Монғол империясы
Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті
Шығыстану кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Монғол империясы
ЖОСПАР
Кіріспе
І Тарау.
Моңғол империясының құрылуы
ІІ Тарау.
Шыңғысхан – ірі әскери және мемлекет қайраткері
ІІІ Тарау.
Шыңғысханның сыртқы саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
ХІІІ ғасырдың басында саяси дамуда ірі өзгерістер болды. Оған негіз болған себептердің біріне сол кездегі саяси аренада пайда болған негізін Шыңғысхан құрған Моңғол мемлекеті жатады. Бұл мемлекет өзі құрылған күннен бастап ақырына дейін сол кездегі саяси дамуға көп әсер етті.
ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан бастаған көшпелі Моңғол тайпалары Азия мен Европаның көптеген бөлігін басып алып, Моңғол империясын құрды. Шыңғысхан армиясы Найман ханы Күшік билік еткен Қарахан (1219ж) және Хорезм (1219 – 1221 жж) мемлекеттерін аз ғана уақыттың аралығында талқандады. Закавакзьеге басып кірді, 1236 -1240 жылдарды Қыпшақтарды, Еділ – Кама булгариясын және орыс кньздықтарын, Шығыс Европаның көптеген жерлерін өзіне бағындырды.
Аз ғана уақыт аралығында осыншама тез және кең территорияны өзіне бағындырған Шыңғысханның әскери басшылықтағы орны қандай еді, ол соншама кең территорияны көп уақыт бойы қалай бейледі деген сұрақтарға бүгінгі күні зерттеушілер жан – жақты талдау жасап жүр. Шыңғысханға кеңес дәуірі тұсында дұрыс баға берілмей, оның жорықтарын тек қана қанқуйлы, қатыгез адамның іс - әрекеттері ретінде көрсетті, ал оның сол кезде тарап жатқан, бытырап кеткен өз тайпаластарының басын қосып ірі мемлекет құрғандығын, оның ірі мемлекет қайраткері бола отырып, көптеген территорияны өзіне аз уақытта бағындыра алған, оны ірі, қатал да тәртіппен құрған армиясын күшімен үнемі ұлғайтқан соғыс әдістерін жақсы меңгерген ірі қолбасшылық қабілетін көрсетпеді, айтпады. Сондықтан да бүгінде әр халық өзінің тарихына қайта үңіліп көз салар кездер өткендегі Шыңғысханның дәуіріне де қайта оралар кез келді. Сондықтан да бұл мәселе төңірегінде әлі де көп зерттеулер, еңбектер және мақалалар жарық көріп, ол сол кездегі тарихқа әділ сын берер Шыңғысханның жеке тұлға ретіндегі орнын көрсетер кез туған шығар.
ХІІІ ғасырда Азияның көптеген бөлігі мен Европаның шығысы татарларға бөлінді. Бұл көшпелі халық тайпалары бірігіп, өмір сүрген кез еді. Осы халықтың басын қосып, өз билігін жүргізген адам алғашыңда Онон, Керулен өзенінің жағысында, таулы аймақты қоныстанаған бірнеше тайпаның көсемі болатын. Өз бәсекелестерімен күрес нәтижесінде оларды жеңіп, өсіп, өмірдің сынынан өткен ол Темучин еді. Ол Моңғол тайпаларының басын құрап, татар халқын бірнен соң бірін бағындырып, 1206 жылы өз хан етіп тағайындады. Ол үкімет басына келген күннен бастып көрші жатқан тайпаларды, мемлекеттерді бағындыруды мақсат еткен еді. Осы мақсатына жету үшін ол армияны қайта құрып, жасақтарын берік тәртіпке бір орталыққа бағындырды.
Ол Шыңғыс хан деген атақ алып бірі – бірімен бұрыннан жауласып жатқан тайпаларды тәртіпке келтіру үшін әскери жасағын өте қатал тәртіп негізінде құрды, «Ясы заңдар» жинағын шығарды.
Бұрын татарлар тәуелді болған қытайды Хуанхе өзені бойына дейінгі жерлерді бағындырып, өзінің тәжірибелі қолбасшы, күшті де тәртіпті атты әскерлері нәтижесінде көп табыстарға жетті.
Трансоксония, Хорезм мен Персияны жаулап алып, тікелей оларды өз заңына бағындырды. Әскерлерінің бір бөлігі Қытайды жаулап жатса, екіншісі Үнді, Ефрат өзені бойын, Грузия арқылы Қаратеңіздің солтүстігін, Қырымды, Ресейдің бір бөлігіне, Волга бойын бағындырды. Шыңғыс хан Парсы жерін жаулап алып, Қытайдағы Тангут жеріне келіп, балаларына жаханды жаулап алуды аяқтауды өсиет етіп, сырқаттан қайтыс болды. Оның бірінші мирас қоры Үгедей кезінде моңғолдар Каспий теңізінің солтүстігін, Кваказ, Қара теңіз жағалауын, Ресейді жаулап алды (1238-1243 жж).
Польша мен Венгрияны, Кіші Азияны, Бағдат халифатының тағын құлатып, бүкіл Қытайды, Тибет, Индияның бір бөлігін жаулады. Сөйтіп оның мұрагерлері Шыңғыс ханның соңғы тілегін оның өлгеніне жарты ғасыр толғанда орындап бүкіл Азия жерін бейледі.
Бұл империя жер көлемі жағынан бір әміршіге өте көп еді. Кейін ол төрт жеке дара бөлікке бөлінді.
Қытай, Тибет, Татар және Алтай тауына дейін Шыңғыс ханның баласы Үгедей үлесіне, төртінші мұрагері кейін астананы Пекинге көшіреді. Қалған моңғолдың үш билеушісі осы әміршіге тәуелді болды. Алтайдан Амударияға дейін Шағатай үлесі, Каспий теңізінің солтүстігінен қара теңізге дейін Жошы ұлысы. Найман жері мен Моңғолдың Шығыс бөлігі Төле үлесіне тиді. Олардың құдырет күшінің өсуіне қарсыластарының сөзссіз бағынуы себеп болды. Басып алған елдермен жерлерді билеу тағы өзінен кейін балаларына қалып отырды.
Шыңғыс ханның қаулысы бойынша жоғарғы өкімет басына билікке, патшаның өз семья мүшесі ғана отыруға тиісті болды. Ол жалпы жиналыста сайланады. Уақыт өте келе мирас қорлар арасында алауыздық пайда болып саяси дағдарысқа ұшырады. Бұның өзі кезінде дүинені дүрсілкіндірген Шыңғыс құрған керемит империяның біртіндеп ыдырай отырып құлауына алып келді, сөйтіп ХҮ ғасырдың аяғында құлады. Осындай әлемді жаулап алушы Моңғол ұлы державасын құрған Шыңғыс хан қазіргі таңда бізге мықты қолбасшы, әрі қатыгез, адал сұраптаушы ретінде белгілі.
Бізге Шыңғыс ханның өмірі өзінің іс - әрекеттері, жорықтары туралы деректер бізге келіп жеткен. Осындай Моңғол империясы туралы және Шыңғыс хан туралы бас бейінені бізге Шыңғыс жазушылары жазған деректерден келіп жеткен. Олардың қатарына жататын
1) Парсы тарихшысы Рашид – ад – дин жазған «Шежіре жинаты».
Бұл жинақ ХІV ғасырда Шыңғыс хан тұқымынан шыққан Газанхан кезінде жазылған. Шығыс ғалымдары еңбегінің нәтижесінде бұл кітап бірінші болып тұр. Рашид-ад-дин моңғол имериясы кезіндегі Иран ханның минстрі болып, ханның кітапханасынан моңғол дуп деректерін зерттеп, бізге дейін жетпеген «Алтын дәптері көшірмесін» көшірген. Келесі Шыңғыс және оның мұрагерлері туралы жазбаша деректер қатарына жататын төмендегі еңбектер:
Араб жазушысы Ибн-аль-Асирдын Мисопотамияда жазылған «Хроника» еңбегі, Парсы жазушысы Джузджаниядын 1260 жылы басылған Индияда «Насыр» таблицасы, Парсы тарихшысы Жувейнидің моңғол түп деректеріне сүйене жазылған «Жаханды жаулап алушы тарихы» әлемге әйгілі. Сол сияқты моңғол халқының тарихи ескеркіші, Моңғол тілінен аударылған «Моңғолдың купия шежіресі».
«Купия шежірені» көптеген елдердің аты Шулы тарихи әдеби шығармаларымен теңестіруге болады. Оны жазған адам белгісіз болса да, оның қолында соңында былайша жазылған: «Ұлы Құрылтай шақырылып, тышқан жылының (1240 ж) мизам айында Кеуленге хан ордасы қонып жатқан кезде аяқталған». Бұл әдеби шығарма болғанымен, ХІІ ғасырда Моңғол ірі империясы орнаған шақта Моңғол елінің ішінде болған оқиғаларды шындықпен баяндап көрсеткендіктен тарихи аса маңызды дерек болып табылады. Мұнда моңғолдардың шет елге шабулы туралы жазылмаған. Әйткенмен Моңғол әскерінің батыстағы елдерге шабуылы туралы оқиғаны Рашид- ад-дин жазған « Моңғол тарихы» генерал Ибаннинің «Военное искуствои завоевание монголо – татар и средние – азиатских народов и при Чингиз – хане и Тамерлане» атты кібатында толық көрсетілген. Онда моңғол әскери өнерімен ондағы армия ішіндегі ерекше тәртіпке жан – жақты тоқталған. Сонымен бірге К.Д. Оссонның «Моңғол тарихы» деген үш томдық кітабында толық мәліметтер берілген. Моңғол әскерінің әскери саяси құрылысы туралы Эренжан Хара – Даванның «Чингиз хан – полководиц и его насследие» деген кітабында әскери қолбасшы ретінде толқы көрсетілген.
«Купия шежіре» туралы Владимирцов былай деп жазған: «Орта ғасыр кезінде бірде ел, дәл моңғолдар тәрізді тарихшылар назарын аударған емес деп айтала алатындаймыз, нақтылы болған өмірдің ақиқат – шындығын айтала алатындай, бейнелеп көрсеткен» Купия шежіреден тарихи ескерткіш бірде – бір көшпелі елден қалған емес.
Неміс тарихшысы д-р Ф.Э. Краузер Шыңғыс – ханға мынадай сипаттама берді: «Моңғол тарихы негізінен Шыңғыс – ханнан басталады. Тарап жүрген көшпелілердің басын қосып, бүкіл Азияны жаулап алу – бұл Шыңғыс – ханның жеке қолының күші. Шыңғыс – хан басып алған елін өзіне бағындырғанымен, оның мәдениетіне, дініне ешқандай әсерін тигізген емес. Тайпаның басын құрап, бәсекелестерінен өшін алған Шыңғыс хан өз алдына бір бағыт ұстады. Ол әлемді жаулап алу еді. Оның өмірінің өзі осыған бақытталды. Шыңғыс хан мұрагерлері әкесі жүрген жолын ұстап, тек қана өз даласына емес, Азияны бүкіл мәдениетті қалаларына, «Шыңғыспен Батысқа ие болды. Осындай мақсатпен Шыңғыс хан бүкіл дүние жүзі тарихы ішіне енгізер ем» - деген.
Ал ағылшын жазушысы Корольд Лэм Шыңғыс ханға былай сипаттама берген: «Европа даласында кеменгер қолбасшы ретінде бізге Наполеон белгілі еді». Напалеонның жорығында әскерінің бір бөлігін Египет жерінде өз тағдырымен қалдырса, қалғанын Ресейдегі карта тастады. Оның империясы көзі тірісінде қулап, баласы мирас қор болудан айрылды. Шыңғыс ханға тең кемеңгерді іздеу үшін Александр Македонскийді айтуға болады. А. Македонский өз әскери фалангасымен Шыңғыс шығысқа Элиндік білімді қарастырған. Осы екі жаулап алушы өз данқының арқасында әлі күнге дейін Азия халықтарының ертегісінде жүр. Бірақ өздері өлгеннен кейін қолбасшылары патша тағына таласып, баласының қашуына алып келді. Ал Шыңғыс ханның ұрпақтары әлемнің жартысын биледі.
Шыңғыс ханға баға беру туралы ағылшын жазушылары көп еңбек сіңірген. Ал қазіргі кезеңде осы Шыңғыс хан тұқымынан қазақ хандығы пайда болды деген пікірлер бар. Мысалы: «қазіргі таңда Қазақстандық тарихнамада қазақ хандығының шығу тегі туралы мәселе бойынша екі бағытта пікір лер бар: ол толық айқындалмай отыр. Алғашқы пікірді қолдаушылар қазақ хандарының шығу тегі Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алады деп көрсетке, ал кейбір тарихшылар қазақ хандарын Жошының кенже ұлдарының бірі – Тұқай Темірден тараған деп дәлелдейді. Бұл жерде бұл екі дерекке сүйеніп отыр: «Жамих – ат- тауарихда», «Жошы ұрпақтарының шежіресінде» атты бөлімде Шайбани – хан – Шахбутах - Әбілқайыр, - Даулетшейх – Ибрагим – Болат – Мынтемір – Бадагүл – Жошы бұқа – Бахадур – Шайбан-хан – Жошы – Шыңғысхан. Бұл жерде Шайбана ханның оныншы атасы Шайбан хан Жошыфның бесінші ұлы деп жазылады.
Ал қазақ хандары Бұрындық пен қасымхан шежіресі бойынша: Шыңғысхан – Жошы – Тұқай Темір - Әз Темір – Қожа – Бәдік – Орыс хан – Тоқтахия – Болат – Керей – Бұрындық – Шайқым – Жармұхаммед болып келеді де, ал Орыс ханның Қойыршық атты ұлының Барақ, одан Жәнібек одан Қасымның өрбігендігін жазады. Яғни, Тұқай-Темір Жошының онбесінші ұлы етіп көрсетіледі. Сонымен қазақ хандарының арғы атасы – Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тараған десек қателеспейміз.
1. Монғол империясының құрылуы.
ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия жерін Енисейден Ертістің жоғарғы сағасына дейінгі жерді Түркі тілдес халықтар мекендеген. Олар ежелден көшпелі малшаруашлығымен айналысқан, тайпалық құрылыста өмір сүрді. Моңғолдықтар руға және ұлыстарға бөлінді.
ХІІ ғасырдағы Моңғол қоғамы үш топқа бөлінді, ақсүйектер қарапайым халық және құлдар. ол кезде моңғолдар Шаманға бағынған, яғни көкке табынған, «Моңғол» деген ат Х-ғасырдан бастап белгілі болды. Ұлы Қытай қорғанына жақын орналасқан оңтүстік бөлігін Қытайдықтар «ақ татарлар» деп атаған. Негізгі аты «оңғұттықтар». Солтүстік бөлігін «қара татар» немесе «орман халықтары» деп атаған.
Бұл жерде енді ол қандай халық және олар қайдан пайда болды?- деген сұрақ туады.
ХІІ ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр, Бұйыр-Нұр көлі маңындағы моңғол тайпасының құрамындағы татарлар көшіп жүрді. Олардың батысында Төле өзені бойында мекендеген «керейттер» тұрды, Алтай таулы өңірін, Ертіс өзенінің батыс жағасында «наймандар», солтүсітігінде Онон өзені бойында «моңғол», Саян тауы мен Байқал көлі аралығындағы «ойраттар», Жоңғар тауында «ұйғырлар» мекендеген. Мал шаруашылығымен айналысқан бұл халық жаздық, қыстық жерлерге көшіп-қонып жүрген. Қолында төрт түлік мал, соның ішінде жылқы мен түйені көп ұстаған. Қыста аң терісінен жасалған киім киген, әйелдері биік бөрік киген. Малдың жүнінен жіп, сүйегінен найзаға ұштық, кепкен көңін отын ретінде пайдаланған. Негізгі тағам осы мал болған. Сүйікті тағам ретінде жылқы етін қолданып, етті кептіріп сақтаған. Әртүрлі аң еттерін пайдаланып, жылқы қымызын сусын ретінде пайдаланған.
Олар қыста жайылымдық жерге, жазда тау өңірін мекендеген тайпаларын белгілі бір өз территориялары болған. Тағы бір ерекшелігі моңғолдықтар бірнеше әйел алып, әрқайсысына қадың мал төлеп отырған. Әрбір әйелінің жеке үйі, шаруашылығы болған.
Әкесі қайтыс болған жағдайда, баласы оның жесірлерін алуға тиіс. Негізгі үйі жиналмалы киіз үй, ол әрқашан да Оңтүстікке қаратылып орнатылған. Егер өлікті жерлейтін болса, онда оны үйге көп сақтамай, өз қаруымен, жылқысымен қоса жерлеген.
Аңшылықпен айналысу арқасында моңғол халқы өте мерген болған. Тайпа басы «Ноян» немесе «Тайшы» деп аталды, ол ханға ғана бағынып, бір тайпадан салық жинап отырды.
Осылай көшпелі малшаруашылығымен айналысып отырған жеке тайпаларды Цзинь империясы біріктірмей оларды өштестіріп, бір-бірімен үнемі айдап салып соғыстырып отырды.
ХІІ ғ. осы саясатқа байланысты Цзиньдықтар татарларды моңғолдарға қарсы қойып, бірнеше тайпа басын біріктірген Қабыл – қаған құдіретін жойды. Ол кезде олар «қара татарлар» - деп аталған еді.
Тимучин, болашақ Шыңғыс-хан 1155 ж февраль айында «Онои» өзені бойында дүниеге келген. Оның әкесі Есукей батыр моңғолдардың боржігіт тайпасынан шыққан, ру басы. Есукей батыр, ер жүрек, өзге моңғол тайпаларымен, әсіресе татарларға қарсы шабуыл жасап отырған. Оның аты аса үлкен құрметпен моңғолдарға белгілі болған. Оның әртүрлі тайпалардан бірнеше әйелі болған. Біріншісі Ұлын Еке, Темучиннің шешесі. Есукей батыр мен Ұлын Екенін біріншісі. Сол кезде Есукей батыр басшылығымен татарларға қарсы жорыққа шығып, жеңіспен олжалф оралып келе жатқан кезінде, татар ру басының қолына қолға түседі. Оның аты Темучин болған, баласынан сол батырдың атын қойған екен. Бірнеше ғалымдардың айтуы бойынша «Темучин» - «Темірші» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі көшпелі халықтар арасында туыстас, ру-тайпалар ішінен қыз алыспайтын әдет өмір сүрген, сондықтан үнемі өзге тайпалармен қыз алысып, құдаласып отырған.
Шыңғыс-ханның шешесі Ұлын Еке қоңыраттың қызы еді. Есукей батыр өзінің баласын Темучинге нағашы жұртын қоңыраттан қыз айттырмақ болып, Темучин 9 жасқа толғанда Қоңырат ұлысындағы Тай шешенге барады. Тай шешеннің екі ұлы, бір қызы болған. Үлкен ұлының аты Алшы ноян, қызының аты Бөрте. Сол Бөрте екенді айттырмақ болып, құдалыққа сөйлеседі. Өз салты бойынша бір-біріне сый тартып, балаларының бой жетуін күтеді. Құдалықтан қайтып келе жатып, Есукей батыр татарлардың қолынан уланып, бірнеше күннен кейін қайтыс болады. Темучин 9 жасында әкесінен айырылып, шешесі және екі інісімен қалады. Енді Есукей батырдың бұрынға қол астындағы тайпалары жан-жаққа тарап, ыдырап көшіп кетеді.
Елде қалған Ұлын-Еске өте қиын жағдайда өмір сүреді, балалары семьясын асыру үшін аң аулап күн көреді. Ұлын Еке балаларына әкесінің батырлығын, арғы аталары, шыққан тегі туралы, әкесі өлген соң тастап кеткен тайшиут тайпасынан өскенде кек алуға балаларын жастайынан тәрбиелейді. Шыдамды, мықты болып өскен Темучин өзінің батыр болғандығын жас кезінен көрсете бастайды. Бірде оның арғымақ атын ұрлықшылар ұрлап кетеді, сонда ол оларды артынан қалмай қуа отырып, арғымағын қайтарып алады. Сол кезде ол далада келе жатып бір жас жігітпен кездеседі соны кейін өзіне көмекші етіп алады, ол Темучиннің бірінші нөкері болады.
Уақыт өте келе Темучин өз інісі Белгутаймен Тай шешенге барып, қалыңдығы Бөрте Еженге үйленеді, бас киітті қара бұлғын ішікті алып, Тола өзені бойындағы керей ханы Тұғырылға сый етіп тартады. Тұғырыл-хан Темучиннің әкесі Есукеймен «анда» болғандықтан, Темучин Тұғырылды әкем дейді. Тұғырыл-хан Темучин мен замандас адам, оның «он хан» деген лауазымы «Уан хан» дегеннен шыққан, мағынасы «бір елдің әміршісі» - деген сөз.
Тұғырыл өз кезегінде Жұнғоны билеген Жин патшалығына Алтан ханға көмектесіп, татар тайпаларын бағындырған. Бұл еңбегі үшін алтын хан оған «Уан» атағын берген. Осы хан тұсында керей елі мейлінше күшейіп, ұлан-ғайыр өріске көсіле шыққан. Уақыт өте келе бауырлар арсында алаауыздық пайда болып, таққа таласады. Нәтижесінде Тұғырыл ханның әкесі Құршақыз Бұйрық ханның інісі Горханда таласып, шабуыл жасап, Тұғырылдың жерін иеленді. Ал он хан қашып, Есукей ханды пайдаланды, Есукей батыр Горханмен соғысып, оны талқандап Тұғырылды хан тағына қайта отырғызды. Бұған көңілі көншіген Тұғырыл хан Есукей батырмен «анда» - дос болады.
Есукей батыр қайтыс болған соң қол астына қараған елі тарап тозып, жетім қалған баласын Темучин және жесір қалған әйелі Ұлын Еке «көлеңкесінен өзге серігі, құйрығынан басқа қамшысы жоқ» ауыр күндерді басынан кешіріп, көзге түрткі болады. Темучин бұл жағдайдан құтылу үшін әкесі Есукейдің «андасы» Тұғырылға сүйенуге ұмтылды. Ол Тұғырылға келіп «сіз менің әкемнің «андасы» болғандықтан, өз әкеміз, мен үйленген келініңіздің атасына арнаған киітін өзіңізге алып келдім», деп қара бұлғын ішікті Тұғырыл-ханның иығына жабады. Бұған риза болған Тұғырылхан Темучинге «қара бұлғын ішіктің қарымы үшін, тозған еліңді түгел жинап саламын» - деп уәде береді.
ХІІ ғ. өн бойында Моңғолиядағы күшті мемлекет болып келген керей ханы Тұғырылға сүйене отырып, моңғол-ру тайпаларының басын құрайды.
ХІІ ғ. мемлекеттер Моңғолиядағы ірі ұлыстардың бірі болып, Селенгі өзенінің өңірін мекендеген, батысында моңғол тайпалары тұрған. Меркіттер жанбасы көп, жауынгер ұлыс болып, үнемі Темучин әулетімен жауласып отырған. Меркіттер бұрынғы Есукей батырдан алмаған өшін, баласынан алу үшін шабуыл жасап, бәйбішесі Бөртені олажалап кетеді. Арада бірнеше уақыт өткен соң, Тұғырыл ханның көмегімен 2-тумен 20 мың әскерді ертіп, оң және сол қанат болып аттанып, екі тумен әскермен, оған хабарлағандар деп Темучиннің екі інісін жібереді. Осылай аттанып меркіттерді талқандап Бөртені қайтарып алады. Жол жөнекей Бөрте босанады. Сөйтіп Жошы-хан дүниеге келеді. Темучин мен Жамука екеуі ежелден дос екендігін еске түсіріп, достасып, бір жарым жыл бірге тұрады. Бір күні олар жайлаудан қыстауға көшіп бара жатып, тұрақтанатын жаңа бір жер таңдайды. Осы сәтте Жамука Темучинге: «Тауға таман қонайық, жылқыға ықты болсын, өзенге жанай қонайық, қозышы мен қойшы да тойып, олжалы болсын» - дейді. Мұны Темучин былай шешеді: «жылқышыға ықты болсын» дегені, ол жоғарғы топтағы ақсүйек байларды айтып отыр, «қозышы мен қойын жайып тойып олжалы болсын» дегені қарапайым халық. Осы сөзден кейін Темучин Жумакамен арадағы достық қарым-қатынасын үзіп, байлансын тоқтатып тауға қарай көшіп кетеді. Бұл моңғол ру тайпаларының қарама-қарсы екі лагерге бөлінуіне әкеп соқты. Бұрынғы босы енді Темучиннің жауына айналды. Ол кезде Темучин де батыс пен оңтүстігіндегі көршілерінен қорғанатындай күші бар еді. Соның бірі татарлармен тайшиуттер еді. Оған дейін Темучиннің қол астында 12 шеңберден тұратын 13 мың атты әскері бар еді.
Тайшиут көсемі Торғытай біршама күш жинап отыр, 30 мың әскерімен Темучин қыстауға көшіп бара жатқанда шабуыл жасап, Жамукамен қосылды. Бұл соғыс Темучиннің жеңуімен аяқталады. Темучиннің жеңіске жетуіне бір себеп, ол әскерлерін: он қанатты орманға, сол қанатты вагенбургке бөледі. Вагенбург негізінен әскерелерден емес, қаруланғаг соғысқа жарамды адам және әйелден тұрады. Вагенбург – жүк тасымалдаушы арба, сондықтан оның ішінде мал-мүліктер ғана болды. Жау Вагенбургке жабылған кезде ормандағы әскердер жауды қоршауға түсірді. Осындай соғыстағы әскери табысы нәтижесінде моңғолдардың құрамына бірнеше тайпалар кірді. Енді белгілі ақсүйек тобының өкілдері Алтан, Құшар, Сасы-бек, кеңесіп Темучинді таққа отырғызды. Бірақ бұл кезде әлі де болса моңғол ру-тайпаларының басы толық біріккен жоқ еді.
Темучин Моңғ,олиядағы тайпаларды бағындыруда Керей ханы Тұғырылға сүйенеді. Екеуі үнемі тізе қосып бірге жорыққа аттанып отырды. 1199 ж. Темучин он ханмен бірлесе отырып найман Бұйрық ханға шабуыл жасайды. Найман елінің билеушісі Күшлік хан – «Бұйрық зан» деп аталады. Темучиннен бұрын наймандар өте күшті елдің бірі болған. Темучиннің әкесі Есукей батыр тұсында найман елін Бұқа хан билеген. Бұқаханның тұсында керей елінен он хан таққа таласқан туыстарын өлтіргенде, он ханның інісі Ерке-Қара қашып найман еліне келеді, оған Бұқа хан әскери көмек береді. Соның арқасында оған Он ханның тағын тартып береді. Бұқа хан қайтыс болған соң, екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, найманның екіге бөледі. Таян хан үлкен ұл болғандықтан әке орнында қалып, ойпатты мекендеген. Бұйрықханға қарасты ел тау арасында қоныстанған. Моңғолдар шабуыл жасаған кезде, моңғол әскерлері Алтай аймағындағы Ұлынгір түбінде көлінің маңында Бұйрық ханды қоршап алады. Бұл шайқаста жеңілген Бұйрық хан Қырғыз еліне қашып кетеді.
1202 ж Бұйрық хан меркіт, татар ұлыстарынан күш жинап үлкен армиямен Темучинге қарсы шабуыл жасайды. Бірақ қақаған қатты аяздан әскерлері үсіп, біразы қырылады. Нәтижесінде Бұйрық хан ойсырай жеңіліп әрең қашып құтылады.
Керей Он хан мен Темучин арасында одақтық байланыс кейін бұзыла келіп қанды шайқасқа айналады. Мұның себебін тарихшылар түрліше түсіндіреді.
Рашид-ад-диннің «Жамих-ат-тауарих» – атты кітабындағы айтуға қарағанда: «1202-жылы қыста Темучин өзінің үлкен ұлы Жошыға Тұғырыл-ханның қызы Саур бикені айттырмақ болады. Сондай-ақ Тұғырыл хан өзінің үлкен ұлы Ингуннің баласына Шыңғыс ханың қызы Хошын бикеш айттырмақ болады. Бірақ бұл құдалық келісімге келмей, бұзылады да аралығында араздық пайда болады. Мұны пайдаланған Жажрат тайпасынан басы Жамука шешен Тұғырыл-ханның баласы Сенгунмен сөз байласып Темучинге қарсы шығады. Нәтижесінде Он ханмен Темучин арасында соғыс туады».
Ал парсы тарихшысы Жувейннің айтуы бойынша: «Керей Он хан Темучиннің ақыл-айласы мен ерлігін, соғыс өнерін қадір тұтатын еді, Темучиннің абырой атағымен мәртебесі көретілген сайын, әскери-әкімшілік істерде Он хан Темучинге сүйенетін болды. Тіпті Он хан әскерлері мен халқына да Темучиннің бұйрығы жүрді. Оның Он хан алдында мұндай мәртебеге жетуіне іштей күндестігі қозған Он ханның балалары мен туыстары алуан-түрлі сылтау қолданып, Темучин мен Он хан арасына іріткі салды. Ақырында соғыс қақтығысына әкеліп, Темучин Он ханның елін шауып өзін өлтіреді. 1204 жылы Темучин керейлерді жаулап алғаннан кейін найман Таян хан меркіттердің бастығы Тоқтабек және жажыраттардың басшысы Жамука шешенмен бас қосып Темучинге қарсы одақ құрады. Бұл одаққа найман, меркіт, сальджиот, қаташын, бұдан бұрын талғандалған керейлер мен татарлардың бір бөлігі кіреді. Темучинге олардың жасырын даярланып жатқан қарсы соғыстарының жоспарын біреу жеткізіп қояды. Темучин алдын-ала қимылдап, оларға тұтқиылдан шабуыл жасап, талқандайды, Таян хан соғыста қаза табады, Таян ханның баласы Күшлік хан майданнан құтылып қашып әкесінің інісі Бұйрық ханға келеді.
1204 ж. күзде Темучин енді Тоқтабекке шабуыл жасап, оларды талқандайды. Соғыста жеңілген Тоқтабектің баласы Жуду, Шылаумен бірге Бұйрық хан еліне қашады. Темучин қашқан меркіттер қуып, нәтижесінде меркіттердің оғыз тайпа басы Мерусін елдесуді тілеп, өз қызы Құланды Темучинге береді. Темучин оған мәнсап беріп, өз тайпасын билетеді. Бірақ Иерусын кейін Темучинмен жауласады. Темучин оның әйелін Торекинді тұтқындап баласы Үгедейге қосады. осы Торекиннен төрт бала туған, оның тұңғышы моңғолдардың үшінші ұлы қағаны Күйік хан (1205-1248).
Темучиннен жеңілген меркіттердің бір бөлігі бір батысқа қоныс аударып, керей еліне қосылады. Арада бірнеше уақыт өткен соң Темучиннің қолын қас жауы Жамука шешен түсіп, моңғол ұлысы оны өлтіреді. Темучин енді одақсыз қалған татарларға қарсы шабуылға шығып, сол шайқастарында татарларды түгелімен Моңғол ұлысына қол астына кіреді.
Енді оның барлық назары Қытай жеріне ауады. Осыған дейінгі оның жорықтарына ол өзіне халық пен малды ғана олжалаған болса, енді ол қытайдың байлығына қызығады. Бұл байлық оған келшектегі жеңіске жету үшін керек деп ойлайды. Ол өзінің Қытайға бірінші жорығын Сия империясына жасайды. Ол кезде моңғолдар оны Хошин, кейін Тангут деп атаған. «Хошин» өзеннен батысқа қарай деген мағынаны білдіреді. Яғни, Таң патшалығы. Бұл туралы мынадай деректер бар: «Хошин» империясын Темучин жаулап алған кезде, оның баласы Үгедейдің әйелі босанып: «атын Хоши» леп атаған екен. Бірақ, немересі қайтыс болып, бұл жердің атын Тангут немесе «Таң патшалығы» деп атайды. Бұл патшалық Шень – Си провинсиясының Солтүстік бөлігін құраған еді. 1205 ж Темучин қытайды басып алып, еліне қайтып оралады. Бұл басқыншылық жорық баю үшін болған еді.
Моңғол мемлекетінің қоғамдық құрылысы
Сол кездегі моңғол мемлекетінің сипаты мен құрылысы Моңғол қоғамындағы қалыптасқан бытыраңқылық – феодалдық қатынастар мен халықтың көшпелі өміріне сәйкес келеді. Бытыраңқы өмір өткізіп отырған, үнемі бірімен-бірі жауласып отырған Моңғол ру тайпаларының біртұтас мемлекеті біріктірілуі тайпалар арасында толассыз болып отырған талан-тараждар мен қиян-кесккі қан төгіс соғыстарды жойды. Бірақ іс мұнымен тынбады. Темучин бастаған моңғол әскери-феодал шонжарлары жаулаушылық соғыстарын үдете түсті.
1206 ж ашылған Моңғолиядағы Онон өзені бойындағы ру – тайпа шонжарларының құрылтайы Темучинге «Шыңғыс-хан» атағын беріп, моңғолдардың «ұлы қағаны» етіп жариялады. Моңғол тайпаларының бәрі Шыңғыс-хан ұлысы саналды. Ол осы құрылтайға 95 әскер басына хандық жарлықтар берді. Олар оң қол, сол қол және орталық деп үшке бөлінді. Әрқайсысы өз ішінен түмендік, мыңдық, жүздік және ондықтарға бөлінді. Ең үлкен әкімшілік билік бөлек деп бір түмен әскер шығара алатын иелік есептелді. Шыңғыс-ханның барлық қарулы күштері әрқайсысында мың әскері бар 95 мыңдықтан құралды. Оларды нояндар, батыр-мергендер басқарды. Шыңғыс-хан шыққан боржігіт тайпасы «Алтын ұрпақ» деп аталды. Шыңғыс-хан жергілікті халықтың тілі, әдебиет, мәдениет, діни – сезім, салт-санасына қысым жасамады. Ол өз ана тілінен басқа тіл білмеген. Олар 1204 ж тұтқынға түскен найман хандығының бас уәзірі Тататонғаны хатшылық қызметке пайдаланып наймандардың ел басқару ережесін, жазу – мәдениетін, көне-ұйғыр жазуын қабылдады. Осындай ұйғыр жазуын қабылдап, Моңғолдардың арасынан шыққан білімді Шыңғыс-ханның асырап алған інісі Шиги-Кұтұқ болды. Шиги-Кұтұқты жолдан тауып алып, өз анасы Ұлын Екенін тәрбиесіне берді. Ол Шыңғыс-хан империясындағы бірінші сот болады. Осы ұрлық пен алдау ісін жазалуды Шиги-Кұтұқта тапсырды. Оның негізгі ашқан жаңалықтары салт-дәстүр бойынша заңдар шығарып, заң жинағы «Ұлы Ясы» деп аталған заңды өмірге әкелді. Бұл заң сол кезеңдегі ең ірі заңдардың қатарына жатады. Ол негізіне екі бөлімнен тұрған, әр бөлімі қоғамның белгілі дамуына арналған.
1. білік, нақыл – сөздер жинағы, яғни маңызы бар шешімге келеді. Әртүрлі оқиғаларды жазалауда ұлы адамдардың нақыл сөздері.
2. «Ясы» - бұл әскери адамдар мен ер азаматтардың құқығын қарайтын заң.
«ХІІІ ғ басында құрылған Ұлы Моңғол империясы қатаң заңдар жинағы арқылы басқарылып отырылды. Яғни «Ясы» заң жинағы екі бөлімнен тұрды».
1 бөлім
«Білік» - нақыл сөздер жинағы
1. Ол кездегі тайпалар арасында екені сайлау, үлкенді, күйеуін силап, енені құрмет тұту, Шыңғыс-хан өмір сүрген тайпада болған емес. Бұл ел арасында жастардың ұрлық, кісі өлтіруіне алып келді. Шыңғыс-хан келісімен бәрін бір «Ясы» заңына бағындырды. Ақылдасын әскер басына, ептісін қолына құрал беріп жылқыға, зердесіздің қолына қамшы беріп қойға, қойды. Менен кейінгі ұрпақтарым өсіп, менің орнымды олар басса, ол өз қалпына қажеттінің бәрін алып, Ясакты сақтауы тиіс. Мемлекетті берік ұстауы үшін төзімділік пен мықтылық керек.
2. Егер патшалық көп болып қол астына жаңа келген мырза, батыр, бектер Ясакты мықты сақтамаса онда мемлекет күйзеліп, бытырап кетеді. Енді олар Шыңғыс-ханды іздегімен таппайды.
3. Ұрлықтан таза болуы үшін әркім өзі таза болсын. Өз ісің таза болса ұрлық сені іздемейді.
4. Үш ақылдының келісіп айтқан сөзін кез-келген жерде айтуға болады, бірақ оған сенуге болмайды. Өз ойың мен ақылдының ойын салыстыр, егер дұрыс болса онда оны айтуға болады, ондай болмаса күнде сен оны айтуға міндетті емессің.
5. Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без. Ол қалай сұраса сен солай жауап бер. Ол сөйлеп тұрған мұқият тыңдап тұр.
6. Қалжын айтқан сөзді орындауға болмайды.
7. Өзін қалай тани білсе, өзгені де солай тани білу керек.
8. Ер адам қажет жеріне түсетін күн сәулесі емес. Егер ері аңға немесе соғысқа кетсе, әйелі үйін әсемдікте ұстасын. Егер бөгде біреу келе қалса, оны ерінің жоқтығын білдірмей жақсы қарсы алуға тиіс. Оны көрген адам күйеуінің жақсы адам екендігін айта кетер. Ердің жақсылы әйелінен көрінер. Әйелдің ешнәрсеге ебедейсіздігі оның күйеуінің қандай адам екендігі бірден-ақ байқауға болады. Үйі еріне тартар деген нақыл сөз осыдан қалған.
9. Біз аңға аттансақ аңды, жауға аттансақ жауды қырамыз. Қашанда мәртебелі жаратқан ием жол беріп, жұмысың жеңілдесе, олар өзгереді және ұмытылады.
10. Әрбір шын айтылған сөздің мағынасы бар.
11. Біздің балаларымыз алтынна киім киіп, тәтті дәм, жақсы ат мініп, сүйкімді әйел алып отырса да, осыған жеткізген ағалары мен әкелерінің арқасы екенін ұмытады.
12. Шарап құмар адам, мал күйінде ештеңені көрмейтін соқыр мылқау, өлі адам күшіндегі сезбейтін сасық. Шараптан келер өнерге де, ақылға да сапалы өнеге жоқ. Ол сені ақылға сыйғысыз іске, кісі өлтіруге жетелейді. Қолындағы өнерден: ардан, жолыңнан тайдырады. Шарап құмар патша ұлы істі, мекемені басқара алмайды. Шарап құмар әскер-үлкен қақытығысқа тап болады. Шарап құмар қызметші өз өмірін үздіксіз абыржу мен қайға да өткереді. Ол сенің жүзіңн қарамайды, бойындағының барлығын істен шығарады. Тіпті одан құтылудың амалы болмаса айына 3 рет іш. Үшеуінен өтсең – айына 2 реттен жақсы, 1 рет ішсең өте жақсы. Тіптен ішмпесең одан артық қандай жақсылық бар. Бірақ ондай адам табу қиын. Табылса ол .лкен құрметке ие.
13. Шыңғыс-хан Алтан-ханға жорыққа шығар алдында, жалғыз өзі төбенің басына шығып, шапанын төсеп көкке қарап: «О, жалаған ием! Сен Алтан ханның бірінші бүлік шығарып, жау болғанын білесің. Менің әскерлерім Барзан мен Амбағай қағанды күнәсіз өлтірді. Кек алып тиісті жаща берер мына мен. Егер менің итенім түзу десең, маған жеңімпаз күш бер.- деп табынып оған аттаныпты. Осындай ниетпен алтан ханды жеңіп, оның жеріне ие болады.
14. Егер Ясакқа бағынбаған адам болса, оны сөзбен ұялту керек. Екінші рет бағынбаса шешендікпен сөйле, оған да байланбаса басқа жерег жер аударылсын. Ол жақтан оралғанша ол зерделі болады. Оған дейін есікірмесе түрмеге отырғызу керек. Түрмеден жақсы кетсе, жақсы ниетті, ақылды болып шықса өте жақсы. Олай болмаған күнде туыстары жиналып, кеңесте амалын шешсін.
15. Шыңғыс-хан Жалайыр тайпрасынан шыққан мемлекет әмірі. Мұқалы-Гауанды Қытайға өз әскерімен жорыққа жіберді. Ол жердің қамалын алып, Шыңғыс-ханнан қайтуға бұйрық алу үшін, елші жібереді. Елші оралған соң мұқалы елшіден: «сен бәрін баяндап болғасын, ол не істеді?» дейді. «Ол бас саусағын басты» Мұқалы ойланып, мен босқа қызметте жүрмеген екенмін ғой деп айтады. Саусақ басу – қызметте жоғарылау!
«Ясы - заң жинағы».
Бізге дейін келіп жеткен Шыңғыс-хан тұсындағы заң жинағынан үзінді.
1. Зинақорлық істеу, оның әйелі бар жоғына қарамастан өлім жазасына кесіледі.
2. Бұзақылық пен жазаланған адам өлім жазасына кесіледі.
3. Егер біреу керісіп жатқан екі адамның арасына түсіп, біреуін екіншісіне қарсы қойса, ол адам өлім жазасына кесіледі.
4. Егер біреу күлге немесе суға дәрет алса, ол өлім жазасына кесіледі.
5. Егер біреу тауар алып, борышқа батса өлім жазасына кесіледі.
6. Егер біреу тұтқынға түскен адамға рұқсатсыз киім немесе тамақ берсе, ол өлім жазасына кесіледі.
7. Егер біреу тұтқыннан қашқан қашқынды тауып алып, оны иесіне қайтармаса, өлім жазасына кесіледі.
8. Мал сойған кезде міндетті түрде алдымен оның аяғын байлап, қарнын жарып, қашан ол өлгенше жүрегін сығып, содан кейін оның етін жеуге болады. Егер мұсылмандар сияқты малды бауыздаса сол адамның өзін бауыздау керек.
9. Шыңғыс-хан: Әлібек - Әбу-танеб әулетінің бірде біреуінен алым-салық алмауға, сондай-ақ сопы, құран оқушы, заң шығарушы, дуана мен шоқынуға арналған ғылым адамдарынан, өлікті жуатын азаншыларда алым-салық алуға қаулы шығарады.
10. Мұның бәрі құдайға қажет деп, ол барлық ғибадат етушілерді құрметтеуге қаулы шығарды.
11. Үй иесі алдына ас әкеліп, үй иесі астан дәм татпайынша , ас алуға тыйым салды. Ал, жазаланушыны өзі шақырмайынша, асқа отырмауы тиіс. Тойып астан, аттан аттауға тиым салды.
12. Егер біреу ас ішіп отырған елдің жанынан өтіп бара жатса, атынан түсіп, ешкімнің рұқсатынсыз асқа отыруы тиіс, оған ешкім қарсы келмеуі керек.
13. Қолмен сапыруға тиым салды.
14. Өзі тозғанша киім жууға тиым салды.
15. Шыңғыс-хан жаңа ескіні бірдей көрді, және біреудің бұл нәрсе лас деп айтуына тиым салды.
16. Белгілі бір лауазымды адамды ұлы құрмет пен атақ пен емес, өз атын атап сөйлеу керек.
17. Әскерге ілесіп жүрген әйел соғыс біткенше, күйеуінің борышын өтеуге тиіс.
18. Хан әр жылдың басында өзіне және ұлдарына қыз таңдау үшін, әрбір сұлтандар өз қыздарын көрсетуге тиіс.
19. Әр әскердің бойындағы Әмір орнынан түсіп қалса, оны жазалау үшін қызметкерлердің ең төмені жіберіледі. Қызметші патша бұйрығын орындағанша, әмірші оның қызметшінің қолына беруі тиіс.
20. Мемлекеттегі жаңалықты білу үшін құрылған тұрақты поята сұлтанға міндеттеледі.
21. Кісі өлтіргені үшін жазаланушыға айып салу керек. Мұсылманды өлтіргені үшін қырық алтын теңге, ал Қытайды өлтіргені үшін бір есек беруі тиіс.
22. Шыңғыс-ханның Ясы жинағы өтірік айтуға, ұрлыққа тиым салады. Өз туысыңды есіркеп жақсы көр, оларды ренжітпей, өз еркімен берілген елді есіркеп, мешітті құлатпай, мешіт қызметкерлерін алым-салықтан босату керек.
23. Тұтқынға түскен әйелден туған балаларына заңды түрде әкесінен тиісті мұра қалады. Ол мұра үлкен кішісінен көп алады, ал кіші үлы әкесінің үйіне ие болады. Ал балаларының үлкені оның шешесінің дәрежесіне қарай бөлінеді, соның ішінде бірінші әйелінің рөлі некеде басымырақ болады.
24. Артындағы мұрагерлерінің келісімінсіз өлген адамның затын пайдалануға болмайды.
25. Моңғол халқына танымал емес, бейтанысты ұлы хан сайлауға болмайды.
26. Моңғол қол астына бағынған тайпаға немесе ру басына құрметті лауазым тағуға болмайды.
27. Жеке билеуші, эснер басы, халық толық бас иіп құрметін білдірмейінше келісімге келуге болмайды.
28. Ұлы хан ықпалындағылар моңғолдан қызметші немесе құл ұстауға қақы жоқ. Әрбір ер азамат әскерде қызметте болуы тиіс.
29. Жаңбырдағы ағын суға шомылуға немесе кір жууға тиім салынады.
30. Тыншы, жалған куәгер, көзбояушылықтың бәрі өлім жазасына кесіледі.
Шыңғыс-хан негізгі заңдылықтар мен жазалаудың бәрін кітапшаға жазбаша енгізіп, оған Ясы немесе Ясак атағын берген.
Бұл кітапша басылып шыққан кейін, құрыштан жасалған тақтайшаға енгізіп, оны өз халқының «Заңдар жинағы» деп атады.
ІІ. Шыңғыс-хан – ірі әскери және мемлекет қайраткері
ХІІІ ғ басында Шыңғыс-хан Моңғол империясының құрып, «Ұлы Қаған» атағын алып, енді өз әскери құрылысын құруға кірісті. Мұнда Шыңғыс-хан тек ғана өзіне сенімді күзетші емес, еліне қорған әскер басына таңдаулы тұрқы болатын басшы және ол өз басшылығымен үнемі бақылауда болатын мекемеге өзіне сенімді серік шығатындай, әр түрлі лауазымға лайық әскер басын тағайындап шыққысы келді. Әрбір қару ұстайтын адам әскери басшы болуды және әрбір тайпалар он адамнан бөлінеді. Осы он адамға бас болатын адам сол ондықтан алынды. Осы ондық жүздік, жүздіктен тоғыз жүз адамы болды. Олар сол мыңдық пен тоғыз мыңдықтың басшысына яғни түмендіктерге бағынды. Олар оң қол сол қол және орталық болып үшке бөлінді.
Әскер басшысы тек қана ақсүйектер тобына сайланды. Әр бір басшы өз андығына басқа басшының ондығынан әскер алуына тиым салынды.
Ұлы ханның қоластында күзетшілерден басқа мықты батыр. олар соғыста ең шешуші кезеңде ғана қолданылды, ал тыныш кезде патшаның жеке қорғаушысы болды.
Ақсүйек топтарын кешікке қызметке немесе қолбасшылық қызметке тарат отырып, Шыңғыс-хан оларға алғашқы былыққан тәртіптің орнына мықты ұйымдастырушылықты үйретті.
Әскерде қызмет ету және басшыларының борыштарының бәрі қатаң әскери заңмен қадағаланып отырды және қатаң тәртіп енгізілді. Мұның бәріне генерал Иваниннің кітабында былайша тоқтаған:
1. Моңғолдардың әскери қолбасшысы шендері «Юрт-джи» - деп аталды да, ал жоғарғы басшысы біздің қазіргі генерал – квартирмейстр сияқты «черви» деп аталған. «Юрт-джи» мен басшының негізгі міндеті даярлау жұмысын жүргізу. Жайлау мен қыстауға көшуді жайластыру, әскери жорыққа шығу кезіндегі қоныстанған орын іздестіру жұмыстарын атқарады.
Соғысқа шығар алдында әскерлердің қару-жарақтарын тексеруден өткізу, соғысқа қажетті нәрселер мен қамтамасыз етті. Әскер басы мұқтаждық кезде тек қана патшадан көмек сұрауы тиіс.
Моңғолдықтардың негізгі қару-жарағы садақ пен жебе, айбалта, ат үстінен қарсыласын құлаты үшін найза, міндетті түрде қару үшін найза, шығаратын егеу, шоқпарлары болды. Жақсы ауыр қаруланған әскерлердің ерекшелігі қылыш пен темір сызықты тері дулыға болды, ал атты әскерлер жеңіл және ауыр атты әскерлер болып екіге бөлінді.
Жеңіл атты әскерлер соғыста алдыңғы топты құрап, ауыр атты әскерлердің қимылын жеңілдетіп отырды. Моңғолдықтар жас кезінен бастап мергендік пен ат үстіне отыруға үйретілген үздік мергендер болды. Таңдаулы қарулары мықты аң терісінен жасалған.
2. «Тева - Джи» - армияға жалғасқан жүкті керуенді теңдеулі түйені қадағалайтын түйе бастаушы.
3. «Бұланғазы» - оның құрамында ерекше лагерь, көшкен кезде түскен немесе ұмытылып қалған заттарды тексеретін топ болды. Жоғалған немесе қалдырған нәрселерін тауып иесіне қайтарғаны үшін, иесі оларға белгілі бір мөлшерде ақша төледі.
4. «Бекауль» - соғыстан түскен олжаны үлестіруші, сақтаушы және таңба басу жұмысын атқарады.
5. «Жарғушы» - мөр сақтаушы және әскери сот қызмет атқарушы адамды айтады.
6. «Есаулы» - әскер бөлімдері мен мекемелерінің жабдықтау ісін атқаратын адамдар.
Соғыста Шыңғыс-хан соғысты бастамас бұрын құрылысының ішкі жағдайын, әскери жетістіктерін біліп, соғыс ашуға орынды сылтау іздеген жоқ. Қарапайым басқыншылық соғыстарында ол жорығының алдында қарсылас патшасына өзіне бағынуға шақырды. Біз оны мысалы, Моссуль иесіне жолдаған хатынан көреміз: «Жаратқан кем, маған және менің балаларыма әлемді жаулап ие болуыма жол беріп тұр. Егер кімде-кім маған бағынбаса не боларын бір алланың өзі біледі, ал бағынса өз өмірін, байлығын, семьясын сақтай алады. Егер сен маған бағынып, әскерлерімді өз иелігің арқылы өткізіп, риза болсаң, сен менен досты табасың. Олай болмаған күнде менің әскери күшіммен сенің байлығыңның қандай күйге түсетінін мен айта алмаймын» - дейді.
Жорыққа алдын-ала қамдану үшін жалпы құрылтай жиналысын ашып, онда әскерге керекті нәрсенің бәран талқылап, кездесетін орындарымен уақыттарын белгілеп отырған.
Моңғолдар мұнайды, жанғыш білтелі садақты қаланы құлату үшін қолданған, сондай-ақ су, жер – асты жолдарын жасап катацульта арқылы тас лақтырып, сол кездің өзінде-ақ әскери машиналар қолдана білген.
Шыңғыс-хан көбінесе өз жорығын жылқы мен түйеге қолайлы кез күзде бастаған. Әрбір қызметті адам алым салық төлеумен бірге өз басшысына бірнеше жылқы, аң терісін беріп отырды.
Әскери басшыларға арналған «өсиет сөз-Білікте» мынадай заң жинағы жазылған:
3 – статья.
Әскер басшылары жылына бір рет келіп, өз жетістіктерін ханғай айтып, жалпы жиналысқа қатысқаны тиіс. Жиналысқа келмеген адам өлім жазасына кесіледі.
4 – статья.
Өз үйін сенімді басқарған адам, иелігін де басқара алады. Он адам, иелігін де басқара алады. Он адамның басын құрған адам мыңдық пен түмендікті де құра алады.
5 – статья.
Өз әскерін басқа алмаған адам үй-ішімен жазаға тартылады.
6 – статья.
Өз әскерін басқара алмаған адам үй-ішімен де ауыз бірлікте бола алмайды.
10 – сатья.
Бас қолбасшы немесе оның қоластындағылары жорыққа шығар алдын да құдайға шоқынып, қолдау сұрауы тиіс.
11 – статья.
Көп арасында қайдан жуас момын бол, соғысқа, аңға шыққанда аңға шапқан бүркітше, айғаймен кіріс.
15 – статья.
Соғысқа сақтық керек.
18 – статья.
Әскери сап басшылары тәжірибелі әскер шығару үшін, баланы жастан үйретіп, «әскери дайындық» жұмысын жүргізу керек.
20 – статья.
«Мастық» - басшы, адам деңгейінің төмендігіне алып келіп соқтырады.
21 – статья.
Әрбір әскер басы өз әскерлерін қатаң дайындықта ұстауға тиіс.
6 – статья.
Бұл «Ясы» статьялары: Әскерді ондық, жүздік, мыңдыққа болу тәртібі әрқашанда сақталуы тиіс. Бұл бізге қысқа уақыт ішінде жинақталуға көмек береді.
7 – статья.
Ауыр қару – жарақ міндетті түрде қаймада сақталынуы тиіс.
9 – статья.
Жорықтан немесе соғыстан оралған жауынгер сұлтанға міндетті түрде қызмет еткені үшін салық төлеуі тиіс.
22 – статья.
Әрбір мемлекет әмірі, мыңдық, жүздік, ондық әмірлерді өзі тағайындауы тиіс.
27 –статья.
Ұқыпсыз аңшы аңынан айырылып қалғаны үшін қамшымен жазалансын.
18 – статья.
Әскер басы міндетті түрде жорыққа шығар алдында соғысқа қажеттінің бәрін әскеріне ұсынып, ине мен жібіне дейін темсеруден өткізуі тиіс.
8 – сатьтя.
Әскер соғыс кезінде өлімнен қорқып, жоғарғы басшыдан бұйрық келмейінше қарсыласын тонамауы тиіс. Бұйрық келген жағдайда әскер қанша көтереді, сонша алып, патшаға салығын төлеуі тиіс.
17 – статья.
Соғысқа қатыспаған адам бірнеше уақыт бойы мемлекет пайдасына еңбек етуі тиіс.
22 – статья.
Әскер басы немесе лауазымды қызмет иесі борышын өтемегені үшін өлімге кесілсін.
Біз осы жазылған Заңдар жинағынан ешкімнің қолы жетпеген, көшпелі халық болса да ХІІІ ғ Моңғол империясының қатал заң негізінде құрылғанын көреміз. Тұрмысы басқа халықты бағындырған Шыңғыс-ханның билігінің соңында, оның мирасқорлары кезінде бұл принцип жаппай қолдау алған жоқ.
Оның мирасқорлары кезінде біз Моңғол империясының армиясының басқаша құрылғанын қосалқы контигентін көреміз. Дегенмен Шыңғыс-ханның арқасында құрылған мықты қолбасшылардың жетекшілігімен бұл армияның негізгі құрылысы сақталады. біз басында салыстырмалы территориялық система негізінде құрылған армияны үшке бөлінгені туралы айттық.
1. Орталық /Кэль/ әскер басы Кая.
2. Сол қанат, шығыс жақ әскер басы Мукалы.
3. Он қанат, /Батыс-Барун-гар/ Әскер басы Боғыршы.
Егер моңғол армиясының құрылысы мен 1 Николай кезіндегі құрылымын салыстырса онда төмендегідей болады:
Мыңдық – он эскадрондық полк.
Түмен – кавалерлік корпус, ал қанат болып үшке бөліну – татты әскерлердің құрамымен бірдей. Мұнда тек эшелон жоқ. Еуропаның әскерлері мемлекеттің қарулы күшінің бір бөлігін ғана пайдаланған. Ал моңғол армиясының қарулы күші атты әскерлердің қолында болған.
Моңғол атты әскерлерінің бір қолданған әдісі, ол тыныштық сақтау. Бұл командалық емес, шартты белгімен басталады. Түнгі жорықта шам қолданылады.
Моңғолдардың ауыр атты әскерлері қорамса немесе тері сауытты болған. Семсершілердің негізгі қаруы қисық қылып, найза, айбалта және метал шокпары болды. Ірі және орта әскери бөлімдер бір түсті атқа отырғызылды. Бұл Шыңғыс-ханның қол астындағы «мың батырдан» қара түсті атқа отырғызылғанынан белгілі. Әскерлердің жанында қаруларына қосымша саз ыдыстары, іш-киімдері, бұзылмайтын кептілірген ет және құрт болды. Егер азықтары таусылып қалса, атының тамырын тіліп қанын сорған.
Моңғол армиясының әскери құрылымын, әдісіне, қарулы күштеріне, моңғол армиясының жіктелуіне тоқтала отырып, қысқаша тәсіліне тоқтала кетсек, жазушының бізге берген мәлімдесінде моңғолдықтардың соғыс жүйесі мынадай болған:
1. Құрылтай жиналысын ашып, онда негізгі қаралатын мәселе исоғыс жоспарын ұйымдастыру, кездесу уақытын белгілеу, соғысқа қажетті құралдар болу.
2. Қарсылас елге тыншы жөнелту және хабар алу.
3. Әскери жорық көктемде немесе күзде басталды. Соғыс ашудан бұрын Шыңғыс-хан әскер басшыларын шақырып, кеңесіп отырған. Қарсыластың еліне ену үшін әскерлері бағыттардан шабуыл жасаған. Ал жеке тапсырма алған әскер басынан соғыс жоспарын тексеріп өзі бекітіп отырды.
4. Бекіністі қалаларға кірер кезде армияның бір бөлегі ол жерге бақылау корпусын қойды. Қаланың төңірегіне әскер қоры жиналып және керек уақытта қолданылатын уақытша база орналасты. Бас күш шабуылға шығуды жалғастырса, бақылау корпусы қаланы қоршауға алады.
5. Егер соғыста қарсыласынығ армиясын көрінсе мынадай екі бағытта ұстаған: «Байқаусызда шабуыл жасап алу, немесе жау өте сақ болса, онда әскер санын үзіп шығу мақсатына жету. Мұндай әдіс «тұлұғма» деп аталады. Бұл екі әдстен басқа тез құлықпен жүріп алдау, ізін жоғалту әдістерінде қолданған.
Шыңғысхан және оның әскери қолбасшылары соғысқа қорды молайтып, қазынаны көбейтетін табысты іс сияқты қарады. Олардың әдіс-тәсілінің негізі осы болды. Шыңғыс-ханның мықты әскери қолбасшы ретінде көріну, ол арнайы қолбасшылар дайындайтын мектеп ашқан, онда баланы үш жастан мергендікке, төзімділікке тағайындаған. Осының арқасында талантты қолбасшылар пайда болды, соның бірі Шыңғыс-ханның ісін жалғастырушы Темірланды айтуға болады.
Нанолеваның өзі мұндай қолбасшы тағайындай алмаған және ол бір сезінде «Мен Шыңғыс-хандай бақытты болған емеспін» - деген.
ІІІ. Шыңғыс-ханның сыртқы саясаты
Шыңғыс хан туралы үш-төрт кітап көлемінде ғана жазылғанмен ол әлемге әйгілі, әлемді жаулап алушы, мықты қолбасшы ретінде танылады.
1206 ж Құрылтай жиналысынан кейін Шыңғыс-хан Алтай маңындағы Бұйрық-хан еліне аттанады. Бұл кезде Бұйрық-хан қаннен қаперсіз Ұлытақ тауындағы Сақсу бойындағы жерде аң аулап, серуенде жүрген еді. Оның қаперсіз жүрген кезіне де тұтқиылдан шыққан. Моңғол шабуылан тап болған Бұйрық-хан жеңіліп, тұтқынға түседі. Оны паналаған Күшлік хан мен Меркіт Тақтабек Ертіс борйына қашады.
1208 ж Шыңғыс-хан оларғңа қарсы әскер аттанып, шабуыл жасады. Тақтабек осы соғыста қаза тауып, Күшлік хан қашып кетеді.
Күшлік хан қанды қырғыннан құтылып шыққан адамдарын бастап Бесбалық атырабына келеді. Одан кейін Құлжаға беттеп Батыс Лиау патшалығының Горханның ордасына келіп, сол жерде болды. Бұл жерге келген соң ол алдаумен жергілікті адамдардан, тайпалардан әскер ат-көлік жинап күшейіп алады да Хорезммен Самарқан билеушілері мен шиеленісіп, ол жердегі үкімет билігін тартып алуға даярланды.
Осы Тоқтабек пен Күшілікке қарсы жорықта ойрат әскерлері моңғол Жебе мен Сүбедей бастаған армияға жол бастаушы ретінде қызмет етіп, ойраттар патшасы Хотуғабек 1207 ж Шыңғыс-ханға өз еркімен қосылады.
1207-1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған Моңғол әскерлері Таңғыт хандығы Шишаны жаулап алды.
1211 ж Шыңғыс-ханның үлкен қолы Солтүстік Жүнғоға қарай бет алады. Ол Керұғлы өзені бойында жиналып аттанады. Қытай қорғанына жету үшін 750 верст жерді өтуі керек болады. Соғыста шығынды аз шығару мақсатында ол Қытай жеріне үнемі тыңшы жіберіп отырады.
Қытай Ұлы қорғаны Сары өзеннен Пекинге дейін 500 шақырым болатын, қаланың солтүстік батысына баса отырып, ішкі және сыртқы қорғанды бұзып өтуі тиіс болды. Ал сыртқы қорған мен ішкі қорғанның ара қатынасы 200 шақырым болатын. Цзинь императоры Чун – хэй монғол армиясының әскери дайындықта екеніне сенбей уақытты өткізіп алған соң ғана әскерлерін қорғанды қорғауға жібереді. Монғолдардың соғыстағы бірінші жетістікке жетуіне Қытайдың солтүстігінде орналасқан Онгут тайпасының басы Анақұш-тегін сатқындығының көмегі болады, моның нәтижесінде олар жеңіледі. Шыңғысқанның қолы осылайшы сыртқы қорғанды аз ғана шығынмен басып өтеді, ішкі қорғанды бұзу үшін құрамында үш түтен әскері бар Мувалы, Жебе, Сүбедей бастаған әскер авангард Цзюй-юнь-гуань таулы үстіртін басып өтті. Бұл жорыққа Шыңғыс ханның төрт ұлы да қатысады: Жошы, Төле, Шағатай, Үгедей.
Үлкен үш ұлы күзетуді қолын алады, ал Төле әкесінің қолында болған 100 000 әскерді басқарады. Соғысты жеңілдету үшін қолбасшыларға жеке тапсырмалар бөліп береді, олар соны орындайды. Жебе бастаған қол бар күшімен жау тілін алды, ал Жошы, Шағатай, Үгедей бастаған қолдар Шань-Шдагь алты оғрүгүті алды. 1212 – жылы олар орталық қалаларға шабуыл жасап, Қытайдың солтүстік аудандары түгелдей Шыңғыс-ханның қолында болды.
Моңғол армиясы империяның солтүстігін алып жатқан кезде Қытайдың батыс шекарасынан Ся патшалығы шабуылға шықты. Қытай империясының күші көптеген сатқындардың шығуымен және іштегі қырқысулардың нәтижесінде өшіреді.
Қытайдың Хуанхэ өзенінің бойын тез басып алу үшін, солтүстігін, Шағатай, Үгедей, Жошы бастаған сол қанат Шань-сиди, Жошы, Қасао бастаған оң қанат теңіз аудандарын Пе-че-ли және Ляо-си қалаларын, өзі бастаған көл Орталық Пе-че-ли арқылы Хуанхэ өзенінің бойына дейін жетті. Осы үш жорықта Моңғолдықтар 92-нан астам қаланы басып алды. Қытайдың үш солтүстік провинциясынан Моңғолдықтар көп байлыққа ие болды.
1214 ж Чун-тц бекінісінен бірнеше шақырымдағы Да-гоу қаласында Шыңғыс-хан бекінісіне шабуыл жасауға тиім салып, императорға бірнеше талаптар қояды, нәтижесінде бейбіт келісімге келеді. Император кіші қызын, бірнеше алтын заттар, 500 ұо-қыздармен қоса, 3000 жылқы береді31.
Утубу өз резиденциясын сыртқы жаудан сақтану үшін Хан-ханның оңтүстігіндегі Бянь-Цзинге көшіруге ұйымдастырады, бұл Нан-Цзинь Оңтүстік астана болатын. Нәтижесінде өз әскерлері арасынан наразылық туып, қидандықтардан құрылған бір корпус бүлік шығарып, Шыңғыс-хан қол астына кіреді.
Юрлы көлінің маңына жайлауға қоныстанғаны жатқан Шыңғыс-хан императордың көшкенін естіп, келісімге бұзысымен Сельджіт тайпасынан Самуха бастаған батыр, және журжин дивизиясынан Минган бастаған қолға Чун-тиуда /туда/ қидандық чадылармен қосылып астананы қамауға алуды бұйырады. Моңғолдықтар қаланы қоршауға алып, аштық басталады. Нәтижесінде 1216 ж Шыңғысхан Пекин-Енкиннен көп байлықпен Қарақорымға оралады. Ол жерге Цзинь империясының көп бөлігін басып алған Шыңғысханның қолбасшысы – Мұқалыға тапсырма беріп қалдырады.
Қамқорымға оралғаннан кейін, Шыңғыс-хан Сүбедей мен үш ұлын меркіттерді бағындыруға жібереді. Осы соғыста Теқтабектің кіші баласы Қонтуған мерген қыпшақ еліне қашқан еді. Жошы қуып өлтіреді, ал меркіттер Шыңғысханның қолының астына Жем өзені бойында бағынады.
Мұқалы 1214 ж Ляо-Дұнға қайта барып алынған бекіністерді қайтаруға тапсырма алған болатын. Ол бастаған соғыс Ляо-дун мен Ляо-Сиді бағындырумен аяқталады.
1217 ж Мұқалыға Шыңғыс-хан Қытай титулы ғаұн атағын береді де, әрі қарай, Қытай жерін бағындыруға тапсырма береді. Ал Қытайлық бағынған қолбасшыларға Мұқалы-ғауанға бағынсын деген тапсырма береді де өз алтын мөрін Мұқалыға тапсырмады. 1218 ж Шыңғыс-хан Ся мемлекетіне төртінші жорығын жасап, сол жылдары Моңғолдықтарға Корея да бағынады, Шыңғыс-ханның батысында найман Күшілік-хан қашып барып, қара-қытайлықтарды билеп отырған болаты. 1218 ж Шыңғыс-хан Жебе-ноян бастаған 20 мың әскерін Күшлікке қарсы Жетісуға аттандырады. Шыңғыс ханнан жеңіліп Жетісу өңіріне келген Күшілік хан Батыс Лиау патшылығының үкіметін тартып алып дәурені жүріп тұрған уақыты болатын. Күшілік ханның жаулап алған жерлеріне жасаған қаталдығы, әсіресе мұсылман дін басыларын қырғынға ұшыратуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. Бұл соғыста Күшілік хан жеңіліп, өзі әрең дегенде Бадахшанға қашады, оны артынан қуып отырып Сарыққолда өлтіріледі.
Осы Жетісу өңірін билеген Қарлық Арыстан ха, каналы Тұғырлы мен Сунақ тегін өздерінің әскерімен соғыссыз өзгеркімен Шыңғсы ханға қосылады, Қазақ тайпалары Шыңғыс ханның батысқа жасаған жорығына қосылып әскери күшке айналады32.
Шыңғыс ханның Батысқа жасаған жорығы әдебиетте «Отырар опаты» деген атпен белгілі.
Хорезм сұлтаны 1200 ж бастап өз әкесінен қалған Хорезм, батыс Хорасан және Ирак – Аджемь жерлерін билеген бұдан басқа ел шапқыншылық жорығының нәтижесінде Балу, Герат, Мазендарань, Керманды алған еді.
Шыңғыс хан Мұхамедтің ішкі жағдайының жақсы емес екенін, оның ішіндегі өзара қырқысуларды Бағдат халифы Насыр арқылы білген еді. Мұхаммед ол кезде бүкіл Хорезм шахы болатын. Шыңғыс хан Мұхамедке Орта Азиялық саудер Махмұд Хорезм Элжихана Бұхари және Иосіп Отырари бастаған елшілік жібереді. 1218 ж көктемде Хорезм шахы бұл елшілікті қабылдады. Мұнда Шыңғыс хан мен екі ел арасындағы сауда жолының қауіпсіздігін сақтау жөнінде бейбіт келісім жасауды ортаға қойды. Мұхаммед оған келісіп, Моңғол елінен 50 түйелі, 450 адамы бар үлкен керуен келді. Отырар қаласының билеушісі Қайыр хан Инашылық бұл керуенді тыншылыққа келген деп, олардың адмдарын өлтіртіп, жүктерін таратты. Соғысқа сылтау осы болды.
1219 ж шыңғыс хан бастаған 150 мың көл Ертістен Орта Азияға қарай бет алып, Ертістен Сейсүнге дейін ешқандай қарсылықсыз алады. Отырарға жақындаған Шыңғыс хан армиясын төртке бөледі. Шағатай мен Үгедейге Отырарды, Жоршыны Сырдария бойындағы елдерге жемді алымға, Бенакентті үшіншісіне, өзі байланыс жолдарын кесу үшін Бұхараға аттанады.
1219 ж Шағатай мен Үгедей, Сүбедей, Жебе, Тонучарлар бастаған қалың қол Отырар қаласын қоршады. Қала қорғаны берілмес қамалға айналды. Қаланы жан-жағынан қоршап тастады. Отырар қаласынан ешқандай сырттан көмек келмеді. Қала қорғаушылары жан аямай қорғады. Қалада аштық басталды. Қала халқының көбі өлді. Қайырхан Иналшылық бұл соғыста 5 ай берілмей шайқасты. Бұл туралы парсы жазушы «Жаһанды жаулар алушының тарихы» атты кітабында былайша суреттеп соғысқа баға берген болатын.
«Олар ес ай бойы берілмей табандылықпен ерлік күрес жүргізеді. Қалың жаумен айқасқан Отырар қаласының халқы арасында ашаршылыққ бастады»33.
Отырар қаласының жасырын есігі арқылы әскер басы Қаража қашып жауға қақпаны ашып береді, сөйтіп өзін аман алып қалу үшін жауға қосылуды ойлайды. Бірақ өзінің басшысын сатқан әскер басы ертенгі күні мені сатпасына кім кепіл дегенді ойлағандықтан Шыңғыс хан оны өлтіреді. Сол ашып берген қақпа арқылы жау қалаға келіп кіреді. қалаға кірген жаудан Қайырхан өзінің аман қалған қасындағы 20 адамымен қоса тағы да бір ай бойы қаланы жан-дәрменділікпен қорғайды. Шыңғыс хан Отырар қаласын 6 ай дегенде әрең алады, ол қолға түскен Қайырханды азаптап өлтіреді көзін, құлағын кесіп, ойып оған қорғасын құяды тірідей.
Мәдениеттің, ғылымның, білімнің ордасы болған Отырар қаласы қиратылады, қала халқы өлтіріледі, қаланы әскерлеріне талан-таражға салуға береді.
«Аса аянышты жері Отырарды кітаптары мен бағалы ескерткіштерінің саны жағынан сол кездегі дүнниедегі екінші орында тұрған кітапхана өртеледі34.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бастаған көл Сығанақ, Сауран, Баршыкент, Жент, Үзгент қалаларын басып алып, енді ол өзіне Мауераннахрға шабуыл жасауға жол ашады.
Үшіншісі Бенакентке қарсы, құрамында 5 мың әскерімен көп қолды атты армиясымен Хенджентке шабуыл жасайды. Ол кезде оның басшысы Темір Мәлік Ходжентті қорғаудың орнына өзі тез арада оны тастап қашып кетеді. Ол Хондженті тастап Арал теңізі арқылы Үргенішке жетіп, Жалел-ад-дин Мұхаммедтің баласына қосылады.
Бұл кезде Шыңғыс хан өз ұлы Төлемен 1221 ж Бұхараға келеді. Мұхаммед өз қамалын тастап, оңтүстікке қашады. Осы жерден Шыңғыс хан Самарқандқа аттанады. Бұл қамал берік болғанмен Шыңғыс хан өз әскерлерін қаладан ұзаққа орналастырады.
Ол енді жауға шабуыл жасаған соң өзінің әскери айласы мен кейін қарай қашады, сол кезде ол қашқан екен деп қуған кезде оларды қоршап қолға түсіреді. 1220 ж қамал беріледі.
Енді Шыңғыс хан Сырданияның бойымен Хорезмге аттанады. Шыңғыс хан Мұхаммедтің қолатындағы әскери күшінің аз екендігін естіп, Жебе мен Сүбедей, Тоғышар бастаған үш түмен әскер жібереді. Шыңғыс хан Самарқандты алған кезде Мұхаммед Нишапурға шегінеді. Мұхаммед әскер министрлерімен кеңесе отырып мемлекетті құрқұрау жоспарын жасау үшін қолбасшыларымен кездеседі. Моңғолдықтардың Хорасанға жеткенін естіп ол қорқып соғыссыз Иранға шегінеді. Ал моңғолдықтар Жейхун арқылы Балхқа келіп халқын бағындырып Нишапураға аттанады. Мұхаммед Нишапураға тастай отырып Қазбинге келіп қол жимақшы болады. бірақ Рей тауының қоршалғанын естіп, Каспий теңізі арқылы Мазендеранаға кетеді. Мұхаммед моңғолдықтардың қоршауында қалғанын естіп, Каспий теңізіндегі бір аралды паналап 1221 ж қайтыс болады.
Мұхаммед сұлтан өлген соң оның үш ұлы Каспий теңізі арқылы Хорезге келіп 70 000 әскер жинайды. Бұл кезде Шыңғыс хан Самарқандтағы Нахнеб деген жерде тоқтаған еді. Ол Мұхаммедтің балаларының Хорезмде күш жинап жатқанын естіп балалары Жошы, Шағатай, Үгедей әскерлерін Хорезмге аттандырады. Олар Тебриз, Диарбекир, одан Закавказьеге келіп Грузиндермен шайқасады. Грузиндіктер өз жерлерін қорғауда күреседі. Грузиндіктерді олар талқандайды. Грузиндіктерді бағындыран моңғолдықтар тау халықтарын баса отырып Дербент өткелі арқылы Солтүстік Кавказ жазықтығына шығады. Жебе мен Сүбедей Терек саласына енген кезде Қыпшақ бірлескен топтары қарсы шығып, оларды моңғолдықтарды жеке талқандайды. Олар орыс даласындағы көшпелі половецтерді қуа отырып, Днепрдің төменгі сағасына кетеді. Жол-жөнекей олар Қырым түбегіндегі Суадк камалын алып, Волга сағасы арқылы Орал Каспий даласымен Түркістанға келеді.
Әскер көсемдері өз жұмыстарын Ресейдің оңтүстігіндегі елдерді толық бағындырып, хан тапсырмасын орындап, Орта Азияға Каспийдің солтүстігін тағы бір жаулай отырып, Кам болгарлары арқылы Еділ-Жайық өзенінен өтіп кейін қайтады. Орыс жерінің оңтүстігінен жорық кезінде Шыңғыс ханның жорығы баяу жүреді.
Хорезмдегі Мұхаммедтің туысы Хамарды басып алып, Жалел-ад-дин Ауғанстанға кетеді. Оған қарсы Шиги-Құтықты жібереді. Бірақ Шыңғыс хан бұл кезде жаңа соғысқа даярланады.
1221 ж Шыңғыс хан Үнді өзені бойында шешуші соғыс жүргізеді. Шыңғыс хан әдісі бойынша Жалел-ад-диннің сол қанатын талқандап, қоршауда қалған Жалел-ад-жин жаудан суға секіріп, өзенді кешіп өтіп 4 мың әскерімен Делиге кетеді. Енді моңғолдықтарға моңғол жеріне оралуы өте қиын болды.
1223 ж Сыр-Дарья өзені бойында Құрылтай жиналасы болып, Шыңғыс хан Мұхаммед сұлтанның Самарқандтағы табылған алтын тағына отырады. Құрылтайға оңтүстік даласына оралған Үгедей келіп, әкесіне өз жорығы туралы баяндар болғаннан кейін, әкесі өз мирасқорларына Европаны жаулап алуды тапсырады. Шыңғыс хан Қарақорымға 1225 ж қайта оралып түседі. Мұсылмандық Азия жеріне жорық Батыс пен Шығысқа жел ашады. Бұл жерде әсіресе жорықтың бірінші кешеніндегі жетістіктері Шыңғыс ханды мықты қолбасшы ретінде, әскери өнердің иесі ретінде көрсетеді.
Хорезм империясын талқандағаннан кейін Шыңғыс хан өз ордасына 1225 ж Танғұт жеріне жорыққа шығуға даярланады.. сөйтіп ол жорыққа шығады. Бұл соғысқа сылтау болған Шыңғысхан Хорезм шахын талқандауға Тарнғұттан қосалқы корпус сұрайды. Танғұт патшасы көмектесуден бас тартады.
1226 ж осыны сылтау еткен Шыңғыс хан Танғұт жеріне кіре бастайды. Күзет корпусын бастаған Шағатайдың көмегімен ол Танғұттықтарды астанасы Нинсяны алып, ғұндарды бағындыруға кіріседі.
1227 ж Цын-джеу қаласын алып 1226-1227 жыл қыс айында аңға шыққан кезде аттан құлап денсаулығын нашарлатып алады. Оның денсаулығы содан нашарлай береді.
Шыңғыс хан 1227 ж Цзынь императорынан бейбітшілікті сақтау туралы бір ай қайта уақыт береді, олар бір айдан соң бағынатындарын білдіріп елші жібереді. Шыңғыс хан қатты ауырып өлім аузында тұрса да балаларын жинап алып Танғұт елін бағындыру туралы нұсқау береді: Егер мен өлсем «Танғұттықтар» толық берілмейіншк менің өлгенім туралы хабарламар, балаларының бәрін жинап алып, бәрін бірлікие, тіл табысып, елді билеңдер, менің орынма Үгедей отырсын дейді. Осыған балалары түгел келіседі. Осылайша Шыңғыс хан 1227 жылы август айында 66 жасында қайтыс болады. Оның денесін жасырын түрде Моңғолияны әкеліп Бұрхан Қалдан тауына жерлеген35. Ханның жатқан жерін ешкім кейін білмеу үшін бұрынғы салт бойынша ол жерден табын айдап өткен.
Шыңғыс хан өзінің өлерінің алдында өзінің үш ұлын жинап, бүкіл әлемді, Ұлы Қытай жерін бағындырудың жоспарын айтады. «Танғұт патшалығын бағындыру үшін Цзинь империясының армиясының негізгі күші Хуанхэ өзені бойындағы, жан-жақтан қоршалған Түнқуан бекінісінде тұтқиылдан шабуыл жасау арқылы біз оларды күтпеген жерден ала алмаймыз.
Егер Сун патшалығынан біздің әскерді территориясынан өткізуге рұқсат алсақ, онда алуымыз мүмкін. Өйткені Сун және Цзинь патшалығы бір-бірімен жау. Ол үшін біз әскерімізді Танг-тенг арқылы Цзинь империясының Оңтүстік астанасы Бянь-ляньды аңдуымыз керек. Сол кезде Цзин патшалыы Түнқуандағы әскерін алып бізге қарсы шыққанда біз маршпен ол жерді басып алуымызға болады»36 - деп айтады.
Шыңғыс хан өлген соң екі жылға дейін мемлекетті уақытша монархия биледі. 1229 ж Шыңғыс ханның кіші ұлы Төленің бастауымен әр түрлі мемлекет мемлекет мәселесін шешу және мемлекет басына император сайлау үшін Құрылтай жиналысы өткізіледі.
Бұл Құрылтай жиналыының шешімі бойынша Шыңғыс ханның өсиетімен Үгедей мемлекет басына отырды. Ол енді әкесінің қалдырған өсиетінің негізінде елді билеуге көшеді.
Ұлан тайғыр территорияны алған соң Шыңғыс хан өзінің көзінің тірісінде-ақ ұлдарының арасына ол жерлерді еншілікке бөліп берген болатын. Кең байтақ жерді төрт ұлына бөлген еді.
Орта Азияны жаулап алып негізгі күшімен Ертіс бойына оралған Шыңғыс хан Жебе мен Сүбедейдің басшылығымен едәуір қолды Иран мен Закавказьенің жерін бағындыруға жібереді.
Солтүстік Иранда жеңіке жеткен моңғол әскерлері Әзірбайджанға басып кіріп, ары қарай біріккен грузин-армиян әскерлерін талқандайды. Бұдан соң Жебе мен Сүбедейдің әскерлері Дербенд маңынан Солтүстік Дағыстанды басып отыр, Солтүстік кавказ тау бектеріндегі жазыққа баып кіріп, мұнда көшіп қоны жүрген қыпшақ тайпалары мен алаңдарды талқандайды.
1223 ж Жебе мен Сүбедейдің отыз мыңдық отряды Шығыс Европаға барлау жасау жорығына аттанып, оңтүстіктен Закавказье арқылы қыпшақтар даласына еніп, Еділ мен Днепр арасында көшіп-қонып жүрген қыпшақтар ордасының бірін күл-талқан етеді, аманқалғандары Днепрдің арғы бетіне өтіп кетеді. Днепрдің төменгі сағасының батыс бетінде көшіп-қонып жүрген қыпгақ андары орыс княздықтарынан көмек сұрайды. Орыстар Киевте жиналған бас қосуда қыпшақтарға көмек көрсетпекші болады, бірақ олар тұрақты болмайды. Бұл қыпшақтермен қарсы моңғол әскерлеріне қарсы русьтіктердің Батый шапқыншылығы алдынағы ақырғы бас қосулары еді. Алайда сол кездегі Русьтің ең күшті князы Юрий Всеволодович Владимирский феодалдық қырқыстардың салдарынан жорыққа қатыспай қалады.
1223 ж мамырдың 31 інде Қалқа өзеніне таяу жерде біріккен орыс-қыпшақ әскерлері моңғол-татарлардың негізгі күштерімен кездеседі. Бірыңғай басшылықтың болмауы, қимылдың дұрыс үйлестірілмеуі және князьдардың ұрыс үстінде де алаауыздықта болуы орыс полктары мен қыпшақтардың жеңілуіне ебепші болады. Қалқаның жағасынан Руське орыс әскерлерінің оннан бір бөлігі ғана оралады37. Русь бұрын мұндай ауыр жеңіліске душар болған жоқ еді. Халық бұл ханды қырғын туралы естеліктерді бұған дейін Русьті дала көшпенділерінен қорғап келген батырлардың қаза табуы туралы жазылған аңыз-жырлар, хикаялар арқылы сақтап қалды.
Моңғолдар орыс жасақтарының қалдықтарының қалғанын Днепрге дейін қуып барады, бірақ Руське ары қарай іштеп кіруге батылы бармайды. Шыңғыс ханның негізгі күшімен жалғасы үшін Шыңғысқа қарай шегінген Сүбедей жол-жөнекей Еділ Булгариясының жеріне соға кетпек болады. Бірақ бұл жерде оларды тұрғылықты халықтар қатты қорғаныспен қарсы алады, олардың тегеурінінің жоғары екендігін көрген олар бастарын сауғалауға тура келеді. Алайда олардың алдына қойған мақсаттары қыпшақтар мен Русьтің қорғаныс күшінің қандай екенін бақылау болатын, оны олар мойындайды.
Шыңғыс хан өзінің көңілінің тірісінде-ақ әр баласына «жеке-жеке жұрт» деп аталатын жерлерді бөліп береді. Оның балаларына үйлестіріп берген жерлерді бөліп береді. Оның балаларына үлестіріп берген жерлерді ұлыс немесе енші деп атады. Осы енші етіп берілген жерлердің орталықтан алыс-жақындығы өз ұлдарының жас ерекшеліктеріне сай келіп отырады. Ең кіші ұлы Толы /Тұлұқ/ Шыңғыс ханның ата жұртына, яғни Моңғолияға сонымен қоа моңғолдардың тұрақты әскеріндегі 129 мың адамның 101 мыңына ие болды. Моңғолиядан батысқа қарайғы басып алынған ұланғайыр жер аумағы үлкен ұлдарына тиді, олардың әрқайсысына тұрақты әскерден тек 4 мыңнан ғана адам беріледі38.
Шағатайдың жазғы резиденциясы биік көк таудың етегіндегі іле өзені жазығындағы жер болды. Сол жерге Құтлық /«Бақытты»/ қыстағын салғызды, Қысты Шағатай үнемі іле өзенінің жағасында өткізді. Шағатай және Хорасан облыстары енді.
Селенгі өзенінің батысынан бастап Ертістен батысқа қарайғы, Хорезмнен Саксин мен Бұлғар жеріне дейінгі, яғни моңғолдар атының тұяғы тиген барлық аймақты Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ұлысына кетті39. Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедейдің еншісі /ұлысы/ солтүстік шығыстағы жерлер еді. Бұлардың еншіге алған жерлерінің нақты шекарасы белгііздей болып жүр. Үш ханзада өз еншілерін құрайтын жерлерде жолдар, көпірлер алып, бас көтерген халықтың бүлікьерін бас жүріп ол жерлерде өз биліктерін іске асырды.
Еншіге тиген жерлер оларға тек табыс түрінде ғана қызмет етіп, империя басшысына табынған қалпын сақтауға тиісті еді, бірақ жағдайбіртіндеп өзгеріске ұшырап отырды. Моңғол державасының соншама кеңдігі, көбінің орталықтан алыстығы биліктің тек жергілікті жерлерде ғана іске асуына алып келеді. Еншілік жүйедегі династиялық басқарудың қарауында үлкен әскери күші болды. Олар өз династиялық ұлыстықтарын дербес басқаруға, өз еншілеріне ешкімге тәуелсіз иелік етуге ұмтылды. Империяға тәуелсіз мемлекет құру әрекетін алғаш рет Жошы ашық көрсетіп, оның арты бала мен әкенің арасындағы келіспеушілікке, қақтығысқа келуіне себеп болды.
Бұл ХІҮ ғасыр басында Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағында» атап көрсетілді: «Шыңғыс-хан – деп жазды ол, - солтүстік елдерінен: Келар, Башгирд, Урус, Черкес, Дешті Қыпшақ және осы өлкенің басқа облыстарын өзіне бағындыруға бұйырды. Жошы әкесінің бұл тапсырмасын орындамады. Сол кезде Шыңғыс-хан қатты ашуланып, ұлын өз ордасына (ставкасына) шақырды. Ұлы өзінің ауру екенін, Монғолияға бара алммайтындығын айтып жазып жібереді. Дәл осы кезде империяның батыс шекарасынан келген, манғыт тайпасынан шыққан бір монғол бір тауда Жошыны аңшылықта жүргенін көргенін айтады. Оны естігін Шыңғыс-ханда ашу оты тұтатанады, оған Жошы қарсы шығады. Балам сөзіме көңіл аудармады деген Шыңғыс-хан Жошыға қарсы Шағатай мен Үгедейді өз әскерлерімен аттандырып өзі де бармақшы болып даярланады. Бірақ осы кезде Жошының өлімі туралы қайғылы хабар келеді!».
Рашид-ад-динде Жошының өлген күні көрсетілмейді, ол әкесінің қазасынан 6 ай бұрын, яғни 1227 жылы ақпан айынд қайтыс болды.
Ертедегі деректер бойынша Жошы Жоғарғы Ертісте жерленген. Оның 40 ұлы болған, олардың сансыз көп немересі дүниеге келген. Рашид-ад-диннің «Жалнамалар жинағында» Жошының 14 ұлының аты төмендегі атпен берілген: бірінші – ұлы-Орда, екінші – Бату, үшінші – Берке, төртінші – Беркечар, бесінші – Шибан, алтыншы – Тангут, жетінші – Бувал, сегізінші – Чилакун, тоғызыншы – Шинткур, оныншы ұлы – Шымпай, он бірінші ұлы – Мухаммед, он екінші – Улур, он үшінші – Токе Темір, он төртінші – Шинкугум.
Жошы өлгеннен кейін онын барлық ұлдарының ішінен екінші ұлы Батыйды (Батуды) батыстағы сарбаздар әкесінің мұрагері ретінде танып, мойындады. Сұны Шығыс-хан бекітті. ҮІІІ-ХІҮ ғасырда бекітілген дерек бойынша бұл туралы үстіртін айтылып өтіледі. Мысалы, Әбілғазы ол туралы екі әңгіме келтірді: бірінші әңгіме бойынша, Жошы өлімі туралы естіген Шыңғыс хан қатты қайғырады. Қаралы күндер аяқталған соң, ол өзінің кіші ұлы інісі Отчингинге былай деген: «Дешті қыпшаққа аттанды, Жошы ханның екінші ұлы Батый ханды (лақап аты – Сайн хан) әкесі тағын отырғыз41. Өз Ордасына (ставкасына) Отчингиннің жақында келе жатқанын білген Батый оны күтіп алуға өзінің ұлдары мен інілерін жібереді де, артынан өзі де оны тосып алуға барады. Жоғарғы мәртебелі қопақпен олар кездесіп, барлық дәстүрлі рәсімдер атқарылған сен үш күннен кейін Отчигин Батыйды әке тағына отырғызды. Тәж кигізу кұрметіне үлкен той жасалады. Осы уақытта Шығыс хан ордасынан ханның өлгені туралы хабар келді.
Ал екінші әңгіме өте қысқа. Онда Жошы ауырып өлген кезде, Шыңғыс хан тірі болды. Шыңғыс өз ордасына Сайн хан деген лақап атқа ие болған немересі Батыйды шақырып алып, былай дейді: Сайн хан жаңа жорық үшін әскер жинаған кезде Шыңғыс хан көз жұмады. Дешті қыпшақтағы жоғарғы биліктен Батыйға берілуі туралы осы тәріздес әңгіме ХҮІ ғасырда Хорезмде Утемиш хажы жазған «Шығыснамада» келтіріледі: «Жошы өлгенде, өзінің үлкен ағасы – Орда мен інісі Батый арасында кім басты ұлыс болады деген мәселеде дау туады. Әрқайсысы тақты басқаға бермекші де болады. Билік туралы дамуды шешу үшін бір шешеден туған 17 ұл – барлығы бірге Шыңғыс ханға аттанады. «Ұлы» ата ханзадаларды қабылдай отырып үш орда: Батый хан үшін Алтын бастағалы Ақ Орда, Ежен үшін күміс бесағалы Көк Орда, Шибан үшін болат бесағалы Без Орда бұйырады. Ал Қазақ хандарының арғы атасы Төке-Темірге енші тимеді. Осылайша Шыңғыс хан Батыйды басқа немерелерінен ерекше көріп, Жошының мұрагері жөніндегі дау түпкілікті шешіледі.
Батыйға оның аға-інілері барлығы бағынды, барлық халық бас иетіндерін білдірді. Батый мемлекеті тарихта Алтын Орда деген атпен белгілі. Мемлекет астанасы Төменгі Еділ бойындағы Сарай қаласы болды. Монғол құрған империядағы мемлекеттік құқық шеңберінде үстемдік еткен қағида бойынша империя өзінің рулық мұрасы сияқты бірге иелік еткен барлық жер мен халық бүкіл хан тұқымының меншігі деп саналады. Мемлекеттік басқарудағы бұл ерекшелікті кезінде парсы тарихшысы Джуванидің өзі де (1283 жылы қайтыс) болған, аңғарып былай деген еді: «сырттай қарағанда басқару жүйесі мен бүкіл ел хан тәрбиесіндегі бір адамға сеніп берілген тәрізді, шындығында әкесінің барлық ұрпақтары мен ағалары көгалдық байлық пен жерге бірге отырып иелік етті»42.
Меншік туралы осындай түсінікке сәйкес хан үйнінің әрбір ересек өкілі белгілі бір мөлшердегі тайпа мен туға ие болды. Сондай-ақ олар жайылым үшін де белгілі бір үлестер алды. Мұнымен бірге әрбір монғол ханзадасының белгілі бір мөлшердегі қолөнершілерге және империяның жалпы жер аумағының өз шаруашылығын жүргізу үшін белгілі бір ауданға ие болуға қақысы бар еді, бұдан түскен табыс өзінің сарайы мен әскерін жабдықтау үшін пайдаланылды.
Алтын Орда мемлекеттеріндегі Жошы ұрпақтарының енші бөлу мәселесі ертедегі деректерде толық сипатталады. Оған қарап ол кездеде Шыңғыс ханның негізгі дәстүрін әлі де толық сақтағанын көре аламыз. Кейін келе онда біраз өзгерістер болды. Олар осы өз ұлыстарынан үнемі алым-салықтар жинап тұруға тиісті болды. Оны жинайтын ерекше отрядтары басқақтар болды, егер уақытында олар алымды төлеп тұрса оған ешқандай мемлекеттерін басқаруда қарсы әрекеттер жасамады, ал салықты бермейтін жағдайда Шыңғыс-ханның әскерлері ол жерлерді талқандап кетіп отырды.
Жаулап алу жорықтарынан нәтижесінде Шыңғыс-хан негізін құрған Моңғол империясының батысында оның құрасына енетін үш үлкен ұлыс қалыптасты. Олар біраз уақыт монғолдардың Қарақорымдағы ұлы ханына тәуелді болып келіп, кейіннен дербес мемлекеттерге айналып кетті. Шыңғыс хан құрған Монғол империясының құрамындағы батыс үш ұлыстың бөлінуі оның ыдырай бастағанының белгісі болды.
Дегенмен «Монғолдар өздері жаулап алған жерлерде басқару жүйесінде ешқандай өзгерістер енгізген де жоқ, ел басқару, алым-салық жинау ісіне жергілікті феодал – шонжарлар мен саудагерлер көмектесті. Сонымен қатар Шыңғыс хан өзі бағындырған елдердегі, тайпалардағы жергілікті халықтың тұрмыс, салт-санасына қысым жасамады»43.
Монғол үкіметіне өз армиясын ашықтырмай асырауға мүмкіндік берген Қытайдағы, Орта Азиядағы, Ирандағы және Половоцк даласындағы сәтті соғыстар елді экономикалық дағдарыстан сақтап қалап алмайды. Өйткені соншалықты шалғай қашықтық және қатынас құралдарының нашарлығы жайында оларға тапқан олжаларын үйлеріне жеткізу өте қиын болды. Олжаның үлкен бөлігі Монголияға жетпей жол – жөнекей құрылды. Ал мұнда матаға және малға деген мұқтаждық арта түсті. Сондықтан Шынғысхан өздеріне жақын жатқан Таңғұтпен соғысудың қандай да бір желеуін табуға тырыстым.Және де желеу ерте мұндай мұндай жайтты оған танғұт патшасын өзі тауып береді. Ол хорезмге қарсы соғыста Шыңғысхан жеңіліске ұшырайды, деп ойлайды да Хорезмге қарсы соғыс алдында Шыңғысханға әскери көмек көрсетуден бас тартты.1211 жылғы келісім бойынша ол Шыңғысханға былай да көмек беруі керек еді. Танғұт патшалығы Хорезм жеңсе өзінің бостандығын қан төгіссіз қайтып аламыз деп ойлады.1225 жылдың басында Орта Азиялық жорығын аяқтаған Шыңғысхан жорықтан босаған әскерлерімен Танғұттарға жорықтар жасап, Эцзин – ай қаласын (Хара – хотонның қазіргі талқанданған орын) қоршап алады. Сол қаланы қоршау кезінде, 1227 жылы тамыз айында Шыңғысхан қайтыс болады, бірақ нояндар ханның ханның дүние салғанын жасырып, қаланы беруге мәжбүр етеді, сөйтіп оның халқын аяусыз жазалайды. Мұнан көп малды, әсіресе түйелерді олжалау монғолдарды соғыс шығындарды киліктірген экономикалық дағдарыстан құтқырып қалады. Бұл соңғы жеңіс Монғол жеңіс Монғол империясының Орта Азияда толық үстемдік құруын қамтамасыз еткен еді. Себебі бұл жерде монғолдардаң бірде – бір бақталасы қалмағанды. Бір кездері монғолдар танғұттарды түгел қырып жойып еді, елді жансыз шөл далаға айналдырып жіберген деп еептелген болатын. Алайда П.К.Козловтың Харо – хотоннан әкелген текстерін зерттеу монғолдар Урахай деген атпен атайтын Эцзин – ай қаласы қытайлар басып алып, жермен – жексен еткен 1372 жылға дейін өмір сүргендігін көрсетеді44.
Шыңғыс патшалығын соңына таман таман құрылтайда бағындырылған Солтүстік Қытайдың халқын қайту керек деген мәселе көтерілді. Себебі оның халқы қайту монғолдардан қорыққандарынан тауңлар мен ормандарға қашып тығылып, бандалар құра бастаған еді және одан монғолдарға ешқандай пайда түспейді. Монғол әскер басшылары барлық қытайларды қырып тастап, олардың жерлерін жайылымдарға айландыру керек деген ұсыныс жасады. Ал Елюй Чюцай бұл ұсынысқа мүлде қарсы болды. Қолындағы есеп – қисаптармен ол егер бұл халықтың өмір өмір сүріп жұмыс істеуіне право берілсі, олардан қаншалықты алым – салық жинап алуға болатынын дәлелдеп берді. Ақша қызықтырды, сөйтіп қытай халқы оның аяушылығына бөленді.
Шыңғысхан жан – жақты баяндалған. Оның өзіне, өмір жолына орыс зертеушілер Бартольд, Гумилев, Ян, батыс ғалымдары Марке Поле, Рубрик, Жувени, Қытайдан Чан Чунчан, Гама Жосык, немістер К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Щуплер, монғолдар Лувсандайзан, Сайшал, Нацандорж, Сухэ – Батор, қазақтар Шоқан, Абай, Э.Марғұлан, М.Қозыбаев, француз Напалеон, жапондықтар Инаце, Ясуши т.б. назар аударған. Шыңғысханды тек қана қаныпезер ретінде немесе болжағыш әулие ретінде ғана бағаламай, оған жан – жақты әділ баға берілгені абзал. Шыңғысханның қантөгісі жорықтар жүргізгеніне қарамастан оның Орталық Азиядағы көшпелі тайпаларды біріктіріп, бір орталықтан басқаратын, ғұндардың әскери әкімшілік жүйесімен, керейлердің мыңдық құрылымдарын қолданып, жетілдіргені соғыс жариялау, немесе бітімге келу, хан сайлау мәселелерін шешетін «Шешендер кеңесі!», «Ұлы құрылтайды құруы елеуліжетістіктерге жатады. Ол адамдарға байлығына емес, талантына қарап баға берген, мәселен тұтқынға түскен татар Шихут сарайдың бас қазысына деін көтерілген. Муклай бас уәзірі болған. Оның тұсында тоғыз уәзірдің кеңесі құрылған мемлекет ауқымын төрт ұлысқа бөліп ұлдарына берген. Шыңғысхан «Ұлы жаза»(моңғолша Их-засог) деген құжатты бекіткен, оның 36 бабының 13-і әр түрлі өлім жазаларына арналған. 1223 жылы тарихшы Чан – Чунь Шыңғысханның нұсқаумен «Алтын шежірені», 1230 жылы Шегетай «Құпия шежірені», «Алтын дәптерді» 1240 жылы Үгедей жазғызыды. Тарихшылар осы кітапқа сүйене отырып Шыңғысханмен оның ұрпақтарының жорықтары жайлы кеңінен зерттеуге мүмкіндік алды.
Шыңғыстықтар, яғни Шыңғысханның ұрпақтары да әрқилы болған. Немерелері Темір мен Батый қанішер болса, балалары Жошы, Төлей, Құбылай, сондай-ақ Бабыр өз замандарының беделді саяси қайраткерлері болған. Мәселен, Құбылай Шығыстағы тұңғыш тарихшылар академиясын құрған, әлемдік маңызы бар, айналысқа түскен қағаз ақша шығарып, ел-елдің арасына почта қатынасын орнатқан45.
Қорытынды
Барлық айтылған оқиғаларға қарағанда «монғол» халқының тарихы әлі толық зерттелген жоқ. Әрине, оның бәрін бір жұмысқа сыйғызу мүмкін емес. Әйткенмен Европа ғалымдарының айтуы бойынша соғыста мәдениет жеңіске жеткізеді, Монғолдар қысқа уақыт ішінде бүкіл Азия мен Европа жерінің бестен төрт бөлігіне ие болды. Әр-бір мәдениетке сипаттама беретін өз мақсаты бар, мысалы:
Ежелгі Грек мәдениеті – білім жетілдіру, мақсаты – даналық, Рим мәдениеті заң мәдениеті, мақсаты – батырлық, Азияның рухани мәдениеті – будда мәдениеті, мақсаты – дінді уағыздау. Монғол көшпелі мәдениеті – әскери мәдениет, мақсаты - әлемге патшалық құру. Батыс мәдениеті – материалдық мәдениет, мақсаты қор жинау.
Монғол әскери құрылысы соғыс өнері өз заманы кезінде жоғары орынға ие болды.
Шыңғысханның өзі, әскери басы – Жебе-ноян, Субедей батыр тарихшылардың баға беруі бойынша әскери соғыс кемеңгерлері болған. Оқулықтарға қарасақ Монғол империясының билігін Ресей Ш-Иоан кезіндегі Дмитрий Донской бастаған Кулиова даласындағы шайқас құлатты деді. Әрине, Мамай бастаған қалың қолды жеңген орыс князьдері Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Бірақ мұнымен Монғол империясы құлады деуге болмайды. Себебі, ХҮІ-ғасырда Иван ІҮ-Грозный-Казан-Астраханьдағы Монғол иеліктерін басып алды, бұл Алтын Орданың кейін ыдырауына алып келді. Осыдан кейін Патша еркін билеп, «Ұлы патшалыққа ие болды»46.
Осындай хронологиялық сипаттама бере отырып, Шыңғысхан империясы құлаған соң Батыста – Иван ІҮ Грозный патшалығы құрылып, ал шығыста үш үлкен мемлекет Цзиянь, сун және тангут патшалығы құрылды. Бұл Ресей империясы ақырында 1917 жылы құлауымен аяқталды. Соңғы кездегі шыққан материалдарға сүйене отырып, Шңығысханды, ол құрған империяны қазақ хандығы деп атап жүр. Оған дәлел, мысалы Қалибек Данияровтың «Қазақ мемлекетінің тарихы» мақаласында былай жазылған: «Шыңғысхан мемлекетінің құрылуының 1206 жылдан басаталады. Барлық шғармалары Шыңғысханның азан шақырып қойған аты «Темірші» дегеннің орнына Темучин деп аталып жүр. Өйткені мұның бәрі Қытай дерегіне сүйенгенліктен. Бірақ оның авторлары Қытай тілінде «р» дыбысының жоқ екенін хабарсыз. Кейбір авторлар Ұлы қағанның атағының оның шыққан тайпасы қиятты есептемей, қият ішіндегі ру «бержігітті» бержигит – деп атап жүр47. Шыңғысхан мемлекетінде көптеген қазақша атаулар бар, соның бірі «хасатт хаирхан улу», қазақшасы «қазақтың қасиетті атауы» болып шығады.
«Хасат» сөзі қазақ. Сондай-ақ Қытай тілінен монғол тіліне аударылған «Құпия шежіреде» «хасат тэрэг» деген тіркес бар. Ол «қазақ арба» денген сөз48.
Шыңғысхан ұрпағы туылғаннан бастап экономикалық жағдайына, адамгершілік, ақыл және физиологиялық ақмиеттеріне қарамастан, сұлтан деген атаққа ие болды. Сонымен қатар осы әлеуметтік топ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан сұлтандық құқықтарға да ие болды. Хандық таққа ие құқық тек Шыңғыстықтарда ғана сақталды. Оларды билеу құқығы шыққан тегінін күштілігіне, өздеріне тән артықшылықтарына айналып барат жатты. Қазақтар, өзбектер, қырғыздар және түркмендер мемлекеттілігінің дәстүрін сақтады. Шыңғыстықтардың қалыптасқан құқығын жоймады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аманжолов К., К. Рахметов. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1997 ж.
2. Асфендияров С.Д. История Казахстана. Т. 1. М., 1936.
3. Ә. Әбдікімұлы. Қазақстан тарихы. Алматы, 1997.
4. Әбдірахманов Х.А., Тулекова М.К. Қазақ елі: қысқаша тарихы. Алматы, 1995.
5. Бартольд В.В. «Образование империи Чингисхана», С-Петербург, 1896.
6. Бартольд В.В. Монғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан. СПб. 1900.
7. Барольд В.В. Шыңғыс үрім-бұтағы-християндары туралы, мәселеге, Танымалы шығармалары, П., М., 1964.
8. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествий. М. 63.
9. Бартольд В.В. Новый источник по истории Хорезма. Ташкент, 1941.
10. Бартольд В.В. Путешествие Марко Поло. СПб.
11. Бұқатұлы Б. Монғолдың құпия шежіресі. Б-Өлгей, 1922.
12. Валдимирцов Б.Я. Монғолдардың қоғамдық құрылысы. Л., 1934.
13. Валдимирцов Б.Я. Чингис-ханг. С-Петербург, 1922.
14. Вернадский Г.В. «Монгольсие иго в Русский истории», 1927.
15. Валиханов Ч.Ч. Соб. соч. Т.1-2. Алматы, 1961.
16. Всеволод-Иванов. Мы. 1926.
17. Галстян А.Г. Монғолдар жөніндегі армиян жазба материалдары. М., 1962.
18. Греков Б.Д. Алтын Орда және оның құлауы М.Л. 1950.
19. Грумм-Грижимайло Г.Е. Батыс Қытайға саяхатты суреттеу. М., 1948.
20. Гумелев Л.Н. ХІІІ ғасыр монғолдары және «Игорь полкі туралы сөз», «Географиялық қоғамның этнография бөлімінің бағдарламасы ІІ-шығуы», Л., 1966.
21. Иванин М.И. «О военном искусстве и завоеваниях монголе-татар и Средне-Азиатских народов при Чингис-хане и Тамирлане». С-Петербург, 1975.
22. Кезин С.А. Құпия шежіре. М-Л., 1941.
23. Кычанов Е.И. Жизнь Темучина «думавшего покорить мир». М., 1973.
24. Қожыбаев М. Ата тарихы туралы сыр «Егемен Қазақстан, 1993, 3- қазан».
25. Краузе Е.А. Чингис-хан. 1922.
26. Котвич В.А. История монголии, Лекций.
27. Карольд Лэм. Чингис-хан, Лондон – 1928.
28. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летепись трех тысячелетии. Алматы, 1992.
29. Насонов В.И. Монголы и русь. М.-Л., 1940.
30. Утемии Хаджи. Чингиз-наме. Алматы, 1992.
31. Низам-ад-дин Шами, Зафар-наме. в кн: В.Г. Тезенгаузен в «Сборник материалов относящихся к истории Зеленой Орды». Т. 2. М-Л., 1941.
32. Эренжан Хара-Даван. Чингис-хан как полководец и его населения. Алматы, 1992.
Мерзімді басылымдар:
1. Егемен Қазақстан, 1993, 27-ақпан.
2. Н. Масанов. Мы жители степи. «Казахстанская правда». 1992, 29 сентябрь.
3. Егемен Қазақтан 1993, 3-қазан.
4. Қазақ тарихы журналы. 1995, № 6.
5. Изв. НАН Республики Казахстан., серия общественных наук. 1993, № 1.
6. Мсыль, № 1., 1994.
7. Вопросы истории, 1946, № 8-9.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?