Абыл Тілеуұлы (1777 — 1864)
Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.
Өмірбаяны
Абыл Тілеуұлы - 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.
Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.
Шығармасы
Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.
Абылдың көп өлеңдері ұмытылған. Бізге жеткені оның өмірінің соңғы кезеңіндегі шығарған арнау ретіндегі толғаулар мен бірлі-жарым нақыл сөз, термелері ғана. Осы бар азды-көпті шығармаларына қарағанда, Абыл өз заманындағы әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан талант иесі екенін байқаймыз.
Абылды өзінен кейінгі көп ақындар жақсы білген, өздеріне ұстаз тұтқан. Мұрат, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Сәттіғұл сияқты бір топ ақындар легі Абылдың талантына бас иген. Ақын жырлары Қарақалпақстан, Түрікменстан, Иран, Ауғанстан, Түркия елдеріндегі қазақтар арасында да кеңінен мәлім болған. Маңғыстауда өмір сүрген түрікмен шайыры Хатаммен және Есет, Махамбет, Шернияз, Есенбақ сияқты айтулы қазақ ақын-жыраулармен достық қарым-қатынаста болып, ниеттес жүрген. Оның өлеңдері негізінен ауызша таралған. Алғаш баспа бетін көрген толғау - 1924 жылы басылып шыққан «Арғымақ атта сын болмас» атты өлеңі.
Шығармаларының негізгі арқауы—адамгершілік пен елдік, ерлікті дәріптеу (“Сексеннің біз де келдік жетеуіне”, “Отырған қарсы алдымда Қанымайым”, “Қар жауар күн-түн оның қабағынан”). Абыл Хиуа ханы Аллақұл өктемдігіне қарсы бұқара ызасын бейнелеп, ел қорғаған ерлерді жыр еткен (“Сүйінқараны жоқтау”, “Құлбарақ батырға”). “Арғымақ атта сын болмас”, “Естірту”, “Кәрілік” т. б. терме, толғаулары - өмір сырын бейнелейтін көркем ақыл, нақыл, насихатқа құрылған өнегелі, өсиет сөздер. «Сексеннің бізде келдік жетеуіне», «Отырған қарсы алдымда Қанымайым», «Қар жауар күн-түн оның қабағынан» атты шығармаларында хан-сұлтандардың теріс қылығын әшкерелеу, ел қамын жеу, ізгілік, адамгершілік мәселелері сөз болады.
Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпалды сұлтандармен кездесіп, бетпе-бет айтқан батыл сөздеріне қарағанда, ол шындықты айтудан тайынбаған, хан алдында қасқайып тұрып, оның мінін көрсетуге батылы жеткен ақын.
Абыл Тілеуұлы - айтыстың да шебері. Бізге «Балдай қызбен айтысы», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Нұрымды сынауы», «Шерниязбен кездесуі» деген айтыстары жетіп отыр.
Абыл - шешендікте алдына жан салмаған, тәжірбиесі мол, көп жасап, сан-саналы өлең шығарып өткен саңлақ ақындардың бірі. Ол - өз дәуірінің елеулі мәселелеріне үн қосып, Сыпыра жырау негізін салған “Қырымның қырық батыры” сияқты батырлық дастандарды дамыта жырлаған.
Дереккөздер
«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;
Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998;
«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;
«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006;
«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006;
«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?