Жаһандану жағдайындағы гуманитарлық білім берудің тиімділігін арттыру жолдары

 Жаһандану жағдайындағы гуманитарлық білім берудің тиімділігін  арттыру жолдары

Барған сайын құлашын кеңге жайып, әлемді қаусыра қамтып келе жатқан
жаһандану үрдісі жаңа дәуірдің айқын сипаты болып отыр. Бұл үрдіс қоғам
дамуының заңдылықтарынан, өркениет интеграциялануының басым сипатынан,
білім беруді интернацаландыру мен әлемдік қауымдастық нысандарының өзара
ықпалдасу амалдарынан жылдан-жылға тереңдей түсуде. Жаһандануға жұтылып
кетпей, үйлесімді кірігу дегеніміз – ұлттық сана, рухани байлығыңды, озық салт-
дәстүр, тарихи танымыңды сақтай отырып, адамзаттың алдыңғы қатарлы
мәдениетін сонымен үлестіре қабылдау арқылы әлемдік қауымдастықтағы өз
орныңды табу деген сөз. Бұған жас ұрпаққа гуманитарлық тәрбие берудің
тиімділігін арттыру, яғни ұлттық тіл мен әдебиет, мәдениет пен өнерді насихаттау,
тарихи зерденің қалыптасуын нығайту арқылы ғана қол жеткізуге болады, яғни
жаһанданудың жойқын тасқынына әр елдің ұлттық тарихы мен менталитетін,
ұлттық тіл мен әдебиетті, өнер мен мәдениетті дамыту арқылы ғана төтеп бере
аламыз. Бұл бағытта білім беруді дамыту мен оның ұлттық-гуманитарлық сапасын
нығайтудың маңызы зор.
Қазіргі заман – тек білім мен ғылымның ғана заманы. Бүгінде «білім
экономикасы» ғаламдық дамудың тегеурінді тегершігіне айналуда.
Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының
маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Елбасымыз биылғы
Жолдауында да ғылым мен білімді дамытуға басым көңіл бөліп отыр. Елімізде
жүріп жатқан білім беру реформаларының жалпы мақсаты – білім беру жүйесін
әлемдік деңгейге жеткізіп, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға лайықтау
болып табылады.
Қай халықтың болсын өзге жұртқа ұқсамайтын болмыс-бітімін даралап,
өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгісі – оның тарихи жады, тілі мен
әдебиеті, өнері мен мәдениеті. Тіл, тарих пен әдебиет – ұлттық сананың негізгі
үштағаны. Сондықтан ұлттық сана мен жауапкершілікті дамытудың соны
стратегиялық ұстанымын айқындайтын маңызды жобалардың қолға алынуы
маңызды болмақ. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың
әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын айқындауы керек.
Гуманитарлық білімнің өзектес саласы – тіл мен әдебиет ұлттыңөткен тарихы
мен бүгінгі тағдырының сабақтастығын қалыптастыруда, мемлекетаралық мәдени

қарым-қатынас орнатуда, жастарды гуманизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде
басты құрал болып табылады. Қазіргі ғылыми парадигмада тіл қарым-қатынас
құралы ғана емес, сонымен бірге белгілі бір халықтың мәдени мұраларын сақтап
жеткізуші, ұлттық таным мен сананың көрсеткіші және адамдарды біріктіретін,
ынтымақтастыратын қоғамдық- саяси күш болып та табылады. Ал әдебиет –
ұлттық рухани жады, адамзат дамуының қозғаушы күші және тарихи-көркем
баяны. Тіл мен әдебиеттің қоғамды тұтастырушы қызметі өзекті тақырыптағы
түрлі ғылыми зеттеулер аясында танылуы тиіс. Ол үшін білім беру, ғылыми зеттеу
және өндірісті интеграциялау, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері негізінде
жаңа мзаманғы технологияларды қолданысқа енгізе отырып, орта және жоғары
білім берудің сапалылығына қол жеткізу қажет.
Қазақ халқының ұттық мәдени құндылықтарын қайта қалпына келтіру,
зерттеу, кейінгі ұрпаққа таныту, сондай-ақ адамзаттың ортақ рухани игілігіне
айналдыру мақсатында жан-жақты насихаттауға арналған мемлекеттік «Мәдени
мұра» бағдарламасы бойынша елімізде бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Қазаргі білім беру мен ғылымды дамытудың басым бағыттары
инновациялық-индустриалдық, техника мен технология салалары болғанымен,
гуманитарлық саланың дамуына, жастарды рухани-мәдени құндылықтарға
тәрбиелеу және дәстүрлі мәдениет пен заманауи ұлтаралық, көпмәдениетті,
толеранттық қатынастарға баулуға да тиісті дәрежеде көңіл бөлініп отыруы
маңызды. Олар бірін-бірі толықтырып, өзара тығыз ықпалдасқанда ғана ұлттың
болашағына қаяаусыз қызмет ете алады.Өйткені технократияның біржақты
билеуінің жеткізер межесі қай тұстан шығаратынының мысалы әлемдік тәжірибеде
аз болған жоқ.Бүгін қоғамның рухани мәдениетке назар аударып отырғаны,сол
ұлттық-рухани құндылықтарды екінші кезекке ығыстырып,бұқаралық-тобырлық
мәдениетке өріс берген Батыс пен Американың рухани күйреу алдында екенін
айтып, әлем ойшылдарының дабыл қағуы да тегін емес.Қазақстан өзінің
тәуелсіздігінің табалдырығында тұрып-ақ ұлттық мәдениет пен рухани
құндылықтарды ұлықтауда бір сәт те мызғымай,сергектік таныту, «Мәдени нұра»
мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан һәм асып жатқан қыруар шаралар
ұлттық тарих пен мәдениеттің,әдебиет пен өнердін салтанаты десек, артық болмас.
Күні кеше ғана Астанада өткен Дүние жүзі казақтарының ІҮ құрылтайында
Елбасымыз Нұрсылтан Назарбаев: «Тәуелсіздіктін тірегі ұлттық сана екенін
білесіздер.Ал ұлттық сана тарих пен мәдениет арқылы қалыптасады.Осыган орай
еліміздегі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда.
Мемлекет тарапынан ұлан- -ғайыр қаржы бөлінген»,-деп атап өткен болатын.
Білімнің әрбір тұлғаның дамуының, онық бәсекеге қабілеттілігінің
айқындаушы шарты болатыны мемлекеттік, ұлттық мүддемен тығыз сабақтастықта
қарастырылады.

Тағы бір маңызды мәселе – пәннің «тілдік тұлға» қалыптастырудағы
міндетінен туындайды. Демек, дүниетанымның қасиетті де ең тиімді жолы – ана
тілін жетік меңгеру болатыны ақиқат.
Ұлттың табиғи ырғағынан жаңылмауға әркімнің үлес қосуы, ұлттық рухты
жоғалтпауы үшін күресуі қажет. Өйткені тарихи зердені ойсыратпау, ана тілі мен
әдебиетті баланың бойына жастайынан сіңіруге атсалысу – әрбір ата-ана мен
мұғалімнің, баршаның міндеті. Сонда ғана әлемдік жаһанданудың ықпалына
алаңсыз қарсы тұра аламыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?