"Ою-өрнек арқылы ұлттық тәрбие берудің негіздері" атты баяндама
«Ұлттық тәрбие» деген термин кез – келген ұлтқа байланысты айтылатын ұғым. Өйткені, қандай ұлт болса да тәрбиесін өз тілінде ұлттық тәлім тәрбие тәжірибесіне байланысты жүргізеді. Сәндік қолданбалы өнері халқымызда ұлттық тәрбиемен тікелей байланысты. Көркем өнердің қазақ халқының ұлттық мәдениетінде алатын орны, маңызы ерекше. Тәуелсіздік алған қазақ халқының мерейі өсіп, мәртебесі биіктеп келеді. Мемлекетімізді өркениетті елге айналдыру үшін ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, көркейту қажет. Ұлттық мәдениеттің ауқымы кең. Ол — ең бастысы тілімізді, дінімізді, салт - дәстүрімізді, ұлттық өнерімізді дамыту.
Ежелден келе жатқан қасиетті дәстүр, тәлім - тәрбие. Ұлттық өнерге баулу — жас жеткіншектерді жан - жақты тәрбиелеудің негізгі құралы. Қазақстан Республикасы өркениетті елдің қатарына қосылу үшін оқушыларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ата - бабаларымыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық өнерінің түрлері көп. Оларға жаңаша талдау жасау қажет. Ұрпақ тәрбиелеуде қазіргі кезде ұлттық педагогиканы негізге алу басты міндет. Ұлттық педагогика - ол халықпен бірге дамып оқушыларға ұлттық тәрбие беруде қолданып келе жатқан, қайта жаңғырған тәрбие арқауы. Ұлттық тәрбиені оқушыларға бойына қалыптастыруда көркем - өнердің маңызы ерекше. Қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің туы желбіретіп, келер ұрпағымызға еліміздің еңсесін түсірмей, оны ары қарай өрлете түсу үшін қоғамға саналы, білімді, ұлттық намысы бойында тасып тұрған "қазағым, елім" дейтін азаматтарды тәрбиелеу қажет.
Оған атсалысу — аға буынның, ұстаздар мен тәрбиешілердің, отбасындағы ата - аналардың міндеті. Қолданбалы қолөнер түрлі ұлттың халықтары сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сәндік қолданбалы қолөнері тек ою - өрнек емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштық өлшемдерінің сабақтастығының қосындысы, жан - жақты тәрбие құралы. Халық қолөнерін игеру — оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп мәдени мұрасын қадірлеп дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Сәндік қолөнері - халықтың мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі."Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық" - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы. Қазақ қолөнері көркемдік мол - мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар? Оның бірі - ою - өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Ұлттық өнерді, оның ішінде сәндік – қолданбалы өнерді ойдағыдай меңгерген балада ұлттық талғамның қалыптасатыны сөзсіз. Адамның адам болып қалыптасуының құралы — еңбек дейміз.
Еңбек тәрбиесі — барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс - әрекетімен, күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді. Қазақ халқының еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән бергені: «Еңбек етсең емерсің», «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас», «Өнерліге өріс кең», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», тағы басқа мақал - мәтелдерінен - ақ көрініп түр.
Ою - өрнек қайдан шыққан? Ою - бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада жүріп жер - суының қадір қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Өнерді құрметтеген халық шеберлерді де ізгі ілтипатпен елдің құрметті адамдарының қатарына қосты. Әрине, халықтың қолөнерді қажет ететін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай, танылмай жатқан түрлері де баршылық.
Айталық, қазақ халқында өрмек тоқу, текемет басу, сырмақ сыру, тұскиіз жасау сияқты өнері кең тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көш деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек. Халқымыздың ұлттық ою – өрнегі – кең даланы мекендеген талай тайпалар өнерінің әсері мен замандар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою – өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық зооморфтық (жан – жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері) көгеріс өрнек пен қиял ғажайып ою – өрнектер (аспап, жер символы) ретінде көрінеді. Олар негізінен мал шаруашылық, аңшылық әдет – ғұрып, үй жабдықтары мен сән – салтанат бұйымдарын, батырлар қару жарағын әсемдеуге қолданылған. Ұнамды жасалып, биязды көркемденген өнердің көш мұраларына (алтын тәжілер, ағаштан, қыштан, теріден өңделіп жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т. б.) біздің заманымыздан бұрынғы VIII - ші ғасырларда ою – өрнек өнерінің ерекше дамығанын көрсетеді. V - VII ғасырларда зергерлік өнері мен кілем тоқу өнерінің жан – жақты дамуына байланысты ою – өрнек әсері де өркендей түскен. Ертеден келе жатқан ескерткіштерді: «Қошқар мүйіз», «Түйе табан», оюлары басым қолданылса, V - i ғасырдан бастап «Қырық мүйіз», «Шытырман», «Таңдай», «Құман бау», т. б. күрделі ою – өрнектермен толыққан. Ою – өрнектер заттардың көлемі мен формасына, ерекшелігін жұмсалатын мақсаттарына қарай ойластырып жасалады. Кілемдер алғаш ру үлгілеріне (керей үлгі), ою – өрнек түріне (тақыр кілем, түкті кілем, т. б.) қарай аталатын болған.
Қазақтың сән және қосалқы өнері туындылары орта ғасырларда (VII - XVII ғ.) көлемі жағынан тұрпатты, шеңбер мен ромб пішініне келтіріліп айқын ою – өрнектермен (ішінара құс пен маймыл) бейнелі көркемдеме XVIII - XIX ғасырларда ұлттық дәстүр жетекші орын ала бастады. Ертеде бір Әділ хан болыпты. Соның жалығы бойынша қол астындағы елдің ою, өрнек, кесте, батырма, тоқыма, оймыш, бәдіз, тігін, шекіме, құйма өнерлерін меңгергені сонша үйлерінің іші - сырты, киім - кешектері, жиһаздары мен бұйымдары, құрал - саймандары, қару - жарақтары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсемді де көрікті екен және олар бір - бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты.
Сол себептен бұл ел басқарушы Ою хан аталып кетеді. Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырға әдет, бұрынғы әдеп, ежелгі өнер бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Бірақ, ескі оюдың орнына жаңа ою таба алмапты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола беріпті. Бұрынғы өнерді жасаушы шеберлердің көбі азайып, азы жоғалуға айналыпты.
- Уа – хан – ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, - деп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны халық Жою хан деп атапты. Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан жағдайдың бәрін естіп - біліп жатады. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталасып ажырата үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, бір жардың басынан құлап, көлге батып кетеді. Бұл кезде Жою хан іздеу салып жатыр еді. - «Кімде кім баламның өлімінін естірер болса, соның басын аламын» - деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.
Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып жолға салады. Ою хан дәрі - дәрмегін, құрал - сайманын алып орманды аралап келе жатып, бір тастың астынан: – Жойылсын, Жою хан! – деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қалса, жанбасына оқ тиген сұртышқанды көреді. Ою хан дереу аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылай жолында кезіккен жаралы аң - құстың бәрін емдейді. Ең ақыры қанаты сынған үкіні дәрілеп: – Жою ханның баласын көрдің бе? – деп сұрайды. – Қаныпезер хан баласы жолында кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта айланып келіп, сойып алмақ болғанда мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жаралағанның бәрін Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр, - дейді үкі.
Болған жайдың шындығына көзі жеткен бетіне түсіреді де, әлгі сырмақты Жою ханға алып жүреді. Мұны көрген аш жалаңаш халық соңынан ереді. Хан сарайына келген соң Ою хан сырмақты Жою ханның алдына жайып тастайды. Сырмақтың оюы көз жауын алатын көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, ондағы оқиғаны іштей былайша тарқатады:
– “Балам биік - биік тауларды”...
асып, терең - терең сулардан өтіп қалың жыныс орманды аралап
күндіз де, түнде де талмай жүрген екен, Жүрген жолында ол ұшқа құстармен
беттесіпті, бұғымен кездесіпті, тау тағысы арқар да жолығыпты, алдынан қодас. шыққан көрінеді, жорғалаған тышқандар да қарсы келгенде ұқсайды, сорлы балам жолбарыспен де арпаласыпты, балыққа да ұшырасыпты, Айдын көлге де түсіпті, Қайран ұлым алып күштің иесі.
Екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің? Тірімісің? Өлімісің? Тоқта мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді – жаны рухқа, тәні әруаққа айланды деп тұр ма?... кенет Жою хан орнынан атып тұрып.
– О, жалған! Менің жалғыз ұлымның шынымен өлгеніме? Өлтірем! – деп қылышын суырып Ою ханға төнеді.
Сонда Ою хан:
– Дат тақсыр! Сенің “кімде - кім балаңның өлімін естіртсе, соның басын аламын” деген жарлығың бар емес пе еді, - дейді.
– Иә, бар! – дейді қаһарлы хан.
– Ендеше, балаңның өлгенін мен де мына халықта сенің өз аузыңнан естіп тұрмыз, “ханның екі айтқаны өлгені”, алынса сенің басың алынуы керек, - дейді Ою хан саспай.
Бүкіл халық оны қолпаштай жөнеледі. Сөйтіп Жою хан өз жарлығы өзінің басын алуға себепкер болыпты. Ою ханды ел - жұрты ақ киізге орап, хан көтеріп, ақ боз үйге көтеріп кіргізіп, отырғызып, ақ түйе сойып ұлан асыр той жасапты. Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнерін жандандыра бастапты. Халықтың да күнкөрісі жақсара бастайды. Залым Жою хан мен оның ұлы, өздерінің сондай қатыгездігінің, жауыздығының арқасында халықтың алдында өледі. Осы аңыздағы Ою ханның бойындағы адамгершілігі, күштілігі және ақыл - ой парасаттылығы қасиеттерінің қазіргі және келешек ұрпаққа берер тәлім - тәрбиесі мол.
Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?