Шетел тілі сабағындағы әдіс тәсілдер және білім берудің қыр-сырларын қарастыру.
Шет тілдерін білу қазіргі таңда заман талабына айналуда. Сондықтан да, оқытудың табысы көбіне шет тілін оқыту әдістемесіне және мұғалімнің әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдана білуіне байланысты. Шет тілінде білім берудің негізгі мақсаты - шет тілін практикалық білу. Оқыту барысында шет тілін үйренудің келесі әдістерін қолдануға болады:
Бірінші әдіс: «Эмоциялар күшін қолдану». Яғни, жаңа сөздерді білген кезде оларды өміріңіздегі жарқын және жағымды нәрсемен байланыстыруыңыз керек, әртүрлі тілдік жағдаяттарда «өмір сүруге» тырысыңыз.
Екінші әдіс: «Өзіңе сен». Біздің миымыз губка тәрізді ақпаратты жағымды да, жағымсыз да қабылдайды. Яғни, өзіңізге «мүмкін емес» деп айту арқылы сіз миды оқуға қарсы тұру үшін бағдарламалайтын боласыз. Ешбір жағдайда сіз өзіңізді шет тілін үйренуге қабілетсіз екеніңізге немесе сіз үшін бәрі қиын екеніне сендірмеуіңіз керек. Ең бастысы - өзіңізге сену және кішкене жетістіктерге де қуана білу.
Үшінші әдіс: «Ұзақ мерзімді жадты реттеңіз». Біздің сеніміміз мидың ақпаратты сақтау қабілетіне әсер етеді. Білімнің сіздің жадыңызда қанша уақыт сақталатындығына уақыт шегін орнатуға кеңес беріледі. Сіз үйренгеніңізді ұмытып қаламын деп қорқудың қажеті жоқ, сіз өзіңіздің біліміңізді тез қалпына келтіретін қабілетіңізге сенуіңіз керек.
Төртінші әдіс: «Мақсат қою». Тілді үйренудің маңызды себебі бар адамдар оны басқаларға қарағанда тезірек үйренетіні ғалымдармен әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан мотивация мен мақсат шет тілін тиімді үйренуде ең маңызды болып табылады.
Бесінші әдіс: «Бейсаналық түрде оқу». Біздің бейсаналық жаңа материалды саналыға қарағанда әлдеқайда жақсы және тез сіңіретіні жасырын емес. Мысалы, сіз көлік жүргізген кезде сіздің назарыңыз толығымен жолға бағытталады, ал бейсаналық сіз радиодан тыңдайтын ән мәтінінен жаңа сөздерді біледі. Мамандығыңыз бойынша қызықты кітаптар, мақалалар оқып, сіз үшін қызықты бағдарламалар тыңдап, қарау керек. Сонда сана сюжетпен айналысады, ал бейсаналық жаңа сөздер мен өрнектерді оңай сіңіре алады.
Алтыншы әдіс: «Тәжірибе арқылы біліп, есте сақтаңыз». Егер кішкентай балаға қарайтын болсақ, ол жаңа сөзді кездестіргенде, оны өміріндегі әртүрлі жағдайларда байқай бастайтынын көреміз.
Осы әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру арқылы білім берудің қыр-сырларын меңгеруге болады. Сонымен қатар, шет тілі сабағындағы негізгі әдіс-тәсілдер болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?