Алмат Қодасбаев

 Алмат Қодасбаев

Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, РМА ассоцияланған профессоры. Қазіргі таңда – Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығының директоры.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітіріп, дәрігер-хирург мамандығын меңгерді.
Интернатурадан Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада өтті. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Іле аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастады. 1998 А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың үш жылдық аспирантурасын тәмамдады.

Аспирантураны бітірген соң, 2002 жылы «Трикуспидальдық клапан қызметінің жетіспеушілігін хирургиялық емдеу» тақырыбына диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. Сол жылы А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың кардиохирургия бөліміне ғылыми қызметкер болып тағайындалды. 2011 жылы аға ғылыми қызметкер лауазымына ауысты. 2012 жылдың қарашасынан бастап осы орталықта жүре пайда болған жүрек талмасы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі қызметінде. 2013 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін Алматы денсаулық сақтау басқармасының қалалық кардиохирургия орталығының директоры болып еңбек етеді. 2005-2006 жж. Ресей дипломнан кейінгі білім беру медициналық академиясында жүрек-қан тамыры хирургиясы бағдарламасы бойынша кәсіби даярлықтан өтті, «Жүрек-қан тамыры хирургиясы» тақырыыбына аттестациялық жұмыс қорғады.

Израильдің, Германияның, Ресейдің, Оңтүстік Корея мен Белоруссияның алдыңғы қатарлы клиникаларында:
- жүректі ауыстыру,
- жүрек талмасы хирургиясы,
- аортокоронарлық шунтирование тақырыптары бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдарына арналған Мемлекеттік стипендияның лауреаты (2004-2006 жж.), кардиоторакальды хирургтердің Европалық ассоциациясының мүшесі.
70-тен аса ғылыми еңбетің,1 монографияның авторы. 7 алдын-ала патент пен 1 өнертабыс патенті бар.

Европа кардиоторакальды хирургтерінің съезіне қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау үздігі атанды. «Даңқ жұлдызы» ордені, «Қазақстанның үздік кардиохирургы» номинациясының «Ақ жүрек» белгісімен марпатталған. 2014 жылы Ұлыбританияның Сократ комитеті «Үздік топ-менеджер» төс белгісімен марапаттаған.
Медициналық қызметінің бағыттары:
Туа пайда болған жүрек талмасы хирургиясы
Жүре пайда болған жүрек талмасы хирургиясы
Жүректің ишемиялық ауруы хирургиясы
Аритмология және жүректі ауыстыру
Ғылыми, ғылыми-педагогикалық және әкімшілік-басқару қызметінде терең кәсіби білімдері мен жетістіктері бар ірі маман ретінде 2015 жылы Менеджмент аймақтық Академиясы Президиумының шешімімен РМА ассоциацияланған профессоры академиялық атағы берілді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?