Өмірбаяндар (биография)


Қаныш Сәтбаев

 


Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).


 


Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған іздері сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.

Өмірбаяндар (биография)
Толық

Санжар Асфендияров

Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым-тарихшы.



Ташкенттегі реалдық училищені, Петербургтағы әскери-дәрігерлік академияны 1917 жылы бітіріп шығады.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шоқан Уәлиханов


Шоқан Уәлиханов (шын аты - Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сүйінбай Аронұлы (1815 - 1898 ж. ж)

Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі
Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жиембет жырау

Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік мінезі, ерен батырлығы айқын көрінеді.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Шалкиіз жырау

Шалкиіз жырау (1465-1560)

Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясындағы орын ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатысқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол «Дулығаның төбесі туған айдай болмаса,

Батыршылық сүрмен-ді», «Дулығалы бас кескен, Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма?» деп батырлықты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек «жалаңаш барып жауға тиер» ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. Ақын жақсы деген не, жаман деген не; ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекеті, қылық – мінезінен көрінеді, міне осы тақырыпта жыр-толғаған.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Доспамбет жырау

Доспамбет жырау (XVI ғасыр)

Доспамбет өз заманында жақсы тәрбие алған, парасатты білгір адам болған.
«Азаулының Стамбулдан несі кем» деген жолдарынан Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.

Өз толғауларында ақын өзін «Ер Доспамбет» деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол «асытына қарт күреңді мініп», «болат қылыш асынып» жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол «күңіреніп күн түбіне жортқан», «садақ тоған сайгез оқ өткеріп», «арғымақтың талдай мойнын талдырып» көп жорықтарды бастаған.
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Қазтуған жырау

Қазтуған жырау (XV ғасыр)


 


Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған. Қазтуған жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. Оны ақын тебірене жырға қосады.

Өмірбаяндар (биография)
Толық

Асан қайғы

Асан қайғы (XV ғасыр)

Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен замана жайын әріден толғаған ірі сөз зергері, терең ойшыл ақын екенін танимыз.

Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы, да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның халық қайғысын, мұң-арманын, тағдырын ойлаумен өткен адам екенін аңғарамыз. Асан қайғы туралы халық аңыздары да оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танытады.
Өмірбаяндар (биография)
Толық