Мұқағали Мақатаев


Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев– қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Осы 2021 жылы ақын 90жылға толды.Осыған орай ҚазҰУ студенттері оқитын 100 кітап аясында Мұқағали Мақатаевқа арнап онлайн іс-шара ұйымдастырылды.Бұл іс-шара онлайн форматта Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының 3 курс студенттері өткізді.Студенттер арнайы презентация жасап,Мұқағали Мақатаевтің өмірбаяны туралы деректер айтып,өлең шумақтарымен көрермендердің жүрегін елжіретті.Сол іс-шарадан кішкене үзінді айтсақ, Мұқағали Мақатаев 1931жылы 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Албан тайпасы Алжан руынан шыққан. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». Әкесі Сүлеймен қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. 1940 жылы ол колхоздың төрағасы болып сайланды. 1941 жылы ол майданға аттанып, сол жерде батыр ретінде қайтыс болды. Анасы аты Нағиман деп аталды. Анасы әрдайым Мұқағалидің тұңғышына шексіз нәзіктікпен қарады және ол үшін жарқын өмір туралы армандады. Мұқағали Мақатаев орта мектепті бітірген. Ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл киіз үйдің меңгерушісі, комсомол органдарының қызметкері, аудандық газеттің әдеби қызметкері болып жұмыс істеді. 1954-1962 жылдары Қазақ радиосында дикторы болды, мұғалім, 1962-1972 жылдары - «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің, «Мәдениет және тормыс», «Жұлдыз» журналдарының бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді, 1972-1973 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды. Іс-шарада студенттер Мұқағали атамыздың «Ғашықпын», «Үш бақытым», «Бүгін менің туған күнім» өлеңдерің мәнерлеп айтқанда,көңілді толқыттып, жүректі тебіренткізді десем қателеспеспін. Бұл іс-шара өте қызық және жоғарғы дәрежеде өтті.Студенттердің дайындықтары керемет болып бұл өте жақсы әсер қалдырды.


ҚазҰУ
Шығыстану факультеті
Қытайтану кафедрасының 3 курс
Шет.филология мамандығының
студенті Ракышова Дана
Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?