Тынышбай Рақым (1946 - 1999)

 Тынышбай Рақым (1946 - 1999)

Тынышбай Рахимов (12 қыркүйек 1946, Өзбекстан, Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданы бұрынғы Свердлов атындағы ұжымшар – 3 тамыз 1999, Алматы) – ақын, сазгер.

Өмірбаяны
Сарысу ауданы Байқадам (қазіргі Саудакент) ауылындағы ауыл шаруашылығы механикаландыру училищесін (1961), Жамбыл (Тараз) қаласындағы мәдени-ағарту училищесін (1966), Киров атындағы ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) (1979) бітірген. 1966 – 71 жылы Жаңатас қаласында М.Әуезов атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі, 1971 – 72 жылы Жамбыл ауданы «Шұғыла» газетінде жауапты хатшы, 1972 – 74 жылы Жамбыл облысы «Еңбек туы» газетінде (қазіргі «Ақ жол») әдеби қызметкер болды. 1975 – 82 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1983 – 87 жылы «Жазушы» баспасының көркем сын, қазақ поэзиясы редакцияларында аға редактор, 1989 жылы Қазақстан жазушылар одағы жанынан ашылған көркем аударма алқасында редактор, 1990 жылы «Жалын» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1990 – 94 жылы Республикалық Қазақ теледидарының музыка бөлімінде редактор, бас редактор қызметін атқарды.

Шығармалары
Халыққа танымал «Кеш жарық» хабарының авторы, әрі жүргізушісі болды. Рахимовтың «Жаңатас көктемі» атты алғашқы әні 1965 жылы «Лениншіл жас» газетінде (қазіргі «Жас Алаш») жарық көрді. Елге кең таралған «Алтайдың аржағынан келген ару» әні 1993 – 94 жылы «жылдың үздік әні» аталды. «Бозорамал», «Күт мені», «Қымбаттым», «Алтайдан сәлем», «Мөлдірім» деген әндері көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған. Рахимов тәжік әдебиетінің классигі Әбілқасым Лахути, орыс ақындары Л.Васильев, С.Куняев, т.б. өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған. Рахимов бірнеше лирикалық жыр кітаптардың авторы. Оның топтама жырлары орыс, украин, белорус, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Рахимов Қазақ ССР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті, Қазақстан жазушылар одағы және «Жалын» баспасы бірлесіп өткізген дәстүрлі әдеби жабық конкурстарының екі дүркін жүлдегері (1976, 1978). «Бесігіміз – бейбіт күн» атты кітабы үшін Қазақстан жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты (1985) атанды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?