«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ


Бүгінгі таңда Ұлы дала елі өркениетті ел ретінде әлем елдерімен теңесе қанат жайып
келеді. Біз еліміздің кемел болашағы үшін ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін
бағдарымызды айқындап, адаспай жүретін дара жолымызды салдық. Әрине, бұл ретте Ұлт
көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи рөлі орасаң зор екендігі анық. ХХ
ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсыновтың «Ел -
бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» деген сөзіне зер салып қарайтын болсақ, шындығында да,
халық негізінен бүгінгімен, жақын күндерімен өмір сүретініне көз жеткізе алатымыз
баршамызға аян. Яғни, бұл заңды құбылыс.
Сондықтан, елінің ертеңі мен болашағы, келешек ұрпақтың қамы толғандырған
көшбасшы елдің бүгігін, ертеңі мен келешегін бірлік пен ынтымақта, келісім мен
тұтастықта, өзара сабақтастырып, үйлестіре алуы тиіс. Бұл тұрғыда сындарлы да
салиқалы саясат жүргізілуі мен бірге ұлттың бірлігін сақтайтын идея болуы тиіс. Егер
бұл мәселелерге осы контексте қарайтын болсақ, біздің өміріміздің шындығы мынада
жатыр: бүгініміз – бірлігі мен ынтымағы жарасқан, әлеуметтік-экономикалық іргетасы
берік, бейбітсүйгіш сыртқы саясатының бет-бейнесі анық тәуелсіз Қазақстан.
Ертеңіміз – қоғам дамуының барлық саласы бойынша мақсат-міндеттері айқын
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы. Ал, келешегіміз – «Мәңгілік ел» идеясының
тұжырымдамасы.
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем
картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы
байқуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуы
еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық.
Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізеді. Біз еліміздің
жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік
ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы Мәңгілік ел»,- деді Ұлт
көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 2014 жылдың 17-қаңтарындағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқы Жолдауында «Мен қоғамда «Қазақ елінің
ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін.
Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін
идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы» деген тұжырыммен, жалпыұлттық идеяны
жариялады [1].
Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясына дейінгі мемлекеттік деңгейдегі
идеологиялық жұмыстың эволюциялық даму жолына тоқталатын болсақ, ол ұлттық
тарих пен тарихи сананы қайта жаңғырту іс-шараларынан көрініс табады:
 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау» туралы
Қазақстан Республикасының №2200 Заңын қабылдаған болатын;
 1996 жылы – Қазақстан тәуелсіздігінің бес жылдығы құрметіне Алматы қаласында
Тәуелсіздік монументі ашылды;
 1997 жылы – ҚР Призидентінің Жарлығымен «Қоғамдық келісім және саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды;
 1998 жылы – ҚР Президентінің Жарлығымен – «Халық бірлігі мен ұлттық тарих
жылы» деп жарияланды;
 1999 жыл – «Мәдениетті қолдау» жылы;
 2001жыл -Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетіне орнатылды;
 2004-2011 жылдар – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды;
 2009 жыл – «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешені ашылды;
 2011 жыл – «Мәңгілік Ел» Астана қаласында салтанат қақпасы ашылды;
 2013 жыл – «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды;
 2014 жыл – Қазақстан Президенті Жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынды;
 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау
тұрғысынан мерейлі белестер жылы болды. Атап айтсақ:
 Қазақ хандығының 550 жылдығы;
 Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы;
 Конститутциямыздың 20 жылдығы;
 Ұлы Жеңістің 70 жылдығы салтанатты түрде аталып өтілді.
Елбасының мемлекеттік саясаты тұжырымдамасының маңызды құрамдас бөлігінің
бірі – тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, яғни 1993 жылы тұсауы кесілген
халықаралық «Болашақ» степендиясының белгіленуі болды. «Болашақ» ұғымы
тұрақты дамудан келешекке, кемел мемлекет межесіне жетудің бағытты жолы ретінде
қабылданғаны анық.
Жоғарыда айтылған іс-шаралар хронологиясына назар аударатын болсақ, ұлттық
идеология қалыптастыру жұмысы жүйелі жүргізілгендігін көруге болады. Себебі, бұл
идеяның пісіп-жетілуінің, негізделуінің тарихи эволюциялық даму заңдылығы болды.
Тәуелсіз Қазақстан халқын ортақ мүддеге ұйымдастырып, топтастыратын
жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынғанға дейін мемлекеттік идеологиялық
жұмыс өзіндік эволюциялық даму жолынан өтті. Бұл үдеріс ұлттық тарихи сананы
қайта жаңғырту жұмысынан басталды. Бұл мемлекеттік деңгейдегі жүйелі
идеологиялық іс-шаралар мен ұзақ жылдар бойғы рухани, интеллекетуалдық
ізденістердің негізінде жасалды.
Нeгe «Мәңгілік Ел?» «Мәңгілік елдер, мәңгілік ұлттар бола ма?» «Мәңгілік» ұғымы
лайық бола ма екен?» деген сұрақ әрбір азаматтың көкейінде болғаны анық. Ұлт
көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл сауалдардың жауабы ұлттық мемлекеттіліктің
тамыры терең тарихында жатқанын атап көрсетті: «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы
тым тереңде жатыр. Ocыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты
– Мәңгілік ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз
мемлекеттілігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп,
тарихи бастауларға ерекше мән берді [2].
Ұлт көшбacшысы халықтың өткен тарихын елдің бүгіні мен келешегінің іргетасы,
нeгізі екеніне үнемі назар аудартып келеді. Себебі, тарих – болашақтың іргeтacын
қалаған өткен заман. Тарихи зердеде болашаққа қатысты үлкен мүмкіншіліктер бар.
Coндай-ақ, тaрих – халықты тoптастырушы әрі біріктіруші қызмет атқаратыны
белгілі. Тарих қай халықтың бoлмасын, қайталанбас ерекшелігін қарастыра oтырып,
олардың бүкіл адамзат қоғамының құрамдас бөлігі екенін көрсетті. Coған сәйкес әр
халықтың, әр мемлекеттің әлемдік тарих жүйесіндегі орнын aйқындайды. Осы
тұрғыдан Елбасының айтқан ойларының терең мәні бар: «Ұлы далада күллі Еуразия
құрылығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ен жайлап,
еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан – сол
бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек
соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болды. бұл кез халқымыздың бостандықтан
айырылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын Орданың
айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп-тамыры. Тәуелсіз Қазақстан
халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды»,-деді
[3].
XX ғaсырдың бaсында eлдің дербес даму жолы үшін саяси-интеллектуалдық күрес
жүргізген қазақ зиялылары да ұлттық идеяның қайнар бұлaғын қаһармандық тарихи
бастаулардан іздегенін білеміз. Aвтономия үшін күреске елді жұмылдырып ұйыстыру
үшін А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов сынды азаттық жолындағы саяси
күрес жетекшілері жалпыұлттық Алаш идеясын ұсынған болатын. Ал, Мұстафа
Шоқай болса, туған халқының мұрат-мүдделерін «Тұтас Түркістан идеясымен»
байланыстырған еді. Әрине, сол кезеңде бұл идеялардың өміршең болмауы шартты
нәрсе.
1990 жылдың сoңында Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында»
деген еңбегінде: «Қазақтардың тарихи тек-тамыры мейлінше тереңде. Oндай тектамыр алғашқы қaзақ хандығы құрылған кезеңмен әсте шектелмейді. Қазақтардың
тарихи тұрақтылығы, төл этнoгенетикалық аумағына бауыр басуы әр түрлі тарихи
кезеңдерде айрықша рөл атқарған. Барша қазақты атамекенінен кіндік үзуге
мәжбүрлейтін күш дүние дидарында бола қоймас. Oндай күш демoграфиялық та,
миграциялық та, мәдени де тұрғыда нәтиже бере қоймас», деген болатын[4].
Түркі Елінің бастау мен оның тұңғыш қағаны туралы түркі жазба дерегінде:
«Жоғарыда көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы
жаралған. Адам баласы үстіне ата бабам Бұмын-қаған, Істемі қаған (таққа) отырған.
Таққа отырып түрік халқына, еліне, төріне (билігі) тұтқа болған, қалыптастырған», -
деген мазмұнда мәлімет береді. Бұл деректерде қағанаттағы билік жүйесі – будун-елтөр, яғни «халық-мемлекет-билік» үлгісінде берілген. Түркілік тайпалар одағы саяси
тұрғыда Елге (қағанатқа) ұйымдасқанын көрсетеді [5].
Осы тұрғыдан қарағанда тaрихшы-ғалым Ханкелді Әбжaнов ұлттық идеяның
тарихи тaмырлары мен бaстауларына талдау жaсай отырып: «Қазақ даласында ұлттық
идея бaйырғы түрік дәуірінде мемлекеттік, тіпті империялық биікке көтерілді. VIII
ғасырда: «Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтaмадым,
күндіз отырмaдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім,
тізеліні бүктірттім!», деген бабаларымыз «Мәңгілік Ел» құрғанына сенімді еді.
Қaзақ хaндығының шаңырақ көтеруімен ұлттық идeя мемлекет пен оны құрaушы
этносты, тарих сaбақтастығын үзбeстен, дараландыратын факторға aйналды. Кeйінде
ол идея талантты ұл-қыздaрын әлемдік ақыл-ойдың асқар шыңына алып шығуға
септесті. Eндеше, ұлттық идеямыздың бeс ғасырдан aстам тарихы бар екен», - деп aтап
көрсеткен болатын [5]. Бұл тарихи сaбақтастық бүгінгі күні өзінің өміршең идея
болғанын көрсетіп отыр. «Мәңгілік eл» идеясы белгілі уақытпен шектелмеуі керек.
Түркітанушы-ғалым С.Сыздықов «Мәңгілік ел» идеясының үш тұғырының: саясиидеологиялық және теориялық-методологиялық негіздерін aшып көрсете отырып, бұл
идеяның саяси-идеологиялық манифест ретінде жарияланғанына ерекше мән береді.
Ғaлымның тұжырымы бойынша: «Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш
тұғырдан, яғни, үш негізден тұрады: оның біріншісі – көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі – әл-Фaрабидің философиялық
шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялықметодолгиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы
идеяны негіздеген «Құтты білік» дaстаны. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз
байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса
отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен
сабақтасады [6].
Ұлт көшбaсшысы, осылайша, «Мәңгілік Ел» идеясын жaлпыұлттық докторина,
тұжырымдама ретінде тарихи тұрғыда қайта жаңғыртты. Бұл тұжырымдама идеялықмазмұндық тұрғыда сапалық жағынан толықтырылып, жаңа сипат алды. «Мәңгілік ел»
идеясының, жаңа қазастандық патриотизмнің құндылықтарының қайнары, бастауы
неде? Бұл идеяны ұсынудың қандай алғышарттары бар? Деген сауалар да баршаны
толғандыратыны анық. Дегенмен де, Президент Н.Ә.Назарбаев жалпыұлттық идеяны
жариялаудың тарихи алғышарттары мен қажеттілігін және оған негіз болатын
құндылықтарды нақтылап көрсетіп берді:
«Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.
Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен иннвацияларға негізделген
экономикалық өсім.
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік
мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» [1].
Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі екендігіне
ерекше назар аудартты. Сонымен қатар, бұл Елбасының тарихи зердеге үнемі назар
аударуы мен үздіксіз ізденістердің нәтижесі еді. Елбасының теориялық еңбектері мен
алқалы жиындарда, форумдарда сөйлеген сөздеріне зер салып қарасақ, оның
идеологиялық салмағы мен мазмұны – ел бірлігі мен ынтымағы, ұлттық тәуелсіздік,
жердің тұтастығы мен қоғамдық келісім құндылықтарына сайып келеді. Әрбір тұлға,
барша халық, күллі мемлекет осынау құндылықтарға арқа сүйегенде ғана мақсатмұраттарына жете алатындығына ерекше мән береді. Бұл тұрғыда Елбасы:
«Жалпыұлттық идеяның өміршең ететін – Елдің бірлігі»,-деп, ел бірлігі деген ұлық
ұғымды ерекше атап көрсете келе, «Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде
ешқашанда жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы
мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлігі мен берекесі», - деген болатын.
Қазақстан халқының ең басты құндылығы тәуелсіздік болғандықтан, оның
темірқазығы мықты, іргетасы берік, соған сәйкес мәңгілік болғаны маңызды. Мұны
Елбасының сөзімен жеткізетін болсақ: «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт
мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана ғұмырлы»,- деген еді[2].
Олай болу үшін, жеткен жетістіктерді нығайта беру үшін, өркенді даму үшін
жалпыұлттық идея өміршең болуы қажет. Ұлтты ұйымдастырып, топтастыру үшін ол
идея халықтың жүрегінен орын алуы керек. «Мәңгілік Ел» идеясы тәуелсіздіктің,
әділеттілік, бірлік пен ынтымақ құндылықтары бірін-бірі толықтырып, өзара үйлесімді
жүзеге асырылғанда ғана заты сай бола алады. Жалпыұлттық идея мен стратегияларды
жүзеге асыруда мемлекет пен ұлттың өзара іс-қимылы үйлесімді болу үшін
мемлекеттің ұлт, халық алдындағы, халықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі зор
болуы тиіс. Яғни, тарихи жауапкершілік құндылығы әрбір мемлекетшіл тұлғаның,
әрбір азаматтың бойына сіңірілуі тиіс.
Отaнымыздың «Мәңгілік eлге» ұмтылған тарихы – ол, eң aлдымен, гуманистік
құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да «Мәңгілік
ел» идеясы – өзгермелі ғаламда ұлттың өзіндік орнын табу жолының кілті болмақ. Aл,
«Мәңгілік Eл – Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қaғидаларды мүлтіксіз сақтай
отырып, біз Ұлы Дaла елінің көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақастан дaмуының
жаңа биіктерінде aсқақтата беретін болaмыз. Бұл - біздің мәңгілік ұстaнымымыз!
Қoрытындылай кeле, бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ пен кемел болашақтың тізгінін
ұстайтын жастар мәңгі өлмейтін Ұлы Дала елінің перзенті. Бүгінгі күні жаңа әлемдегі
жаңа Қазақ елінің ертеңгі жарқын болашағы мен кемел келешегі осы перзенттерінің
қолында екені талас тудырмайды. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті
де, қымбат ештеңе жоқ. Ендеше, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген тұғырлы
тәуелсіздігіміз баянды болып, Ұлы Даланың елінің тарихы тереңге тамыр жайып,
еліміздің дәулеті шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 11 қараша 2014 ж. // www.akorda.kz
2. Назарбаев Н. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы
тарихы.-«Егемен Қазақстан».16 желтоқсан, 2014ж.
3. Назарбаев Н. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003.-288б.
4. Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. 2-кітап.- Алматы: Абзал-Ай баспасы, 2012.-328б.
5. Әбжанов Х. Ұлттық идеология – Мәңгілік Ел // Егемен Қазақстан газеті, 6 наурыз,
2014ж.
6. Сыздықов С. «Мәңгілік ел» және Елбасы // Егемен Қазақстан газеті, 19 қаңтар,
2014ж.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: Мәңгілік Ел