Үш тілегіңді орындаймын

 Үш тілегіңді орындаймын

Екі дос өзен жағасында балық аулап отырады. Біреуінің қармағына алтын балық түсіпті. Алтын балықты ұстап алып, жағаға лақтырайын десе,
Алтын балық сөйлепті: Үш тілегіңді орындаймын, босатсаң - деп.
Ұстаған жігіт: Бұл өтірік айтады - деп, жағаға лақтыруға ұсынады. Қасындағы досы:
-Әй анау сөйлеп жатыр ғой, тыңдасаңшы - деп досын көндіреді.
Ұстаған жігіт алтын балықты суға лақтырып жібереді.
Алтын балық басын шығарып: Айтқанынды орындаймын, бірақ, тілеген тілегің қасыңдағы досыңа екі есе орындалады - дейді.
Жігіт үйіне келіп, кешкісін бірінші тілегін тілейді:
Ішінде бәрі бар, хан сарайындай үйім болса - деп.
Таңертең тұрса, хан сарайында жатыр екен. Далаға шықса, досында екі хан сарайы тұр екен.
Кешкісін екінші тілегін тілейді: Менің ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу әйелім болса деп!
Таңертең тұрса, қасында сылқым сұлу жатыр екен.
Досының үйіне барса, бірінен бірі өткен екі сұлу жүр екен.
Сонда іші күйген жігіт, үшінші тілегін тілепті:
Менің бір жұмыртқам семіп, пайдасыз болсын - деген екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?