Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Әйел затының сұлулығы, әдептілігі, ер азматтың қажыр-қайраты, намыс жігері т.б қасиеттер бала бойына берілетін ең асыл қасиеттер екендігі бәрімізге белгілі. Ендеше осындай ардақты ата-аналарымызды сыйлап, қастерлеп жүргеніміздің ешқандай айыбы жоқ.
«Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі», «Ана- бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан», «Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол - өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат».
Балалар ата-ана сөзінің мәнін ұғынуға үйренеді, ата-ана мен бала арасындағы сенімді,сыйластықты, бір-біріне деген сезімді нығайтады, балалардың ата-ана алдындағы борышы туралы жауапкершіліктерін арттырады, ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақалмен шешуге жағдай туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін оятады, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттейді, баланың болашақ өмірін қалыптастырады.
«Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе.
Қазіргі қоғамда ата-ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата-ананың бақыты неде? Баласы ата-анасын қалай бақытты етпек?
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:
-Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?
Ойым емес, оллаһи, біздікінің
Енжарлығы елде жоқ ала бөтен...
Туа сала тұлпардың жалын тартқан,
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?!
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп, мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен қалар ма екем?...
Үміт пенен күдіктің ортасында
Ата-ананың үміті талады екен!
Атаға қарап ұл өседі, анаға қарап қыз өседі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің үйде алған тәрбиең жүрген ортаңда да көрінеді, білінеді. Ата-ана баланы адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, шыншылдыққа, инабаттылыққа үйрете отырып адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге ата-анасы байлиды.
«Әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымдыіс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана- бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.
Ата-ананың үміт-арманы – баласы. Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, әкенің адал күшін ақтау, яғни өз болашағымызды сақтау мақсатында осы іс-шара ұйымдастырылып отыр.
«Ана – сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн жылатар, жұбатар күн,
Бір күн мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсәз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім?!
Ана- жарық сыйлаған жан екенсің.
Ана – шуақ шашатын таң екенсің.
«Ана - өмір, ана- бақыт, ана - жүрек»
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне мән беріп, оның сәтті болуына көмек болған - өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған зор еңбектері салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері – соның айғағы.
Бүгінгі жас егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру үшін халқымыздың қаһармандық тарихын, ғасырдан ғасырға жалғасып жинақталған ұлттық мұрасын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуіміз керек.
Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол – үшеуінің жөні білмек.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?