file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Күйеу балаларын сынаған ене

 Күйеу балаларын сынаған ене

Бір күні бір апамыз өзінің "3 күйеу баласын" сынамақ болып біраз айла ойластырыпты.. Сөйтіп, басына бір жақсы айла-тәсіл келіпті..

Бірінші күйеу баласын сынайын деп, өзеннің жағасында серуендеп жүріп, өтірік аяғы тайып кеткен болып, суға түсіп кетіпті.. Күйеу баласы ойланбастан суға секіріп, енесін құтқарып алыпты.. Апамыз — риза. Күйеу баласының бұл ісіне қуанған апамыз: "— Tаңертең ұйқыдан тұрғанда, күйеу балам риза болсын" деп, үйінің алдына "Лада 14" автокөлігін қойып, сыртына "Енеңнен — сыйлық" деп жазып қойыпты..

Келесі күні, апамыз, ортаншы күйеу баласын сынайын деп, дәл солай өзенг секіріп кетіпті.. Ортаншы күйеу баласы ойланып: "— Қанша дегенмен, әйелімді дүниеге әкелген — жан ғой" - деп, өзенге секіріп, енесін құтқарып алыпты! Таңертең ұйқыдан тұрса, есік алдында "Lexus 570" автокөлігі тұр дейді.. Сыртында, "Енеңнен — сыйлық" деген жазуы бар..

Тағы бір күні, кенже қызының күйеуімен келе жатып, суға секіріп кетіпті.. Ол күйеу баласы ойланып тұрып:
"— Құрсыншы, батса бата берсін. Бәрібір, жасы келді ғой" - деп қолын бір сілтеп жөнімен кете беріпті.. Келесі күні ұйқыдан тұрып, есік алдына шықса Gelendwagen автокөлігі тұр дейді, сыртында "Қайны-атаңнан — сыйлық" деген жазуы бар..

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?