file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Наталья Дементьева

 Наталья Дементьева

Наталья Дементьева – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицейінің директоры
Ол «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі. 2009 жылы Астана қаласында өткізілген партияның кезектен тыс съезінде еліміздің жастары мен мұғалімдерінің атынан Елбасының алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

2009 жылдан бастап 2016 жыл аралығында лицейдегі мұғалімдік жұмысын «Қазақстан-Көкшетау» Ақмола телерадиокорпорациясының тележүргізушісі қызметімен қатар алып жүрді. «Біз үйрендік!» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілінің теледидарлық сабағы), «Живой родник» (Қазақстанның танымал тұлғалары туралы), «Бір шағырақ астында» (Ақмола облысының Ассамблеясымен бірлескен жоба) атты өзінің авторлық жобалары бар, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап эфирге «Танымал» жобасы шықты. Мақсаты – еңбек адамының образын ашу. 2013 жылдың наурыз айынан бастап эфирге «Ақ дастархан» бағдарламасы шықты. Мұғалімнің «Живой родник» атты авторлық жобасы облыс мұғалімдерінің тарих, өзін-өзі тану, әдебиет сабақтарында белсенді қолданылады.

Наталья Григорьевна мемлекеттік тілді білудің әр түрлі деңгейі бойынша өткен конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері болды, олардың ішінде: 2002 ж.- «Государственный язык – мой язык» қалалық, облыстық конкурстарда 1-орын, 2003 ж. «Тіл – халықтың қазынасы» республикалық конкурсында 1-орын, осы жылы – «Ұстаз» номинациясы бойынша сертификат иеленді. Наталья Григорьевнаның оқушылары 15 жыл бойы өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілді білу бойынша өткен конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегерлері болып табылады.


Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?