Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

 Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.
Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды.
1913 жылы "Қазақ" газетінде алғашқы мақаласы басылады. Алғаш Абайға еліктеп қолына қалам алады.Семинарияны бітірген соң Оқу комиссариатының мүшесі, "Қазақ тілі", "Ақ жол" газеттерінде әдеби қызметкер, Шымкент педагогика техникумында директор болып істейді.
1929 жылы репрессияның алғашқы зобалаңына ілігіп, 1931 жылы атылады.
Ол аз ғана шығармашылық ғұмырында педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдеби сын саласына араласты, "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай саналуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде артында қалған мол мұрасы.
Қазақ әдебиетінде реалистік роман принциптерін, таза көркем проза тәсілдерін алғаш меңгерген жазушы - Жүсіпбек Аймауытов.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?