Дана Нұржігіт (1972)
Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.
Дана отбасының үлкені, оның екі бауыры бар. Оның інісі Рүстем Нұржігіт те әнші ретінде Қазақстанға танымал азаматтардың бірі. Тележүргізушінің ата-анасы Дананың сахнада жүргенін қалаған және өнерге бейім етіп тәрбиелеген. Ол анасының қалауымен Алматыдағы А.Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқыған. Танымал тележүргізуші музыка мектебінда білім алғанын мақтаныш санап, өнердегі ұстаханасы ретінде айтып жүр.
«Сол мектептен өнерді ғана емес, адамды тануды да үйрендім» дейді ол.
Бала кезінен əдебиетке жақын өскен ол музыка мамандығын бітіріп, сол салада ұстаздыққызмет етіп те көрген. Ол бүгінеде жиырма жылдан астам қызмет еткен телевидение саласына 1997 жылы келгендігі айтылады.
Қазақ телевидениесі саласында ойып орын алатын Дана Нұржігіт бірнеше интелектуалдық бағдарламаның авторы. Ол тележүргізушілік қызметін 24 жасында «Хабар» арнасында бастады. Сол жерде 17 жыл бойы еңбек етті. «Хабар» телеарнасында 41 жасына дейін қызмет жасаған Дана Нұржігіт 2013 жылдан бастап, флирансер болып қызметін жалғастырған. Қазір Дананың «Дара жол» бағдарламасы ел ауызында.
Дана отбасылық өмірі туралы да жасырған емес. Ол жеке өміріндегі қиындықтар мен қуаныштары БАҚ беттеріндегі сұқбаттарында айтып жүр.
Тележүргізушінің бірінші жолдасы Еуразия Медиафорумының экс-бас продюсері Рерих Владимир Ахмадьянұлы. Релихтың Данаға дейінгі алғашқы некесінен бір қызы бар. Дана Релихқа Әлім есімді ұл туып берді. Алғашқы некесі ұзаққа созылмаған тележүргізуші жалғызбасты ананың да қиындықтарын көрді.
Бала тәрбиесінің демалысынан шыққан Дана жаңа өмірді таңдады. Ол өзгерісті Алматы қаласынан Астанаға көшуден бастады. Ол бұл қадамын «Тұрмысқа шығу үшін емес, аяқтан тұру үшін бастадым» деп айтып жүр. Бірақ, 45 жасқа шыққан тележүргізушінің өміріндегі өзгерістер сол Астана қаласына көшуден басталды. Өзімен жерлес азаматпен көңіл қосты. Баласы мектепке барды. Қызмет жолын «Қазақстан» ұлттық арнасында жалғастырды.
Дана Нұржігіт 2017 жылдың жазында кәсіпкер азаматқа тұрмысқа шығып, тойларын дүркіретіп жасаған болатын. Оның екінші жолдасының Шымкент қаласынан екені айтылады.
Тележүргізуші «Дара жол» бағдарламасы арқылы әлі талай танымал тұлғалары таныстыратынын, аузы дуалы азаматтардың ойларын жеткізетінін айып жүр.
«Дара жол» әлі бәрін беріп болған жоқ. Ел ішінде тұншығып жатқан таланттар әлі де көп. Жасы келіп қалған зиялы қауымның айтарын көпшілікке жеткізуім керек. Оларды жазып, алтын қорға сақтап үлгеруім керек»,-дейді Дана өз миссиясы туралы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?