Адамгершілік тәрбиесінің негіздері
Адамгершілік тәрбиесі жан-жақты тәрбиенің аса маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз – оқушыладрың бойыда мінез – құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір – біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.
Біздің еліміз егемендік алған тәуелсіз мемлекет жағдайыеда, жас ұрпақтардың саяси адамгершілік сондылығын тәрбиелеу қоғам дамуының ең бір басты айқындаушы міндеті болып табылады.
Осы міндетті жүзеге асыру жолдарын айқындау үшін мораль мәселесіне тоқтамай өту мүмкін емес. Жалпы алғанда, мораль дегеніміз – адамдардың бір – біріне және қоғамға деген міндеттері мен қатынастарын айқындайтын ортақ тұрмысы мен мінез – құлқының нормаларының мен ережелерінің жиынтығы. Моральдың бірнеше түрлері болады. Айталық, 1) ұжымдық мораль ол өзімшілдікпен, менмендікпен және пайдакүнемдікпен сыйыспайды; 2) гуманистік мораль: ол еңбек адамының мәртебесін көтереді, оған деген терең құрметтеу сезіміне толы оның абырой-атағына нұқсан келтіруге төзбестікпен қарайды. Ол адамдар арасындагы шынайы адамгершілік қатынастарды-жолдастық ынтымақтастық және өзара көмек қатынастарын, жеке адам өмірі мен қоғамдық өмірдегі ізгілікті, адалдықты, қарапайымдылық пен кіші пейілділікті орнықтырады; 3) белсенді, қаракетшіл мораль: ол адамды еңбектегі творчествалық жаңа жеңістерге, ұжымның және бүкіл елдің өміріне ынта-ықласпен араласуына, табанды күреске жетелейді. Бұл аңықтама да қазіргі дәуір адамына қажетті адамгершілік қасиеттер жинақталып көрсетілген.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: оқушыларға адамгершілік тәрбие беру –барлық мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көз қарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Қоғамда адамның жеке басына қойылатын жалпы адамзаттық талаптарға байланысты адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері мыналар:
1)адамгершілік сананы, тұрақты адамгершілік сенімді көзқарасты тәрбиелеу;
2)жас ұрпақтың Отанға, қоғамға, еңбекке,адамдарға,өз- өзіне деген қарым- қатынасына бағытталған адамгершілік сезімді тәрбиелеу, дамыту;
3)ізгілік, парасаттық қасиеттерді тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті - өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Әлеуметтік – психология ғылымдарының зерттеу қорытындылары бойынша жеке адамдардың бойындағы қасиеттерін төмендегідей баяндайды: барлық қасиеттердің құрлысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен
тұрады- сезім, сана, мінез – құлық дағдысы. Бірақ, тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне,қоршаған ортасына байланысты болады.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Сезім дегеніміз - әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Ал, жоғары сезімдер арасында адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Бұл мәселе туралы белгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский «Біздің өзімізді, біздің дүниеге қалыптасуымызды, біздің сезіміміз де, ойымыз да, тіпті қылығымыз да сезімдей анық және дұрыс білдіре алмайды, біздің сезімдеріміз де жеке ой ғана, жеке шешімдер ғана емес, адам жанының мазмұны, оның жүйесі түгелдей көрініп тұрады»,- деп дәл сипаттама берген.
Адамның адамгершілік санасының дәрежесі мен мінез-құлқымен іс әрекетін аңықтайды. Сананың қалыптасуы ұзақ та күрделі процесс, ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына жақын адамдардың өзара қатынастарынан басталады. Мектепке келгеннен бастап балаларға қойылатын талап та өседі. Бірінші сыныпшыларбасқалардың жағдайларымен санаса білулері керек екендігін үйренеді, сабақта, жұмыста бір- біріне кедергі болмаудың қажеттілігін түсінеді.
Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды.
Сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Ол өзінің сенімін қандай бір жағдай болмасыноны қорғауға және өзінің сенімімен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады, бұл үшін адамгершілік ереже, нормалар, мінез-құлық қасиеттері туралы арнайы болу керек.. Өйткені адамгершілік ағарту жұмысы адам баласының ең парасатты қасиеттері, адам өмірінің адамгершілікке негізделген сал-санасы туралы кең, жан-жақты түсінік береді.
Сенім әрбір іс әрекетке,мінез-құлыққа адамның бағыт-бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжірибеде сеніммен мінез-құлық, іс әрекет арасына алшақтық кездесіп отырады. Оқушы моральдық талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендігіне қарамастан мінез-құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер кездеседі. Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде моральдық ереже нормалары туралы білім түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сенімінің алатын орыны ерекше. Тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық ережелері жайлы түсіндіріп қоймай, балалар өз көз қарастарын тексеріп көре алатындай, өмір практикасында олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей жағдай жасау керек.
Тәрбиенің пәрменділігі мектептің балаға мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру туралы қаншалықты қамқорлық жасалуына байланысты. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ойластырған
баланың күнделікті өмірі әдетте қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып табылады. Педагог тарапынан мақсатқа сәйкес ұйымдастырылған мектеп өміріндегі көптеген пайдалы әдеттер тәрбиеленушілердің өздеріне байқаусыз қалыптасады.
Балаларға адамгершілік дағдыларын қалыптастыру ұзақ уқытқа созылатын процесс болумен қатар, күрделі де, көп қырлы үрдіс. Ол оқушылардың сана сезіміне ықпал етуді, оларды жақсы әдет пен мінез-құлықты, адамгершілік сезім мен қасиеттерді қалыптастыруды және олардың еркі мен тілегін бағыттай білуді т.б. талап етеді. Адамгершілік қасиеттері мен сапалары – оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: қазақстандық патриотизм мен интернационализмге тәрбиелейді. Ал, патриотизм –өзінің тәуелсіз Отанына сүйіспеншілік, халқын, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт дәстүрін сүю болып табылады. Егеменді еліміздің азаматы деп сезіну, өз елінің халқымен тұтастығын сезіне білу. Тәуелсіз еліміздің табыстары мен болашағына кәміл сене білу.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты- Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясы(негізгі Заң, тамыз, 1995ж) және еліміздің мемлекеттік нышандарын ән-ұранын, туын, бастауыш сыныптан бастап-мектеп бітіргенге дейін оқушыларға үйрету және орындату мәселелері.
Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конститутциясы мен мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға Заңды түрде баянды ету, өз елінің толық қанды азаматы екендігін, олардың алған құқықтық білімдерін қолдана тұрақты өмірлік принциппен идеялық-сенім бағытында тәрбиелеу – ұстаздардың басты міндеті.
Адамгершілік тәрбиесінің ең маңызды бөлімінің бірі-гуманистік тәрбие. Гуманизм дегеніміз-адамды сыйлау, оған қамқорлық жасау және оның күшіне сену рухында адамның басқалармен, қоғаммен қарым-қатынастағы мінезін реттеп отыру болады.
Адамды сүю, құрметтеу, тәрбиелеу сонау балалық шақтан басталады. Егер жасөспірім басқа адам мен қарым-қатынас жасаудан өзіне қуаныш табатын болса, оған шын пейіл білдірсе , егер оны басқа біреудің тағдыры қобалжытса, егер ол басқа біреуді қуанышқа бөлегеніне өзін бақытты сезінсе-ол Адам болады.
Сондай-ақ от басында гуманистік сезімді тәрбиелеудің орны ерекше. От басы – тату-тәтті адамгершілік қарым-қатынастарды, моральдық және инеллектуалдық мүдделердің байлығын жасайтын адамдарға, бүкіл ел мүддесіне парасаттылықты қалыптастыратын тәрбиенің бастауышы.
Демакратизм оқушылардың өзін-өзі басқару іс әрекетінде қалыптасады. Оқушыны ашық сөйлеуге, берілген тапсырманы тианақты орындауға, өзіне және басқаларға сын көзбен қарауға, ұжым алдында есеп бере білуге т.б. демократизм принциптерін үйретуге бағыттайды. Демакратизм оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуға негіз болады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?