Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

 Шынар Асқарова Мұқанқызы (1972 жылы 12 қазан)

Шынар Мұқанқызы Асқарова (1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1994). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2008). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).
Шынар Мұқанқызы 1972 жылы 12 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Ақсауыт ауданында дүниеге келген.
1989 - 1993 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрынің актерлік құрамында.
Қазақстанның бірнеше қалаларына гастрольдік сапарлармен барған.
Отандық телесериалдар мен көркем фильидерге түскен танымал актриса.
Бірнеше телебағдарламалардың тележүргізушісі.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: К.Гоццидің «Турандот ханшайымында» Адельма, М.Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз, «Қилы заманында» Бәкей, «Абайында» Ажар, Әйгерім, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Зағыш, Гогольдің «Парасында» Мария Антоновна, Мольердің «Ақымақ болған басым-ай» комедиясында Клодина, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағила, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Үрия, «Жетінші палатасында» Любава, И.Ғайыптың «Шыңғысханында» әйелі, Б.Римованың «Абай десемінде» Тоғжан, Покровскийдің «Жуастан-жуанында» Сәния, І.Есенберлиннің «Ғашықтарында» Ұлбосын, Б.Майлин мен Қ.Ысқақтың «Сабатаж-ж» комедиясында Ләйлә, Ә.Ақпанбеттің «Дүние-думан» комедиясында Айман, Шахимарденнің «Томирисінде» Амага, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Күнікей, Ж.Аймауытовтың «Ғашықтық дертінде» Күнікей, Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» жеңге, Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай…» драмасында келін, М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясында Елена Владимировна, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» әйел, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Нұрилә, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Бәти, Қ.Ысқақ пен Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Қалиса, Т.Жүженоғлының «Көшкінінде» Кіндік шеше, Ү.Гаджыбековтің «Аршын мал аланында» Телли, Ә.Рахимовтың «Қылмыскерге куәлігінде» Жібекше, Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Қалампыр, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?…» қойылымында үлкен кемпір, Р.Отарбаевтың «Бейбарыс сұлтанында» Ана және т.б көптеген рөлдерде ойнайды.
Марапаттары
1994 жылы Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.
1995 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің мәдениет саласындағы степендиясының иегері.
2002 жылы Республикалық театр фестивалі (Петропавловск) Бас жүлде иегері.
2008 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Мәдениет қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Театр Қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығының иегері.
2010 жылы ҚР Тұңғыш президенті - елбасы қоры сыйлығының иегері.
2016 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалінің иегері.
2017 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Астана 13 желтоқсан 2017).


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?