Алатауының, Күнгей Алатауының және Жоңғар Алатауының таулы сілемдерімен көмкерілген. Облыстың ауылшаруашылығына жарамды жерлері көлемі 8214,1 мың гектарды алып жатыр, бұл барлық аумақтың 37% құрайды, оның ішінде 961,6 мың га, яғни 12% егіске жарамды жерлер.

 Облыс топырақ-климат жағдайларының әртүрлілігі өңірді 6 табиғи-шаруашылықтық аймақтарға бөлуге мүмкіндік жасайды, олардың әрқайсысы ауылшаруашылығы өндірісінде маңызды. Оған нивалды, биік таулы, таулы-далалы, тау бөктері шөлді далалы, шөлді болып бөлінеді.

 

кесте 1- Алматы облысы табиғи аймақтарының көлемі

 

№№

Табиғи аймақтар

Теңіз

деңгейінен биіктігі (м)

Аймақтың

жалпы көлемі

(мың га)

Облыс жерінің

жалпы аумағынан

үлесі (%)

 1

Биік таулы

2000 аса

1472,0

5,1

 2

Таулы және аласа таулы

1100-1700

1530,4

5,3

 3

Таулы-далалы

700-1000

2394,7

8,3

 4

Тау бөктері шөлді-далалы

450-700

5015,0

17,3

 5

Шөлді

350-450

13159,5

45,3

 

 Нивалды аймаққа таулардың басындағы мәңгілік қарлар, мұздақтар мен жылжымалы топырақ жамылғылары жатады, сондықтан олардың ауылшаруашылық өндірісіндегі маңызы шамалы.

 Зерттеу жүргізілген жерлер – тау бөктері шөлді-далалы аймағына жатады. Бұл өңірде суармалы және тәлімі егіншілік пен биязы жүнді қой шаруашылығы дамыған, ол тау бөктері жазықтығында теңіз деңгейінен 450-700 м биіктікте орналасқан. Аймақтың топырағы - ашық-қара қоңыр, сұр және шалғынды-сұр. Топырақтың беткі қабатындағы қара шірік мазмұны 1,1-2,5% аралығында ауытқиды. Ашық-қара қоңыр және сұр топырақты ұсақ тастар төселген жерлер тау бөктері жазығының алдыңғы бөлігінде орналасқан. Олардың көпшілігі Кетмен және Жоңғар Алатауының тау бөктері жоталарында таралған. Топырақ кескіні аз дамыған, ал тауаралық және өзен аңғарларына шалғынды-сұр және аллювиальды-шалғынды топырақтар тән. Суармалы егіншіліктің негізгі дақылдары болып күздік және жаздық бидайлар, сәндік және сүрлемдік жүгері, қант қызылшасы, көпжылдық шөптер, көкөністер, сонымен бірге темекі және жүзім өсіріледі.

 Тау бөктері шөлді–далалы аймағына сипаттамалар көрсеткендей, бұл өңірдің ауасының орташа жылдық температурасы 8,0-9,00 С, +100С жоғары ең температуралар жиынтығы 3000-35000С; орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 220-400 мм, өңірде тәлімі және суармалы егіншілік дамыған, барлық ауылшаруашылығы дақылдарын өсіріп, олардан мол өнім алуға мүмкіндіктер бар. Аумақтың ылғалмен қамтамасыз етілуі табиғи ылғалдану деңгейімен бағаланады, оны ылғалдану коэффициентімен белгіленеді (Кы). Ол жауын-шашын соммасы мен вегетция кезеңіндегі өсімдіктердің өсуне қол жетімді топырақтағы ылғал қорының сол кезеңдегі булануға қатынасы.

 Вегетация кезеңіндегі жылумен қамтамсыз етілу көрсеткіштеріне вегетация кезеңіндегі ауаның оң температуралар жиынтығы қабылднады, яғни +100С жоғары температура. Ылғалдану жағдайына байланысты облысты 5 аудандарға бөледі. Зерттеулер жүргізілген жерлер – қуаң тау бөктері ауданына жатады.

 Өте қуаң тау бөктері ауданы тау етегі мен орта өте қуаң тау бөктері ауданы тау етегі мен орта таулы аймақты қамтиды да климат жадайларының тұрақсыздылығымен сипатталады. Оң температуралар жиынығы 3000-35000С құрайды. Сол кезде 150-200 мм ылғал түседі. Ауа ылғалдылығы дефицитінің көктемгі және күзгі жиынтығы 260 мм, ал белсенді температуралар кезеңінде 1720-1800 мм. Қар қабатындағы ылғал биіктігі 3-70 мм құрайды.

 Егістік тәжірибелер 2013-2016 жылдары Іле Алтауының арғы бетінің тау бөктерінің суармалы жерлерінде Қазақтың егіншілік және өсмдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, «Үш қоңыр» көрмелеу телімінде салынды. Тәжірибе алаңшасының топырақ жамылғысы тау бөктерлі карбонатты ашық қара қоңыр топырақ. Топырақтың жыртылу қабатындағы қарашірік мөлшері -2,06% жалпы азот – 0,144%, жиынтықты азот мөлшері -0,070%. Тәжірибе алаңшасы топырағында жылжымалы қоректік элементтер мазмұны төмендегідей болды, жылжымалы фосформен өте төмен қамтамасыз етілген, ал қозғалмалы сілтілі гидролизденген азотпен төмен және алмасушы калиймен қамтамасыз етілуі жоғары (2 кесте).

 

кесте 2- Тәжірибе алмасуының агрохимиялық сипаттамасы (2017ж.)

 

Топырақ типі

Топырақ қабаты, см

 Көрсеткіш

 %

қара шірік

Ашық-қара қоңыр

0-30

2,06

0,144

  Тәжірибе алаңшасы топырағы грануметрлік (механикалық) құрамы бойынша орташа саздақты. Топырақтың негізгі түйіртпектілігі ірі болып келеді, яғни ұсақ шаң тозаңдардан орташа және қалған бөлігі ұсақ шаң тозаңдардан тұрады.

 Басымдық түйіршіктер -0,05-0,01 мм. Жердің еңістігі (0,003-0,005) болғандықтан суғару нәтижесінде топырақтың тұздану мүмкіндігін жоққа шығарады. Ыза суларының орналасу тереңдігі 5-8 м. Топырақтың жоғарғы қабатындағы (0-20 см) қара шірік мазмұны -2,6%, ол тереңдеген сайын қара шірік мөлшері баяу азаяды. Қара шірікті қабаттағы азоттың жоғары жалпы мөлшері (0,14-0,15) және фосфор (0,14-0,19). Суда еритін тұздардың жалпы мөлшері 0,08% аспайды, сондықтан аталған топырақ тобын тұзданбаған және қант қызылшасын өсіруге жарамдылар қатарына қосуға болады.

 Ақшылт қоңыр топырақтың су-физикалық қасиеттерін М.И.Рубенштейн (1957) зерттеген, оның нәтижелері 3 кестеде көрсетілген.

 

кесте 3 - Ашық қара қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері (М.И.Рубенштейннің деректері бойынша)

 

Топырақ қабаты, см

Меншікті салмақ, г\см3

Көлем-дік салмақ, %

Қуыстылық, %

Солу коэффициен-ті

 %

Танаптық ылғал сиымдыл-ық

 мм

 0-10

 2,58

 1,11

 53

 6,5

 7,21

 20,2

 22,4

 10-20

 2,59

 1,15

 56

 6,2

 7,13

 20,5

 23,6

 20-30

 2,60

 1,30

 50

 6,2

 8,06

 19,7

 25,6

 30-40

 2,61

 1,20

 54

 6,0

 7,2

 19,5

 23,4

 40-50

 2,64

 1,20

 56

 6,29

 7,54

 19,4

 21,3

 50-60

 2,65

 1,18

 56

 5,8

 6,84

 19,0

 20,6

 60-70

 2,66

 1,17

 56

 5,8

 6,78

 18,6

 21,8

 70-80

 2,66

 1,24

 54

 5,3

 6,57

 17,3

 21,4

 80-90

 2,69

 1,25

 53

 4,25

 5,31

 16,5

 20,6

 90-100

 2,65

 1,24

 50

 4,75

 5,89

 16,3

 20,0

 Карбонаттардың 56-116 см топырақ қабатында ақшылт тамыршалар, дақтар және көзшелер түрінде білінеді. Топырақ жоғарғы қабатынан бастап қайнайды (көпіршиді).

 0-6 см- қоңыр – сұр түсті, құрғақ, тамырланған, түйіршікті-ұнтақты құрылымды, әлсіз тығыздалған, саздақты.

 24-36 см- сұрлы-қоңыр, құрғақ, тығыздалған, өсімдіктер тамырлары аздау, түйіршіктері берік емес, карбонаттар белгілері, жас тарамдары байқалады, саздақты.

 36-56 см- ақшылт-қоңыр түсті, құрғақ, тығыздалған, әлсіз тамыршалы, қатпарлы-шаңды құрылымды, саздақты, карбонаттары зеңді.

 56-110 см- сарғыш-ақшылт-қоңыр, карбонатты көптеген зең тәріздес белгілерімен.

 Карбонатты ашық-қоңыр топырақтың жоғарғы қабатында қарашірік мөлшері 1,22-2,7% және азот 0,11-0,17% құрайды (3 кесте). Топырақтың төменгі қабатына қарай қарашірік мөлшері күрт төмендей бастайды да, содан кейін баяулайды. Карбонаттар құрамындағы көмірқышқылы мазмұны топырақтың жоғарғы қабатында 2-3% және ең жоғары деңгейі (max) карбонатты-иллювиальды қабатта 6-8% жетеді.

 Топырақтың механикалық құрамы деп онда әртүрлі іріліктегі қатты түйіртпектердің болуын айтады. Түйірпектер – олар механикалық элементтер. Механикалық элементтердің әралуан жіктеулері бар. Оның ішінде кеңірек қолданыс тапқаны, Н.А.Качинский (1965) ұсынған жіктеу. Онда диаметрі 0,01 см және одан кем түйіршіктер жинағын физикалық балшық, ал диаметрі 0,001-ден-1 мм дейінгілері физикалық құм деп аталады. Бұлардан өзге, ірілігі 0,1 микроннан-0,0001 мм кем түйіршіктерді коллоидтар дейді.

 Механикалық құрамдары әртүрлі топырақ типтері өздерінің қасиеттері және құнарлылықтары бойынша айтарлықтай ерешеленеді (4 кесте).

 

кесте 4 -Ашық қара-қоңыр карбонатты топырақтың грануметрлік құрамы

 

Топырақ қабаты тереңдігі, см

 Фракциялар көлемі, мм

1-0,25

0-6

-

11,4

1,4

12,8

 16,6

 18,5

 47,9

10-20

-

12,6

42,1

12,2

 13,0

 20,1

 45,3

25-35

-

15,9

40,2

12,2

 12,7

 19,0

 43,9

42-52

-

17,5

40,5

11,8

 12,6

 17,6

 43,0

75-85

4,4

16,4

42,1

9,9

 11,7

 15,5

 39,1

165-175

3,1

15,2

43,4

10,1

 10,9

 14,9

 37,4

190-200

1,8

12,3

49,1

11,4

 10,6

 12,5

 34,5

240-250

-

9,8

51,1

11,7

 13,2

 13,1

 38,0

 

 4-кесте деректері көрсеткендей, тәжірибе алаңшасы топырағының гранулометрлік құрамы Качинскийдің жіктеу бойынша ірі шаңды орташа құмбалшықты. Фракциялар көлемі құрамы арасында түйірпекті 0,05-0,01 мм үлесі жоғары, яғни топырақтың жыртылу қабатында (0-35 см) -40,2-42,1% құрайды, механикалық элементтер ішінде шаңдауыт фракциялардың мазмұнының жоғары болуы топырақтың физикалық қасиеттерінің қолайлылығын көрсетеді.

 Топырақ құрамының агрономиялық бағалылығын көрсетуші негізгі белгілеріне суға берік агрегаттардың болуы жатады, олар шіріктің мазмұны мен құрамына байланысты болады.

 Қазақстанның тау бөктері шөлді-далалы аймағының топырағы құрамындағы суға берік агрегаттар мөлшерінің аздығымен ерекшеленеді. Ашық қара-қоңыр топырақтың жоғарғы қабатындағы суға берік агрегаттар мазмұны 30-40% жетеді, ал төменгі қабаттарында суға берік агрегаттар үлесі азаяды. Дегенмен, тәжірибе алаңшасының топырағының морфологиялық көрсеткіштерін, механикалық және су-физикалық қасиеттерін талдай келе төмендегідей тұжырымға, дақыл қант қызылшасын өсіруге сипатталған топырақ типі қолайлы және даақылдан жоғары тұрақты өнім алу үшін оны суармалы егіншілікте өсіру қажет.

 

 2.1. 3ерттеу жүргізілген жылдарының ауа-райы жағдайы

 

 Әрбір өсімдіктер организмдерінің дұрыс өсуі мен дамуы, жеміс беру мүмкіндігі мен жоғары өнімділік қалыптастыру, тек қана белгілі бір агрометеорологиялық жағдайлардың нақтылы параметрлерінде ғана жүзеге асады. Климаттық деректер, ауылшаруашылығы өндірісінде қызығушылық туғызады, егер тек қана олармен бірге өсімдіктердің ауа-райына қоятын талаптары белгілі болса, яғни өсімдіктердің жылуға, ылғалға және фитосинтетикалық белсенді радиацияға (ФАР) қажеттілігінің сандық сипаттамасы белгіленсе, сол арқылы мәдени өсімдіктерге қолайлы климаттық жағдайлардың дәрежесін анықтауға болар еді.

 Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында метрологиялық факторлардың, осы мекендер үшін параметрлерінің қалыпты межеден ауытқулары жиі байқалады, олар өнімділіктің әртүрлі деңгейде төмендеуіне әкеліп соғады. Сондықтан, агробиоценоздық дақылдардың экстремалды метеорологиялық жадайлары әсерінен, жоғары өнім қалыптастыруда ылғал-жылу-энергоресурстарды анықтаудың ауылшаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді формасын жасауда теориялық және практикалық маңызы зор.Ізденістер жүргізілген жылдардың метеорологиялық жағдайлары өсімдіктің вегетация кезеңдерінде әралуандылығымен сипатталып, көпжылдық көрсеткіштерден маңызды ауытқитындықтары байқалды.

  Зерттеу жүргізлген жылдардың метеорологиялық көрсеткіштерін талдай отыра, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады. Қыс айларының (желтоқсан, қаңтар, ақпан) орташа айлық ауа температуралары осы кезеңнің көпжылдық көрсеткіштерімен салыстырғанда жылылау болғанын 6-кесте деректерінен көруге болады. Егер, зерттеу жүргізілген жылдар бойынша, қаңтар айының орташа температурасы 2015 жылы-9,60С, 2016 жылы -4,30С, 2017 жылы- 2,50С болса, ал онда көпжылдық көрсеткіш орташа есеппен-10,80С болған, сонда қаңтар айы бойынша тәжірибе жүргізілген жылдардағы ауаның орташа температурасы көпжылдық көрсеткішпен салыстырғанда 2015 жылы-1,20С; 2016ж.-6,50С; ал 2017ж.-8,30С жылылау болғанын кесте мәліметтерінен байұауға болады.

 Осындай температураның өзгеру барысын қыстың басқа айларынан да (желтоқсан, ақпан) байқауға болады.

 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 3.1 Зерттеу жұмысы

 

 Зерттеу жұмыстары Алматы облысы Қарасай ауданы «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ғылыми зерттеу институтында жүргізілді.

 Дипломдық жұмыс мәліметтері 2017 жылы өндірістік практика өту мерзімінде алынды.

 

Зерттеу нобайы

№№

Алғы дақылдар

1

Сүрлемдік жүгері

2

Жоңышқа

3

Майбұршақ

 

 

 3.2 Өндірістік тәжірибенің бағдарламасы және әдістемесі

 

 Қазақстан Республикасы егіс алқаптарында себіліп жүрген күздік бидай сорттарының 50% жергілікті селекция сортары. Бірақта олардың сорттық агротехникасы жергілікті топырақ-климат жағдайларына бейімделген, сондықтан қазіргі кезде олар шаблонды түрде өсірілуде.

 Өндірістік тәжірибенің мақсаты, өңірге аудандастыру үшін ұсынылған перспективалы күздік бидай сорттарын дән өнімділігі және сапасы бойынша салыстырмалы сынау арқылы жоғары өнімді сорттарды таңдау.

 Зерттеудің міндеттеріне перспективалы күздік бидай сорттарының нақтылы себу мерзімін және мөлшерін белгілеу арқылы вегетация кезеңінің ұзақтылығын анықтау және жергілікті топырақ-климат жағдайының және агротехникалық шаралардың дән сапасына әсерін анықтау. Шаруашылық жағдайында перспективалы сорттарды өсірудің тиімділігін дәлелдеу.

 Зерттеу объектісі болып күздік бидайдың Жетісу, Стекловидная 24, және Алмалы перспективалы сорттары алынды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкесті өндірістік тәжірибе қойылды.

 Жетісу. Авторлары: Оразалиев Р.А., Нұрпейсов И.А., Абугалиев И.А., Шегебаев О.Ш. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ шығарған. Орташадан ерте піседі, аязға және қысқа төзімді, жығылмайды және негізгі ауруларға төзімді. Ең жоғары биологиялық өнімділігі 95,6 ц/га.

 Дән сапасы бойынша ерекше бағалы бидай тобына жатады. Пайдалануға 1993 жылдан бастап Алматы, ОҚО, Жамбыл облыстарына рұқсат етілген.

 Стекловидная 24. Авторлары: Оразалиев Р.А., Нұрбеков З.К., Кожемякин Е.В., Надиров Б.Т. Қаз Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ шығарған. Орташадан ерте пісетін сорт, ыстыққа және қуаңшылыққа төзімді. Өнімділігі 26 ц/га. Дән сапасы бойынша күшті бидай тобына жатады. Пайдалануға 1995 жылдан бастап Алматы, Жамбыл, ОҚО жіберілген.

 Алмалы. Авторлары: Оразалиев Р.А., Жангазиев А.С., Қалибаев Б.С., Ғабдуллин К. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік шығысында өсіруге перспективалы сорт. Орташадан ерте пісетін, жығылмайды, сары тат ауруына төзімді. Орташа өнімділігі 68 ц/га жеткен. Дәннің техникалық сапасы жақсы.

 Перспективалы күздік бидай сорттары суармалы егіншілікте өсірілді. Алғы егісі – сүрлемдік жүгері, жоңышқа және майбұршақ. Өндірістік тәжірибедегі қолданылған агротехникалық шаралар – аймақтық технологияға сәйкесті.

 Өндірістік тәжірибеде жүргізілген байқаулар, есептер мен талдаулар:

 1. Күздік бидай сорттарының өсіп-жетілуіне (күзде және көктемде) фенологиялық байқаулар негізгі сатыларында жүргізілді.

 2. Егістік өнгіштікті және көктеу сатысындағы өсімдіктер жиілігін анықтау (тұрақты алаңшадан әрбір нұсқалардан).

 3. Күздік бидайдың сабағының биіктеп өсуі әр нұсқадан 30 дана өсімдіктерді өлшеу арқылы жүргізілді.

 4. Егістіктердің арамшөптермен ластану дәрежесі екі рет (көктеу сатысы, өнімді жинау алдында) анықталды.

 5. Күздік бидай сорттарының өнім құрылымын ( өсімдіктер саны, өнімді сабақ, масақтың ұзындығы және ондағы дәндер саны, 1000 дән массасы, 1 масақтағы дәндер салмағы) талданып анықталды.

 6. Дән өнімділігі әрбір нұсқаларды жеке жинап бастыру арқылы есептеліп, өнім деректеріне математикалық талдау жасалды (Б.А.Доспехов, 1985).

 7. Күздік бидайдың сорттарын өсірудің тиімділігін есептеу (әдістемелік нұсқаулар).

 

 3.3 Күздік бидайдың «Стекловидная 24» сортының алдыңғы дақылға байланысты ерекшелігі

 

 Алматы облысының Қарасай ауданы егін шаруашылығымен айналысатын ірі өңір. Ауданның топырақ-климат жағдайы ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруге және олардың жоғары өнім алуға қолайлы. Аудан шаруашылықтарының барлық егіс алқабы . 2010 жылы аудан диқандары тек қана дәнді дақылдарды 19064 гектарға еккен, соның ішінде күздік жұмсақ бидайдың үлесі болған. Шаруашылықтар күздік бидайдың орташа мерзімде және одан кеш пісетін сорттарын өсіреді. Күздік бидай сорттары ішінде жергілікті селекция сорттарының үлесі жоғары. Соңғы жылдары шаруашылықтың суармалы және тәлімі егіншіліктерінде күздік бидайдың Жетісу, Стекловидная 24 және Алмалы сорттары өсірілуде. Олар күздік бидайдың өнімді қарқынды сорттарына жатады.

 Бидай өнімділігін жоғарылатуда себілетін тұқымның сапа көрсеткіштеріне үлкен мән беріледі. Сол себепті, егістік материалдың сорттық және өнімділік қасиеттері жоғары болуы және жергілікті топыақ-климат жағдайына бейімделуі керек. Көптеген ізденушілердің зерттеу материалдарынан анықталғандай, өндіріске дақылдың жаңа сорттарын енгізу оның өнімділігін рташа есеппен 3-5 центнерге көтерсе, ал қалған өнімнің өсімін 30-32% мөлшерінде сапалы егістік материалдар қамтамасыз етеді [23]. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар, себуге 1 және 2 сыныпқа сәйкес келетін 5-ші репродукциядан төмен емес тұқымдық материалдарды пайдаланса, онда күздіктер өнімділігі орташа есеппен 3-5 центнерге артады. Егістік материалдардың сыныпқа және репродукцияға сәйкес келуі өнім қалыптастырушы маңызды факторлар қатарына жатады [24].

 

сурет 1- Күздік бидай егістігіндегі тұқым себер алдындағы топырақты

өңдеу шаралары және себу

 Күздік бидай сорттарын өсіргенде тұқымдық материалдар спасына үлкен мән беріледі. Қарасай ауданы жағдайында өсірілген күздік бидайдың алдыңғы дақылдарының сапа көрсеткіштері төмендегідей болады (кесте 5).

 

кесте 5 - Егістік материалдардың сапа көрсеткіштері

 

№№

Сорт

Сорттық тазалық, %

Өсу энергиясы, %

Зертханалық өнгіштік, %

Егіске жарамдылық, %

1000 дән салмағы, г.

Нақтылы себу мөлшері, кг.

1

Сүрлемдік жүгері

98

94

96

96

38,6

161,4

2

Жоңышқа

100

91

95

95

40,2

174,1

3

Майбұршақ

98

94

97

97

40,3

162,0

 Кесте деректерінен байқағанымыз, шаруашылықтағы күздік бидай алдыңғы дақылдарының сапасы жоғары болды, сол себепті жоғары өнім қалыптастыру мүмкіндігін байқатты.

 Күздік бидай өсімдігінің вегетация дәуірі екі кезеңде (күзде және көктемде) өтетіні белгілі. Дақыл сорттарының вегетация кезеңінің ұзақтығын және негізгі өсу сатыларының басталуын белгілеу үшін фенологиялық байқаулар жүргізілді (кесте 6).

 Вегетациялық кезеңнің ұзақтығына байланысты күздік бидай жаздықтан айрықшаланады. Егер жаздық бидайдың вегетация кезеңі сортына байланысты 80-130 күнге созылса, күздік бидайдың өсіп-өнуі қыстағы тыныштық кезеңін қосқанда 200-300 тәулікке созылады.

 Қыстағы тыныштығын есептегенде, күздік бидайдың вегетациясының ұзақтығы жаздық бидайға қарағанда 1,5-2,0 есе ұзақ болады. Оның себебі, күздік бидайдың көктеу және түтіктену аралығындағы сатыаралық кезеңнің ұзақтығы. Егер жаздық бидайдың бұл кезеңнің ұзақтығы орташа есеппен 35-45 күн болса, ол күздіктер аталған кезеңі 100-120 күнде өтеді. Бұл айырмашылық негізінен олардың биологиялық ерекшеліктерімен себу және көктеу сабақтану кезіндегі температура режимінен тығыз байланысты. Себебі, күздік бидай өзінің вегетациясының алғашқы кезеңінің төменгі температурада жаздықтарға қарағанда өтсе, сол себепті оның вегетативті массасын қалыптастыруға және генеративтік органдардың өсуі үшін көп уақыт қажет болады.

 

кесте 6 - Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты вегетация кезеңінің ұзақтығы және негізгі сатылардан өтуінің күнтізбектік мерзімі

 

Сорт

Себу мерзімі

Толық көгінің шығуы

Түптену

Көктемгі өсуінің басталуы

Масақтану

Қамырланып пісу

Толық пісу

Вегетация кезеңінің ұзақтығы, күн

Сүрлемдік жүгері

9.10

24.10

7.11

18.03

23.05

25.06

5.07

244

Жоңышқа

9.10

24.10

7.11

18.03

24.05

25.06

6.07

246

Майбұршақ

9.10

25.10

10.11

19.03

25.05

26.06

8.07

250

 

 Бірақ келесі кезеңдерін шапшаң өтуіне байланысты, күздік бидай жаздық бидайға қарағанда 10-15 күн ерте піседі. Күздік бидайдың барлық вегетация кезеңін оның өніп-өсуіне байланысты фенологиялық сатыларға бөледі.

 А.И.Носатовский бидайдың өмір циклін төмендегідей фенологиялық сатыларға бөлген: тұқымның бөртуі және өнуі, көктеу, түптену, түтіктену немесе сабақтану, масақтану, гүлдену және тозаңдану, дәннің қалыптасуы (сүттеніп пісу, қамырланып пісу, толық пісу).

 Бидайдың вегетациялық сатыларын анықтау, олардың әрбір кезеңдегі өніп-өсуін және қоршаған ортаның факторларына қоятын талаптарын білуге, сол арқылы органикалық шараларды дұрыс мерзімінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, өндірістік жағдайда осы фенологиялық сатылардың басталуына байланысты агротехникалық шараларды жүргізуді белгілейді.

 Өсімдік өзінің өсіп-өнуі кезеңінде, бірнеше фенологиялық сатылардан өтіп, сыртқы морфологиялық өзгеріске ұшырайды.

 Күздік бидай сорттарын күзде қолайлы агротехникалық мерзімде қазан айының 9-шы жұлдызында себілді.

 Кесте деректерінен байқағанымыз, сорттар арасында жеке сатылардың өтуі бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалмады.

 Ауылшаруашылық дақылдарының өсуінің негізгі кезеңдерінің біріне «себу-көктеу» сатыаралық кезеңі жатады.

 Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бұл кезеңде топырақ ылғалдылығы мен ауа температурасының арасында оң корреляциялық байланыс болуы керек дейді. Олардың пайымдауынша, топырақтың жоғарғы қабатында ылғал жеткілікті мөлшерде болса, және температура оңтайлы болған жағдайда өсімдіктер көгі 6-8 тәуліктен кейін пайда болады, ал егер олар үйлесімді болмаған жағдайда өсімдік өркенінің шығуы 30 күнге дейін кешеуілдейді.

 Күздік бидайды егу мезгілі 200 және 2010 жылдары қараша айының үшінші онкүндігінде, ал 2008 жылы жауын-шашынның ерте түсуіне байланысты қараша айының бас кезінде себу мүмкіндігі туындады. Осы мезгілде жинақталған ылғал қоры тұқым енгізу қабатында (0- тереңдікте) 16- деңгейінде ауытқыды, ал 0-20 см- 30- төңірегінде болды. Бұл көрсеткіш ылғал қорының жеткілікті жинақталып дәнді дақылдардың өніп, өскін беруін толық қамтамасыз ететін деңгейде болғанын байқадық. Яғни, күзгі пайдалы ылғал қоры оңтайлы тереңдікке енгізілген тұқымның біркелкі өніп-өсуін ыңғайластыруға оң ықпал етті. Бұл қалыптасқан жағдай болашақ өнімділіктің негізін қалайтын шешуші факторға жатады. Өсімдіктердің көгі топырақ ылғалдылығы мен температурасын үйлесімді қатынасы жағдайында 14-15 тәуліктен кейін толық пайда болды. Сорттардың түптенуі көгі шыққанннан кейін 13-15 күннен кейін басталды.

 Зерттеулер жүргізілген жылдары күздік бидайдың түптену кезеңі ауа-райының қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты күзде басталып, ерте көктемде негізінен наурыз айларында жалғасып сәуір айының бірінші онкүндігінде аяқталды. Демек, осы аралықтағы ылғал қорының жинақталуы мен температуралық режимнің қалыптасуына байланысты түптену кезеңінің оңтайлы өтуінің тікелей тәуелділігін анықтадық.

 Айта кету керек, егер Жетісу және Стекловидная 24 сорттарының түптенуі 12-13 тәуліктен кейін басталса, ал Алмалы сорты 15 күннен кейін түптенгенін фенологиялық байқаулардан көреміз.

 Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкесті күздік бидай сорттарының күзде вегетативтік мүшелері қалыптасып, олар өсімдіктің қоректену, дем алу, синтездеу және су алмасу процестерін орындайды. Әсіресе, өсімдік түптенгеннен кейін, қыстың тыныштық күйіне кетуі үщін, жапырақтарында және түптену түйініне пластикалық заттар негізінен қанттар жинайды. Пластикалық заттардың жиналу қорына байланысты қыстың қолайсыз жағдайларына төтеп береді. Себу мерзімдеріне байланысты күздік бидай сорттары түптену сатысында күздік кезеңдегі вегетация дәуірін аяқтайды.

 Фенологиялық байқаулардың көрсетуі бойынша, күздіктердің қайта көктемде түптенуі әр жылдық климат ерекшеліктеріне байланысты наурыз айының екінші жартысында басталады. Біздің тәжірибелерімізде өсімдіктердің көктемгі өсуінің басталуы наурыздың 18-19 жұлдыздарында басталды.

 Күздік бидай сорттарының масақтану сатысы көктемгі қайта өсуінен 62-65 күннен кейін басталды. Дақыл сорттары шаруашылықтық пісу сатысына, яғни қамырлану сатысына маусымның 25-26 жұлдыздарында жетіп, дәндері шілденің 5-8 жұлдыздары аралығында толық жеткендіктен, комбаин салынып, жинап бастырылды. Сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты вегетация кезеңдерінің ұзақтығы 244-250 күн аралығында болды.

 Перспективалы «Алмалы» сортының вегетация кезеңінің ұзақтығы басқа сорттарға қарағанда, 4-5 тәулікке ұзағырақ болғанын байқаймыз.

 Әрбір агротехникалық шараның тиімділігі, оның агробиологиялық параметрлері тұқымның егістік өнгіштігі, өсімдік көктерінің жиілігі, өсімдіктердің сақталу көрсеткіші және т.б. элементтерге негізделеді. Дақылдың себу мөлшерін белгілегенде егістік өнгіштіктің зертханалық өнгіштіктен төмен болатынын естен шығармау керек. Қолайлы себу мөлшері өсімдіктердің қалыпты жиілігін және өнімді сабақтардың алынуын қамтамасыз етеді.

 Біздің өндірістік тәжірибемізде күздік бидай сорттарының себу мөлшері зерттелмегендіктен, дақылдарды аймақта ұсынылған себу мөлшерімен, яғни 4,0 млн. дана өнгіш тұқыммен септік (кесте 7).

 

кесте 7 - Стекловидная 24 сортсынақ егістік өнгіштігі және өсімдіктердің сақталу көрсеткіштерінің алдыңғы дақылға байланыстылығы

 

Сорт

Егістік өнгіштік, %

Көктеу сатысындағы өсімдіктер саны, дана/м2

Өсімдіктердің сақталу көрсеткіші, %

Өнімді жинар алдындағы өсімдіктер саны, дана/м2

Өнімді түптілік

Өнімді сабақтар саны, дана/м2

Сүрлемдік жүгері

83,1

335,2

85

284,8

1,3

370,2

Жоңышқа

84,1

336,4

85

285,9

1,4

400,3

Майбұршақ

85,3

341,2

86

293,4

1,4

410,8

 

 Егістік өнгіштік тұқым сапасына және сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты 83,2-85,3% аралығында ауытқыды. Тұқымның егістік өнгіштігіне байланысты әрбір шаршы метрде 335,2-341,2 дана өсімдіктер көгі пайда болды. Вегетация дәуірінде және қыстың қолайсыз жағдайларына байланысты күздік бидайдың сирейтіні белгілі, сондықтан күздегі өсімдіктер саны көктемдегі есепке алынғанда 14-16% азайғанын байқадық. Соған байланысты өнімді жинар алдында бір шаршы метрде 284,8-293,4 дана өсімдіктер болды.

 Күздік бидай сорттарының өнімді түптілігі 1,3-1,4% аралығында болып, әрбір шаршы метрдегі өнімді сабақтар саны 295-375 аралығында болды.

 Ең көп өнімді сабақтар Жоңышқа мен майбұршақ алғы егісінен байқалды (375 және 363 дана/м2). Бұл көрсеткіштер стандарт сорты Жетісудан 80-88 данаға артықтығын көрсетті.

 Вегетация дәуірінде күздік бидай өсімдіктерінің биіктеп өсетіні белгілі. Дақыл сорттарының сабақтарының өсу серпіні олардың биологиялық ерекшеліктеріне, қоректену аясына және ауа-райының жағдайларына байланысты әртүрлі деңгейде болды (кесте 8).

 Көктемгі күздіктердің тыныштық күйден кейінгі қайта өсуінен бастап, сорттардың сабақтарының өсу серпінділігі қарқындап тәулігіне 2- жетеді. Сабақтарының екпінді өсуі түтіктену сатысынан бастап масақтану сатысына дейін қарқынды жүреді, ал содан кейін саябырлайды.

кесте 8 - Күздік бидайдың Стекловидная сортының алдыңғы дақылға байланысты вегетация дәуіріндегі биіктеп өсу динамикасы

Сорт

Вегетация сатылары

түтіктену

Сүрлемдік жүгері

39

73,5

88,4

90,2

Жоңышқа

42

88,2

97,5

100,1

Майбұршақ

43

91,4

102,9

105,4

 

 Гүлдену сатысынан кейін сабақтың өсуі мүлдем баяулап, биіктеп өсуін тоқтатады. Күздік бидай сорттары арасында жоңышқаның ең биік өскенін байқаймыз. Аталған сорттың биіктігі стандарт сорттан жоғары болғанын кесте деректерінен көреміз.

 Ауыспалы егістерде жүргізілетін агротехникалық шаралар – танапты тынықтыру, топырақты негізгі және себер алдында өңдеу, тұқым себу мерзімі мен оның оңтайлы мөлшерлерін қатаң сақтау, өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде химиялық күресу тәсілдерін ұйымдастыру және т.б. шаралар танаптарды арамшөптерден тазалауға көмектеседі.

 Көптеген ғалымдардың пікірінше, егістегі өсімдіктер жиілігімен арамшөптер санының арасындағы кері тәуелділіктің орнайтынын дәлелдейді. Егістік танаптағы қоректену алаңшасының тек қана мәдени өсімдіктердің тіршілігіндегі шешуші фактор ретінде бір жақты қарауға болмайды.

 Тұқым себу мөлшерін азайту, әдетте арамшөптер үшін де қолайлы жағдай туғызып, олардың қарқынды өсуіне ықпал етеді. Қоректену алаңының кеңдігі арамшөптердің еркін өсуіне қолайлы жағдай тудырып, әсіресе күздік бидайдың өсу кезеңінің алғашқы сатыларында өсімдіктерді барынша тұншықтырып өсуін тежейді.

 Бұл көрсеткіштердің көлемінің кішірейген сайын, керісінше, мәдени өсімдіктердің дамуының жеделдеп, олардың арамшөптерден үстемділігі айқын сезіледі.

 Сондықтан, егістіктердің арамшөптермен ластануы ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін төмендетеді және өндірістің экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Арамшөптер күздік бидайдың өсуіне кері әсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге фотосинтез қуатын азайтады, өсімдіктің өнімділігін күрт төмендетеді, соның кесірінен ауылшаруашылығына орасан зор зиян келтіреді.

 Ғалымдардың пікірінше, күздік бидай егісінің арамшөптермен әртүрлі деңгейде ластануы өнімділікті 20-22% төмендетеді. Гектардағы арамшөптер санының артуы, мәдени өсімдіктердің азаюына әкеліп соғады. Жиі себілген егіске қарағанда, сирек себілген танаптарда арамшөптер саны көп болады. Сондықтан егістікте егіншілік мәдениетін жоғарлату- арамшөптерге тосқауыл болады.

 Сондықтан тұқым себу мөлшерін қолайлы белгілеу, арамшөптермен агротехникалық және химиялық жолдармен күресу дән өнімділігін арттырудың және сапасын жақсартудың бірден-бір тиімді жолы.

 Алаң бірлігіндегі өсімдіктер тығыздығының ұлғаюына және биіктеп өсуіне қарай арамшөптер массасы төмендейді. Әсіресе суармалы егістікте арамшөптер саны тәлімі жерлерге қарағанда жоғары болады.

 Біздің тәжірибелерімізде, күздік бидай сорттары танаптарында арамшөптер саны бір шаршы метрде- 29,0-34,5 дана аралығында болды. Егістіктегі кең тараған бір жылдық арамшөптерге алабұта, қара сұлы, ал көпжылдықтардан шырмауық, қамыс, қызғылт укекіре және т.б. айтуға болады.

 Өнімді жинар алдындағы арамшөптердің ауалы құрғақ массасы әр түрлі нұсқалардағы өсімдіктер санына қарай бір шаршы метрде 8,0- аралығында ауытқиды. Күздік бидай сорттары танаптарындағы арамшөптермен ластануын салыстыратын болсақ, жалпы және өнімді сабақтардың жиілігіне, түптілігіне байланысты Алмалы сорты танабында арамшөптер санының және олардың массасының басқа нұсқаларға қарағанда төмен болғанын байқаймыз.

 

 3.4 Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты дән өнімділігі және оның құрылымы

 

 Мәдени өсімдіктердің өнімділігі адам мен қоршаған ортаға тығыз байланысты. Неғұрлым қоршаған ортамен дақылдың ара қатынасы жақсы болса, соғұрлым күздік бидайдың өнімділігі жоғары болады. Дақылдың өнімділігіне шаруашылықтың егіншілік мәдениеті өз әсерін тигізеді. Болашақ өнімнің деңгейі алаң бірлігіндегі өнімді сабақтар санымен, масақ ұзақтығымен, бір масақтағы және өсімдіктегі дәндер салмағымен, дәндер ірілігімен және тағы да басқа құраушы элементтермен анықталады (кесте 9).

кесте 9 - Күздік бидайдың Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты өнімділігі құрылымын құраушы негізгі элементтер

Сорт

Өнімді сабақтар саны, дана/м2

Масақтың ұзындығы, см

Масақтағы дәндер саны, дана

Бір өсімдіктегі дән массасы, г.

1000 дән массасы, г.

Сүрлемдік жүгері

370,2

6,8

26,6

1,16

43,7

Жоңышқа

400,3

7,2

31,3

1,39

44,6

Майбұршақ

410,8

7,6

32,9

1,49

45,3

 Күздік бидай сорттары дән өнімін құрушы негізгі элементтерді талдай келе, дақылдың түптену коэффициенті өнім құрылым элементтерінің маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе өнімді түптіліктің өнім қалыптастыруда алатын орны ерекше. Біздің өндірістік тәжірибеде өнімді түптілік коэффициенті 1,3-1,4 аралығында болды.

 Өнімді түптілік коэффициентіне байланысты бір шаршы метрдегі өнімді сабақтар саны нұсқаулар бойынша 363,5-410,8 дана аралығында болды. Ең көп өнімді сабақтар саны Стекловидная 24 сорттары себілген нұсқаларда қалыптасты. Алаңша бірлігіндегі өнімді сабақтар санының көбеюінен, қоректік алаңша көлемінің үлкеюіне байланысты өсімдіктің өсіп-жетілуіне қажетті жарық, су, қоректік заттар және басқа факторлардың жақсаруымен түсіндіруге болады.

 Күздік бидай сорттарының гүл шоғырының ұзындығы және масақтағы масақшалар мен ондағы дәндер саны да сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі мөлшерде болғанын кесте деректерінен көруге болады. Масақтың орташа ұзындығы Стекловидная 24 сорттарында стандарт сортқа қарағанда 0,4- ұзынырақ болды және осыған байланысты дәндер саны да бақылау сортына қарағанда көбірек болғанын көреміз (4,7-6,3 данаға). Масақтың дәнділігі және бір өсімдіктегі дән массасы мен 1000 дән салмағы да өсу ортасына, сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне және тұқым сапасына байланысты өзгерістерге ұшырады.

 Ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары сапалы өнім алуда оңтайлы агроэкологиялық және агротехникалық өсіру жағдайларын анықтаудың маңызы зор. Республикада күздік бидай сорттары әртүрлі агроэкологиялық тәлімі және суармалы жерлерде өсіріледі.

 Біздің өндірістік тәжірибелерімізде, суармалы егіншілікте топырақ типіне және алғы егіс сипатына байланысты дәндердің ірі және орташа фракциялар шығымдылығы 86,6-94,8% аралығында болды. Алынған дәндер фракцияларына, әсіресе ірі дәндер үлесіне алғы дақылдардың әсері ерекше болды, жоңышқа қыртысына өсірілген күздік бидайдың өніміндегі ірі фракция үлесі басымдық байқатты.

 Ең жоғары дән өнімділігін перспективалы Жоңышқа дақылы қалыптастырса (43,7 ц/га), ал Стекловидная 24 сортының дән өнімділігі де жоғары деңгейде болып, стандарт сорттан 7,2 ц/га жоғары болды. Сондықтан, аталған сорттар өңірдің өсімдік шаруашылығын қарқындатуда жетекші орын алатындығына күмән тудырмайды.

 Қорыта келгенде айтарымыз, күздік бидайдың Стекловидная 24 сорттары шаруашылық жағдайында жоғары дән өнімін қалыптастырды (39,5-43,7 ц/га), сондықтан оларды потенциалды жоғары перспективалы сорттар қатарына қосу керек деп ұйғарамыз.

 

 3.5 Күздік бидай Стекловидная сортының алдыңғы дақылға байланысты дәндерінің технологиялық сапа көрсеткіштері

 

 Егістіктегі дәннің қалыптасуы-қоршаған ортаның көптеген факторларының жиынтығынан түзелетін өте күрделі физиологиялық құбылыс. Сондықтан, жиналатын астық сапасы жергілікті жердің топырақ-климат жағдайларына, сорттың генетикалық ерекшеліктеріне, қолданылатын агротехникалық шаралар және дән толысу кезеңіндегі ауа-райына байланысты болады.

 Республикада бидайдың екі түрі өсіріледі, яғни қатты және жұмсақ бидайлар.

 Қатты бидай жоғары сапалы макарон өнімдерін даярлаудағы негізгі шикізат болып есептелінеді, ал жұмсақ бидайды нан өнімдерін жасауға пайдаланады.

 Жұмсақ бидай наубайханалық сапасына қарай үш топқа бөлінеді: күшті, орташа және әлсіз бидайлар. Күшті бидайдың дәнінің мөлдірлігі 60% жоғары, ақуыз-14% кем емес, шикі клейковина-28% артық болуы керек.

 Орташа бидай тобына жақсы наубайханалық қасиеттері бар дәндер жатады. Олардың дәнінде 12-13% ақуыз болады, ал әлсіз бидай сорттарына құрамындағы ақуызы 8-11,9%, клейковинасы 15-20%. Бұндай бидай тобы жақсартуды қажет етеді.

 Дән құрамында көмірсулар крахмалдан тұрады, себебі крахмал дән массасының 60% құрайды. Коахмалдан бөлек көмірсулар қатарына декстриндер мен қанттар жатады. Декстриндер піспеген дәнде болады, ал қанттар ұрық құрамында 2-7% мөлшерінде кездеседі. Олар тұқымның өнген кезінде сіңіріледі.

 Крахмал мен қант-қорлық заттар болғандықтан, дән өнгенде пайдаланылады.

 Дән құрамына майлар мен липидтер кіреді. Май- организмнің тіршілік кезіндегі пайдаланылатын маңызды энергия көзі. Дәндегі майдың үлесі 2% құрайды. Липидтер – нан өнімдерінің сапасына және сақталуына елеулі әсер етеді.

 Дәнде дәрумендер болады және олардың маңызы зор. Олар тотығу және қалпына келу процестеріне қатысады. Сонымен қатар, дән құрамында минералды заттар болады. Олар адамдар мен жануарлар организмдерінің қалыпты тіршілігіне қажетті. Дән құрамында ферменттер болады, олар дән сақталуына және ұн өндірісінде маңызды роль атқарады.

 Дәндердің жалпы маңызы сапа көрсеткіштеріне дән жағдайы жатады. Ол сезім органдары арқылы анықталады. Оларға түсі, иісі және дәмі жатады.

 Дәннің түсі – туыстық, түрлік және сорттық ерекшеліктері арқылы анықталады. Ол алейрон қабатпен эндоспермнің бояуларына байланысты. Дән түсіне қарап дәннің типін және типшесін анықтайды.

 Бидай дәнінің өзіне тән иісі болады. Дән түсі мен иісі оның балғындылығын көрсетеді.

 Егер дәннің иісі күдік туғызса онда оның дәмін анықтайды. Бүлінген дәннің дәмі-тәтті, ащы немесе қышқыл болып келеді.

 Дән сапасының басты белгілеріне, оның құрамындағы ылғалдылығы жатады. Бұл көрсеткіштің маңызын айту қиын, себебі су организмдегі барлық процесстердің жүруіне қатысады. Сондықтан дән құрамындағы су мазмұнын оны өңдеу мен сақтаудың барлық этаптарында білу қажет. Дән ылғалдылығы тек қана сақтауға ғана қажет емес, оны өңдеуде және өндірілген өнімнің шығымдылығына да әсерін тигізеді.

 Дән сапасын нормалауда, міндетті түрде оның зиянкестермен зақымдануын анықтайды. Зиянкестерді жою үшін суықты пайдаланады.

 Маңызды сапа көрсеткіштеріне дәннің арамшөптер тұқымдануымен ластануы жатады. Себебі, бөгде қоспалар дән бағалылығын төмендетеді.

 Аталған көрсеткіштер дән сапасына толық сипаттама бермейді. Себебі, дән алдымен өңдеуші өндірістің шикізаты. Одан алынған ұнның, жарманың және басқа өнім түрлерінің сапасын білу үшін оның арнайы көрсеткіштерінің бірі – дән көлемі. Ол пуркамен элеватор немесе астық қабылдау пунктерінде анықталады.

 Бидай дәнінің технологиялық қасиеттері эндосперм консистенциясымен анықталады, ол көрсеткіш – ұнды, мөлдір (шынылы) болады. Шынылы эндоспермді дән жоғары механикалық беріктілігімен ерекшеленеді.

 Дән клейковинасын анықтау үшін оны үгіп, ИДК-1 приборына салып талдайды.

 Ақуыз-дәннің бағалы заты. Сондықтан оны басқа заттармен алмастыруға болмайды. Белоктың негізгі бөлігін аминқышқылдары құрайды.

 Бидай сорттарының нандық сапасы негізінен екі факторлар арқылы анықталады. Біріншісі, ұнның газ түзуші мүмкіндігі және газ ұстаушы күші. Егер ұнның газ түзуші мүмкіндігі крахмалмен амилазаның ферменттік белсенділігі, қоректік субстратты барлығына байланысты болса, ал газ ұстаушы күші-клейковинаның мазмұны мен сапасына байланысты болады [27].

 Өндірістік тәжірибедегі күздік бидай сорттары дәндерінің технологиялық сапа көрсеткіштері 11 кестеде көрсетілген.

кесте 10 - Күздік бидайдың Стекловидная 24 сорттының алдыңғы дақылға байланысты дәндерінің сапа көрсеткіштері

№№

Сорт

Сапа көрсеткіштері, %

ақуыз, %

1

Сүрлемдік жүгері

13,7

29,9

74,3

40,2

2

Жоңышқа

13,9

30,6

76,4

41,6

3

Майбұршақ

14,1

30,5

77,1

42,1

 

 Кесте деректерінен байқағанымыз күздік бидай сорттарының сапа көрсеткіштері сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ типіне, ауа-райы жағдайына және агротехникалық шараларға байланысты әртүрлі деңгейде болды. Аталған көрсеткіштерге орай, дәндегі ақуыз мөлшері 13,7-14,1% аралығында болып, сорттардың күшті бидайлар тобына жатқызуға болатынын байқатты. Әсіресе, майбұршақ дақылы дәніндегі ақуыз мөлшері күшті бидайға қойылатын стандарт талабына сәйкес келді (14,1%).

 Сорттар дәніндегі клейковина мөлшері мен мөлдірлік көрсеткіштері де күшті бидай тобына қойылатын талаптарға сай келетінін кесте деректерінен байқауға болады.

 Күздік бидай сорттары дәндерінің сапа көрсеткіштері аудандық тұқым инспекциясы зертханасында тексеріліп, тиісті құжаттармен рәсімделеді.

 Дәннің технологиялық сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі – 1000 дән массасы.

 Бұл меже көптеген жағдайда күздік бидай сорттары дәндерінің толысу және пісу кезеңдеріндегі ауа-райы жағдайына, көбінесе тәлімі жерлерде жауын-шашын мөлшерімен тікелей байланыста болады. Егер тәлімі егіншілікте көрсетілген кезеңде ылғал аз түссе, онда әрдайым 1000 дән массасы төмен түзіледі.

 Күздік бидай сорттарының 1000 дән массасы дәндердің фракциялық құрамы мен тікелей байланысты. Агроэкологиялық аймақтар шеңберінде дән фракциясына елеулі әсерді алғы егіс көрсетеді. Әсіресе, дәндердің ірілігі тәлімі жерлерде алғы дақылдарға тікелей байланысты. Егер жоңышқадан кейін себілген күздік бидай сорттарының дән фракциясындағы ірі дәндер үлесі 59,6% болса, ал масақты дақылдардан кейін себілген күздік бидай танаптарында ірі фракциялар үлесі 43,2% болған [28].

 Суармалы егіншілікте ірі және орташа фракциялар шығымдылығына топырақ типі және алғы егіс тікелей әсер етеді. Жетісу сортының дәндерінің фракциялық құрамы жоңышқадан кейін себілген танаптарда 50,4-60,3% болып, ал дәнді дақылдардан кейін себілгенде 50,2-57,4% болды.

 Қорыта келгенде айтарымыз Алматы облысы Қарасай ауданы жағдайында күздік бидай сорттарының 1000 дән массасына елеулі әсерді топырақ типі мен агротехникалық шаралар тигізеді екен.

 

    •  Күздік бидай Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты экономикалық тиімділігі

 Өндірістің экономикалық тиімділігі – күрделі экономикалық категория. Оған - өндіріс нәтижелері, шығыны және әсер етуші факторлар мен жағдайлар жатады.

 Экономикалық тиімділік - өндіріс нәтижелерінің шығынға қатынасы.

 Экономикалық тиімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерімен қалыптасады. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру проблемасын шешудің күрделілігі және қиындығы оқшау, таза түрінде әрекет етпегендігінде, шығында бір-біріне өзара ықпал етіп, ұштасып жатыр, сондықтан ауылшаруашылығының экономикалық тиімділігінің барлық факторларын өндірістің ресурстары мен шығыны бойынша, осы бағыттарда шаруашылықты жүргізудің әр түрлі деңгейіндегі іске асыру арқылы саралаған жөн.

 Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық тиімділігі проблемасы күрделі қаржының ауылшаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі проблемасымен тікелей байланысты.

 Негізгі өндірістік қорлар ауылшаруашылығы өндірісінің өндірістік концепциясының аса маңызды құрамдас бөлігі, олардың қатысуынсыз қандайда болсын өндірісті жүзеге асыру мүмкін емес. Олар қоғамдық еңбек тиімділігін және ең алдымен еңбек өнімділігін арттырудың аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

 Аграрлық -өнеркәсіп кешеніндегі ұдайы өндірістің әлеуметтік экономикалық тиімділігінің негізгі өлшемі ретінде ауылшаруашылығының және оны ұқсатушы салаларының өнімін әрбір белгілі бір кезеңде қажетті мөлшерде өндіруге жұмсалатын барынша аз халық шаруашылығы шығыны қолданылуы керек.

 Өндіріс рентабельділігі – шаруашылық есептегі кәсіпорынның кірістілігі, пайдалылығы. Рентабельділік деңгейде экономикалық нәтижені әр түрлі формалары, жалпы, түпкі, таза өнім, таза және шаруашылық есеп кіріс нәтижелері бейнеленеді. Жалпы табыста қажетті және қосымша өнім қамтылады (кесте 12).

 Таза табыс – қоғам үшін үнемдеу құнының ақшадай көрінісі. Ол бүкіл қосымша өнімді және қажетті өнімнің қоғамдық тұтыну құны арқылы материалдық өндіріс саласы қызметкерлерінің жеке тұтынуына жұмсалатын бөлігін білдіреді. Таза табыс ауылшаруашылығы жалпы өнімінің құны мен өндірістік құны арасындағы айырмашылық болып табылады.

 

 

 

 

 

кесте 12 - Күздік бидайдың Стекловидная 24 сортының алдыңғы дақылға байланысты өсірудің тиімділігін бағалау

Сорт

Дән

өнім-ділігі, ц/га

алынған жалпы түсім, тг.

жұмсалған шығын, тг.

алынған таза пайда, тг.

1ц дәннің өзімдік құны, тг.

Өнідірістің рента-бельділік деңгейі, %

Сүрлемдік жүгері

32,4

113400

58660

57740

1810,5

93,3

Жоңышқа

39,5

138250

64180

74070

1624,8

115,4

Майбұршақ

43,7

152950

67510

85440

1544,8

126,5

 

 Биылғы, астық өнімдерін былтырғы жылға қарағанда көтеріңкі бағамен қабылдады. Өткен жылдың көптеген астық өндіруші елдерде қуаңшылықтың болуына байланысты астық өндірісінің төмендеуі бидайдың сатылу бағасының көтерілуіне әкеліп соқты, яғни 1 тонна 3 класты бидай дәні 35000 теңгемен қабылданды.

 Бидай бағасының көтерілуі күздік бидай сорттары дәндерін сатудан түскен жалпы түсім нұсқалар бойынша 107800-152950 теңге аралығында болды. Бір гектарға жұмсалған шығын мөлшері тікелей және қосымша шығындар жиынтығынан тұратын белгілі оның ішінде жоғары сапалы перспективалы сорттар тұқымдары мен су шығындары т.б. кіріп, нақтылы шығын мөлшері дақылдың технологиялық картасынан алынды. Жалпы шығын мөлшері сорттар бойынша 56740-67510 теңге аралығында ауытқыды.

 Бір гектардан алынған шартты таза пайда мөлшері түсім мен шығындарға байланысты 51060-85440 тг. аралығында болды. Ең көп пайда перспективалы Майбұршақ дақылынан алынды 85440 теңге құрады және стандарт сорттан 27700 теңге артық пайда алуға мүмкіндік жасады.

 Жалпы күздік бидайдың перспективалы сорттарын шаруашылық танаптарында өсірудің тиімді екенін, өндірістің рентабельділік деңгейінен байқауға болады. Тиімділік деңгейі жоғары болып 90,1-126,5% құрады. Әсіресе жергілікті селекция сорттары жоңышқа және майбұршақ өсіру рентабельділікті 115,4-126,5% жеткізді. Осыған орай, ең арзан дән аталған нұсқалардан өндіріліп, 1 центнер дәннің өзіндік құны 1624,8-1544,8 теңге болды.

 Қорыта келе айтарымыз, Стекловидная 24 сортын өсіру шаруашылық жағдайында өнімділігімен қатар, экономикалық жағынан тиімді.

 4 Еңбекті қорғау

 Еңбек қорғау дегеніміз жұмыс істейтін адамдардың жұмыс орындарында денсаулығын, жұмыс қабілетін нашарлатып алмау үшін атқарылатын шаралардың жиынтығы.

 Еңбекті қорғау – заңдастырылған жүйе, социал-экономикалық, санитар-гигиеналық және ұымдастыру жұмыстарының, адам денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы.

 Барлық жұмысшылар техникалық қауіпсіздік сақтау ережелерін тапсырады. Бұл ережелерді шаруашылықтың әр саласының бас мамандары қабылдайды.

 Шаруашылыққа жаңадан жұмысқа орналасқан жұмысшыларға техникалық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі нұсқаларын шаруашылықтың бас маманы жүргізеді. Ол жаңа жұмысшыны жұмыс ережесімен машина немесе басқа техникалармен жұмыс істеуге арналған.

 Егіншілік саласында жұмыс істейтін жұмысшылар көктемгі және күзгі науқан алдында техникалық қауіпсіздікті сақтау нұсқауын өтеді.

 Техникалық қауіпті сақтау нұсқауынан өткен мамандар мен жұмысшылар арнаулы дәптерге тізімге алынады.

 Шаруашылық мекемесінде техникалық қауіпсіздік сақтау ережесі арнаулы әдебиеттер мен нұсқаулары бар бөлме бар.

 Шаруашылықтың әр бригадасында техникалық қауіпсіздік сақтау бұрышы бар. Шаруашылықта еңбек қорғау шараларына жыл сайын қаржы бөлініп отырады.

 Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Жамбыл облысы Қордай ауданы жағдайында күздік бидайдың перспективалы сорттарын салыстырмалы сынау».

 Өндірістік кооперативі жағдайында күріш егістігінде тары тектес арамшөптермен химиялық жолмен күресу. Бұл дипломдық жұмыстағы еңбекті қорғаудың алдына бірнеше мақсаттр қойылып отыр: күздік бидай дақылының арамшөптеріне қарсы қолданылатын гербицидтерді сақтауда, тиеуде, тасымалдауда және енгізуде, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

 Гербицидтерді тасымалдағанында және тиегенде топыраққа енгізу кезінде жұмысшыларды оқыту және алғашқы инструктаж өикізіліп, жеке басты қорғайтын жабдықтар берілуі тиіс.

 Негізгі заңға сәйкес мемлекет еңбекті қорғаудың жеке заңдарын шығарды. Мұнда шаруашылық әкімшілігі өндірісті және жұмыс орындарын ГОС... ССБТ және еңбекті қорғаудың ерекшеліктеріне сәйкес жабдықтауы керек.

 Гербицидтерді қолданғанда барлық жұмысшылар жеке басты қорғайтын жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ауыр жұмыста істейтін жұмысшыларға тегін сүт беріліп отыруы тиіс.

 Өндірістік кооперативінің күздік бидай егістіктерінде арамшөптерге қарсы гербицидтерді енгізгенде мына шаралар жүргізілді.

 Гербицидтермен жұмыс істеген адамдар медициналық тексеруден өтуі керек.

 18 жасқа толмағандар гербицидтермен жұмыс істеуге жіберілмейді.

 Екі қабат және бала емізетін әйелдер, химиялық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.

 Жұмыс істеу орындарында темекі тартуға, тамақтануға және демалуға болмайды. Бұл жерде ішетін суы бар бөлмелер, жуынатын жерлер, сабын, орамал болуы тиіс.

 Еңбекті қорғау жұмысының тиімділігін жұмысшылардың жарақат алуының азаюынан көруге болады.

 Кестеде көрсетілген көрсеткіштерге байланысты өндірістік кооперативіне талдау жасауға болады. Мұнда жарақат алудың азаюын және қаржы жағынан шығынның төмендеуін байқауға болады (кесте 10).

 

кесте 10 - Өндірістік жарақаттар мен ауруларға талдау жасау

№№

Көрсеткіштер

Ж ы л д а р ы

2009

1

Жұмысшылардың тізімі, саны

46

755

662

2

Жарақаттар саны

11

8

7

3

Ауруға байланысты жұмысқа шықпаған күн саны, рН

118

93

64

4

Жарақатқа байланысты жұмсалған қаржы, теңге

301000

480000

450000

5

Науқасқа қағаз бойынша жұмсалған қаржы, теңге

18000

32000

37000

6

Ауырлық коэффициенті, кт

10,8

11,6

9,1

7

Қайталау коэффициенті, кс

11,6

10,5

10,2

8

Жоғалу коэффициенті, кп

12,4

12,3

9,7

 

 Кестеден жарақаттардың санының азайып, ауырлық, қайталау, жоғалу коэффициенттерінің төмендегенін көруге болады (кесте 11).

кесте 11 - Шаруашылықта еңбек қорғау шараларына жұмсалған қаржы қоры

№№

Көрсеткіштер

Бөлінген қаржы ұсталған қаржы

2009

1

Барлық бөлінген қаржы, теңге

460500

662000

2

Оның ішінде:

Адам қорғау құралдарына, теңге

146000

190000

3

Профилактикалық өңдеу, теңге

120000

144000

4

Тізімделген номенклатуралық шарларға, теңге

144500

328000

5

Бір жұмысшыға жұмсалатын ақша, теңге

610

1000

 

 Шаруашылықтың еңбек процестерінде адамға зиянды әсер ететін заттарды азайту және профилактикалық шаралар жүргізілуде. Негізінен шаруашылықта техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелері қатаң түрде сақталады.

 Шаруашылықта еңбек қорғау шарларына бөлінген қаржы мөлшері 715 мың теңгеге көбейген. Оның 662 мың теңгесі адам қорғау құралдарына, профилактикалық өңдеулерге, тізімделген номенклатуралық шараларға жұмсалған.

 Ауылшаруашылық өндірісінде жұмысшылардың қауіпсіздігін қорғау ең алдымен жұмысты ұйымдастыру барысына тікелей байланысты болады. Бұл салада жұмыс жасайтын жұмысшылар техника жарақатына және минералды тыңайтқыштармен, гербецидтермен, пестицидтермен уланып қалу қауіпіне ұшырауы мүмкін. Адам ағзасының улануы жұмысшылардың тікелей өміріне тікелей қауіп тудыратыны белгілі. Мұндай қауіпті препараттармен жұмыс жасауда, улы препараттардың адам өміріне қауіп тудырмауын қамтамасыз ету шаралары әрбір басшының міндеті болып саналады.

 Өндірістік орындарда жұмысшылардың еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау ережелері Қазақстан Республикасының «Еңбек қорғау» заңында қарастырылған.

 Барлық өндірістік орындағы жұмысшылар міндетті түрде техника қауіпсіздігі ережелерін тапсырады. Онадай ережелерді арнайы мамандар қабылдайды.

 Ережелерді тапсыру барысында жұмысшылар техника қауіпсіздігін сақтауда негізгі ережелермен және жеке тұлғаның құқықтарымен танысады. Арнайы зертханада қышқылдармен және басқа да зиянды заттармен жұмыс жасайтын жұмысшылар арнайы күніне сүт беріледі.

 Шаруашылықта техника қауіпсіздігінің инженер немесе аграном қызмет етеді. Инженер немесе аграном Министрлікте бекітілген бағдарлама бойынша қызмет етеді. Онда еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің келесідей міндеттері көрсетіледі:

  •  Еңбек жарақатына жол бермейтін техника қауіпсіздігінің осы заманғы құралдарын өндіріске енгізу;
  •  Қызметкерлердің кәсіби және басқа да науқастарға шалдығуының алдын алатын санитарлық – гигиеналық шараларды қамтамасыз ету.

 Технологиялық өндірістік қауіпсіздігін сақтау арқылы қолайсыз жағдайларды азайтуға болады. Өндірістік жағдайларда технологиялық процесстерді іске асырудан бұрын және іске асыру кезіндегі кешенді параметрлері арқылы таралған процесстердің қауіпсіздігіне талдау жасалынады. Осындай талдаудың нормативтік негізі қауіппсіздік талаптарына сай техникалық процесстерді құжаттау болып табылады. Мұндай құжаттау техникалық қатарлардың құжаттары негізінде жүргізіледі.

 Қауіпсіздікті талдау жүйелік бірнеше техникалық карталар құжатын талап етеді. Карта құжатын жасаудың жолын таңдауда техникалық қауіпсіздігін ғана бағалап қоймайды, сонымен қатар нормативтік формаларға, жұмыс уақытының ұзақтығына және жұмысшылар санын да анықтауға септігін тигізеді.

 Егістік алқапта шаңнан, газдан, қатты дыбыстарданзардап шегуі мүмкін. Осы жағдайлар жұмысшыларға кері әсерін тигізбес үшін оларға қарсы қолданылатын арнайы құрылғылар қолданылуы тиіс (кесте 12).

кесте 12 - Өндірістік процесстер

Өндірістік процесстердің атауы

Жұмысшыны зақымдайтын өндірістік орындар

Өндірістік қауіптер атаулары

Өрт қауіпті

11

22

33

Негізгі өңдеулер

Себу

Дәнді дақылдарды жинайтын комбайндар

Механикалық

Тісті құрылғылар, тұқым сепкіштер

Оратын аппараттар

шаң, газ, қатты дыбыстар

шаң, газ, қатты дыбыстар

шаң, газ, қатты дыбыстар

Электр жүйелерінің дұрыс жасамауының әсерінен барлық өндірістік процестерден өрт шығу қауіпі бар. Барлық тракторларда, машиналарда міндетті түрде өрт сөндіргіш құралдар болуы тиіс, ал дәнді дақылдарды жинайтын комбайындарда олардың саны 2-ден болады. Өрт түтін шығатын құбырлардан да шығуы мүмкін.

44

Дәндерді жинау және тиеу

Тиеу орындарының жарықтығы қамтамассыз етілуі тиіс

шаң

 

 

 Мұндай жағдайлар көбіне жаз, күз айларында кездессе, ауа – райының суық кездерінде, яғни, қар тоқтату кезінде жұмысшылар үсікке шалдығуы мүмкін. Жоғарыда аталған көрсеткіштердің адам өміріне тигізетін әсерімен олардан қорғаныс шаралары жайлы мәліметтер келесі кестеде келтірілген.

 Пестицидтер мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдау ГОСТ 19433 – 81 ережелеріне сай жүргізіледі. Оларды тасымалдау кезінде үнемі бақылап отыруды талап етеді.

 Сақтау улы заттар мен химикаттар СНИП 11 – 108 – 78 ережелеріне сай құрғақ минералды тыңайтқыштарға арналған және өсімдіктерді қорғайтын химиялық қоймаларында және ВИТП 2 – 79 ережелеріне сай арнайы жабдықталған қоймаларда сақталуы тиіс.

 Минералды тыңайтқыштардың қоймалары жылыжайлар мен мен жылыту құралдарына – ден артық қашықтыққа орналасуы тиіс. Амиакты су сақталатын көлемдер мен ыдыстардың маңында темекі шегуге тыйым салынады.

 Минералды тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойманың әрбір 2 ауданы үшін жеке өрттен сақтану құралдары болуы керек. Мұндай қоймалардың барлығы да биіктігі 1 метрден асатын қоршаумен қоршалып, үнемі бақыланып отыруы тиіс. Минералдық тыңайтқыштарды ауыл шаруашылық дақылдардың өсіру кезінде пайдаланғанда қауіпсіздік шаралары мен техника қауіпсіздігі ережелері үнемі сақталынып отырылуы тиіс.

 Трактор жіне басқа даауылшаруашылық машиналарында қызмет ететін жұмысшылар міндетті түрде техника қауіпсіздігін сақтаулары тиіс. Ал улы химикаттармен, пестицидтермен, гербицидтермен тағы басқа қышылдармен жұмыс жасайтын жұмысшылар үшін арнайы киімдер беріледі. Сонымен қатар мұндай арнаулы киімдер, тұқым себу кезінде сепкіштерде тұратын адамдарға да міндетті түрде берілуі тиіс. Сепкіштің сырт жағында тұратын жұмысшылар шаңмен уланып қалмас үшін олрға мұрындық беріледі. Мұндай арнайы қорғаныс жұмыстарын жүргізу жұмысшының жеке құқығын және оның денсаулығын сақтауға кепілдік береді. Егерде жұмысшы жұмыс уақытында белгілі бір себептермен жарақаттанған, уланған болса, жауапкершілік сол өндірістің немсе шаруашылықтың басшылығына жүктеледі.

 Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге байланысты жүргізілетін жұмыстарды бастар алдында, жер жұмыстарын бастамай тұрып, жұмыс жүргізілетін аймақы сабақтан тазартып, ескі суғару желілерінен қалған арықтар мен шұңқырларды тегістеу керек. Жұмыс кезінде бұрылыстар мен жұмыс орнына барар жердегі жолдар белгіленеді. Жолдан тыс жерлер жерлер мен қалын шөп өсіп тұрған жерлер арқылы жүруге тыйым салынады. Агрегаттардың жұмыс істеп жүрген жерлерге бөгде адамдардың баруына тыйым салынады. Сонымен қатар тракторлардың жолына тұруға және тіркемелердің қанатына отыруға тыйым салынады. Жерді бұрғылау, танаптарды тегістеу, өсімдік қалдықтарын жою, жер жырту, органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізу, тұқым себу және де тағы басқа жұмыстарды жүргізу өндірістік қауіпсіздік талаптарына сай және аграномның қадағалауы бойынша жүргізілуі қажет.

 Ауыл шаруашылық дақылдарын жинау жұмыстары қауіпсіздік ережесіндегі ГОСТ – 12.3.002 – 75, ГОСТ – 12.1.004 – 85, ГОСТ – 12.1.008 – 76 және ГОСТ – 46.3.1.109 – 81 – ге сай жүргізілуі тиіс.

 Егістікті оратын комбайындар мен тракторлар міндетті түрде өрт сөндіргіш құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Ал, электр жүйелері ешқандай зақымданбаған, жұмысшының жұмыс жасауына еш қауіп туғызбайтындай болуы қажет. Сонымен қатар, жанар – жағар май құю жжұмыстары алқапта мұқият орындалады және бұл жұмыс орындалуы кезінде өрт қауіпін болдырмас үшін машиналардың жанында шылым шегуге тиым салынады. Сонымен қатар жанар – жағар май құю кезінде майдың жерге төгілмеуі қамтамасыз етілуі тиіс.

 Техниканы меңгеретін жүргізушілер жұмыс жүргізетін жерлерге баратын және танаптардың жолдарын жақсы білуі қажет. Бұрылу жолдары ең кіші агрегатының екі есе ұындығына тең болуы тиіс. Әртүрлі арықтардан өту кезінде қоспалы құралдары бар болса кіші жылдамдақпен өтуі тиіс.

 Электрлік байланыс сымдары өткен учаскелерде жұмыс істеу және техниканың өтуі кезінде электр кернеулігіне байланысты ара қашықтық сақталуы тиіс. Бұл жердегі ара қашықтық дегеніміз техниканың ең биік нүктесі мен электр сымдарына дейінгі биіктік болып саналады.

 Жұмысшының демалуына арналған жерлер арнайы белгілермен белгіленіп, ол жерлер түнде жарықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Көк шөпте, жолдардың шеттерінде агрегаттар жұмыс жүргізетін және тұрақты тұратын жерлерінде, техниканың астында демалуға және ұйықтауға тыйым салынады. Механизаторлардың демалатын жерлері санитарлық – гигиеналық жағынан және техника қауіпсіздігі ережелеріне сай болуы тиіс. Алғашқы кезектегі медициналық көмек көрсету және ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұталар өсіп кеткен жерлерді өңдеу кезінде агрегаттардың жұмыс істеуіне қауіпті болмауы үшін жер бедеріне барлау жасалып арықтар мен жыралар белгіленеді. Жұмыс істеудің алдында кабинаның және радиатордың қорғану қоршауы жасалынады. Танаптардағы тастарды механикалық жолмен жинаған кезде танапта бөтен адамның жүруіне және басқа техниканың жүруіне рұқсатетілмейді. Сонымен қатар тастарды арту, тасымалдау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылуы тиіс. Агрегаттар жұмыс жүргізуге жарамды болуы және қауіпсіздік нормаларының талаптарына сай болуы тиіс. Бұл жұмыстардың орындалуын аграном қадағалауы тиіс.

 Адам организміне енгеннен ейін тіршілік әрекетіне әртүрлі дәрежеде кері әсер ететін химиялық заттар өндірістік улы заттарға жатады. Олар газ, бу түрінде болады. Олардың пайда болу көздеріне әртүрлі минералды тыңайтқыштар, пестицидтер органикалық заттардың шіруі нәтижесінде түзілетін заттар жатады. Негізінен улы заттар екі үлкен топқа бөлінеді. Біріншісі – органикалық және екіншісі – неорганикалық улы заттар болады. неорганикалық улы заттарға жататындар: галогендер, күкірт қлсылыстары, азот қосылыстары, фосфор және оның түрлі қоспалары, ауыр және сирек метандар.

 Органикалыққа жататындар: арамшөптер қатарына жататын көмірсулар және хлор мен нитеромен түзгіштер, көмірсулар, әртүрлі спирттер, эфирлер, альденедтер, кетондар, күрделі дымқыл эфирлеі, гетеразиклді қосылыстар және тағы басқа.

 Қазіргі заңдар еңбекшінің сау және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуді мекеме әкімшілігіне жүктейді. Ол жұмыс орындарын қажетті техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге және олардың еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес келетін жұмыс жасауына міндетті.

 Диплом жұмысының тақырыбына сүйенетін болсақ түрлі техниканы қолдануға және минералды тыңайтқыш енгізуге байланысты,сондықтан еңбекті қорғау бойынша өндіріс учаскелерінде жұмыс жағыдайын жақсартуды қамтамасыз ету үшін көп жұмыстар жүргізеді. Техника қауіпсіздігі бойынша комитеті құрылады.

 Жыл басында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша оперативті шаралар жүргізіледі. Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі шаралары сақталады.барлық техника қауіпсіздігі бойынша сақталады,онда құм салынған жәшіктер өртке қарсы қорғандар орнатылады.өндіріс процесіне қатысатын барлық адамдар міндетті түрде өндірістік тапсырмаларды қауіпсіздік туғызатын себептер туралы информация алады.оқыту нұсқау түрінде жүргізіледі.

 1.Кіріспе келген жұмысшыларды жұмысшы орындау кезіндегі жалпы қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.

 2.Жұмыс орында учаске басшысы техникалық қауіпсіздігі ережелерімен таныстырады.

 3.Барлық жұмысшылармен мерзімдцік нұсқау 1 рет, ал улы химияменжұмыс істегенде 3 айға 1 рет жүргізіледі.

 Шаруашылыққа миханикаландыру жұмысшы ұймдастырғанда қазіргі техника қауіпсіздігінің ережелері қатаң сақталады .Тракторда жұмыс істеуге құқығы бар 17 жастан кіші емес адамдар жіберіледі.

 Минералды тыңайтқыштармен және тұқымды улы химикаттармен өңдеуе ,кимдермен және басқа да қорғаныш құралдармен қамтамасыз етіледі .Жұмысқа медисиналлық тексеруден , курстық оқудан ,нұсқаулардан өткен адамдар жіберіледі .

 Улы химикаттармен жұмыс істеу кезінде учаскелердегі далалық жұмыстарға тиым салынады ,жұмыс орнына бөтен адамдар жіберілмейді.

 Тыңайтқыш енгізгенде қауіпсіздік шаралары киіммен қамтамасыз етіледі .Сонымен бірге лабораторияда анализдер жасалған кезде техника қауыпсіздігі ережелері сақталады .Әр адамға қауыпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқау карточкасы Ф-1 толтырылады және журналға ф-2 толтырылады .

 1.Нұсқау өткізген күн.

 2.Нұсқау өткізген адамның аты-жөні .

 3.Нұсқау тақырыбы .

 4.Нұсқау алған адамның қолы .

 5.Нұсқау өткізген адамның қолы .

 Экономикалық қиындықтарға қарамастан техника қолдануға және тыңайтқыш енгізуге байланысты жұмыстарда техника қауіпсіздігі ережелері сақталады .

 Өндірістік еңбекте тұрақтандыру мен өркендету жүйесінде еңбек қорғау мәселесінің негізгі сала болып табылады.

 Халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбекті қорғаудың, яғни еңбекті дұрыс ұйымдастыру тікелей ғылыми еңбек ұйымы мен беріледі. Маман дайындау емдеу саласы және өндіріске еңбекті ұйымдастыру инженер мен техникалық санитарлы, гигиеналық, әлеуметтік-шараларды енгізумен байланысты.

 Келесі кестеде жұмысшылардың арнайы киімдер мен қамтамасыз етілуі жайлы мәліметтер келтірілген (кесте 13).

кесте 13 - Жұмысшыларды арнайы киімдермен қамтамасыз ету жағдайы

 

Мамандық қызметі

Адам-дар саны

Арнайы киімдер атаулары

Пайдала-ну мер-зімі

1 жылға қажетті саны

Қойма-дағы саны

Жетіс-пеушілік

Технтка қауіпсіздігінің инженері

1

комбинизон көзілдірік.ОП-1, респиратор РУ-6

6

6

3

2

2

4

2

2

4

-

-

-

Тұқымдарды дәрілеуге қатысатын адамдар

5

комбинизон

көзілдірік.ОП-1,

респиратор РУ-6

резиналы етік

6

6

3

6

10

10

20

10

5

10

20

10

5

-

-

-

Тозаңдандыруда, бүрку-де жұмыс жасайтын жұмысшы-лар:

тракторист

шлангашы

припщеп-щиктер

10 3 4

3

Комбини-зон

Резиналы қолғап

көзілдірік

6

6

6

6

8

6

5

5

6

1

3

-

 

 Жұмысшыларды арнайы киімдермен қамтамассыз ету деңгейі шаруашылықта қаншалықты екндігін кестеден байқауға болады. Әрине бұл сандар жоғары деңгейде емес, бірақжұмысшылардың еңбек қорғау жағдайында, шаруашылықтың еңбек қорғау жағдайына, шаруашылықтың көңіл бөлінетіндігін айтуға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

  •  Шаруашылықтағы күздік бидай сорттарының тұқымының сапасы жоғары болды, сол себепті жоғары өнім қалыптастыру мүмкіндігін байқалды.
  •  Бидайдың вегетациялық сатыларын анықтау, олардың әрбір кезеңдегі өніп-өсуін және қоршаған ортаның факторларына қоятын талаптарын көбінесе алдыңғы дақылға байланысты болды.
  •  Стекловидная 24 сортының ең жоғарғы сапасы және өнімі алдыңғы дақылға байланысты болды, мысалы жоңышқадан соң өнім 39,5-43,7 ц/га болды.
  •  Экономикалық тиімділік мөлшерінен байқағанымыз ең жоғарғы тиімділік жоңышқадан соң болды, таза пайда 85440 тенге, тиімділік 115,4-126,5%.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  •   Кененбаев С.Б. Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы шығарған сорттар және олардың тұқымдарын тез көбейту жолдары.//Жаршы, 2006, №2, 18-21 б.
  •   Сыдық Д.А. және т.б. Күздік бидай сорттарының егілу әдістемелігіне байланысты өнімділігі.//Жаршы, 2008, №12, 53-55 б.
  •   Оспанбаев Ж.О., Жапаев Р.Қ. Күздік бидайдың сорттарының себу тәсілдерінің өсімдіктің фитосинтетикалық қызметіне әсері.//Жаршы, 2005, №12, 38-40 б.
  •   Рамазанова С.Б., Оспанбаев Ж.О., Құныпияева Г.Т. Минералды тыңайтқыштардың күздік бидайдың құрғақ биомасса өніміне әсері. //Жаршы, 2005, №12, 40-42 б.
  •   Джантқанбаева А. Жамбыл облысының тәлімі жерлерінде күздік бидай сорттарының түсімділігі және дәннің негізгі сапа көрсеткіштері.//Жаршы, 2008, №9, 20 б.
  •   Жанғазиев А.С. Күздік бидайдың сары тат ауруына төзімді сорттарын шығару.//Жаршы, 2005, №4, 32-34 б.
  •   Жанғазиев А.С. және т.б. Күздік бидайдың мол өнімді жаңа Алмалы сорты.//Жаршы, 2004, №11, 31-35 б.
  •   Айтымбетова К.Ш. және т.б. Оңтүстік Қазақстанның суармалы жағдайында күздік бидай сорт үлгілерінің өнімділігін зерттеу.//Жаршы, 2009, №6, 9-12 б.
  •   Суханбердина Д.Х. және т.б. Күздік бидай сорттарының дәндерінің сапасы.//Жаршы, 2008, №5, 23-24 б.
  •  Жанұзақов М.М. Өсімдік шаруашылығы. Қызылорда, 2008, 370 б.
  •  Губанов Я.В. және т.б. Технические культуры. М., Агропромиздат, 1986, 286 с.
  •   Корнеев Г.В. және т.б. Интенсивные технологии возделывания сельскохозяйственных культур. М., 1988, 301 с.
  •  Носатовский А.Н. Пшеница. М., Сельхозиздат, 461 с.
  •  Гребенский С.О. Рост растений. Львов, 1961, 296 с.
  •  Апушев А.К., Мырзабаева Г.А. Влияние сроков сева на посевные качества и урожайные свойства семян озимой пшеницы. Материалы 5-й международной научно-практической конференции. Абакан, 2002, с.31-32.
  •  Мырзабаева Г.А. Күздік бидай сортүлгілерінің себу мерзіміне байланысты өнімділігі және дән сапасы. «Бараев оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2008, 46-47 б.
  •  Апушев А.К., Мырзабаева Г.А. Оценка хлебопекарных качеств зерна озимой мягкой пшеницы «CIMMYT» в условиях юго-востока Казахстана. Материалы международной научной конференции «Стратегия научного обеспечения АПК РК в отраслях земледелия, растениеводства и садоводства: реальность и перспектива». Алматы, 2005, с.58-59.
  •  Оспанбаев Ж.О., Моргунов А.И., Мурзатаева Т.Ш. Эффективные пути быстрого внедрения новых сортов в производство. Материалы международной конференции. Алматы, 2004, с. 73-75.
  •  Мырзатаев Т.Ш. и другие. Создание озимой пшеницы с высокой продуктивность кустистостью. Тезисы докладов 2-ой Центрально-Азиатской конференции по зерновым культурам. Чолпон-Ата, 2006, с.31-32.
  •  Оспанбаев Ж.О., Мырзатаева Т.Ш. Агроэкологические факторы и размножение семян сортов озимой пшеницы. Материалы международной научно-практической конференции посвященный 70 летию академика НАН РК Байзакова С.Б., Алматы, 2010, с.137-141.
  •  Мурзатаева Т.Ш. Экологическое испытание линии и сортов мягкой озимой пшеницы.//Вестник КазНАУ. Серия экологическая, 2010, №2 (21), с.61-65.
  •  Богданова Е.Д. и другие. Новые сорта яровой мягкой пшеницы для различных климатических условий Казахстана. Алмалыбак, 2010, с.78-80.
  •  Группа авторов. Районированные сорта сельскохозяйственных культур в Казахстане. Алматы, 2007, 55 с.
  •  Селекционные достижения Казахстана. Алматы, 2001, 194 с.
  •  Сулейменова М.Ш., және т.б. Күздік бидайдың жоғары өнімді түрлерін шығарудың физиологиялық негіздері.//Жаршы, Алматы, 2000, №6, 20-24 б.
  •  Әрінов Қ.Қ. және т.б. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 561 б.
  •  Деревянко А.Н. Погода и качества зерна озимых культур. Л.,1989,-127 с.
  •  Ковырялов Ю.П. Интенсивные технологии производства пшеницы. М.,1986,-125с.
  •  Будько М.И. «Климат и жизнь».-Л., 1971,-472 с.
  •  Деревянко А.Н. «Зависимость качества зерна озимой пшеницы от агрометеорологических условий».М.,1978, 25с.
  •  Кодапов И.М. «Повышение качества зерна». М., 1976,-302с.
  •  Константинов А.Р. «Погода, почва и урожай озимой пшеницы». Л., 1978,-263 с.
  •  Стрельникова М.М. «Повышение качества зерна пшеницы». Киев, Урожай, 1971,-178с.
  •  Суданов П.Е. Повышение качества зерна пшеницы. М.,186,-96 с.

 

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу