Ізденімпаз ұрпақты ғылыми жобаға баулу – ұстаздың құзыреттілік тәсілі
Жаңашылдық іс-әрекеттер қазіргі таңда мұғалімдер арасында кең өріс
алуда. Атап айтар болсақ, оқушылар мен студенттерді зерттеу іс әрекетіне
баулу. Білімге деген қызығушылық, бақылауға тырысушылық, тәжірибе
жасауға дайын болу, бүкіл әлем туралы жан-жақты мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер бүгінгі жастарға тән дәстүрлі мінез болып
табылады. Баланың өзін қоршаған ортадағы жайлы барлығын білгісі келетіні
белгілі.
Ол әр нәрсенің жұмыс істеу принципін, неден жасалғанын қолымен
ұстап көреді. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік бала табиғатына тән
құбылыс, бұл белсенділік оның жеке басының дамуына ықпал етеді. Ал,
есейе келе ол өзінің қызығушылығын бір бағытқа бұрады, яғни өзін
қызықтыратын бір ғана нәрсені зерттейді.
«Зерттеу дегеніміз - жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің
бір түрі болып есептеледі» - деп түсіндіріледі үлкен энциклопедияда.
Зерттеу әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект
жөнінде қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа
көзделген объектілермен танысу. Танымдық әрекет оқушы үшін еске
түсірумен өзгерту бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгертушілік
танымдық әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз
бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс, яғни, мұндай оқытуды бала өзі
анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Балаларды оқытуда зерттеу
әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының
жоғарылығымен қоршаған ортасына деген құштарлығының
басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік әрекеті оның өзіндік
талабын қанағаттандыруға ықпал ететін. Оқушылар қоршаған ортамен
таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетін көмегімен жаңа білімді дайын
күйінде емес, өзі ашады.
Жалпы оқушылардың шығармашылық жұмыстары ғылыми-
педагогикалық проблема ретінде едәуір зерттелген. Айталық, оқушылардың
шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде
қарастырылған. Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке дара
субъектісі ретінде дами бастайды. В.В.Давыдов шығармашылық тұлғаның
сипаттамасы деп осыны есептейді. Ол оқушының шығармашылық тұлға боп
қалыптасуын өзінің «Дамыта оқыту теориясы» еңбегінде көрсеткен.
Сонымен қатар жобалау оқыту технологиясының кең таралған түрлерінің бірі
– оқушылардың жоба қорғауы. Жобалық технология оқушылардың іс-
әрекетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта
балалар ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс.
Оқушылардың ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу
жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.
Жобамен жұмыс істеудің басында мұғалімге қажеттісі:
• Жобаға қатысты оқу мақсаттарын, оны әдістемелік және дидактикалық
қамтамасыз етуді ойластыру;
• Жобаға қатысушылардың санын анықтау;
• Бұл жоба бір пәннің арнасында, әлде бірнеше анықтау;
• Жобаның орындалуын бір мұғалім, әлде мұғалімдер тобы жүзеге асыра ма,
соны шешу;
• Зерттеудің орындалуының уақытын, мерзімін белгілеу;
• Ақпарат көздерін анықтау (кітапша, кеңес дәріс, анкеталар, бақылау,
теледидар, арнайы әдебиет, білім беру мекемелері, т.б.)
Жобамен жұмыс 4 кезеңді қамтиды:
• Жоспарлау;
• Талдау кезеңі;
• Ақпаратты жалпылау кезеңі;
• Алынған нәтижені көрсету кезеңі.
І кезең. Жоспарлау.
Бұл кезеңде тақырыпты топ болып талқылау кезеңі болады. Оның
нәтижесінде 5-6 тақырыпта бөлініп шығады және оны орындаушылар
анықталады. Жобаны жоспарлау дегеніміз орындалатын іс-әрекетті
жоспарлау болып табылады.
ІІ кезең. Талдау.
Бұл дербес жүргізу, ақпарат алу және талдау кезеңі болып, мыналарды
орындауды талап етеді:
1) Жобаға қатысушылардың әрбіреуінің міндеттерін дәлдей түсу және
анықтау;
2) Ақпаратты іздеу және жинақтау. Ақпаратты жинақтау тәсілін оқушы мен
мұғалім бірлесіп таңдайды. Оған бақылау, анкеталау, социологиялық
сауалнама, интервью, эксперимент жүргізу, әдебиетпен жұмыс жатады.
Оқушы зерттеу әдістерін пайдалануда мұғалім кеңес беріп отырады. Бұл
кезеңде оқушылар ақпаратты іздеудің, оны салыстырудың және
класификациялаудың, байланыстарды орнатудың және аналогияны
жүргізудің, талдау мен синтезді жүзеге асыру, топта жұмыс істеу дағдысын
меңгереді; жеке бақылау мен эксперименттен, басқа адамдармен қарым-
қатынастың, әдебиетпен, жұмыстан алған пікірлерді үйлестіре үйренеді.
ІІІ кезең. Ақапаратты жалпылау.
Бұл кезеңде алынған ақпаратты құрылымға келтіруге және алған білім,
іскерлікпен дағдыны жинақтау жүзеге асырылады.
ІV кезең. Зерттеуден алынған нәтижені көрсету.
Бұл кезеңде оқушы алынған мәліметтерді және нәтижеге жетудің тәсілдерін
ұғынады. Оқушылар ақпаратты алуының және талдануының әдіс-тәсілдерін
суреттейді, алған білімі мен іскерліктерді көрсетеді.
Мұғалімнің бағыт-бағдарына қойылатын талаптар:
Ғылыми жұмыспен айналысатын оқушымен жұмыстың әлеуметтік
қажеттілігін сезінуі;
Оқушымен қарым-қатынастың болуы;
Нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеп, пайдалану;
Ғылыми жұмыспен айналысатын оқушының ата-анасымен тығыз
байланыста болуы.
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
Қызмет нысанын, педагогикалық үрдісті білуі;
Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі;
Заман талабына сай жаңа технологияларды білуі;
Ғылыми жұмыспен айналысатын оқушының оқуда ғана емес, басқа да
көрсеткіштеріне көңіл бөлуі;
Шығармашылық тапсырмалар дайындай білуі т.б.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен
ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы
қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Талант-қабілеттіліктің ең
жоғары деңгейі. Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар,
шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары
деңгейі.
Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде
пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Ол үшін өз бетімен
жүргізілетін шығармашылық жұмысты әртүрлі деңгейде ұйымдастаруға
болады.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге
құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант
дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз
бұған жол бермеуі керек». Өйткені ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол
себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап,
біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін
қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі
ұрпақ тәрбиелеу керек екенін естен шығармауымыз керек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?