Сембек Сейдазимов
Сембек Сейдәзімов – нағыз атымтай жомарт азамат. Өзі түлеп-ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырмды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлға.
Қолы ашықтың – жолы ашық» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Кемел елдің келісті келешегі, ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтар жетерлік ортамызда. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық танытып, көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой.
Қазақ ұғымындағы Атымтай жомарт туралы тәмсілдер де, міне, осындай қолы ашық, жаны жомарт жампоздар жайында сыр шертеді. Ен байлықты еңсеру, оны парасат-пайыммен жұмсау, қасындағыларға қайырымдылықпен қарайласу қанмен келетін қасиет болса керек. Біз сөз еткелі отырған Сембек Әбетайұлы да «елі ерге қарағанда, ері жерге қарамаған» азаматтың бірі. Сембек Сейдәзімовтің есімі әулиеаталық әлеуметке әлмисақтан белгілі. Өзінің саналы ғұмырында қызметтің түрлі баспалдақтарынан өтті. Ал еліміз егемендік алған тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдаушылардың қатарында болды. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі, филиал жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің басшысы ретінде өзін салмақты, салиқалы азамат, қоғам жұмысын өз мүддесінен жоғары қоя білетін қажырлы қайраткер келбетінде танытты. Тың жобалардың халық арасында кеңінен насихатталуы мен олардың іске асуына бір кісідей атсалысты. Ал негізгі қызметі – көне шаһардағы «Кирпичник» серіктестігінің директоры ретінде де, өңір экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Ол Жамбыл облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болып, тұрақты комиссиялардың төрағалығына сайланғанда да өңірдің өзекті мәселелерін көтеріп, оң шешім табуына ықпал етті. С.Сейдәзімов былтыр бұқара мен атқарушы билік арасындағы дәнекер, әрі ақылдасу алаңы ретінде өмірге келген азаматтық қоғамның алғашқы қарлығашы – Қоғамдық кеңестің жұмысына құлшына кірісті. Ол облыстық қоғамдық кеңестің конкурс арқылы сайланған хатшысы ретінде ауқымды істерге бастамашы бола білді. Мәселен, кезінде айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайтадан кәдеге асыруды қолға алды. Бұл жөнінде мәселе көтеріп, нақты ұсыныстарымен облыс басшылығы алдына мәселе қойып, облыстық бюджеттен қаржы бөлінуіне қол жеткізіп, 3 мың гектар алқапты суландыру мәселесін шешіп берді. Бұл Сембектің Елбасының өміріміздің мәні мен мазмұнына айналып отырған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер тұрғысынан бұқара мен билік арасын жалғай жүріп, тағдыршешті мәселелер күрмеуінің шешілуіне бастамашы болғанының бір ғана мысалы.
Сембек Әбетайұлы Елбасының сарабдал саясатының адамдарды өрелі істерге бастайтын қасиеті мен қуатын жақсы біледі. Сондықтан да ол бұл күндері Қазақстан тарихи кезеңге аяқ басқан кезде, елдің рухани өмірінде елеулі өзгерістер күтіп тұрғанын, ең бастысы, ұлттық сананы жаңа деңгейге көтермей саяси-экономикалық жаңғыруды жүзеге асыру мүмкін емес екендігін, рухани жаңғыруды – кезең-кезеңімен атқарылар, елдегі реформалардың заңды жалғасы деп танып, жұртшылық арасындағы әсерлі әңгімесіне арқау етуде. Ол кәсіпкерлікті нәсіп ете жүріп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең сезінген жан. «Кирпичник» ЖШС-нің өнімдері аурухана, емхана, мектеп, балабақша құрылыстарына пайдаланылады. Алғашқы жылдары 10 миллион дана кірпіш шығаратын серіктестіктің жұмысы кейінгі уақыттарда қарқын алды. Елбасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы Украинаның Харьков құрылыс машиналары зауытынан жаңа қондырғы алу нәтижесінде бүгінгі таңда жылына 15-30 миллион дана күйдірілген кірпіш шығаратын дәрежеге жетті.
Ердің мұраты – елдің қамы. Халық даналығы Атымтай жомарт жандарды құрметтеп, «Қолы ашықтың – жолы ашық» деп мадақтайды. Ал С.Сейдәзімовтің басты мақсаты – кісіге қамқор болу, мейлінше жомарттық таныту. Ол бақай есеппен жасалатын іс емес, қайтарымын күтпейтін жақсылық, қанға біткен қасиет. Бабалар өсиетінен қалған бір сәуле. Сембек Әбетайұлы туралы сөз бола қалғанда, көпшілік оның осындай игі істері мен жақсы қасиеттерін айтады. Мәселен, Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылындағы орта мектептің валеология сыныбының құрылысы үшін қажетті кірпіштерді тегін жеткізіп бергені елге аян. Бұдан бөлек, осы ауылдағы мешіттің, балабақшадағы музыка бөлмесінің құрылысы үшін де осындай қажетті кірпіштерді берген. Оның бұл жақсылығы күні бүгінге дейін ауыл тұрғындарының аузынан түскен емес. Бүгінде баспана жайы басты проблема екендігі белгілі. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деп қазақ текке айтпаған. Ал тұрмысы төмен отбасылардың мұң-мұқтажына ортақтасып, көмек қолын созу да азаматтықтың белгісі. ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?