Меңтай Өтепбергенов Смағұлұлы (7 тамыз 1946 жылы)

 Меңтай Өтепбергенов Смағұлұлы (7 тамыз 1946 жылы)

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов (7 тамыз 1946, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылы - 5 қаңтар 2016 жыл, Алматы) — киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1996).
Өмірбаяны
Мәскеу цирк училищесінің Алматыдағы филиалылының клоунада және пантомима бөлімін (1968)
Бүкілодақтық кинематография институттын бітірген (1974).
1969 -70 ж. Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетті.
1974 жылдан" Қазақфильм" киностудиясының актері.
Шығармашылығы
Ол 40-тан астам киноға түскен. "Біз - ересектер" (1980), "Жаушы" (1980), "Ақ шаман" (1983), "Жеңімпаз" (1984), "Интердевочка" (1991), "Шанхай" (1996), т.б. фильмдерінде ойнаған.
Сондай-ақ, О. "Маркалардағы әлем киносының тарихы" атты кітаптың авторы. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Канн қаласындағы 51-ші Халықар. кино-фестивалінде өтті.
ҚР Кинематографистері одағының хатшысы (1999-2001).
Марапаттары
«Құрмет» орденімен
«Қажырлы еңбегі үшін.
В.И. Лениннің туғанына 100 жыл мерейтойы құрметіне» (1970) медалімен марапатталған.
ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1996).
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
Құлагер-2009″ Ұлттық кинематография сыйлығының лауреаты.
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Таумурзина Айша (1949 жылы туған), Қазақ радиосының режиссері. Ұлдары - Өтепбергенов Серік (1974 жылы туған), кинорежиссер; Өтепбергенов Берік (1982 жылы туған), клиптер мен жарнама роликтерінің режиссері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?