Жаңа заман талабы – Кембридж тәсілімен оқыту мен оқудағы өзгерісім туралы
Жылдар өте заман да, қоғам да, адам да өзгереді. Соған сәйкес ғылым да жаңа
жаңалықтарымен толығады. Бұл табиғи заңдылық. «Мен қалай өзгердім? Менің
оқушыларым қалай өзгерді?» - деген сауалдарға ой жүгіртсем, кешегі күндері осы
Кембридж бағдарламасына келген кезім еріксіз ойға оралады.
Үміт, қорқыныш, қызығушылық сезімдері араласқан күймен курсты бастаған
болатынмын. Курсқа келгенге дейін мен дәстүрлі методикамен сабақ беріп жүрген
мұғалімдердің бірі едім. Кейде ғана сабақтарымды түрлендіретінмін. Бұл арқылы мен
оқушыларға тек пәндік білім беріп, мемлекеттік стандарттарды ғана орындап жүрдім.
ҰБТ- ны ойдағыдай тапсырып, қалаған оқуына түссе болды, одан кейінгі түлектердің
өмірге араласуы, кездескен қиындықтардан шыға алуы, тығырықтардан жол таба білуі
сияқты мәселелерді балалардың өз еншісіне қалдыратынмын. Кембридждік оқыту
тәсілінің көксегені оқушылардың мектептен кейінгі өмірінде жол таба білуі. Бірінші
«Бетпе - бет» кезеңінде өзім сияқты әр мектептен, әр ауданнан келген әріптестеріммен
жолықтым. Олар әр жастағы, әр пән мұғалімдері екен. Кембридждік оқыту тәсілінің
арқасында бір - бірімізбен етене араласып, пікір алмастық, ой бөлістік, топтық
таныстырылымдар жасадық.Тренеріміз Бәдигүл апайдың басшылық етуімен топтық
бөліну әдістері, амандасу түрлері, түрлі топтық жұмыстар, бағалау тәсілдері, бағалау
түрлері, жоспар құру, жоспар түрлері, түрлі сыни тапсырмалар, сергіту тренингтері,
т.б. әдіс - тәсілдерді меңгердім. Яғни Кембридждік оқыту тәсілінің теориясымен
қанық болдым. Сабақтарда оқушылардың міндетті түрде топтасып отыруы керектігін,
жаңа мәтінді түсіндірмей оқушылардың өз беттерімен қабылдауына ықпал етіп, бағыт
- бағдар беру керектігін, сыни ойландыратын тапсырмалар берілу керектігі, «оқушы
үнін» ескере отырып сабақ жоспарын құру керектігін ұғындым. Осы тәсілмен
мектептен тәжірибеден өту үшін өз санамды, өз болмысымды өзгертуге тура келді.
Сыни ойлау қабілетім шыңдалды, топ алдында сөйлеуге машықтандым, болмашы
нәрсеге қуана білуге дағдыландым, өзгеге сенім ұялату қабілетім шыңдалды. Әр
сабаққа жеті модулдің кіріктірілу тәсілдерін меңгердім.
Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)
пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
«Әріптестермен кеңесу» тапсырмасы:
Кембридждік бағдарламаның алғашқы «Бетпе - бет» кезеңінен кейін мектептегі
тәжірибе кезеңіне барған кезде теориялық білімімді тәжірибе жүзінде іске асыру үшін,
орындауға тиісті сегіз тапсырманың алғашқысы «Әріптестермен кеңесуден» бастадым.
25 – ші наурыздан бастап, мектептегі тәжірибе кезеңі басталды. Алғашқы күні мектеп
директоры Сары Бауыржан Өтеумағанбетұлына жолығып, мақсатым мен
жоспарымды айттым. Мектеп директоры қарсылық білдірмеді, қайта қолдап, сол
жерде мектеп әкімшілігінің қатысуымен директор жанындағы отырыс жасады. Сол
отырыста тәжірибеден өтетін класты және кабинетті айқындап алдым. Сабақ
кестелерімді бірыңғайлап берді.
Мен өзім сабақ беретін 5 «Б» класын алдым. 5 «Б» класы оқитын № 106
кабинетте интерактивті тақтаның болмауына байланысты №206 кабинет берілді.
Мектеп жарына оқушылардың жұмыстары жапсыруға болмайтын болғандықтан,
жылжымалы тақта берілді. Сол күннен бастап, кабинет дайындау, ертеңгі болатын
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға арналған сабақтың жоспарын құру
сияқты жұмыстар басталып кетті.
Мен алдымен әдіс бірлестік мүшелерімен осы Кембридждік тәсілдің өзім
меңгерген тұстары туралы бөлісуді және тізбектелген сабақтар топтамасын бастамас
бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған сабақтарды
өткізуді жоспарладым.
Біздің әдіс - бірлестікте сегіз мұғалім бармыз. Осы бірлестік мүшелеріне
Кембридждік бағдарламаның түпкі мақсаттарымен, сабақтарды өткізу методикасымен,
жоспарлаудың түрлерімен таныстырдым. Әріптестеріме «Шимайланған қолдар»,
«Ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер» сергіту сәттерін, «Домино», «Мозаика» сияқты
топқа бөлу әдістерін, «Бағдаршам», смайликтер, сыни бағалау түрлерін көрсеттім. Ең
бастысы топтық, жұптық жұмыстар болу керектігі, жаңа сабақты бағыттау арқылы
оқушылардың өздеріне меңгерту керектігі, «Оқушы үнін» ескеру керектігі ескертілді.
Жұмыс соңынан кері байланыс алу үшін стикерлер арқылы өз ойларын білдіруді
сұрадым, осы кезде түрлі пікірлер алдым. Біреулері: «Сәттілік тілеймін! Жақсы
бастама, оқушылар сабаққа зор ынтамен келетін болды» десе, екіншілері: «Кластағы
28 -29 оқушымен бұлай жұмыс жасасақ, нағыз уда шу боламыз ғой» деп сенімсіздік
танытты. Кейбіреулері: «сабақтарыңа қатысып көрейікші, қызық екен» - деп тілек
білдірді. Әрине, мен сабақтарыма қатысуға қарсылық білдіргенім жоқ. Мен осы
жұмыстарды жасау барысында көшбасшылық таныттым және көшбасшылық
қабілетім шыңдала түсті.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға арналған сабақтарымды бастамас
бұрын, мектеп психологтары Гүлстан мен Айнұрға жолығып, оқушыларды зерттеуге
бағытталған сауалнамалар, әдістемелер алдым. Ол сауалнамалардың жүргізілу
жолдары, мақсаты, нәтижесінің өңделуі туралы пікір алмастым.
«Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» тапсырмасы:
Класпен жұмысты оқушыларды зерттеу әдістемелерінен бастадым. Социометрия
сауалнамасы арқылы класс оқушыларының арасындағы қарым - қатынасты
анықтадым. Нәтижесінде кластағы оқушының үшеуінің (Аян, Бекназар, Саламат)
лидерлік қабілетінің барлығы анықталды. Ал, мына үш оқушы (Қайсар, Арман,
Әлішер) шетте қалғандығы көрінді. Осы нәтижеден кейін шетте қалған оқушыларды
ортаға тарту жұмыстары жүргізілді. Содан кейін өзін - өзі бағалау әдістемесінің екі
түрін өткіздім, нәтижесінде төрт оқушы (Ш.Дана, Ақсәнім, Зарина, Қ.Аружан )
өздерін өте жоғары, төртеуі (А.Дана, Зәуре, Ідіріс,К. Аружан, ) өздерін жоғары, тоғызы
орташадан жоғары, бесеуі орташа, сегізі орташадан төмен бағалайтындықтары
анықталды. Класта қыз балалар көп болғандықтан, көбіне қыздар өздерін жоғары
бағалайтындығы көрінді. Сонымен қатар, «қызығушылықтар анкетасын» алдым,
мұндағы мақсатым әр оқушының ұнататын пәнін анықтағым келген болатын.
Нәтижесінде, ешқандай пәннің тыс қалмағанын байқадым. Оқушылардың мектепке
білім алу үшін келу керектігін ұғынатыны көңіл қуантты.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға арналған сабақтарымда «Мозаика»
әдісімен, пішінге, түске байланысты, өлең жолдарына байланысты, түрлі суреттерге
байланысты топқа бөлдім. Топ ережесі, «Танысайық», «Сіз қаншалықты
кластастарыңды танисыз?» әдістемелері өткізілді. Алғашқы сабақтардың бірінде топ
ережесін шығарып алдық, оның мазмұны:
Тыныштық сақтау.
Ұйымшылдықпен жұмыс жасау.
Сабаққа белсене қатысу.
Бір - бірімізді мұқият тыңдау.
Тазалық сақтау.
Тәртіп бар жерде, білім бар!
Бірлік бар жерде, тірлік бар!
Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін!
Осы ережелерді барлық сабақтарда сақтауға тырысты. «Капитан», «Ішкі шеңбер
және сыртқы шеңбер», «Шимайланған қолдар», «Адам.Үй. Үй адам.» сергіту
сәттерін өткіздім, оқушылар улап шулап бір сергіді. Бірақ та класта ұлдар бөлек,
қыздар бөлектігі байқалып тұрды. Және де «Құм терапиясы», «Бүтін құмыра мен
жарық құмыра», «Қытай балеті», «Әлемнің жеті кереметі» видео көрсетілімдерін
көрсете отырып, оқушыларға зерттеушілік сұрақтар беру арқылы диалогтік қарым –
қатынасқа шақырдым, эссе жаздырдым. Сол арқылы сыни ойлауын дамыттым, өзін
өзі реттеуге шақырдым, өмірдің мәні туралы ойлануға мүмкіндік бердім. «Қытай
балеті» видео көрінісінен кейін, болашақта болуы мүмкін инклюзивті мектептер
туралы ой қозғап, оқушыларға өз беттерімен тақырып бойынша эссе жазуға бердім.
Осы кезде оқушылардың керемет ойларын оқып риза болдым. Осы жұмыстар
арқылы оқушылардың бойындағы сенімділікті арттырдым, өз ойларын ашық
жеткізу дағдылырын дамыттым, өздерін еркін ұстай бастады, достық қарым -
қатынастарын нығайттым, ұлдар мен қыздар болып бөлінетін кедергілер жойыла
бастады, көңілді жүруге тырысты, ынтымақтастық атмосфералары қалыптасты.
«Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету»
тапсырмасы:
Одан әрі Кембридж тәсілінің жеті модулі кіріктірілген тізбектелген сабақтар
топтамасы жоспарланып, «Жануарлардың көптүрлілігі және олардың маңызы »,
«Жануарлар арасындағы қарым – қатынас », «Өсімдіктердің көптүрлілігі және
олардың маңызы», «Бөлме өсімдіктері» тақырыбында сабақтар өткіздім. Жеті
модулді кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыттым, ой
ұшқырлығын шыңдадым, еркіндік, сенімділік сезімдерін дамыттым, биологиялық
білім бердім, талантты және дарынды балаларды анықтап, деңгейлерін көтердім.
«Үнсіз оқушыларды» аштым, «Оқушылар үнін» ескере отырып, сабақтар жоспарын
құрдым.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына
соншалықты әсер ететінін айтады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 39- бет) Осы
теория негізінде «Жануарлардың көптүрлілігі және олардың маңызы» тақырыбындағы
сабағымда интерактивті тақтадан қарағайлы орманда жайылып жүрген аңдардың
тіршілігі туралы көрсетілімнен үзінді көрсетемін де, мынадай сұрақтар қою арқылы
оқушыларды диалогтық қарым- қатынасқа шақырдым:
- Нені көріп отырмыз?
- Олар немен қоректенуде?
Осы сұрақтарға оқушылардың қайтарған жауаптары арқылы бүгінгі жаңа
сабақтың тақырыбы ашылды. Ал, «Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы
» тақырыбындағы сабағымда интерактивті тақтадан өсімдіктердің көптүрлілігіңе
байланысты сурет көрсеттім және төмендегі сұрақтарды қойдым:
- Нені көріп тұрмыз?
- Қандай мағына береді?
- Неліктен бұлай жіктелген?
Осындай сұрақтар арқылы оқушыларды диалогқа шақырдым және сыни ойлауын
дамыттым. Бұл жерде Анеля : «Бұл бәйтерек ағашының бұтақтарына өсімдіктердің
шығу тегіне, тіршілік ететін ортасына, сыртқы түріне байланысты орналастырылған» -
деп жауап берсе, Ақсәнім : «Бұл ағашта өсімдік түрлері бейнеленген. Мұнда
өсімдіктердің көптүрлілігі көрсетілген» - деді, ал Қайсар болса, «Бұл ағаштың төменгі
жағында суда өсетін өсімдіктер, ал жоғарғы жағында құрлықта өсетін өсімдіктер
бейнеленген» - деп жұрт байқамағанды байқады.
«Бөлме өсімдіктері» тақырыбындағы сабағымда интерактивті тақтадан жаңа
тақырыпқа байланысты видео материалын көрсеттім де, «Мерсер мен Литлтон (2007)
өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. (Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық. 39 – бет)» деген теория негізінде оқушыларды диалогтық қарым
- қатынасқа тарту үшін төмендегі зерттеушілік сұрақтарды қойдым:
- Нені көріп отырмыз?
- Бөлме өсімдіктерін қандай мақсатта өсіреміз?
- Бөлме өсімдіктерін қалай күтеміз?
Осы сәтте Саламат, Есет, Зәурелер өз ойларын ұтымды жеткізе білді. Яғни: «Бұл
судағы тіршілік, онда көпжасушалы ағзалар тіршілік етуде» деген жауаптар алдым.
Осы арқылы оқушыларды диалогтық қарым - қатынасқа түсіре отырып, сыни
ойлаттым. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізуге машықтанды. Еркіндік, өздеріне
сенімділік қасиеттері артты.
«Түсіну дәрежесін бағалау» және «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау»
тапсырмасы:
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы
кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не
істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе
тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 57 –
бет. Жануарлардың көптүрлігі және олардың маңызы » тақырыбындағы сабағымда,
жоғарыдағы теорияға сүйене отырып, оқушыларды өзін-өзі бақылау жағдайында
өзінің дербес ойлауын, түсінігін және тәртібін мұқият бақылауға баулу мақсатында
оқушыларға өзін- өзі бағалау парағын ұсындым және сабақтың әр кезеңі бойынша
«Күн», «Ай», «Бұлт» арқылы өздерін бағалап отырса, «Жануарлар арасындағы қарым
– қатынас » тақырыбындағы сабағымда, «Бағдаршам» әдісімен жасыл түсті сабаққа
өте жақсы түсінген және сабақта белсенділік танытқан оқушы, ал сары түсті сабаққа
толық түсінбеген және сабақ барысында толық белсенділік танытпаған оқушы және
қызыл түс сабаққа дұрыс түсінбеген, белсенділік танытпаған оқушыға қою арқылы
бірін-бірі бағалады. Ал, « Өсімдіктердің көптүрлілігі және олардың маңызы»
тақырыбындағы сабағымда топтық бағалау парағын тараттым және фигурамен
бағалау жолын көрсеттім ( жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш). Оқушылар топтық
бағалау үшін топ көшбасшыларын сайлап алды, топ көшбасшысы топтық бағалау
парағына топ мүшелерінің аттарын жазып және сабақтың критерийлері бойынша
фигурамен бағалап отырды.
«Бөлме өсімдіктері» тақырыбындағы сабағымда оқушыларға бағалау парағын
тараттым және смайлик арқылы жұптық бағалауды ұсындым. Күліп тұрған смайликті
сабаққа өте жақсы түсінген және сабақта белсенділік танытқан оқушыға, ал қалыпты
жағдайдағы смайликті сабаққа толық түсінбеген және сабақ барысында толық
белсенділік танытпаған оқушыға және ренжіп тұрған смайликті сабаққа дұрыс
түсінбеген, белсенділік танытпаған оқушыға қоятынын ескерттім. Оқушылар бағалау
парақтарына жұбындағы оқушының атын жазып, смайлик арқылы жұптық бағалады.
Солай оқушылар өз-өздерін немесе бірін-бірі бағалауды үйренді.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме» тапсырмасы:
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді
қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге
дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни
тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 49- бет) Сол
себепті жануар мен өсімдікті салыстыра отырып, Венн диаграммасын толтыру және
жекелеп әр топтан бір оқушыдан интерактивті тақтада осы жұмысты орындауды
ұсындым. Әр оқушы алдарындағы парақшаларға Венн диаграммасын толтырды және
жекелеп әр топтан бір оқушыдан интерактивті тақтада осы жұмысты орындады. Осы
жерде қабілетті оқушыларым Аделя, Ақсәнім, Әсем, Бекназар басқа оқушылардан
тапсырманы бұрын орындап, жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығын анықтап,
ұқсастығын талдады. Сөйтіп, оқушылардың сыни ойлауын дамыттым деп айта
аламын.
«Өзін-өзі реттеу» және «Бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар»
тапсырмасы:
Тізбектелген сабақтар топтамасында оқушылардың өзін-өзі реттеуін Джигсо әдісі
кезінде, түрлі топтық және жұптық жұмыстар кезінде жүзеге асырамын. Осындай
жұмыстар кезінде материалды түсінеді, талдайды, қорытындылайды, топтық
таныстырылым жасайды. Мұнда дарынды балалар анықталып, қабілеттері шыңдалды,
«үнсіз оқушылар» намысқа тырысып, белсенділік танытты, қатарларын тығырыққа
тірегілері келмеді. Себебі, топ ережесін сақтау керек. Яғни, өзін-өзі реттейді.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде сегіз тапсырманы орындау барысында кездескен
қиындықтар: оқушылардың уақытты тиімді пайдалана алмауы, топқа бөлу кезіндегі
дабыра, өзара келісе алмаушылық, өз ойларын ашық жеткізе алмауы, ұлттық
менталитетке сай ұялшақтық, сыни ойлау қабілетінің төмендігі. Бұл кедергілерді жою
үшін топтастыруды, топтық жұптық жұмыстарды жүйелі түрде түрлендіру, әр
жауапты қолпаштау, сыни тапсырмаларды жүйелі қолдану, сұрақтар арқылы жетелеу
сияқты жұмыстар жасалынды. Осы әрекеттердің барысында кедергілер түгелімен
жойылып кеткен жоқ, бірақ бір жүйеге келе бастады.
Екінші «Бетпе-бет» кезеңінде мектептегі тәжірибеге рефлексия жасау арқылы
Кембридждік оқыту тәсілін одан сайын терең меңгере түстім. Сөйтіп, мен де өзгердім,
менің оқушыларым да өзгерді. Қорыта келе:
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады» - деп ұлы ағылшын ағартушысы Уильям айтқандай,
оқушылар сабаққа зор ынтамен келіп, сабақта рахаттанып отырып, сабақтан
шабыттанып шығатындай етейік, әріптестер!
Кембридж тәсілімен оқыта отырып, жан-жақты жетілген жеке тұлға тәрбиелей
берейік!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?