Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл)
Дастан Дәрібайұлы Оразбеков (5 ақпан 1982 жыл, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында туған) — «Орда» тобының белді әншісі, биші, актёр.
Өмірбаяны
Кішкентай кезінен өнерге жақын болған. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, ән айтып, би билеп, сахнаға шыққан.
Әкеcінің есімі – Дәрібай, 2009 ж. өмірден өткен. Анасының аты – Мереке. Ата-анасы сахнаға шығып ән айтпаса да, өз достарының, туған-туыстарының ортасында өте өнерлі жандар болған.
Отбасында төрт ағайынды. Үйінің үлкені – «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін Дастан. Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасы бар. 1997 жылы отбасымен Алматы қаласына көшіп келген. Жұбайының есімі - Жанат, Алдияр атты бір ұлы бар.
Шығармашылығы
Арнайы музыкалық білімі болмағанмен, вокалдан, биден кәсіби мамандардан дәріс алған. Мектеп кезінде Аманжол деген ұстаздан, Алматыға келген соң Көпжасар, Бағым, Фарида, Диана деген кісілерден сабақ алған.Осылайша өзінің музыкалық білімін жетілдірген Дастан ағасы Рүстеммен бірге талантты Беделхандармен танысып, 2000 ж. атақты "Бауыржан-шоу" театрында жұмыс жасай бастайды. Театр құрамында жүріп «Орда» тобына айналған өнерлі жастар, музыкалық және би қойылымдарымен қатар, көріністердегі эпизодтық рөлдерді де алып жүрді. Ол кезде Дастан негізінен халық әндерін орындаған болатын. Кейін өз өнерлерін шыңдаған жігіттер жеке топ болып бөлініп шықты. Содан бері Дастан «Орда» тобының белді мүшесі ретінде ән айтып келеді.
2007ж. Жанат есімді аруға үйленіп, отбасын құрды.
2009 ж. "Orda brothers" продюсерлік орталығының атынан жеке әнші ретінде Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас»[1] әнін орындап шықты. Сонымен қатар, "Тұмарым" атты жеке әнін халыққа ұсынды. Дастан жеке әнші ретінде қатты таныла қоймаса да, өз тыңдарманын тауып үлгерді. Жуырда тағы да бір әсем әні "Миллион жүрек" жарыққа шығады.
Сондай-ақ, Дастан "Орда" тобымен орындалған бірнеше әндердің әуенін жазып, өзін сазгерлік қырынан да көрсетті. Олар "За тобой", "Не покидай" және "С тобой" әндері. "Не покидай" әні 2007ж. Мәскеудегі “Еуропа плюс” радиостанциясы жүргізген хит-парадтың жеңімпазы атанады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?