Мәлік Ғабдуллин (1915—1973)
Мәлік Ғабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.
Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі болған. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсеткен.
1944–1946 жж. КСРО Қорғаныс Министрлігі Жоғарғы Саяси Басқармасы үгітнасихат бөлімінің бастығы болып істеген. 1946–
1951 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтында директордың орынбасары, директоры, 1951–1963 жж. ҚазПИдің ректоры, 1963 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Қазақ КСР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында фольклор бөлімінің меңгерушісі міндеттерін атқарды. Екі рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.
1938 жылдан бастап қазақ фольклорының мәселелерін терең зерттеген ғалым. 1947 жылы «Қобланды батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» деген (1958) монографиясында халқымыздың лироэпосы, батырлық жырлары, ертегіаңыздары, тұрмыссалт өлеңдері, жұмбақтар, мақалмәтелдер, жаңылтпаштар, суырыпсалма өнері туралы ғылыми топшылаулар мен қорытындылар жасады.
Филология ғылымының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылымдары академиясының академигі (1959), Совет Одағының Батыры (1943), Қазақ КСРнің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961), Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1972). Қызыл Жұлдыз, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Менің майдандас достарым. ҚБМБ, 1947; Алтын жұлдыз. ҚБМБ, 1948; Майдан очерктері. ҚМКӘБ, 1959; Ел намысы – ер намысы. А.,»Жазушы», 1966; Сұрапыл жылдар. А., «Жазушы», 1972; Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., «Мектеп», 1958; Атааналарға тәрбие туралы кеңес. А., «Мектеп», 1966; Менің майдандас достарым. А., «Жазушы», 1985.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?