Кембридж бағдарламасының тәжірибелік тізбектелген сабақтар топтамасына "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" модулі қалай және неге енгізілгені туралы

 Кембридж бағдарламасының тәжірибелік тізбектелген сабақтар топтамасына "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау" модулі қалай және неге енгізілгені  туралы

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша
түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті
немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ
баланың дамуы, оқуы және ынтаса туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік
және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Мұғалімге арналған
нұсқаулық,Александер, 2001)
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін
жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. 1960
жылдардан бастап формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы
айырмашылық белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде
бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты
мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану
болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.
Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін
анықтауға бағытталған бағалау формативтік немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.
«Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы
мұғалімдерді және әдістеме жасаушаларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап
жұмыс жүргізген Ұлыбритания акдемиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment
Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.
(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-бет)
Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін
оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына
баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға
болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің кластастарын және өздерін бағалауға
тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы
керек. Талпынғандар ғана блім ала алады. Оқушылар өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс
арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет.
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау
болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 58-бет)
Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу
үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық
болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының,
мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын шешімді
қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл
ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді
қолдану кезінде мүмкін болады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-бет)
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ
емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін –
өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып
табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер кластарда

Саримова Гита Жұмалықызы Мұғалім портфолиосы А есебі
№ 2 топ 3 - деңгей
Ақтөбе қаласы 25.11.2013ж
күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған
қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың
көмегімен жүргізілсе, басқалары кластағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді:
бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 57-бет)
Бағалаудың мақсаты неде? Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандай
мақсатта және кім үшін, қалай өткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделген. Бағалаудың
басты мақсаттарына өзімнің «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өткізген сабақтарымнан мысалдар
келтіре отырып тоқталып кетейін.
1.Оқытудың қиындықтарын анықтау. «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбындағы
бірінші сабағымда үй тапсырмасын бекіту кезінде тест жұмысын жүргіздім. Ол белсендітақтада
тест сұрақтары жазылып қойылды да, оқушылар дұрыс жауапты орындарында отырып көрсетілген
белгілер арқылы қол көтеріп жауап беру арқылы жүргізілді. Қате жауап берген оқушылар
жауаптарын өздері қайталап түзетіп отырды.
2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Мұндай кері байланыс «әсердің»
бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі
мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктермен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды
туралы хабарламалар беру болып табылады. Жетінші тезис: мұғалімдер оқушыларға
рефлексияны ынталандыру және өз илеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін
қорытындылып талдауға көмектесуге тиіс. Сегізінші тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері
байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек. (Мұғалімге арналған
нұсқаулық, 36-бет) Осы кері байланыс кезінде мен өз сабақтарымда әр түрлі әдістерді
пайдаландым. Айтар болсақ, «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбындағы сабағымда
«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс орнаттым. Мыс: Қызыл – түсінбеймін.
Сары – әлі де үйренсем.
Жасыл – бәрі түсінікті.
Осы кезде менің бір таңқалғаным барлық оқушылар жасыл түсті таңдады. Яғни, маған бәрі
түсінікті дегендері. Тек қана Жұмалы Венера деген оқушым Мен түсінбеймін деген бағдаршам
көзін таңдапты. Ал ол кластың озат оқушысы. Мен ол оқушымен жекелеп сөйлестім. Саған
сабақтың қай жері түсініксіз болды. Неліктен? Манадан бері байқадым сен сабаққа жақсы
араластың ал сабақ соңында түсінбеймін деп отырсын – дегенім де. Ол бала маған шегіркенің
неліктен жалқау болғаны түсініксіз, ол да жаз бойы құмырсқа сияқты жұмыстанса болар еді ғой.
Сонда тоңбас еді,- деп жауап берді. Мен оқушымның бұл сұрағына қуанып қалдым. Демек
баланың жоғары деңгейде ойлауы, сабаққа қызығушылығы арта түскені емес пе? Оқушылар
смайликтер арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл-күйлерін көрсетті.
Ал, екінші сабағым «Егінші мен қасқыр» тақырыбында өткізілді. Бұл кезде мен «Түймедақ»
гүлі арқылы кері байланыс орнаттым. Гүл күлтешелеріне Блум таксономиясы бойынша
сұрақтарқойдым. Мыс: 1. Сабақ ұнады ма?
2. Қандай тапсырма орындаған ұнады?
3. Қандай тапсырма орындағанда қиындық туды?
4. Ертегінің негізгі идеясын тап.
5. Ертегіні өмірмен байланыстырып айт.
Бұл кезде бір байқағаным оқушылардың көбісі гүлдің бесінші күлтесіне өз стикерлерін
жапсырды. Яғни, сабақты түсінді себебі ертегінің мазмұнын мысал арқылы өмірмен
байланыстырды. Айта кетсем, орташа деңгейдегі оқушы Мұратбек Мирас «Еңбек етсең ерінбей,
тояды қарнын тіленбей» бұл адам өзінің еңбекқорлығының арқасында тамағы тоқ болып жүр, ал
қасқыр арамтамақ, жауыз, жалқау. Нанды пісіруді қиынсынды. Оған оңай олжа керек, одан да
жайылып жүрген малды қиналмай ұстап жеуді дұрыс көрді. Біз жалқау болмауымыз керек,-деп
жауап берді.т.б. қызық жауаптар болды.

Саримова Гита Жұмалықызы Мұғалім портфолиосы А есебі
№ 2 топ 3 - деңгей
Ақтөбе қаласы 25.11.2013ж
«Комбайншы» деген үшінші сабағымда «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс орнатылды.
Бас бармақты жоғары көтеру арқылы оқушылар өздерінің тақырыпты жақсы түсінгендіктерін
көрсетті. Бас бармақты жоғары көтеру – түсіндім.
Бас бармақты ортада ұстау – түсінгендеймін.
Бас бармақты төмен қарату – түсінбедім.

Ал, «Қатқан нан» тақырыбындағы төртінші сабағымда кері байланыс мынадай кесте түрінде
жүргіздім.
Мақсатым қандай еді? Қай бөлігі орындалды? Нені үлгермедік?

Осы кезде оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын қайта еске түсірді және қай бөлігінің орындалып,
орындалмағанын анықтады. Барлық оқушы да өздерінің түсінгендерін айтты. Мақсатымыздың
толықтай орындалғанын көрсетті.
3. Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер
олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайтынын осы бағдарлама барысында
байқадым. Мыс: «Не ортақ?» деген тақырыпта ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында
жүргізілген тренингтен Сағынтай Мерлан деген оқушымның ақкөңіл, адал екендігін болжауға
болады. Болашақта бұл оқушым жақсылардың қатарынан көрінеді деп сенемін өйткені ол өзін
басқаллармен салыстыра біледі. Себебі: Басқа оқушылар өздерінің сыртқы, туыстық ортақ
қасиеттерін айтса, бұл оқушы өзінің кластағы басқа оқушымен білім деңгейінің шамалас,
ұқсастығын айтты. Мыс: Мен Мирасқа ұқсаймын, өйткені екеумізде орташа, нашар оқимыз деді.
Барлық оқушылар «Үш шапалақ» арқылы бағаланды. Жаңа тақырыпты меңгеру кезіндегі жасаған
постерлерін ортада қорғағанда «Дауыс беру», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бас бармақ» әдістері
арқылы бағаландым. Сонымен қатар әр топтан берілген тапсырмалар бойынша ортада болған
оқушылар «Смайликтер», «Жетондар» арқылы бағаланып топтарына ұпай сандарын қосып
отырды. Топтарда сабақ сатылары бойынша берілген жұмыстар көшбасшы көмегімен бірін-бірі
бағалау әдісімен жүргізіліп, журналға қорытынды баға қойдым.Себебі, білім берудегі оқушының
жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайда
жиынтық бағалауды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне үмкіндік бере
алмадық, оқушы алған бағасы ол үшін білімнің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін. Ендіг
жағдайда біз оқушыларымыздың білімін шектемей, оның білім алуына ынталандыру мақсатында
формативті бағалауды көптеп пайдаланғанымыз дұрыс болады. Бағдарламаның мақсаты да осыған
саяды. Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің
деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу – таным әрекетінде қарастырсақ оқыту
процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын,
білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Сондықтан оқушыларға оқу
үшін бағалау дағдысын қалыптастырудың маңызы зор.
Бұл курсқа дейінгі сабақ беру тәжірибемде оқушыларды ауызша және жазбаша түрде ғана
бағаладым. Оқушыларға қойылған күнделікті бағаны оқушының білім деңгейінің өлшемі ретінде
қарастырдым. Әсіресе, бұрынғы сабақтарымда жиынтық бағалауды көп пайдаландым және
бағалауды көбінесе өзім жүргізуге тырыстым.Әркім өзінің қателіктерінен үйренеді ғой, кейін бұл
әрекетімнің дұрыс еместігін түсіндім, оған менің күнделікті тәжірибем жасаған өзгерістерім де
себепші болды. Мен өз-өзімді реттедім, сабақ жоспарларымды қайта-қайта қарап, бұрынғы
сабақтарымдыесіме түсіріп, жаңаша көзқараспен, алған білімімнің негізінде күндіз-түні жұмыс

Саримова Гита Жұмалықызы Мұғалім портфолиосы А есебі
№ 2 топ 3 - деңгей
Ақтөбе қаласы 25.11.2013ж
жасадым, мектептегі іс-тәжірибемде жиынтық бағалаумен өалыптастырушы бағалауды қатар
жүргізіп, оқушыларға сабақтағы өзгерістерді біртіндеп түсіндірдім, оқушылар қауымы әрқашан
жаңалыққа құмар болғандықтан да, оларға менің өзгерісім қызықты болып көрінді.
Кембридждік тәсіл арқылы оқыту курсынан өзімнің жинақтаған теориялық біліміме сүйене
отырып 3 «А» класында «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбындағы сабақтың «Бұл не?»
жұмбақ шештіру кезін «Үш шапалақ» әдісімен бағаландым. Рөлге бөліп оқу, «Болжау» сатысында
оқушыларды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаладым. «Шығармашылық тапсырма» кезінде берілген
топтардың салған суреттерін бағалау критерий арқылы бағаландым.
«Егінші мен қасқыр» тақырыбындағы сабақтарда да оқушыларды әр түрлі әдістермен
бағаландым. Мыс: «Фишбон» әдісі арқылы берілген тапсырманы смайлик арқылы бағаладым.
«Жигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгергеннен кейін қорытынды есепте постер қорғатып,
оны «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаладым. Постерлерді «Дауыс беру» арқылы бағаладым.
Топқа бөлгенде көшбасшы тағайындап, топ мүшелерін көшбасшыға «Бағалау парағы» арқылы
топтарындағы оқушылардың сабаққа қатысымын бағалауды тапсырдым. Сабақ соңында қойылған
бағалардың қойылу себебін анықтап, қорытынды бағаны өзім қойдым.
Мұғалімге арналған нұсқаулықтың 57-бетінде бағалаудың бір формасы – бақылау делінген. Осы
тұжырымдамаға сүйене отырып «Комбайншы» тақырыбындағы сабақтың барысын «Жуан» және
«Жіңішке» сұрақтар кесте – сызбасы әдісі арқылы үйге берілген тапсырмадан нені білетіндігін,
нені меңгергендігін, оқушыда тақырыпты меңгеру барысында қандай қиындық туындап
жүргендігін бақылау арқылы анықтадым. Мен мұндай бақылау арқылы бағалау әдісін тек бұл
сабақта ғана емес сонымен қатар, барлық сабақтарымда қолданып отырдым.Мысалы, орташа деп
жүрген оқушым Бүркітәлі Атамұрат тапсырманың жуан сұрақтарына жауап берсе, керісінше
жақсы деген Амила жіңішке сұрақтарға жауап беріп отырғанын байқадым. Топтың көшбасшысы
топ мүшелерін тапсырмаларға жауап беру деңгейлеріне қарай бағалау парағына бағалады. Әр
қойылған бағаның себеп-салдары түсіндіріліп, ашылды.«Кластер», «Қалам үстел үстінде» әдістері
кезіндегі жазған эсселерін мадақтап «Үш шапалақ» әдісімен бағаладым. Талантты және дарынды
оқушыларды анықтадым. «Кім болам?» тақырыбында орындағын І топтың эссесі жүйелі, ой
тиянақты айтылғанын атап айтып кеттім. Олар «Мен әнші боламын.» деген тақырыпта өз
эсселерін қорғады. «Кубизм» әдісі арқылы берілеген деңгейлік тапсырмалардың жауаптары жетон
арқылы бағаладым. Бүтін жетон, толықтыруды қажет етсе жарты жетондармен бағаладым. «Жер-
Ана» тақырыбындағы шығарма «Шаршылар» арқылы бағаланды.
Қызыл – түсінікті.
Сары – аздап түсіндім.
Жасыл – 100% түсінікті деп бағаладым.
Мұғалімге арналған нұсқаулықтың «Бағалаудың мәні» деген бөлімінде: «Бағалау – ресми
тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер күнделікті сабақтарында өткізетін бейресми
бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты» делінген. Осы ақпаратқа сүйене отырып,
сабақта бағалаудың бейресми түрлерін пайдалану мақсатында оқушыларды бір-бірін екі жұлдыз,
бір тілек әдісі арқылы бағалаттым. Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабақ барысында жеткен жетіс-
тіктерін айтып, екі жұлдыздарын сыйлады, жіберген кемшіліктерін айтып, болашақта сол
кемшіліктерді дұрыстауға ұсыныс жасады. Бағалаудың бұл түрінде мен оқушыларды сыни
ойлауға жетеледім және оқушылар арасындағы диалогті қалыптастырдым.
«Қатқан нан» тақырыбындағы сабақта үй тапсырмасын тексеру кезінде оқушылардың үй
тапсырмасына дайындықтары смайликтерді өз бет бейнелерімен көрсету арқылы бағаладым.
Сабақ барысындағы тапсырмаларды жетондар арқылы бағаладым. Жетон санына қарай сабақтың
қорытынды бағасын қойдым. Оқушыларға сабақта формативтік бағалау қатты ұнады. Өйткені әр
тапсырма сайын жақсы айтылған идея, ұсыныстарға үш шапалақ әдісімен оқушыларды қолпаштау
арқылы оқушының сабаққа деген ынтасын арттырып, қызығушылықтарын ояттым.

Саримова Гита Жұмалықызы Мұғалім портфолиосы А есебі
№ 2 топ 3 - деңгей
Ақтөбе қаласы 25.11.2013ж
Мұғалімге арналған нұсқаулықта: «Оқушының жетістікке жеткендігін көрсететін бағалау
әдісі – кері байланыс» делінген. Себебі әр сабақтан оқушынының не түсініп, не түсінбегенін,
қалай жұмысты өзгертуге болатынына жол ашып отырды. Осы жерде мысал келтіре кетейін.
Менің Жұмалы Венера деген оқушым кері байланыс кезінде Мен түсінбеймін деген бағдаршам
көзін таңдапты. Ал ол кластың озат оқушысы. Мен ол оқушымен жекелеп сөйлестім. Саған
сабақтың қай жері түсініксіз болды. Неліктен? Манадан бері байқадым сен сабаққа жақсы
араластың ал сабақ соңында түсінбеймін деп отырсын – дегенім де. Ол бала маған шегіркенің
неліктен жалқау болғаны түсініксіз, ол да жаз бойы құмырсқа сияқты жұмыстанса болар еді ғой.
Сонда тоңбас еді,- деп жауап берді. Мен оқушымның бұл сұрағына қуанып қалдым. Демек
баланың жоғары деңгейде ойлауы интерпретация. Тағы бір сабағымда Бүркітәлі Атамұрат кластың
орташа деңгейдегі оқушысы шегіртке мен құмырсқаға ұқсайтын адамдар өмірде бар ма? деген
сұрағыма қонымды жауап беріп мені таңқалдырды. Сондағы айтқаны: әрине апай шегіртке сияқты
адамдар өмірде бар, олар жаз бойы той тойлап, гөлайттап, билеп ақшаны оңды сол шашып, қыс
келгенде жыртық үй, тамақ жоқ,оны алар ақша жоқ болып қалып жатады,-деді. Мен оқушымның
осынша жоғары ойлауына қуанып қалдым.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?