Санжар Мәдиев Нұрланұлы (1986 жылы 4 тамыз)
Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер.
1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making мамандығы бойынша білім алды.
Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009).
2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар.
«Жоғарға оқу орнына экономика факультетіне түсуге емтихан тапсырып, оқуға түскенді растайтын қағазды алғаннан кейін де, еркін тыныстай алмадым. Кенет үйде тамақтанып отырған кезде, менде «Неге мен актерлікке тапсырмадым?» деген сұрақ туындады.
2-курста болса керек, радиодан кездейсоқ жарнамаға адамдар керек дегенді естіп қалдым. Бірақ, ол кезде оның не мекен-жайын, не телефонын есте сақтамадым, бірақ осылай өзімді актер ретінде байқап көруге болатынын ойладым. Үйге келіп, жарнамалық агенттіктерді іздей бастадым. Өзімнің түйіндемемді 4-5 агенттікке жіберіп, кездесуге келістім. Бірақ ұзақ уақыт бойы қорытындысы шықпады, тек 2-курстың соңында маған хабарласып, алғашқы жарнамаға түсуге ұсыныс білдірді. Бұл 7Я дүкенінің жарнамасы болатын. Осыдан кейін NURSAT Cards жарнамасы, MEGACOM қырғызстандық телефон байланысы, «Соз», «Тянь - Шань», ACTIV, «Бумеранг» тарифіне жарнамаға түстім.
Содан кейін тағы да кездейсоқ «Лавэ», «Өмір-уылдырық» фильмдерінің кастингіне бардым. Өзіммен бірге суретім болмағандықтан, аулаға шығып, ұялы телефонымызға суретке түсе бастадық. Бір айдан кейін маған хабарласып, «Іздестіру» («Кері жағы») фильміне сынаққа шақырды. Мені жағымды және жағымсыз рөлдерге байқап көріп, соңында жақсы полицейдің рөлін ұсынды.
«Кері жағы» фильмі шыққаннан кейін, мені «Арман қала» фильміндегі болашақ бағдарламасымен оқитын студенттің рөліне шақырды, сонымен қатар «Елім-ай» хикаясына ұсыныс түсті, ол жақта Астана қаласында құрылыс академиясында жұмыс істейтін сәулетшіні сомдадым. Осы фильмдерді аяқтауға жақын қалғанда, Алматы жастары жайында баяндайтын «Қызғылт қоян туралы ертегі» фильмінде жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдауды бастап кеттім».

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?