Болат Сұлтанқұлов

 Болат Сұлтанқұлов

Болат Сұлтанқұлов - генетик кәсіпкер, Болашақ бағдарламасының түлегі

Болат Сұлтанқұлов Ноттингем университетін «Генетика облысы ғылымдарының бакалавры» мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы кәсіби қызметін Республикалық Микроағзалар Коллекциясында (кіші ғылыми қызметкер) бастаған, сондай-ақ Ұлттық Биотехнология орталығында, Назарбаев Университетінде жұмыс істеген.

2014 жылы әріптестері Бауыржан Айтуов және Әділбек Жолдаспен бірге диагностика саласындағы стартап бойынша полимеразды тізбекті реакция балама әдісін қолдана отырып жұмыс істеген. Сол жылы регенерациялық технологиялар саласындағы әзірлемелермен айналысатын «Жасуша терапиясы» ЖШС негізін қалаған, сондай-ақ бағаналық жасушадан бөлінетін өсу факторлары негізінде теріні қалпына келтіретін сарысу жасайтын "Pomme de vie" ЖШС компаниясының негізін қалағандардың бірі.

Оның үстіне Болат Мұхтарұлы псориазға қарсы A-psorin дәрісін әзірлейтін "Астана Биомед Групп" ЖШС құрылтайшыларының бірі. 2017 жылы жасаған еңбектері үшін әріптестерімен бірге «Ғылым көшбасшысы - 2017» атағын алды. Болат Мұхтарұлы онкология және рак эпигенетикасы облысында халықаралық мақалалардың бірлескен авторы. Қазіргі кезде Назарбаев университетінде «Биомедициналық инженерия» мамандығының PhD студенті. Бос уақытында музыкамен айналысқанды жақсы көреді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?