Ораза кестесі 2025 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
Қазақстан қалалары үшін 2025 жылға арналған ораза кестесін ұсынады. Алматы, Астана, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Шымкент қалаларына арналған намаз кестесі, ауыз бекіту мен ауыз ашу уақытын біле жүріңіз.
ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Ораза 1 наурыздан бастау алады.
Ораза айт 30 наурыз, ал Құрбан айт 6 маусымға сәйкес келеді.
Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 655 теңге болып бекітілді.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Сәресі және ауызашар дұғасы (арабша нұсқасы мында)
Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалған кезде тоқтатылады.
Ақшам намазының уақыты кіргенде ауыз ашылады.
Егер сіздің қалаңыздың ораза кестесі болмаса, астында "маған осы қаланың ораза кестесі қажет" деп жазба қалдырыңыз!
Қажетті сілтемелер:
- Ауыз бекіту, сәресі дұғасы - аудио, арабша, қазақша
- Ауызашар дұғасы - аудио, арабша, қазақша
- Оразаға, Рамазанға құттықтау тілектер
- Ораза қабыл болсын - суреттер жинағы
- Рамазан айы құтты болсын
Қасиетті Рамазан айы биыл 1 наурызда басталады.
Ораза 29 күнге созылады: 1 наурыз – бірінші күні, ал 29 наурыз – соңғы күні. 30 наурыздан бастап мұсылмандар Ораза айт мерекесін атап өтеді. Қадір түні 26-нан 27-наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімі бойынша, биылғы пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына сәйкес 655 теңге болып белгіленді.
Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?