Асхат Маемиров Мақсымұлы (1974 жылы 12 наурыз)

 Асхат Маемиров Мақсымұлы (1974 жылы 12 наурыз)

Асхат Мақсымұлы Маемиров (1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры (2018 жылдан). Философия ғылымдарының докторы (PhD 2016).
Асхат Мақсымұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Абай ауылы, Сарой ауылдық кеңесінде дүниеге келген.
1991 - 1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты)ның филология факультетін бітірген.
1995 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «драма режиссері» мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтың классын бітірген.
2008 жылы Қазақстан Республикасының президенітінің "Болашақ" халықаралық степендиясының иегері. Сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. (Франция, Париж);
2008 жылы Париж Ұлттық өнер консерваториясының "драмалық өнер" мамандығы бойынша тағлымдамадан өткен (Франция, Париж);
2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алды.
Еңбек жолы
1997 жылы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актерлік бөліміне қабылданады.
Осы театр сахнасында Мұхтар Әуезов, Жұбан Молдағалиев, Хамза Есенжанов, Мәншүк Мәметова, Ғарифолла Құрманғалиев және Сал-Мұхит сынды біртуар тұлғалардың мерейтойлық қойылымдардың авторы, әрі қоюшы-режиссері болды.
Облыстық халық шығармашылығы орталығында бас режиссері.
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының сахнасында қойған, драматург М.Ахметжанның «Қараторғай» мұңлы драмасы бүгінгі күнге дейін табыспен жүріп жатыр.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқыушысы.
Құрманғазы атындағы Орал музыкалық колледжінің "актер шеберлігі" бөлімінің меңгерушісі.
«Қазақстанның рухани даму қоры» АҚ вице-президенті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы "Қазақ әуендері" АҚ президенті.
2014 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "актер шеберлігі" кафедрасының доценті.
2016 жылы 22 қазанда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында "Ақтастағы Ахико" атты тарихи драмасы режиссер Асхат Маемировтың жетекшілігімен сахналанды. Карлаг қасіретін қазақ сахнасында алғаш рет бейнеленген қойылым Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
2017 жылдың 12 мамырындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Қазақконцерт өнер бірлестігінің бас директоры.
2018 жылдың 12 ақпанындағы ҚР мәдениет және спорт министрлігінің бұрығымен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры лауазымында.
Марапаттары
1998 жылы Астана қаласында өткен Оралхан Бөкей атындағы І-ші Республикалық көркемсөз шеберлері байқауының жеңімпазы.
1999 жылы Астана өткен шығармашыл жастардың ІІ-ші халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.
1999 жылы Кеңес Одағының және Қазақ КСРнің Халық артисі Қалыбек Қуанышбаевтың атындағы арнайы сыйлығының иегері.
2015 жылы "Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл" мерекелік медалі.
2015 жылы Елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен Өнертану мамандығы бойынша Философия ғылымдарының PhD докторы құрметті ғылыми дәрежесі берілді.
2016 жылы Еуразия ұлттық университетіне 20 жыл медалімен марапатталған.
Отбасы
Үйленген. Екі баласы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?