Бастауыш сыныптарда Кембридж тәсілімен оқытудың тиімділігі туралы

 Бастауыш сыныптарда Кембридж тәсілімен оқытудың тиімділігі  туралы

"Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын"Альберт Эйнштейн айтып кеткендей ,қазіргі заман талабы сындарлы оқыту болып табылады. Жаңа техналогияны меңгере отырып,сабаққа жаңа өзгерістер еңгізуге тырыстым.Күнделікті жоспарымды жеті модулге сүйене отырып жасадым.Ұстаз міндеті зор, тәрбиелі, сыни тұрғыдан ойлай алатын,қиындықты жеңе білетін оқушы етіп тәрбиелеу. Мұғалім қашанда жетелеуші , бірге ойлайды,бірге шешеді.Әр шәкіртінің жетістігі ,мұғалім үшін зор мәртебе. Мен тәжіриебемді өзім жетекшілік еткен үшінші сыныптан"Әдебиеттік оқу"пәнінен алдым.Бірінші"бетпе-бет "кезеңінде үйренген жеті модуль тәсілін барымша сабақтарыма еңгізуге тырыстым. Бұл бағдарлама түрлі тәсілдерді қарастырумен қатар, сындарлы теориясы негіздерін қамтиды. Әрине ,ең бірінші оқушыларым, менің орталарына оралғаныма қуанды.Оқушыларға топқа бөліну арқылы сабақтар өтетінін,топ ережесіне бағыну керектері жөнінде айттып өттім. Сыныпта еркін сезіну, топта ынтымақтастықпен тапсырманы орындау керек екендендігі,пікір құндылығының зор екендігін айттым. Алғашында мен үшін де сабақты бастап кету қиын болды, қобалжу, қалай өтеді екен деген ойлар, қорқыныш болды. Брақ оқушыларымның алғырлығынан, сабақ соңдары нәтижелі бола бастады.Оқушылармен бірігіп топ ережесін құрдық,Бірлесіп құрылған топ ережелері: ынтымақтастықта оқу,үйретуден үйрену,әділ бағалау,пікір құндылығы,уақытты тиімді пайдалану,ортақ шешімге келу,топ мүшелерінің белсенділігі сияқты ереженің маңызы зор екенін ,оқушылар әр сабақта сезіне білді.Сыныпқа бағалау парақшасы ілінді,онда оқушылар фигуралар арқылы әр сабақтан алған ақпараттарды қаншалықты меңгергендіктерін көрсетіп, бағалайды және көңіл-күйлерін смайликтер арқылы білдіріп отырды.Сонымен қатар "ББҮ" әдісі бойынша сабақты қаншалықты түсінгендерін анықтап отырдым.Тізбектелген сабақ топтамасындағы екінші сабағыма талдау жасаймын. Сабақтың тақырыбы: «Әйтеке би шешендігі»мәтіні болды. Мақсаты: топпен жұмыс істей алуы,"шешендік сөздер" туралы мәліметтер, билер, Әйтеке би жайлы мағлұмат беру, "Әйтеке би шешендігі "мәтінімен таныстыру, сана да меңгерту болып табылады.
Есте сақтау кезеңінде оқушылар тақырыппен жұмыс жасай отырып, жаңа материалдарды еске сақтау;
Оқу қаблеті кезеңі: маңызды ақпараттарды табу, тақырыптың ең басты мазмұнын түсіну;
Оқу нәтижелері: сыни тұрғыдан ойлауға , басқаның пікіріне сыни қарауға үйретеді.Сұрақ -жауап арқылы диалогтік сөйлеуді қалыптастырады.Өз пікірін ашық білдіреді,тез ойлай алады, санасы өседі.Оқушы бойында көшбасшылық қаблет қалыптасады.Дарынды ,талантты оқушылар анықталады.Ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді қолдануға үйретеді.
Сабақта туындайтын негізгі идеялар:сабақта оқушылар тапсырманы дұрыс орындауға және өзін- өзі тексеруге қажетті ,заман талабына оқытудың жаңа әдістерін ,жаңа білімді игеруде қолдану; Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін ұйымдастыру бөлімінде "Не ортақ","Мен сізді сипаттағым келеді"атты ойында оқушылар « Не ортақ» атты кезеңде Ақжүніс, Ерасылдың туған күндері бірдей екендігін байқадым."Мен сізді сипаттағым келді ?"ойыны кезінде ,оқушылар шеңбер құрып, шетінен бір оқушы бастайды.Мысалы: Мадияр мерейлі, Айжан ақылды......т. б , бұл ойында барлық оқушы өте жақсы қатысты, оқушылар арасында бұл ойын қызығушылықпен жасалды.Үй тапсырмасын тексеруде "Эссе" немесе"Еркін жазу"әдісі қолданылады."Төле бидің толғауы" өлеңіне үйге эссе жазып келу берілген болатын,жазып келген эсселерін топта талдап,ортақ эссе жазып оқыды.Ең жақсы жазған топтың ішінен Қосалова Ақжүніс, Асанов Азамат ерекшеленді.Ең жақсы жазылған топтағы эсселерді,»үш шапалақ «арқылы оқушыларға мадақтаттым.Алдымен жаңа сабақты хабарламас бұрын оқушыларды топқа бөлдім.Өтетін тақырыпқа сәйкес «Қазақтың билері» атымен бөлінді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ,бұл кезеңде оқушылар өздерінше бір-бірлеріне «Мен Төле бимін»дегендей сөздер айтып,мақтана бастады.Сөйтіп жаңа сабаққа көштім.Жаңа сабақты хабарлау кезеңінде тақтаға «Әйтеке бидің шешендігі» мәтіні тақырыбын жаздым.Оқушылар дәптерлеріне жаңа тақырыпты жазады. "Сыни тұрғыдан ойлау " тәсілін жаңа тақырыпты хабарлағаннан соң қолдандым.Алдымен өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстырып ,мынадай ортақ сұрақтар қойдым."Би туралы не білеміз?", "Әйтеке би кім?","Әйтеке бидің қандай шығармаларын білеміз?" сияқты сұрақтарды ортаға салдым. Пікірлесу кезінде көбінесе сыныптың белсенді оқушылары өз ойларын бөлісіп,жатқандарын байқадым. Бірінші топтан Ақжүніс кітаптан материал іздеп отқанын байқадым,бірлесіп бір сөйлем болсада әрқайсысы жазған.Хатшылар айтылған мәліметтерді жинап,ақ қағазға жазып, сөйлеушілерге берді.Сөйлеушілер әриене әр сабақ сайын өзгеріп отыратыны, және тек бір оқушы ғана сөйлей бермей ,сөйлемеген оқушылар өз тобында сөйлеу керек екендігі бастапқыда айтылды.Бірінші топтан бұрын аз сөйлейтін, немесе ешқашан сабаққа қосылмайтын Серікбайқызы Ерсұлу сөйледі.Даусы жай, дайын материалды шақ оқыса да, оқушылар үш "шапалақ арқылы" мадақтады. Ол оқушы өзінше ұялыңқырағандай болды. Брақ оқушыларға білдіртпей"керемет"болды деп, сөзбен мадақтап жібердім.Жазылған мәліметтер оте жақсы ,себебі ол топта озат оқушылар, тіл байлықтары жетерлік оқушылар отырды.Қалған екі топтарда қорғап шықты.Тиімділігі: оқушылар пікір алмасу арқылы, өз ойларын сыни тұрғыдан жеткізе алу.
Осы кезеңнен кейін оқушыларға сергіту сәттерін жасаттым.Сергіту сәті оқушының бойын жазып, сабақтың ары қарай нәтижелі өтуіне жағдай жасайды. Оқушыларға қазақтың ұлттық биі:" Қаражорға" биін билеттім. Оқушылар шат күлкімен, адемі етіп биледі, жүздерінен бақыт нұры қорініп, бір бірімен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.Сергіту сәтінің тиімділігі: оқушы жаппай сабаққа қатысады, қызығушылықтары арта бастады.
Ақпараттық камуникативтік техналогияны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық техналогиялар заттар туралы жаңа ,алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады.(нұсқаулық 64 бет)
"Ой қозғау "стратегиясы бойынша ақпаратты камуникативтік техналогияны пайдалана отырып, оқушыларға Әйтеке би , шешендік сөздер туралы ақпарат бердім. Тақтаға Әйтеке бидің суреті ілініп, оқушыларды" ой қозғау "стратегиялары бойынша сөйлеттім.Сөйлеу кезіңінде Ғанима: "Әйтеке би қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан, үш бидің бірі болған " деп жауап берді. Нұржанатты оқушым,Әйтеке би бес жасынан молдада оқығаны туралы айтты, берілген ақпараттан мәлімет алғандықтары көрінді. Мағжан ең баяу қатысатын оқушы еді, ол"Төле бидің ескерткішін Ақтөбе қаласынан көрдім " деп жауап берді. Барлығымыз оның жауабына қуанып қалдық.Бұл кезеңде ақпараттық камуникативтік техналогияның тиімділігі: жаңа сабақпен таныстыру, тақырып бойынша терең мәліметтер беріп, оқушылардың ой өрістерін кеңейту.
Диалогтік оқыту тәсілі бойынша «Сұрақ қою,қайта сұрақ қою »әдісі арқылы өзара топтар бір біріне сұрақтар қояды.Мысалы: Нұржан «Төле би қай жылы туған?» десе, екінші топтан Нұрила «1644 жылы туған»деп жауап берді. Бұл тәсіл оқушылар арасындағы диалогтік оқытуды дамытты. Оқушылар бір- бірімен қарым қатынас жасады, арине кей оқушылар естіген жауаптарына келіспей отырды. Сол кезде сұрақ қойған оқушылардан өздері жауап берулерін өтіндім.
Іс-әрекеттік оқыту әдісі бойынша келесі кезеңге өттім."Әйтеке бидің шешендігі "өлеңіндегі ,шешендік сөздерді үш топқа бөліп бердім.Өздеріне берілген шешендік сөздердің мағынасын ашып алды.Шешендік сөздерден түсінгендері бойынша "Ролдік қойылым" дайындау тапсырылды. Бірінші топ «Ашу бар жерде, ақыл тұрмайды»тақырыбында дайындалды,бұнда әкесі мен баласы жайлы, баласы сабақтан төмен баға алғаны үшін әкесі оған ашуланады. Бұл қойылым оқушылардың ойларынан туындаған болатын. Әке рөлінде Нұржан болатын, ол сабаққа үнемі белсенділікпен қатыспайтын. Брақ бұл сабақта әке рөлін айнытпай сомдап берді, әрине кейбір жерлері қойылымда қате болғанымен ,балалардың өздеріне қызықты болды. Сөз байлықтары, көпшілік алдында сөйлегенін байқадым. Бала рөліндегі Мағжан болса ,өз рөлін жақсы орындады. Екінші топ»Қонақ келсе,құрметтеу»тақырыбында қонақты қалай күту керек екені көрсетілді,Бұл кезеңде оқушылар сөйлеу мәнерін , кімге және қалай сөйлеу керек екенін білетіндіктері байқалды,үшінші топ «Аға мен іні арасындағы сыйластық» қойылымдар дайындады.Үшінші топтан Ерасыл ағасы болды, ал Алтынбек болса, інісі болды.Бұл қойылымда ағасы Ерасыл білімді, ұқыпты ,ата-анасының ризашылығына бөленген еді.Ал інісі болса ,сабақ оқығысы келмей ,аздап жалғауланған еді,ағасы оған:Сенің оқу болашағың ,оқысаң мен секілді беделің , достарың көп болады.Ал осы бастан оқымасаң беделің болмайды, ешкімге керек еместей боласың? дегенде ағасының ақылды сөзін тыңдап , Алтынбек сабағын жалғастырады.Оқушылар қойған қойылымдары бойынша нені, қандай мағынаны көрсеткісі келді, қойылымдары бойынша қысқаша түсіндіріп өтті.Оқушылар қандай тапсырмалар болмасын өздері орындаған тапсырмаға ризашылықпен қарады, жүздерінен күлкі көрінді.Бұл тәсіл бойынша кедергілер арине болды, кейіпкерді дұрыс көркемдеп алмауы,сөйлеу тіліндегі қателіктер, артистік қаблеттерінің төмен болуы, қойылымды бұзып жатса да, тез ойлап, мазмұнын қойылым арқылы түсіндіруге тырысқаны үшін іштей қуандым.Іс-әрекеттік оқытудың тиімділігі:оқушылар өздеріне жүктелген тапсырмаға жауапты екенін сезінеді. Тез ойлап, бір шешімге келу, ой өрісі, ынтымақтастығы артады, сөздік қорлары дамиды.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады.Талантты және қаблетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар»ретінде көрсетуге тиіс.(нұсқаулықта айтқандай 72 бет)
Бірлескен әрекетте оқыту тәсілі топтың ұйымшылдығын анықтайды.Қойылымды қоймас бұрын ,оқушылар бір- бірімен пікір алмасып жатады, қойылым кейіпкерлерін топ басшылары бөліп береді.Талантты, дарынды оқушыларды анықтау кезеңінде озат оқушыларым Нұрқанат пен Нұрқасым , Азаматтың бойында ерекше талант бары байқалды, Қойылымдар солардың ойларынан туындаған екенін байқадым.Мағжан мен Ерасылда сөздік қоры мол екені анықталды.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық кезеңінде топ басшыларынан қойған қойылымдарына сәйкес "мақал- мәтелдерді ойлап тап?" ойыны ойнатылады.
Азамат:"Ақылды бала-арлы бала, ақылсыз бала- сорлы бала" деп жауап береді,Ғанима:"Қонақ -ырысын ала келеді",Саят:"Ағасы бардың, інісі бар.Інісі бардың, тынысы бар».дегендей жауап берді.Тиімділігі: топтық жұмысқа бағыт бағдар беру және топ жетекшілері өз топтарына жетекшілік етеді.
Сыныптағы бағалау, тек техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қаблеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
( Александер 2000)( нұсқаулық)
Бағалау кезеңінде топтарды" Білдім,білгім келеді,үйрендім" әдісі бойынша оқушыларға стикерлер арқылы бағалаттым.
Үйге тапсырма бердім,"Әйтеке би шешендігі" өлеңін жаттап келу.
Бұл сабақта жоспарлап барған сабағымдағы тәсілдер, өз уақытында орындалды.
Сабақ соңында оқушылардың өзгерісі:
Топтасып ,жұптасып білім алды.
Ақпаратты өз бетінше меңгерді.
Сабаққа деген қызығушылығын артты.
Сабаққа қатысымы жай, үнсіз оқушылар ашылды.
Көшбасшылық жұмыстар ашылды.
Сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланды.
Өзін- өзі бағалауды ,топтық, жұптық бағалауды үйренді.Өзін- өзі реттеуді үйренді.
Бұл тәсілдердің өте тиімді екенін байқадым.Оқушы мен мұғалім дамылсыз қарым- қатынаста болады.Сөйлеуі аз оқушылар ашылып,сөйлеуге үйренеді.Алдағы уақытта жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы өзгерістер болатынына сенімдімін.Әрине, басында бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау,жаңа әдіске көшу қиынға түсті.Брақ бұл оқыту тәсілін қолдану арқылы сабақ өткізген кезде, оқушылардың қызығушылықтары артты.Қорыта келсек, зор білім мен дамылсыз еңбек- биікке көтереді. Сондықтан білім алудан ,ақпарат жинаудан шаршамайық!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?