Азат Сейтметов Райымбекұлы (1964 жылы 14 желтоқсан)

 Азат Сейтметов Райымбекұлы (1964 жылы 14 желтоқсан)

Азат Райымбекұлы Сейтметов (1964 жылы 14 желтоқсанда Алматыда туған) — танымал кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1988 жылдан).
Азат Райымбекұлы 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ ұлттық өнер академиясының "кино және театр актері" мамандығы бойынша бітірген.
1988 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М.Әуезовтің «Абайында» Долгов (реж. Е.Обаев), «Қарагөзінде» Матай (реж. Б.Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Абыз (реж. Х.Әмір-Темір), М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншегінде» Жорабек (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Шөмбай (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Сайлау (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Алеко (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Байбол, Д.Исабековтің «Мұрагерлерінде» Сызғанов (реж. О.Кенебаев), «Жаужүрегінде» Ақылбай (реж. Е.Обаев), «Актрисасында» Самат (реж. Н.Жұманиязов), Иран-Ғайыптың «Мен келемінінде» Шибұт (реж. Қ. Қасымов), Ә. Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында» Скрипкашы, Т. Мәмесейіттің «Бәкей қызында» Шұбараяқ ояз, Ә. Рахимовтің «Қылмыскерге куәлігінде» Шотбай, Т. Нұрмағанбетовтің «Бес бойдаққа бір тойында» Барбол (реж. Ә. Рахимов), Н. Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Асылхан (реж. Е. Обаев), Қ. Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Қойгелді (реж. Т. әл-Тарази) т.б көптеген бейнелерді сомдайды.
Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері.
2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
2016 жылы Пусонда өткен "Seoul International Drama Awards" халықаралық кинофистивальінің "Ең Үздік ер адам рөлі" аталымы бойынша жеңіп алды.
Кинофильмдері
1986 жылы Лейтенант С. фильмі (реж: Т.Арғыншаев)
1990 жылы Айналайын фильмі (реж: Б.Қалымбетов және А.Сатаев)
«Қара шегіртке» (реж. С. Өтепбергенов)
2007 жылы «Періште» (реж. Ә. Әлпиев)
2011 жылы "Балалық шағымның аспаны" фильмі (полиция қызыметкері) (реж:Р.Әбдрәшів)
2012 жылы "Құрбылар" фильмі
2013 жылы "Ол және Ол" фильмі (С.Жолдас)
«Рэкетир» (реж. А. Сатаев)
«Әсел және оның достары мен құрбылары» (реж. А. Қарпықов)
2014 жылы Абайлаңыз, сиыр! комедиясы
2015 жылы "СВАДЬБА НА ТРОИХ" комедиясы (реж:А.Бисембин)
2015 - 2016 жылдары "Жібек" телесериалы (Жібектің әкесі басты рөлде) (реж: А.Сахаманов)
2016 жылы Өгей жүрек (мини-сериал) әкесі рөлінде
2016 жылы Анаға апарар жол фильмі (Жансейіт рөлінде) (реж:А.Сатаев)
Отбасы
Әкесі: театр режиссері, ҚР халық артисі, профессор Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов
жары: актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Данагүл Темірсұлтанова
1 ұл, 2 қызы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?